1 Негізгі бөлім Қысым және оны өлшейтін аспап түрлері


Қысым өлшеу құралдарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі



бет5/6
Дата19.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#417049
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қысым аспаптарының жұмысы және монтаждау
Кияс Задание, Саба а шолу Саба ты та ырыбы pisa о у сауаттылы ы дегеніміз н, пиза1, Задание 1, Жасанды интеллект, 1.1., би сайысы положение, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ 302ПД 25-04-22, spravo4nik, би сайысы 2022, отбасы күні тимбилдинг, Microsoft Word Document (2), Экзаменационные билеты 1 курс, Экзаменационные билеты 1 курс, Айналайын немерем
4.1 Қысым өлшеу құралдарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
Оттектің қысымын өлшеуде пайдаланатын импульсті сызықтар міндетті түрде төртхлормен май қалдықтарын тазалау керек. Нәтижесінде май қалдықтары мен оттек әрекеттесіп өздігінен жану немесе жарылыс туғызуы мүмкін. Оттектің қысымын өлшейтін манометр шкаласында « Оттек – май қауіпті» белгі, ал ішкі жағы майсыздандылылған болу керек. Мұндай манометрлердің штуцерлерін тасымалдау және сақтау кезінде құралдың ішкі жағына май түспеуден сақтайтын арнайы бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша) болу керек.Манометрдің ішкі жағы мен импульсті сызықтарды майсыздандыру оған бір рет (3-5 рет) еріткішпен толтырылған шприцпен және жұмыс бетін бірнеше минут шайқау. Жұмыс бетінен еріткішті алғанда қағаз бетінде май іздері қалмағанға дейін операцияны бірнеше рет қайталайды. Манометрді сызықтың орташа және жоғары қысымда (10кгс/см2 (1 МПа) және жоғары – 10-600 кгс/см2 (1-60 МПа) тиекті құрылғысыз (вентиль) құрастыру мен пайдалануға болмайды. Өндірістік орындарда оттек, сутек, табиғи газ және улы газдар шыққан жағдайда кез келген жөңдеу немесе құрастыру жұмыстарын жүргізуге болмайды. Ондай жағдайда бөлмені желдетіп, газоанализатор көмегімен қаншалықты жаздалғанын анықтап, газ кетуін тоқтату керек. Газдалған бөлмедегі өндірістік жұмыстарды аяқтағаннан кейін БӨА жөңдеушісі киімдерін таза ауада 10-15 минут желдету керек; Бұл уақытта темекі тартуға немесе отты пайдалануға болмайды. Манометрдегі улы, жарылғыш және жанғыш газдардың шыққанын ашық немесе шырпымен қарауға мүлдем тыйым салынады.
Әртүрлі өнеркәсіп салаларында қысыммен жұмыс істейтін құралдар кеңінен қолданылады. Оларға жататыны: су қыздыру және бу қазандары, компрессор қондырғылары, газ баллондары, вулканизация аппараттары т.б.
Бy және су қыздыру қазандары әртүрлі технологиялық жұмыстарға керек су буы мен ыстық суды дайындауға қолданылады, үйлерді жылыту үшін және басқа керек жағдайларда ұсталынады.
Газ баллондары сығылған, сұйылған, ерітілген газдадры сақтау және пайдалануға қолданылады.
Компрессор қондырғылары әртүрлі машиналарды, механизмдерді құрал-саймандарды жүргізуге энергия көзі ретінде керекті сығылған ауаны алу үшін пайдаланылады.
Вулканизация аппараттары автокөлік кәсіпорындарында автокөліктердің шиналарын жөндеу-жұмыстарында пайдаланылады.
Қысыммен істейтін құралдар, қайсысы болмасын, әрқашан қауіптілік туғызады. Өйткені оларды пайдалану ережелерін бұзған жағдайда жарылыс болуы мүмкін. Бұл үлкен апат, жарақаттану, кісі өлімі тағы басқа ауыр жағдайларды туғызады.
Қысыммен жұмыс істейтін әртүрлі құралдарды пайдалану инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмыскерлерден қауіпсіздік техникадан терең білімдері болуын талап етеді.
Қысымы 70 кПа артық құралдарды пайдалану және техникалық куәландыру Тау-тен техника қадағалау инспекциясынын бақылауында болады. Ал қысымы 70 кПа төмен құралдардың кауіпсіз пайдалануын кәсіпорын әкімшілігі бақылайды.
Бу және су қыздыру қазандары өндірісте көп қолданылады. Оларды дұрыс пайдаланбау, қауіпсіздік ережелерді бұзу апат (жарылыс) туғызуы мүмкін. Қазан жарылысының басты себептері мынада:
1. Жасалу конструкциясының кемшіліктері;
2. Бy қысымының шектен тыс көтерілуі;
3. Қазанның ішкі қабырғаларында қаспақ пайда болуы және оның қатты қызуы;
4. Қазан және оның бөлшектерінің тозуы;
5. Бақылау және өлшеу аспаптарының жарамсыздығы немесе жоқтығы;
6. Қазанның суы азайып, денгейі өте төмен түсуі;
7. Жөндеу және жабдықтау ережелерінін орындалмауы.
Қазанның жарылыс күшінің көзі ретінде ішіндегі бу емес, өте қызған су болып табылады. Өйткені мұндай су ауамен шектелсе ғана су лезде буға айналып, көлемі үлкейіп (1 м3 қызған судан 1700 м3 бу шығады), қысымы көтеріліп, қазанды жарып жібереді. Сондықтан бу қазандарын пайдалану барысында міндетті қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау керек.
Өндірісте баллондар әртүрлі сұйықталған, сығылған немесе ерітілген газдарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға көп қолданылады. Баллонның ішінде қандай газ болмасын (жанатын, жанбайтын), қатты қысымы болғандықтан, оның жарылысы үлкен қауіптілік туғызады. Газ баллондарының жарылу себептері мынандай болады:
1. Баллон құлап, қатты нәрсеге соғылуы;
2. Баллон қызып, ішіндегі газдын кенеюі;
3. Сұйықталған газбен баллон лық толтырылуы;
4. Баллонның мойын ойығы мен вентильдін кемшілігі;
5. Оттек баллонның вентиліне майдың түсуі;
6. Баллон конструкциясының нашарлығы;
7. Баллондарды қауіпсіздік ережелерін бұзып, дұрыс қолданбау.
Әр газға өзіне арналған баллондары болу керек, бір газдың баллонын басқа газға қолдануға болмайды. Сондықтан баллондарды ауыстырып алмау үшін әр газдың баллоны арнайы түске боялып, оның қабырғасына сол газдын аты жазылады. Мысалы, оттек баллоны көк түске боялып, "Оттек" деген жазу жазылады; ацетилен баллоны ақ түске боялады, "ацетилен" деген жазу бар; ауа баллоны қара түске боялады, "сығылған ауа" деген жазу бар; жанатын газдардың баллоны қызыл түске боялып, қабырғасына газдын аты жазылады т.с.с.
Газ баллондары Тау-кен техника қадағалау органдарынын бақылауында болады. Олар техникалық куәландыруды дер кезінде өтіп отыру керек: сыртын және ішін байқау, гидравликалық сынау. Коррозия жасайтын газдарға арналған баллондар гидравликалық сынаудан 2 жылда бір рет, ал басқа газдарға арналған баллондар 5 жылда бір рет өтіп отыру керек. Сынау қысымы жұмыс қысымынан 1,5 есе көп болады.
Барлық баллондар газ қысымын төмендету үшін редуктормен жабдықталады. Оның екі манометрі болады - біреуі баллон ішінде газдың қысымын, ал екіншісі шыққан газдың қысымын көрсетеді.
Газ баллондарымен жұмыс істеуге арнайы оқуы бар, аттестат және қауіпсіздік нұсқау алған адамдар жіберіледі. Олардың білімі жыл сайын тексеріліп отырылады.
Баллондарды тасымалдау кезінде олардың құлауын, соғуын болдырмау үшін тиісті сақтық шараларды орындау керек. Оларды қолмен көтеріп тасуға болмайды, екеуден артық қылмай кішкене арбаға салып тасиды. Автомобилмен тасығанда баллондар стеллажда көлденең жатқызылып орналастырылады.
Газ баллондарын сақтайтын қойма бір қабат болу керек, төбесі жеңіл, қабырғасы отқа жанбайтын материалдан болады. Газға толы баллондар тік тұрып, құламайтындай болып бекітілу керек. Бір бөлмеде оттек және жанатын газдар баллондарын бірге қоюға болмайды. Өйткені баллондардан газдар шығатын болса, олардан жарылғыш қор пайда болып, жарылыс қауіпі туады.
Газ баллондарын күн сәулесінен және басқа жылу көздерінің әсерінен сақтау керек. Баллондар жылыту аспаптардан 1 м алыс, ашық оттан 5 м аулақ орналастырылған жөн. Бөлмеде жақсы табиғи және жасанды желдету орнатылу керек.
Баллон қоймаларының маңында 10 м-ден жақын жерде жанатын заттар болмау және ашық отпен жұмыс жүргізілмеу керек.
Әртүрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық қажеттерге керекті сығылған ауаны өндіру үшін стационарлық және жылжымалы компрессор қондырғылары көп түрде қолданылады. Қатты қысыммен байланысты болғандықтан олар жарылыс мүмкіншілігін туғызып үлкен қауіптілік көздері болып табылады.
Компрессорлардың жарылу себептері:
1. Сығылған ауаның температурасы шектен тыс көтерілуі;
2. Ауанын қысымы шектен көп асуы;
3. Бақылау және өлшеу acпaптap кемшілігі нeмece жоқтығы;
4. Компрессор конструкциясының ақаулығы және тозуы;
5. Майлау және салқындату жүйелерінің жұмыс істеу нәтижесінің төмендігі;
6. Компрессордың дұрыс орнатылмауы және дұрыс пайдалынбауы;
7. Жарылғыш газдар және статикалық электрдің пайда болуы.
Компрессор бөлек, бір қабатты кең, жарық, құрғақ, жақсы желдендірілетін, төбесі жеңіл, отқа төзімді материалдан жасалған үйде орнатылуы керек. Ашық қозғалатын бөлшектері қаптамен жабылған жөн. Компрессор керекті бақылау және өлшеу аспаптарымен жабдықталады (манометр, термометр, сақтандырғыш қақпақ, сигнал және автомат аспаптары т.б.).
Қатты сығылған ауа компрессорды қыздырып, оның конструкциясының төзімділігін кемітеді. Сонымен қатар жағын майы іріп, жарылғыш газдар пайда болады. Бұл жағдайлар жарылыс мүмкіндігін туғызып, апат болуы мүмкін.
Сондықтан жағын майдын тұтану температурасы 216-242 °С кем болмау керек. Барлық жағдайда жағын майдын түтану температурасы 1 шығатын газдардың температурасынан 70 °С артық болу керек. Компрессорда майлау шамасы техникалық талаптарға сәйкес шектелетін болады.
Компрессор қондырғылардың қызуын төмендету үшін үздіксіз және қарқынды жұмыс істейтін салқындату жүйесі болу керек. Өнімділігі аз, қысымы төмен компрессорларда ауамен салқындату әдісі қолданылады, ал өнімділігі үлкен, қысымы жоғары компрессорларды сумен салқындату әдісі қолданылады. Салқындату жүйесінде температура шектен артық көтерілген жағдайда компрессорды автоматтық ретпен тоқтататын аспап орнатылу керек.
Компрессорға сорылатын ауа алдын ала фильтр арқылы өткізіліп, механикалық қоспалардан мұқият таз артылады. Барлық компрессорлар пайда болатын статикалық электр зарядтардан арылу үшін сым өткізгішпен жерге қосылуы керек. Компрессорлар мезгілінде техникалық куәландырудан өткізіліп отырылады. Әр 10 күн сайын жұмыс істеу күйі тексеріліп, әр 2 ай сайын компрессорларды жақсылап тазартып отыру керек.
Компрессорда жұмыс істеуге 16 жасқа толған, қолында куәлігі бар, қауіпсіздік нұсқау өткен адамдарға рұқсат етіледі. Ол адамдардың қауіпсіздік жөнінде білімі жыл сайын бір рет тексеріліп отырылады. Компрессорларды дұрыс және қауіпсіз пайдалануды бақылау үшін арнайы кісі тағайындалады. Компрессор бөлмесінде көрінетін жерге қауіпсіздік нұсқау ережелері ілініп қойылу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан