1 Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы


"Арнайы шоттар және шетелдік валютадағы шоттар" шоты

Loading...


бет2/4
Дата10.04.2020
өлшемі86.02 Kb.
1   2   3   4

11 "Арнайы шоттар және шетелдік
валютадағы шоттар" шоты

      129. 11 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:


      110 "Демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ";
      111 "Ақылы қызметтер ҚБШ";
      112 "Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ;
      113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";
      114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты";
      115 "Есеп айырысу шоты";
      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";
      118 "Шетел валютасындағы шот";
      119 "Жолдағы ақша".
      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-20 "Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме", 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оған қоса берілген құжаттардың негізінде N 381 нысан бойынша жинақтау ведомостінде жүргізіледі.


      110 "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шот бойынша талдамалы есеп демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң кейбір түрлерi бойынша 292-а нысан карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргiзiледi.

      131. 111 "Ақылы қызметтер ҚБШ" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынатын ақша түсімі мен оның жұмсалуы ескеріледі.


      Мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен пайдаланылады.
      Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретін мектептердiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм беру қорына мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк қаражаттарды және демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттардан ақшаны аударуға рұқс      Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп", 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оларға қоса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі. .

      132. 112 "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алу қозғалысы ескеріледі.


      112 "Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 292-а нысаны бойынша карточкаларда (N 292 нысан бойынша кітапта) жүргізіледі.

      Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотқа қаражат түскен кезде 113-қосалқы шоттың дебетіне және 249 "Сыртқы заемдар" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.


      Сыртқы заемдар қаражат қозғалысы бойынша есеп 381-нысан (2 мемориалдық ордер) жинақтаушы тізімдемесінде жүргізіледі. Жазбалар екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша көшірменің және оларға қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.
           Мемлекеттік мекеменің карт-шотын толықтыру сомасына 114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты" қосалқы шоты дебеттеледі және 09 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" , 10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" , 11 "Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып бюджет ақшасын нысаналы пайдалануды талдамалы есепке алу кітапта 453-нысан бойынша

      115 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында


жүргiзіледі.
      Шетел мекемесінің есептік шотына жолдағы есептелген сома түскен кезде 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
      132-4. 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында байланысы бар гранттар бойынша қаражаттардың түсімі мен оның жұмсалуы жөніндегі операциялар ескеріледі. Арнайы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және байланысы бар грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаны әкімшілендіруге шығыстардың үлесін байланысы бар грант есебінен жабу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ашады.
      Байланысы бар грант бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражаттардың түсуі кезінде жазба 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотының дебетіне және 245 "Гранттар" қосалқы шотының кредитіне жүргізіледі.
      Байланысы бар гранттардың қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381-нысанының жинақ ведомосында (3-мемориалдық ордер) жүргізіледі.
      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 294-а нысанының карточкаларында жүргізіледі.
      Бюджеттік қаражаттар есебiнен шетел валютасын сатып алу кезiнде 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотына дебеттеледi және 09, 10 шотына кредиттеледi. Шетел валютасы шетелдік валютадағы шотта түскен кезде 118 қосалқы шотына дебеттеледi және 178 кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жазылады. Шетел валютасымен алынған сомаға 20 "Бюджет бойынша шығыстар" шотының дебетiне және 273 "Шетел валютасындағы қаражат қоры" қосалқы шотының кредитiне және комиссиондық алым сомасына 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар".
      Капитал салымдарын қаржыландыру қаражатының есебінен шетел валютасына сатып алу кезінде 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоты кредиттеледі. Шетел валютасы шетел валютасындағы шотқа түскен кезде 118 "Шетел валютасындағы шот" қосалқы шоты дебеттеледі және 178 кредиттеледі. Егер құрылыс мердігерлік тәсілмен жүргізілсе, жеткізушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде 150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар" қосалқы шоты дебеттеледі, бұл ретте орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге қабылданған шоттардың сомасына мердігермен есеп айырысу кезінде 118 қосалқы шоты кредиттеледі.
      Бухгалтерлiк баланста Шетелдік валютадағы шот бойынша қаржылардың қалдығы және шетелдiк валютамен көрсетiлген кредиторлық борыш есеп берiп отырған кезеңнiң соңғы күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасымен бейнеленедi. Сонымен бiрге аталған жазбалар есеп айырысулар мен төлемдер валютасымен жүзеге асырылады.

      135-1. 119 "Жолдағы ақша" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетмекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетмекеменің есептік шотына түспеген сома ескеріледі, бұл ретте 119 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі;


      шетмекеменің есептік шотына жолда есептелген соманың түсуі 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
12 "Касса" шоты

       136. 120 қосалқы шотында бюджеттiк ұйымның кассасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы және бар-жоғы есепке алынады.


      Мемлекеттік мекемелердің кассаларында кассалық операцияларды жүргізу және қолма-қол ақшалардың лимитін анықтау тәртібі оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығымен бекiтілген Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операцияларды жүргiзу анықталған.
      Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - банк) арқылы қолма-қол ақша алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.
      Банкiде алынған қолда бар ақшалар сол күнi кассалық кiрiс ордерi (н. N КО-1) бойынша кiрiске алады. Кiрiс және шығыс кассалық ордерлер кассаға берiлгенге дейiн бухгалтерияда кiрiс және шығыс кассалық ордерлерiн (КО-3а-н.) тiркеу журналында тiркеледi.
      Бюджеттiк ұйымдардың кассалары қолда бар ақшаларды қабылдауды бас бухгалтер немесе оның уәкілеттігi бар адам қол қойған, кассирдiң мөрiмен (штампымен) куәландырылған соңғының және кассирдiң қолы қойылған түбiртектi бере отырып кассалық кiрiс ордерлерi бойынша жүзеге асырылады.
      Кассадан нақты ақшаларды беру мақсатқа сай кассалық шығыс ордерi (КО-2-н.) немесе тиiстi ресiмделген басқа құжаттар бойынша кассалық шығыс ордерлерiнiң реквизиттерiмен қоса осы құжаттарға штамп басу арқылы жүзеге асырылады.
      Кассирдi жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейiн бюджеттік ұйымның басшысы кассирге қол қойғызып жоғарыда көрсетілген Ережемен таныстыруға мiндеттi, бұдан кейiн кассирмен немесе оны ауыстыратын адаммен оның толық жеке материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасасады.
      Жұмыс iстейтiндер саны аз штатында кассир жоқ бюджеттiк ұйымдарда кассирдiң мiндеттерiн бюджеттік ұйымның басшысының жазбаша өкiмiмен толық материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасасқан басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
      Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ бойынша, қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ бойынша және ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша ақша операциялары болса, кассалық кітапта КО-4 нысанында немесе 440-нысанда жүргізіледі.
      Кассир кассалық кiтапта әрбiр кассалық ордер немесе оны ауыстыратын басқа да құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейiн жазба жасайды. Кассир жұмыс күнiнiң аяғында күн сайын бiр күнгi операцияның қорытындыларын есептейдi, кассадағы келесi күнге қалдырылған ақша қалдығын шығарады және кассалық кiтапта қолхатпен кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге кассирдiң есеп беру ретiнде жыртылатын парақты (бiр күнгi кассалық кiтаптағы жазбалардың көшiрмесiн) бухгалтерияға өткiзедi. Сонымен бiрге кассир кассадағы қолда бар ақшалардың қалдығын қолда бар ақшалардың бар-жоғымен салыстырады.
      Кассалық кiтаптарды және 453-н. бойынша бюджет қаражаттары бойынша жеке-жеке және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы түрiнде түскен қолма-қол ақшаларды нысаналы мақсаттарға пайдалануға бақылау жасау кiтабы 454-н. қаражаттар бойынша жеке-жеке нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшаларды пайдалануды бақылау кiтаптарын дұрыс жүргiзуге бақылау жасау бюджеттiк ұйымдарда бухгалтерлiк есептi жүргiзудi қамтамасыз ететiн бас бухгалтерге немесе бөлiмшенi басқаратын адамға жүктеледi.

       140. 14 шоты "Қаржыландыру бойынша ведомоствоiшiлiк есептер" лимиттердi төмен тұрған таратушылар мен оларға бағынысты бюджеттiк ұйымдар арасында шығыстар сметаларының атқарылу процесi кезiнде туындайтын, бюджеттен қаржыландыру бойынша есептер ескерiледi. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:


      140 "Ұйымның және басқа да шараларға арналған шығындарды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер";
      142 "Басқа бюджеттер есебiнен қаржыландыру бойынша есептемелер";
      143 "Күрделi жұмсалымдарды бюджетiнен қаржыландыру бойынша есептемелер".
      141-1. Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды

VII бөлiм. Есеп айырысулар

       147. Осы бөлiмде тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу, әлеуметтiк салық жарналары және басқа да төлемдер бойынша бюджетпен, есеп беретiн адамдармен, жұмысшылармен және қызметшiлермен, стипендиаттармен, депоненттермен, мектеп-интернаттарда және басқа балалар мекемелерiнде балаларды ұстағаны үшiн ата-аналармен, өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысу және есеп айырысудың басқа да түрлерi ескерiледi.


      Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен тіркеуге жатады.
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасқан мемлекеттік мекемелер оларды Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде тіркейді.
      Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мекеме жасайтын, бiрақ қазынашылықтың аумақтық органдарынан тiркеуден өтпеген шарттар бюджеттiк қаржы бөлумен қамтамасыз етілмейдi және аяқталмаған болып саналады.
      Мемлекеттiк мекеме жоспарлы тағайындаулар көлемiнен немесе қабылданған міндеттемелерден тыс қарызға алған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бюджеттiк ақша есебiнен төлеуге жатпайды.
      Бекiтiлген сметалардан тыс тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алғаны үшiн мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      Бекiтiлген сметадан тыс сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнын төлеуге ұсынылған құжаттар (шоттар, орындалған жұмыстардың кесiмдерi) және сатып алынған тауарлар берушiге қайтарылуы тиiс, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда, берушiге берешек мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есебiнде көрсетiледi.
      өндiрiп алу үшiн нақты емес борышты мойындаудың толық негiздемесi (дебиторлық берешектiң) (борышты өндiрiп алу бойынша қабылданған нақты шаралар, оның iшiнде талап қою-қуыну жұмыстарын жүзеге асыру, берiлген атқару құжаттары бойынша ақпараттар; тарату комиссиясы шешiмiнiң күнi, нөмiрi немесе борышкердiң банкроттығын мойындаған жағдайда тарату балансын бекiту туралы сот шешiмi. Мемлекеттiк мекемеге қуынудан бас тартқан кезде бас тартудың негiздемесiн, жоғары тұрған сот органдарында сот шешiмiнiң шағымы бойынша қолданылған шаралар көрсетілсiн.);
      кредиторлық берешектi есептен шығару туралы шешiм қабылдауға арналған себептер (негiздемелер).
      Дебиторлық берешектi өндiрiп алуға арналған нақты емес сомалар мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша есептен шығарылады және қаржыландырылуын кемiтуге жатқызылады, бұл ретте 140, 230-қосалқы шоттар дебеттеледi және есеп айырысулардың тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi.
      Мемлекеттiк мекеменiң басшысы оны есептен шығару туралы шешiм қабылдаған кредиторлық берешектiң сомасы (оған объективтiк жағдайлар болған кезде) есептен шығарылады және 140, 230-қосалқы шоттардың артуына жатқызылады. Бухгалтерлiк есепте бұл операция есеп айырысудың тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140, 230-қосалқы шоттардың кредитi бойынша көрсетiледi.

  150 қосалқы шотының дебетiнде жеткiзушiлермен есеп айырысулар бойынша құрылыс материалдары, конструкциялар мен детальдар үшiн төленген шоттардың сомалары жазылады, бұл ретте 093, 103 немесе 111 қосалқы шот несиеленедi. Қоймаға жеткiзушiлерден алынған құндылықтардың құнына 040, 041 немесе 150 қосалқы шоты дебеттеледi, егер құндылықтар мердiгерге қоймаға түспей берiлген болса 150 қосалқы шотында несиеленедi.


      150 қосалқы шотының дебетiне мердiгермен есеп айырысу бойынша орындалған құрылыс монтаж жұмыстары үшiн сомалар және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн мердiгерге берілген конструкциялар мен детальдар, құрылыс материалдары жазылады, бұл ретте 040, 041, 093, 103, 111 қосалқы шоттарында кредиттеледi. Мердiгердiң атқарған құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасына 203 қосалқы шотының дебетінде немесе 150 қосалқы шотының кредитiне жазба жазылады.
      151 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а талдау есебінің карточкаларында әр жеткізуші және мердігер бойынша жүргізіледі.
      151. 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсіпорындармен және ұйымдармен олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми зерттеулерге, ғылыми-техникалық жұмыстарға және бюджет қаражатының есебінен басқаларға арналған тапсырмаларды орындауы жөніндегі есеп айырысулары ескеріледі.
      152 қосалқы шотының дебетіне бюджет шотынан ғылыми әзірлемелерге аударылған сома жазылады, бұл ретте 090 қосалқы шоты кредиттеледі. Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер жөніндегі жұмыстардың сомасына 201 қосалқы шоты дебеттеледі және 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      153 қосалқы шоты бойынша талдау есебi н. 283 монографтық карточкасына ұйымдардың әрбiр тапсырыс берушiсi бойынша жазылады.

      153. 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу ескерiледi. Егер берушi мемлекеттiк мекемеге алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн құжаттар ұсынса, бiрақ берушiге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаса, онда 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитiне және тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне жазба жүргiзiледi. Өткен жылдың сметадан тыс сатып алынған тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша мемлекеттiк мекемеде 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайда болған берешек 154-қосалқы шотқа ауысуы тиiс.


  Бекiтілген сметадан тыс мiндеттеме қабылдауға жол берген лауазымдық тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      Несие берушiлермен бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс есеп айырысу есебi 292-нысан кiтабында (292-а нысан карточкаларында) жүргiзiледi.
           153-1. 155 "Гранттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызметтерді) орындауға шарттар (келісім-шарттар) жасасқан берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.

      Кадрларды оқыту, жабдықтарды жөндеу және жұмыстар мен мемлекеттiк мекемеге көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерi бойынша шығыстар 200-қосалқы шоттың дебетi және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.


      158-қосалқы шот бойынша есеп айырысулардың талдамалық есебi әрбiр операция бойынша 292-а нысан карточкаларында (292 нысан кiтабында) жүргiзiледi.
      157. 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер жүргізетін әлеуметтік салықты есептеу және бюджетке төлеу жөніндегі операциялар ескеріледі.
16 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" шоты

       158. 160 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет ақшасының есебінен есеп айырысулар қосалқы шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкiн емес шығыстарды төлеуге арналған оларға берiлетiн аванстар бойынша есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар ескерiледi.


      Есептiк аванстар тек осы бюджеттiк ұйымда ғана жұмыс iстейтiн адамдарға басшының өкiмi бойынша берiледi. Есептiк сомаларды беру кезiнде бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беретiн адамның берешегi жоқтығы туралы белгi соғады.
      Берiлген есептiк ақшалар оны беру кезiнде көзделген мақсатқа ғана жұмсалуы мүмкiн. Аванстық сомалардың жұмсалуы туралы есеп беретiн адам жұмсалған шығындарды қуаттайтын құжаттарды қосып, есептi ұсынады. Аванстық есепке қоса берiлiп отырған құжаттарды есеп беретiн адам олардың есептегi жазылу тәртiбiнде нөмiрлейдi.
      Карт-шоттан корпоративтік төлем карточкасы бойынша ақша пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар сауда чектерін, слиптер мен корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып аванстық есеп береді.
      Бухгалтерлiк қызметтегi аванстық есептер арифметикалық тексерiледi, сондай-ақ құжаттардың толтырылуының және мақсаты бойынша қаражаттардың жұмсалуының дұрыстығы тексерiледi. Тексерілген аванстық есептердi бюджеттiк ұйымдардың жетекшiлерi бекiтедi.
      Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есеп беретiн адамға аванстық есептi тапсырғаннан кейiн үш күннен кейiн қайтарылуы керек. Есеп беретiн адамға жаңа аванстарды беру бұрын берiлген авансты өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін.

      Нысанды киім үшін есеп айырысуларды есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының тиісті орталық және өзге мемлекеттік органдары белгілейді.


      170. 172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептемелер" қосалқы шотында жетiм балалар қатарынан шыққан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының және кәсiптiк-техникалық мектептердiң студенттерi мен оқушыларының киiмдерi, аяқ киiмдерi, төсек-орындары және тамағы үшiн ақшалай өтемақылар бойынша есептемелер ескерiледi. Жетiм балалар қатарынан шыққан оқушылар мен студенттерге өтемақы қаражаттары бойынша шығыстарды есептеу тәртiбiн Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып айқындайды.
      Депозиттiк сомалардың талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) әр алушы бойынша жүргiзiледi.
            172-1. "Шағым және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотында жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) шағын және орта бизнесті несиелендіруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қарыз ақшалар бойынша есеп айырысулары көрсетiледi. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражаттардың сомалары осы қосалқы шоттың дебетi және 248 қосалқы шоттың кредитi бойынша есепке алынады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қаражаттарды қайтаруы 175 қосалқы шоттың кредитi және 100 дебетi бойынша жазбамен көрсетiледi, бiр мезгiлде 248 қосалқы шот дебетi және 100 қосалқы шот кредитi бойынша жазба жасалады.
      175 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында (292-н. кiтабында) әрбiр субъект бойынша жүргiзiледi.
      173. 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында демеушілiк және қайырымдылық көмек түрінде түскен және қатаң түрде мақсатқа сай пайдаланылатын ақша бойынша есеп айырысулар ескерiледi.
      Мақсатқа сай жұмсау үшін демеушілік және қайырымдылық көмек есебіне түскен сома 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті мен 110 "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
      Қаржы жылы аяқталғанда жыл iшiнде жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы 213 "Демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетiне көшiрiледi.
      Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдау есебi н. 408 жинақтаушы ведомоста (6 мемориалдық ордерi) ұстанымдық тәсілмен жүргiзiледi. Олардағы жазбалар әр құжат бойынша мынадай тәртiпте жүргiзiледi. Әр айдың басында жинақтаушы ведомостан өткен ай үшiн әр ұстаным (жол) бойынша 2-6 бағандарға материалдық құндылықтар алынбаған жеткiзушiлердiң шоттарының деректерi жазылады.
      Ағымдағы жылдың дебиторлық берешегін қайтару "090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары"; 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...