1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Ғұламаның даналығы
B) Патшаның баласы
C) Науқас бала
D) Тәуіптің болжамы
E) Балдың сыры
2. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Патша өзі бал көп жейді екен.
B) Балдың нәрі бойымнан кеткенше күттім.
C) Қырық бірінші күні балаға барады.
D) Баланың жақсы көретін ұстазы бар еді.
E) Баланың науқасы анықталады.
3. Патшаның ғұламаға барып өтініш айтуының себебі
A) Патшаның өзінің сөзі өтпегеннен
B) Баласы ұстазын қатты сыйлайтындықтан
C) Баласы әкесінің тілін алмағандықтан
D) Патшаның өзі де бал жейтіндіктен
E) Қатал ұстаздың тілін бала алатындықтан
4. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын ой
A) Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.
B) Мықты болсаң, өзіңнің нәпсәңді жең.
C) Өзі өзгеше боламын демектің түбі — мақтан.
D) Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
E) Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма.
48- мәтін
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды.
Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. 1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал — мүлік Монғолдардың олжасына айналды.
Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен — жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады. Қалада азық-түліктің қоры да таусылады. Аштыққа шыдамай, «соғыс жеңіліспен аяқталады» деген оймен Қаража атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бір бөлігін бастап моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |