1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Ұлтаралық қатынастардың саяси аспектілері



бет34/54
Дата23.12.2021
өлшемі162.79 Kb.
#147268
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
саясат 1-50 ,.
саясат 1-50 ,.
31. Ұлтаралық қатынастардың саяси аспектілері.

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес.Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.Қазіргі Қазақстан – бұл бұрынғыдан өзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу – өмірлік маңызды мәселе болып саналады.Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да өзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан өткеріп отыр. Бұл жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту өзекті мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар. Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі – осы жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық.

Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қаныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек.Әлемдегі қазіргі кездегі демократиялық көпұлтты мемлекеттердің дамуына зер салып қарасақ, онда олапрдың барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп өмір дің әр түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалылықтың сақталуының және ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың шешіп отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз. Дүниежүзінің тарихи тәжірибесінің көрсетіп отырғандай, ұлт саясатының қандай кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды проблеманың және болып қала бермек. Сондықтан елімізде іске асырылып отырған ұлт саясаты ұлттық өмірде бейіт жолмен реттеудің және дамытудың маңызды фокторы болып табылады. Бұл бағыттағы Қазақстанның тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің көптеген елдерінде болып өткен конференцияларда халықаралық сарапшыла тарапынан жоғары бағалауға ие болып отыр.Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады.Біздің еліміздің жүргізіп отырға ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде ойып отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халөымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді