1 Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы

Loading...


бет1/4
Дата10.04.2020
өлшемі86.02 Kb.
  1   2   3   4
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы

1.1Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы………………………………….............................................................4

1.2 Білім беру жүйесі, түрлері мен деңгейлері……………………………………….....................................................7
2 Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі сыртқы қағидалары

2.1 Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық құрылымы………………………………………………………………………..15

2.2 Білім беру бөлімінің қаржылық көрсеткіштерін талдау.....
3 Мемлекеттік білім беру қаржы бөлімін жетілдіру жолдары

3. Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдың есеп көрсеткішін талдау .................................................................................................................................37


Қорытынды……………………………………………………………………....42

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...43


Кіріспе


Өндірістік тәжірибелік жұмыс – бұл студенттердің мамандандырылған өзіндік жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік принциптерді әлеуметтік – экономикалық орталарды орынды қолдана алуын көрсетеді. Осы өндірістік - тәжірибені өту барысында ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен таныстым. Ұйымның жарғысы – бұл кәсіпорынның қандай қызметпен айналысатыны туралы, ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың міндеттері мен құқықтары, ең төменгі жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады.

Мен өндірістік тәжірибемді Батыс Қазақстан облысы, Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 27 мамыр – 28 маусым аралығында өттім. Тәжірибедегі ең басты мақсатым-мекемедегі құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын есептеу болды. Мемлекеттік қаржылық ұйымдарда өндірістік тәжірибе мазмұны мемлекеттік басқару деңгейі мен өндірістік тәжірибе базасына сәйкес ерекшеленеді. Есепте қаржылық ұйымдардың міндеттері мен беделі сипатталып, оның Ережелері, оперативтік және стратегиялық сипаттағы мазмұны мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекеттік қаржылық ұйымдардың тәжірибелік қызметін зерттеу оның құрылымы мен әрбір бөлімшелердің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қарастырудан басталады. Өндістік іс тәжірибенің және жұмыс түрлерінің жалпы мазмұны келесі сұрақтарды қарастырумен көрсетіледі.

Қазынашылық комитетінің және территориялық қазынашылық ұйымдардың қызметтері мен өкілеттілігімен танысу.Қазынашылық ұйымдардың бөлімдерімен танысу: құрылымы, тағайындалуы, қызметкерлер міндеттері, қызметтік инструкциялар.

Қызметкерлердің функционалдық міндеттерін қарастыру: мемлекеттік бюджеттің орындалуын басқару, түсімдерді басқару, міндеттемелерді тіркеуді басқару, төлем ақы шотын енгізуді басқару, төлемдерді бақылауды басқару, мемлекеттік мекемелермен жұмысты басқару, ішкі бақылауды басқару, мердігерлермен анықтамалар жүргізу және есеп жүргізу, қаржылық қамтамасыз ету бөлімімен, қазыналық жүйені техникалық жүргізу мен ақпараттық қауіпсіздік бөлімі.

Зерттеу жүргізу объектілері бойынша материалдарды жинап, оқып, талдау.

Ұлттық валютадағы бюджетке түсімдердің орындалуын ұйымдастырумен танысу.

ҚР ЕБК бекітілген табыстардың сыныптама кодымен сәйкес біріңғай қазынашылық шоттың жұмыс істеуімен танысу.

Бюджеттік алымдарды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударудың кезеңділігі мен тәртібі және бюджеттік субвенцияларды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударумен танысу.

Мемлекеттік мекемелермен жасалатын, азаматтық құқықтық келісім шарттарды, мемлекеттік тіркеуді жүргізетін тәртіппен танысу. Қолма қолсыз нұсқадағы ұлттық валютамен төленетін төлемдерді жүргізу.

Мемлекеттік мекемелердің жүргізетін депозиттік шоттарымен, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудегі төлемдерді жүргізу тәртібімен танысу. Олардың қол астында қалған, тауарларды жеткізіп беруден (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен ақшаны қолдану тәртібімен танысу.

Бюджеттік несиелерді ұсынудағы қаржылық қызметтерді сипаттау мен бюджеттік несиелеу тәртібімен танысу. Қазақтан Республикасының Үкіметінен қарыз алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тартылған қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру. Мемлекетпен кепілдендірілген заемды иемденген, қаражат алушының қаржылық жағдайын мониторингтау тәртібі. Мемлекеттік мекемелер үшін қазынашылық ұйымдардың бюджет ақшасын басқару тәртібі.

1 Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы

1.1Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы

1.2 Білім беру жүйесі, түрлері мен деңгейлері


1.1Мемлекеттік білім беру жүйесі және бюджет құрылысы

Білім беру аса күрделі де,маңызды әлеуметтік экономикалық механизм. Білім беру жүйесінің басты міндетті-ұттық және жалпы адам затының құндылықтары,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамуытуға және кәсіби мақтауға бағытталңған білім үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Нарыққа өту барысында білім беру жүйесін қаржыландырудың ескі жүйесінен бас тарту әлеуметтік сфераның аталған саласында тиімді жүйе құруға әкелген жоқ. Керісінше,қаржыландыру көлемінің қысқару нәтижесінде білім беру әлеуетті қисынсыз сипатқа ие болады.Сол себепті егемендікке қл жеткен Қазақстан Республикасы үшін бұл саладағы тығырықтан шығу жолдарын қарастыруға тура келеді. Бұл мемлекет тарапынан білім беру жүйесін қаржыландыру үрдісінен бастау алмақ.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін деген Жолдауында ұлттық бәсекелестік бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталатын атап көрсетті. Сондықтан білім беру жүйесінің материалдықмеханикалық базасын нығайту,келешекке мұғалім мамандығын ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың қатарына қосу,елдегі білім ордаларын әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру міндетте тұр.

Бүгінгі таңда білім берудің қаржынандыру қайнар көздері мынадай:

-Мемлекеттік бюджет (республикақ және жергілікті бюджет);

-Жеке меншік,қоғамдық,қайырымдылық қорлар;

-Бюджеттен тыс түсімдер;

-Білім беру несиесі.

Бір жағынан қарағанда Қазақстанда білім беру жүйесін бюджет қаржаттары жетіспеушілігі салдарынан қажетті мөлшерді қаржыландыру мүмкін болмай жатса,екінші жағынан,бюджет ресурстарын басқару мен ұйымдастырудың қазіргі жүйесі нарықтың экономикада пайда болып жатқан мәселелерді шешуге онша бейімделе қойған жоқ.

Республикада бір балаға келетін шығында АҚШ-пен салыстырғанда 12 есе,Ұлыбританиямен салыстырғанда 8есе аз жұмсалды.

Бір оқушыға келетін шығындарды талдау білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады,ол одан әрі дами түсуі мүмкін. Бұл ең алдымен білім беру саласында бюджет ресурстарын бөлу кезінде тиісті талдауға негізделмеген,білім беру саласындағы жоспарланған саясатқа сай келмейтін шешімдерді қабылдауға тікелей байланысты. Материалдық-техникалық базаның нашарлауы мен білім берудің жеткіліксіз қаржыландру ұлттық рухани жіне интеллектуалдылық әлеуметінің бұзылуына ғана соқтырмай, ол тікелей экономикалық шығындарға ұштасуы әбден мүмкін.

Сөзсіз қаржылық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттік әлеуметтік шығыстарды одан да жоғарлату туралы айту қиын,бірақ,білім берудің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі бар білім беру саласын қаржыландыруын ұстап отыру-өтпелі кезенді мемлекетің маңызды міндеті боып табылады. Қалыптасқан жағдайда қолда бар қаржыландыру көздерін тиімді пайдалана білу кежет. Мемлекеттік қаражаттан бөлек бюджеттен тыс қаражатарды сондай-ақ жеке меншік,қоғамдық,мемлекетік қайырымдылық қорларын қолдану қажет. Білім беруде,жоғары кәсіптік және ЖОО-дан кейін кәсіптік білім беруде ақпаратандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізген емес,оқыту процесінде қолданылатын ақпаратық технологиялардың мониторингі жүзеге асырылмаған.Компьютерлендірумен қатар мектептерді «Интернет ғалымдық жүйесіне кезең-кезеңмен қосу процесі жүзеге асырылады. Бүгінгі күні 3495 мектеп немесе жалпы мектептер санының 44% -ы Интернетке қосылды,мұның 2208-і ауылдық мектеп болып табылады.

Білім берудің әлемдік стандартарттарының талаптарына сәйкес келетін, білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, оқушылар мен білім беру ұйымдарының даму серпінін байқау үшін білім сапасының мониторингін жүзеге асыруға,түйінді құрамдауыштары оқушылардың оқу жетістіктері болып табылатын білім сапасын үнемі байқаудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік беретін барлық деңгейдегі білім беру сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі енгізіледі.

Осыған байланысты,облыстардың,республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды қабылдауы тиіс.Қазақстанда экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін экономикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған,нарықтық экономика механизмін терең білетін кәсіби даярланған мамандар (бизнесмендер, кәсіпкерлер, менеджерлер, заңгерлер, экономистер) қажет.

Жеке меншік жоғары оқу орындары,қаржылық жағынан қарағанда,сөзсіз мемлекетке тиімді,себебі оларбюджет ауыртпашылығының бір бөлігін түсіреді. Алайда жеке меншік білім берудің дамуы әлеуметтік және экономикалық қорғалмаған халықтың бөлігі үшін білімге қол жеткізе алмаушылықты тудырады, себебі оқу ақысын төлеуге олардың ақша қаражаттары жетіспейді.

Жоғары оқу орындарын қажыландыру тиісті мемлекеттік білім беру стандартттары негізінде жасалатын бюджетік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады,яғни Республикалық және жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс түрінде қаржыландырады. Республиканың бюджеттің болжау және қалыптастырудағы негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады :

-Жоғары оқу орындарынның саны;

-Білімгерлердің саны ;

-Бір білімгерге кететін шығын нормасы ;

Нарықтық экономикаға өту кезінде қаржы ресурстарының шектеулілігі жақсы материалдық – техникалық базасы мен дамыған инфра құрылымы бар жоғары оқу орындарының оқу және қаржы шаруашылық қызметінде қатты көрінеі. Мұндай оқу орындар қатарына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті , Абай атындағы АМУ, Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ жатқызуға болады,олардың басшылары көптеген конференцияларды және баспасөзде білім беруді жетілдіруге байланысты ұсыныстар беріп отырады. Олардың ойынша нарық жағдайында еркін бәсекелестік пен қоса,мемлекет рольін ұмытпау керек дейді. Мемлекеттік реттеу қазіргі нарықтық экономиканың қажеті шарты. Мемлекет білім беру процесінде шектеле алмайды,шектелуге тиісті де емес .

Мысалы,мұнда жоғары оқу орындарында бір шама билік үкілеттілігі бар аймақтық әкімшіліктер қолдау көрсете алар еді және ең алдымен салық салу саласында. Көптеген елдерде мұндай қолдау көрсетіледі. Мысалы, Ұлыбританияда үкіметтік емес қор,үкіметтік қор,оқыту бойынша қызмет сияқты қаржыландыру көздері бар. Қытайда әрбір ірі университетке бір-екі фабрика бөлінеді,оның кірістері университет дамуына жұмсалады,ал Туркияда университетке жер бөлінеді,онда үй салып,жалға беру арқылы өз табысын тауып отырады.бізде қоғам мен мемлекет, тиісті осы заманғы өзіндік талаптарға сай, білім беру жүйесі мен ғылымды құру және әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар екенін атап өткім келеді.



1.2 Білім беру жүйесі, түрлері мен деңгейлері

Бухгалтерлік есеп – ішкі шешім қабылдауға, іскер әріптестердің сыртқы сенімін қалыптастыруға, сондай-ақ ұйым қызметіне капиталды инвестициялауға жайлы жағдай жасауға қажетті аса маңызды ақпарат көзі. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»ҚР 28.02.2007 ж. № 234 Заңының 4-б. сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы Заңның 8-б. 2-т. басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай: бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды; штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi; бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi; бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алатыны көрсетілген. Жария мүдделi ұйымдарға 3) және 4) тармақшалардың күшi қолданылмайды. Жария мүдделі ұйымдарға жарғылық капиталында мемлекеттің (квазимемлекеттік кәсіпорындар) қатысу және шаруашылық жүргізу құқығында құрылған мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесі бар ұйымдар жатады. Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына ҚР кәсiби бухгалтер лауазымына ие адам тағайындалатыны да назар аударатын жағдай. Бәсекеге қабілетті және құбылмалы іскерлік орта жағдайындағы бас бухгалтердің рөлі қаржылық есепті уақтылы әрі сапалы дайындау ғана емес, сонымен бірге нақты қаржы деректеріне негізделген озық бизнес-стратегияларды сәтті енгізуге көмектесетін функционалдық менеджерлерге іс-тәжірибелік қолдау көрсетуден тұрады. Бас бухгалтердің негізгі лауазымдық міндеттері: бухгалтерлік есеп жүйесінде ақпарат қалыптастыру процесін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру әрі бақылау; белгіленген мерзімде сәйкес мекенжайларға бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік (қаржылық) есептің құрамына кіретін есептердің сандық көрсеткіштерін қалыптастыру; бухгалтерлік (қаржылық) есептің құрамына кіретін есептердің сандық көрсеткіштерінің дұрыс құрастырылуын есептік және логикалық тексеру; бухгалтерлік баланстың және қаржылық нәтижелер туралы есептің түсіндірмелерін қалыптастыру; салық есебін жүргізу және салықтық есеп беруді құрастыру; экономикалық субъектінің салық саясатын қалыптастыру; ұйымға қаржылық талдау жүргізу; қаржы жоспарларын, бюджет құрастыру; ақша қаражатының бюджетін, қаржы жоспарларын орындау туралы есеп құрастыру, құралдардың мақсатты қолданылуын бақылау, қаржылық тәртіп пен уақтылы есеп айырысуды ұстану; ішкі және сыртқы аудит (ревизия, салықтық және өзге тексерулер) жүргізгенде жүргізгенде тиісті құжаттармен қамтамасыз ету, аудит (ревизия, салықтық және өзге тексерулер) нәтижелері бойынша қарама-қайшылықтар туралы тиісті құжаттарды дайындау. Внимание: басшы бас бухгалтердің жұмысын бақылау үшін бухгалтерияның ай, тоқсан және жыл ішіндегі қызметінің кезеңдері (қадамдары) туралы нақты ақпарат алуға тиіс. Бухгалтердің негізгі қызметтерін уақтылы әрі толық орындауын бақылау бойынша ешқандай нормативтік-құқықтық қағидалар жоқ екендігін атап өту керек. Оны жүзеге асыру толықтай бас бухгалтердің адами әрі кәсіби қабілеттіліктеріне байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесінде ақпарат қалыптастыру процесін ұйымдастырудың, жоспарлаудың, үйлестіру мен бақылаудың барынша ыңғайлы тәсілі локальді кесте құжатын құрастыру және онымен жұмыс істеу болып табылады, мұнда тиісті ақпаратты жеткізуге жауапты тұлғаларды көрсету арқылы ұйым бухгалтериясының негізгі қызметінің түрлері бойынша ақпарат беріледі. «Actualis: Образование» 48 Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны Қолжетімділікті белсендендіру Бухгалтерлік есеп: ағымдық есептер, ақпарлар және ақпарат (ағымдағы, яғни күнделікті, апталық, онкүндік, айлық есептер, ақпаралар мен ақпараттар тізімі, ол ұйымда белгіленген және басшылыққа, өзінен жоғары тұрған ұйымға және т. с. с. өткізілуі тиіс); тоқсандық есептер, ақпарлар мен ақпарат (тоқсандық есептер, ақпаралар мен ақпараттар тізімі, ол ұйымда белгіленген және басшылыққа, өзінен жоғары тұрған ұйымға және т. с. с. өткізілуі тиіс); жылдық есептер, ақпаралар мен ақпарат (тоқсандық есептер, ақпаралар мен ақпараттар тізімі, ол ұйымда белгіленген және басшылыққа, өзінен жоғары тұрған ұйымға және т. с. с. өткізілуі тиіс); Салық есебі: салық есептері (ұйымның ай сайынғы, тоқсандық және жылдық салық есептерінің тізімі); салық және өзге міндетті төлемдер (ұйым жүргізуге тиіс салық және өзге міндетті төлемдер тізімі). Статистикалық және өзге есептер – (ұйымның статистикалық және өзге есептілігінің тізімі). Бас бухгалтердің лауазымдық міндеттеріне тек бухгалтерлік есепті жүргізу ғана емес, сонымен бірге қаржылық есептілікті құрастыру кіреді. Қаржылық есептілік – бұл ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайы мен есептік кезеңдегі оның қаржылық нәтижелері туралы бірыңғай мәліметтер жүйесі. Бухгалтерлік қаржылық есептілік есептік кезеңнің басынан бастап өспелі қорытындымен бухгалтерлік есептік деректері бойынша құрастырылады. Есептік кезеңнің ағымдағы бастапқы бухгалтерлік және қаржылық құжаттары тікелей білім беру ұйымында сақталуы тиіс екенін естен шығармау керек. Бұл аутсорсингтік компанияның немесе «келіп-кетіп істейтін» бухгалтердің есепті жүргізу бойынша лауазымдық міндеттерін орындауға уақтылы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте егер сіздің құжаттарыңыз осы ұйымда сақталса, онда салықтық тексерулер де олардың шекарасында жүргізілуі тиіс деген пікір бұрыс. ҚР Салық кодексінде заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салықтық тексеру жүргізу қарастырылған. Ал бухгалтерлік есепті жүргізу мен салықтық тексеру барысында қаржылық және салықтық есепті құрастыруды жүзеге асыратын бухгалтердің қатысуы – қолданыстағы заңнамамен бекітілген міндетті шарт.

Білім беру бөлімі бойынша барлық қаржылық операциялар мен бухгалтерлік есептің есебінде көрсетілетін, жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операциялардың бақылауын жүзеге асырады.

Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық етеді және ОБ қызметіне бақылау жасайды.

Жылдық, тоқсандық, жиынтық есептерді және бөлім бойынша балансты құрастырады.

Белгіленген мерзімде қаржылық есепті ұсынады.

Банкке жіберілетін құжаттарға және ТМҚ мен ақшалай қаражаттарды қабылдау мен беру үшін құжаттарға қол қояды, сондай ақ қаржылық міндеттер.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында ҚР заңнамасының сақталуына, қаржыландыру жоспарының орындалу барысына, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есептесу жағдайына, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасайды.

Мемориалдық ордерлер мен айналмалы ақпартізімнің құрылуына бақылауын және тексерісін жүргізеді.

Негізгі кітапты және бухгалтерлік өткізгіштерді, негізгі кітаптың барлық есептері бойынша салыстыруды жүргізеді.

Қаржылық және орындау тәртібінің қатаң сақталуын, бюджеттік қаражаттың мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді. Қазынашылық органдары арқылы жүргізілетін, операциялар есебін бақылайды және жүргізеді.

ОБ бухгалтерлік есептің тиісті түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүліктің түгендеуін уақтылы және дұрыс жүргізілуін, негізгі құралдар мен басқа да материалдық құндылықтардың есептен шығарылуын жасайды.

Білім беру бөлімі және ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне бақылау жасайды.

Бақылаудағы құжаттарды орындайды және міндет сұрақтары бойынша өтініштерге жауап береді.

Ревизиялық тексеріс актілері бойынша ақпарат әзірлейді – білім беру бөлімі бойынша жиынтық ақпаратты, (Талдау). Бақылау органдарына бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат ұсынады.

Бөлімнің «Депозиттік шотында уақытша салынған ақшалай қаражат» №3 мемориалдық ордерін, 1041, 1042, 1043 шоттары бойынша айналмалы ақпартізімін жасайды (құрастырады).

3271 шоты бойынша айналмалы ақпартізім «Жеке және заңды тұлғалардың уақытша салған қаражаты бойынша есеп-қисабы.

№20 мемориалдық ордердің жиынтығын, 3111 шоты бойынша айналмалы ақпартізім. №23 мемориалдық ордерін, бухгалтерлік анықтама. Шоттарды жабу. 1-С бухгалтерия бағдарламасында бухгалтерлік есепті жасайды (құрастырады).

2.1. Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық құрылымы


Орал білім беру бөлімінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп»

47 ЖОББМ-і жұмысының ұйымдастырылу іс – шаралары 2017 – 2018 оқу жылы

МЕКТЕПТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ:

1.1. Толық атауы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №47 жалпы орта білім беретін мектеп;

1.2. Мектептің ашылған жылы: 01 қыркүйек 2015 жыл

1.3. Мемлекеттік лицензиясы:

1.4. Меншіктің түрі: мемлекеттік

1.5. Тіркелген нөмірі:

1.6. Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Мөңкеұлы көшесі - 114/1

 

ІІ. ЖОБАНЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ



Мектеп 1200 орынға есептелген. Мектеп ғимараты шартты түрде 5 блокқа бөлінген.
ІІІ. МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

3.1. Оқу кабинеттерінің саны – 45

3.2. Спорт зал – 1;

3.3. Кітапхана – 1;

3.4. Мәжіліс залы – 1 (360 орындық);

3.5. Шеберханалар – 3 (темір, ағаш, мата өңдеу кабинеттері);

3.6. Информатика кабинеті – 2;

3.7. Мультимедиялық кабинет – 1;

3.8. Интернет клуб – 1;

3.9. Лингофон кабинет – 6;

3.10. Ырғақ кабинеті – 1;

3.11. Саз кабинеті – 1;

3.12. Көрме залы – 1;

3.13. Медициналық кабинет – 1;

3.14. Логопедиялық кабинет – 1;

3.15. Психолог кабинеті – 1;

3.14. Әлеуметтік педагог кабинеті – 1;

3.15. Асхана – 1 (402 орындық)

 

ІҮ. ОҚЫТУ ТІЛІ:   қазақша



 

Ү. МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

5.1. Бастауыш мектеп 1-4 сыныптар;

5.2. Негізгі мектеп 5-9 сыныптар;

5.3. Орта мектеп 10-11 сыныптар;

5.4. Шағын орталық – 50 орындық, МАД топтары;

 

ҮІ. МЕКТЕПТІҢ КҮН ТӘРТІБІ:



6.1. шағын орталық пен МАД топтар, 1,2,5,7 сыныптар үшін 5 күндік оқу апталығы;

6.2. 3-4, 6,8-11 сыныптар үшін 6 күндік оқу апталығы;

 

ҮІІ. ОҚУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ



7.1. 2015-2016 оқу жылының 1 қыркүйегі бойынша:

Шағын орталық тәрбиеленушілер саны: 50;

МАД топтарында тәрбиеленушілер саны: 338;

1-11 сыныптардағы жалпы оқушылар саны:1581;

1-4 сыныптар бойынша: 920;

5-9 сыныптар бойынша:543;

10-11 сыныптар бойынша: 118

 

Шағын орталық: 2 топ



МАД топтар саны: 13;

1-4 сыныптар саны: 36;

5-9 сыныптар саны: 27;

10-11 сыныптар саны: 6;

Барлық сыныптар саны: 82;

1 ауысымда 1,4 және 5-11 сынып және 7 мектепалды даярлық топтары оқиды;

2 ауысымда 2,3 сыныптар және 4 мектепалды даярлық топтары оқиды;

 

Сабақтың ұзақтығы:



1 – ауысым                8:30 – 14:10 

2 – ауысым                13:30 – 18:55

 

ҮІІI. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ:



Мұғалімдер саны – 170

Жоғары білімді – 95

Арнаулы орта білімді – 26

Аяқталмаған жоғары білімді - 0

 

Жоғарғы санат – 8



Бірінші санат – 26

Екінші санат – 29

Санатсыз - 59

 

ІХ. МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ:



9.1. Мектеп директоры: Наталья Дүйсенқызы Ергужиева;

9.2. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Арухан Зейнқызы Жармухамбетова;

9.3. Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Галиева Риза Мутиголлаевна

9.4. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары: Тілекқабыл Базарбайұлы Нұрышов;

9.5. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Сабит Жасқайратұлы Ишанов;

9.6. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Дарья Хайроллақызы Кабдуллиева;

9.10. Директордың шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары: Назым Насекенқызы Жумагулова;

9.11. Мектептің жоғары сыныптар бойынша психологы: Санагуль Аскаровна Талпакова;

9.12. Мектептің бастауыш сыныптар бойынша психологы: Салтанат Мергенбаевна Умирзакова;

9.13. Әлеуметтік педагог: Асель Исатаевна Камалова;


      Мектеп бухгалтерінің лауазымдық міндеттері. Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады. Қаржы-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады. Есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді. Ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есеп және есептіліктің оңтайлы ұйымдастырылуын есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдарды мен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың дамыған нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметі туралы оның мүліктік жағдайы кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады. Мүлікті, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты есептеуді, шоттарда қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының уақтылы көрінуін, өндіріс шығыстары мен тыйым салуды есепке алуды, шығыстар сметасының орындалуын, өнімнің сатылуын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуын, ұйым қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін, сондай-ақ қаржы, есептеу және кредит операцияларын ұйымдастырады. Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, экономикалық негізделген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, жалақы бойынша есептерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, банктерге зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, төлемдерді, капитал салымдарын қаржыландыруға қаражатты дұрыс аударуды. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым қызметкерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарды тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады. Ішкі шаруашылық қорды айқындау, шығындар мен өнімсіз шығындарды тоқтату мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады. Жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды. Ұйымдардың банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жинақтау бойынша шаралар қабылдайды. Бос қаржы құралдарын банктердің депозит салымдарына (сертификаттарына) орналастыру және құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара әрекеттесуді, депозиттік және кредит шарттарымен есеп операцияларын жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есептен шығарудың заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді. Баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады. Бөлімшелердің қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық етеді.

      Білуге тиіс. Бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативті құқықтық актілері, жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және басқа да материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздері, ұйымның құрылысы, оның даму стратегиясы мен перспективалары, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері, операцияларды ресімдеу тәртібі және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржы есептерінің нысандары мен тәртібі, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау, шаруашылықтың ішкі қорын анықтау әдістері, дебиторлармен және кредиторлармен есептесу ережесі, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есеп шоттарынан шығару тәртібі, ақша қаражаттарына, тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу ережесі, тексерулер мен құжаттамалық ревизиялар ережесі, заманауи есептеуіш техника құралдары және оларды есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндігі, атап айтқанда салып есептемесі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламасы, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибелері, қаржы есептілігінің халықаралық ұлттық стандарттары, қаржылық есептеме депозитарийімен жұмыс жүргізу машығы болуға тиіс, өндіріс технологиясының негіздері, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, еңбек заңнамасы.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және қаржылық бухгалтерлік жұмыс, оның ішінде кемінде басшылық лауазымында 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2.2 Білім беру бөлімінің қаржылық көрсеткіштерін талдау

"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шоты

       121. 10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотында жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары ескеріледі.

      123. 10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатқа сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражаттар көрсетіледі.
      Мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарын жұмсауына бақылауды қамтамасыз ету үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 "Мерзімді міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін, 4-12 "Орындалмаған міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін және 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысан есебін қалыптастырады.
      10 шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсан сайын жұмыстың екі күні ішінде ай аяқталғаннан кейін айдың бірінші күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен салыстыру жүргізеді.
     

  124. Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттар қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (2-мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында жүргізіледі.


      4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны және 5-15 "Мемлекеттік мекеме бойынша төлемдердің тізімдемесі" нысаны есептерінің және оған қосымша құжаттар негізінде жазбалар жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылғы төлемдерді қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы және 5-17 "Қалыптастыру және ауыстыру тізімдемесі" нысан есебі болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал өткен жылдардың дебиторлық берешек сомаларын қайтару жергілікті бюджеттің кірісіне аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшелердің төлем тапсырмасы болып табылады.
      Орталықтандырылған бухгалтерияларда кассалық шығыстардың талдамалы есебі ерекшеліктер бойынша шығыстарды көрсете отырып, әрбір бағдарлама, ішкі бағдарлама бойынша 294-б-нысанның кассалық шығыстардың талдамалы есебінің карточкаларында жүргізіледі.
      Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджеттік сыныптаманың бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның кітабында жүргізіледі. Жазба бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі.

      125. 10-шот мынадай қосымша шоттарға бөлінеді:


      100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары";
      103 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      108 "Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар".
      Ұйымдардың шоттарына қаржылар түскен кезде 100, 103 тиісті қосалқы шоттардың дебетіне және тиісінше 230 немесе 140 қосалқы шоттардың кредитіне жазулар жазылады.
      Қаржылар пайдаланылған кезде бастапқы құжаттардың негізінде 10 - шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне және 06, 12 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазба жазылады.
      Кассалық шығыстарды қалпына келтіру үшін бюджеттік шоттарға қаржылар түскен кезде 10-шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және 12, 16, 17 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жазылады.
     

      126. 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменінің қызметін ұстауға міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары ескеріледі.


     

      127. 103 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында бюджеттен шығыстарды экономикалық сыныптаудың 420 "Негізгі капиталды құру" сыныпшасы бойынша бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі қаражаттың қозғалысы есептеледі.


     

       127-1. 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға  міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы ескерiледi.


      Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...