1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер



бет35/54
Дата23.12.2021
өлшемі162.79 Kb.
#147268
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
саясат 1-50 ,.
саясат 1-50 ,.
32. Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді. Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді», деп атап көрсеткен болатын.Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.Педагог-инноватор – субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық процестер – бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.Еуропалық білім кеңістігіне ену- қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт талабы.Жоғары білім беруде біз Болон процесіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі «бакалавр-магистр-доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)» білім беру жүйесіне көштік.Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды.Қоғамдық даму динамикасы екпiндi дамып келеді. Адамдардан меңгеру және жинақталған тәжірибені өз тiршiлiк әрекетiнің шартына қолдану қабілеттілігі ғана талап етілмейді, сонымен қатар қалыпсыз жағдайларда әрекет ету, қатерге дайын болу талап етіледі. «Бүгінгі күні сәби болу және есею қиындап келеді, себебі социализация және өмір сүру шарттары импульстi, тұрақсыз және шексiз болып келеді.».Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады:«Білім=үйрену»парадигмасының «білім = қалыптасу»парадигмасына ауысуы.Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.Үйрену диверсификациясы (Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты.Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады.Ғаламданудың бүкiләлемдiк процесстерiмен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап концепттер және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде студенттермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.

Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа технологияларды, интернет-технологияны қолдану процессiн белсендендіру.Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (Құзырлық талаптарды iске асырудағы Болон процессiнiң талаптары бойынша)Саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу,өзіне жауапкершілік алу )Көп мәдени қоғамдағы өмірге қатысты құзырлар (айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі)Ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеруге қатысты құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры

Ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар, (электрондық құзырлар).Өмір бойы оқи білу қабілеттілігі -кәсiби дамуда, сонымен бірге жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі.Электрондық құзыреттілікБолон процессімен талап етілетін өзгерiстердiң қажеттi бiр бөлiктерi.

Оқытудың жаңа жолының мақсаты – электрондық технологияларды қолдануға негiзделген оқытушылар және студенттердi оқытудың инновациялық сценарийларына тарту (e-learning)Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сүранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді