1 модуль ДӘріс кешені 1-тақырып. Ислам қаржылық құралдары және такафул негіздері



бет1/17
Дата24.12.2021
өлшемі48.64 Kb.
#148352
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1 модуль дәріс
1 модуль дәріс


1 модуль
ДӘРІС КЕШЕНІ

1-тақырып. Ислам қаржылық құралдары және такафул негіздері.

1. Ислам қаржысы туралы жалпы түсінік

2. Ислам қаржысының ортақ ұғымы және оның маңызы

Мақсаты: Ислам қаржысының ортақ ұғымы және оның маңызын, ислам қаржысы туралы жалпы түсінікті қарастыру.

Негізгі түсініктер: Ислам қаржыларының, ислам үлгiсi, риба, гарар, шариғат, құран.

Ислам қаржысының ортақ ұғымы

Өткен он жылдықта Оңтүстік - шығыс Азия, Ресей мен Латын Америкасын қосқанда, әлемнің әр түкпірінде маңызды қаржылай дағдарыстар болып өтті.Әсіресе, 2007 жылы басталып, әлемнің барлық дамыған нарықтарын тізбектей шарпыған әлемдік қаржылай дағдарысты ерекше атап өту керек. Бұл дағдарыс қазіргі экономикалық дамудың барлық кемшіліктерін және оның өмiрге қабiлетсiздiгiн көрсеттi. Осыған орай қазiргi кезеңде осы дағдарысқа төтеп берген экономикалық дамудың исламдық үлгісі дәстүрлі үлгінің алмастырушысы болып табылады. Ислам дінін ұстанбайтын елдерде пайдалануға болатындықтан, ислам қаржы жүйесі тез кеңейіп, бүкіл дүние жүзіне таралуда. Пайыздардың тыйым салынуы (немесе өсiм алушылық) иудаизм және христиандықтың басқа тармақтарында да кездеседі. Сондықтан көптеген мұсылмандық емес нарықтарда исламдық қағидалар көбірек бағаланады және қауіпсіздік пен сенімділік мақсатында исламдық құралдар қызықтырады. Мысалы, Малайзияда, шариғаттағы бөлшек өнімдердің өсім бағасы, мұсылман емес тұтынушылардың арасында кең қолданыс табады, әсіресе, егер өнім бәсекелестік бағада болса. Сонымен қатар, салмақты инвесторларды шариғаттың әділдікке көз-қарасы және экологиялық зиянсыз жобалар сияқты, қоғамға пайдалы қызметтердің дамуы қызықтырады.

Бүгінгі таңда Құранның тиісті ұйғарымдарына және Шариғаттың нормаларына сай, Қаржы қызметтерiнің әлемдік нарығы соңғы он жылда үш есеге өсті, 90-жылдардың ортасында 150 млрд. АҚШ долларын құраса, 2006 жылы 531 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Оған қоса Standard & Poor`s рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша, ол жети реттік даму потенциалына ие – 4 трлн. АҚШ долларына дейін. Басқа аналитиктердің пайымдауынша, исламдық қаржы ұйымдарының активтерінің өсімі 2013 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Мұсылмандық құқық ( немесе Шариғат) қағидалары құрамдас бөлігі болып табылатын исламдық қаржы жүйесі - қаржы жүйесінің ерекше формасы. «Шариғат» терминінің әдеби арабша аудармасы «жол» деген мағынаны береді, бірақ қазіргі кезде бұл термин мұсылмандық құқық қағидаларын түсіндіру үшін кең қолданылады. Шариғат – шексіз стандарт: бұл ережелер, қағидалар мен параметрлердің жиынтығы. Шариғаттың негізгі бастау негізі болып Құран - исламның қасиетті кітабы, онда Мұхаммед пайғамбар арқылы жіберілген Құдайдың сөздері жазылған; және Сүннет – Мұхаммед пайғамбардың тартуы. Сүннетте Мұхаммед пайғамбардың замандастары және кейінірек оқушылары арқылы жинақталып берілген , диалог немесе әңгіме негізінде туған баяндаулар (Хадистер деген атпен белгілі) кездеседі.

Шариғат мұсылмандардың өмiрiнің әрбір тұрғысын реттейдi. Нағыз мұсылман имандылыққа жету үшін, тура және таза жолдан таймауға тиіс. Бұл мағынада мұсылмандардың кірісі мен шығысы әр түрлі ластықтардан еркін болып қалуы керек (несиелік пайыздарды төлеу және алу сияқтылар). Әйтпесе бұл күнәға бату деген сөз. Исламдық қаржы жүйесіне деген қажеттілік, экономикалық мүмкіндік емес, рухани сұраныс болып табылады. Шариғатта «әділдік» пен «тазалықтың» сипаттамасы айтылған.

Хадис ғалымдарға Иждихаданы пайдалануға сілтейді, ол - дербес ой тұжырымдары арқылы құқықты негіздеу болып саналады. Иждихаданы орындаушы Шариғаттың ғалымдары - жоғары мамандандырылған, Құран мен Хадисты өте жақсы білетін, Шариғат пен оның мақсаттарын терең ұғынатын, араб тілін еркін меңгерген болуы тиіс.

Құқық мектептерінің жинақтаған құқық нормаларының жиынтығы Фикх (немесе ислам заңнамасы) деп аталады. Мұсылман сүннеттер мен шийттердің арасында көптеген ірі құқықтық мектептер бар, олар өзара Иждихада әдістемесі бойынша ерекшеленеді, соның нәтижесінде әр түрлі мектептердің арасында қарама-қайшылық нормалары туындайды. Иждихададағы әрбір ереже Факихтің шешімі (фетва) , немесе белгілі бір ғалымның жеке пікірі болып саналады. Әрбір фетваадам қабілеттілігінің арқасында қалыптасады, сәйкесінше ол қателіктерге ұшырауы мүмкін, сондықтан да әділ шешімді бірнеше ғалымдардан тұратын кеңесетін орган (Шура) қабылдайды.

Сарапшылар Орталық Азия, Солтүстік Африка, Оңтүстік -шығыс Азия елдерін ислам қаржы жүйесі дамуы тұрғысынан анағұрлым қолайлырақ деп қарастырады. J.P.Morgan банкіндегі ислам қаржыландыру бөлімінің басшысы Сафдара Аламаның пікірінше, « Қазақстан бұл салада көшбасшы атанады, себебі ол аймақтағы ең мықты қаржы ойыншысы болып саналады.»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы