1 Өңештің бөліктері және функциясы



бет17/22
Дата14.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#290254
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Рубежка
Силлабус инновации РДГБ 3, Орыс тил-сессия(устный), русский СЕССИЯ АУЫЗША, Абсолютті және салыст.шамалар, Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу-melimde.com, Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-ді-melimde.com, Сипаттамалы статистика №2
24.Көру өткірлігін анықтау.
Көру жітілігін анықтау үшін арнайы әр түрлі көлемді әріп, сан немесе белгілер (балалар үшін суреттер — көлік, шырша және т.б.) бар кестені қолданады. Бұл белгілерді оптотиптер деп атайды. Оптотиптердің құрылу негізіне, олардың бөлшектерінің көлемі халықаралық келісім бойынша жасалған, яғни барлық оптотип 5 м қашықтықтан 5′ бұрышқа тең.
Көру жітілігі
Кішкентай балалардың көру жітілігін шамалап анықтайды, яғни, әр түрлі көлемді, жарық заттарға фиксациясын бағалайды. Үш жастан бастап көру жітілігін арнайы кесте арқылы бағалайды. Біздің елімізде Головин—Сивцев кестесі ең кең тараған, оны жарықты кестеге біркелкі түсіретін, қабырғасы айнадан жасалған жәшік — Рот аппаратына орнатылады. Кесте 12 қатардан тұрады.
Науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады. Әр көзге зерттеу бөлек- бөлек жүргізіледі. Екінші көзді қалқанмен жабады. Ең алдымен оң көзді, кейіннен сол көзді зерттейді. Екі көздің көру жітілігі бірдей болған жағдайда, ОЕІ (oculi utriusque) деген белгіні қолданады.
Кестенің белгілерін 2—3 с аралығында көрсету керек. Ең алдымен оныншы қатардағы белгіні көрсетеді. Егер науқас оны көрмесе, әрі қарай зерттеуді бірінші қатардан бастап, біртіндеп келесі қатардағы белгілерді де көрсете отырып жүргізеді (2-ші, 3-ші және т.б.). Зерттелуші ажыратқан ең кіші көлемді оптотиптермен көру жітілігі сипатталады.
Көру жітілігін есептеу үшін Снеллен формуласын қолданады: visus = d / D, яғни, d — науқастың кестедегі ең анық қатарды оқыған қашықтық, ал D — көру жітілігі 1,0 тең, берілген қатарды оқитын қашықтық (бұл қашықтық әр қатардың сол жағында көрсетілген).
Мысалы, егер зерттелуші оң көзбен 5 м қашықтықта екінші қатардағы белгілерді ажыратса (13=25 м), ал сол көзбен бесінші қатардағы белгілерді ажырата алса (0=10 м), онда
Visus OD=5/25=0,2
Visus ОS=5/10=0,5
Қалыпты көру өткірлігі 1,0. Егер көру өткірлігі 0,01 ден төмен болса, көзден қандай қашықтықта саусақ санайтыны анықталады: VIS= беттен 10 есе.
Егер затты көру қабілеті болмаса, жарықсезгіштікті көзге түсірілген жарықтың бағытын анықтайды. Егер науқас жарық көрмесе VIS= 0. Бұл кестелерде 12 қатар оптотиптер орналасқан. Барлық белгілер 5 метрден 5 мин тең бұрыш астында көрінеді, ал айқындығы қаралығы және ашықтығы, ақшылдығы 1 мин тең бұрыш астында көрінеді. Балаларға арналған Орлова кестесінде әріптердің орнына суреттер келтірілген . Көру өткірлігі 5 метрден 1 қатарды оқыса VIS= 0,1, ал 10 шы қатарды оқыса =1,0 тең. Кесте бойынша көру өткірлігі 0,1 мен 2,0 аралығында анықталады. Егер көру өткірлігі 0,1 ден төмен болса қандай қашықтықтан 1 қатарда көретіндігі анықталады. Ол үшін Снеллен формуласы көру өткірлігін анықтаудың объективті тәсілі де бар. Ол аппаратпен жүргізіледі. Қозғалыстағы объектіге қарағанда оптокинетикалық нистагмге негізделген.
Ең төменгі көру жітілігі — көздің жарықты қараңғылықтан айыра білу қабілеті. Бұл жағдайда зерттеуді қараңғы бөлмеде, көзді жарық шоқ сәулесімен жарықтату арқылы жүргізеді. Егер зерттелуші жарықты көрсе, оның көру жітілігі жарық сезуге тең (perception lucis). Бұл жағдайда көру жітілігін былайша белгілейді: visus = 1 / °°.
Жарық будасын көзге жан-жақты бағыттайды (жоғарыдан, төменнен, оңнан, солдан), осылайша тор қабықтың жеке бөліктеріндегі жарықты қабылдау қасиетін тексереді. Егер зерттелуші жарықтың бағытын дұрыс анықтаса, оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °° proectio lucis certa, немесе visus = 1 / °°l.c).
Егер де зерттелуші бір жақтан болса да дұрыс анықтамаса, оның көру жітілігі жарык сезуі дұрыс емес проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °о proectio lucis incerta, немесе visus = 1 / °° р.1. іпсегіа).
Науқас жарықты қараңғылықтан айыра алмаған жағдайда, оның көру жітілігі нөлге тең болып саналады (visus =0).
Жалпы Адамның көзінің көргіштігі 2-түрге бөлінеді.1-шісі- жақыннан көргіштік(сығырлық). Сынған сәуле көздің тор қабығына жетпейді , сол себепті жақыннан жақсы көріп, алыстан нашар көреді.2-ші -алыстан көргіштік.(қырақтылық) Онда керісінше , сынған сәуле көздің тор қабығынан асып кетеді. Сол себепті алыстан жақсы көріп, жақыннан нашар көреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде