1 Ұлпа қабынуы түсінік, жүйесі

Loading...


Дата01.02.2021
өлшемі20.13 Kb.

1) Ұлпа қабынуы - түсінік, жүйесі

2) Ұлпаның жедел қабынуының түрлерінің этиологиясы, патогенезі

3) Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникасы, диагностикасы

4) Ұлпаның жедел толық қабынуының клиникасы, диагностикасы

5) Ұлпаның жедел іріңді қабынуының клиникасы, диагностикасы

6) Ұлпаның жедел қабынуының түрлерінің салыстырмалы диагностикасы

7) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының этиологиясы және патогенезі.

8) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының этиологиясы және патогенезі.

9) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуының этиологиясы және патогенезі.

10) Ұлпаның жарақаттана қабынуының этиологиясы, патогенезі

11) Ұлпаның ретроградты қабынуының этиологиясы, патогенезі

12) Ұлпаның конкрементті қабынуының этиологиясы, патогенезі

13) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex). Клиникалық көрінісі. Сырқат тісте әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесе механикалық және температуралық) аса қарқынды емес, баяу дамитын, сыздаған ауыру сезімі пайда болады және әсер тоқтағаннан кейін біразға созылып барып, баяу басылады. Температуралық әсердің кенет ауысуы (ыстық астан кейін суық су ішкенде, жылы бөлмеден суыққа шығып ауа жұтқанда) ауыру сезімін тез туындатады және ауыру сырқат тіспен шектеледі. Аурудың даму тарихында (анамнезінде) өз бетімен мазалаған ауыру сезімі болғаны анықталады (созылмалы қабыну уақытында емделмеген жедел қабынудан дамыған кезде). Егер созылмалы қабыну біріншілік болса (көбінесе реактивтілігі төмен адамдарда), өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі болмағаны, сырқат тісінің тек тітіркендіргіштер әсерінен ауырып, ауыру сезімінің тез басылғандығы жөнінде мәлімет алынады. Қарап тексерген кезде сырқат тісте терең және кең тісжегі қуысы табылады, ішінде біраз мөлшерде астың қалдығы және жұмсарған дентин болады. Сүңгілеп байқағанда қуыстың табанында бір мүйізше тұсында ұлпаның ашылғаны анықталады, сүңгі ұшы тиген сауыт ұлпасы қатты ауырады және қанайды (бұл кезде қанның түсі қызыл-қошқылдау, ал кездейсоқ ашылған ұлпадан аққан қан ашық-қызыл түсті болады). Ұлпаның созылмалы қабынуы сауыт қуысы жабық кезде де дамуы мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған, табаны жұмсақ,, сүңгілеп байқағанда табанының барлық аймағында ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (20-40 мка). Рентгендік суретте периодонт саңылауы деформацияға ұшырағаны анықталуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.

14) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Ұлпаның бұл қабынуы кезінде емделмеген ұлпаны жедел (көбінесе іріңді қабынуынан) және созылмалы жәй қабынуларынан дамиды және анаэробты микроорганизмдердің қатысумен жүреді. Тісі сырқат адам тісінің әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесес ыстықтан, ыстық пен суық кенет алмасқан кезде, ас түйірі қуысқа түскен кезде) ұзақ сыздап ауыратынына шағымданады. Кейде тістен ұнамсыз иіс шығып мазалауы да мүмкін. Егер тісжегі қуысы тітіркендіргіштер әсер ете алмайтын аймақта орналасса, ұлпаның көп бөлігі шіріп өліеттенген болса (сауыт ұлпасы), ауыру сезімі болмауы да мүмкін. Қарап тексергенде, сырқат тісте сауыт қуысымен кең байланысқан терең тісжегі қуысы анықталады, сауыт ұлпасының шіріп-өліеттенуіне байланысты, ашылған сауыт қуысын сүңгілеп байқағанда әртүрлі тереңдікте, кейде өзек сағасында ауыру сезімі байқалады. Ұлпаның шіри қабынуының ұзақтығына байланысты сауыт ұлпасы әртүрлі деңгейде, кейде толығымен өліеттеніп шіруі мүмкін. Осыған байланысты сүңгінің ұшына жабысқан ұлпа ыдырандысы ұнамсыз иіс береді. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде сауыт қуысы жабық болуы да мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысының табанын сүңгілеген кезде ешқандай ауыру сезімі болмайды. Ұлпаның электрқозғыштығы 50-90 мка арасында ауытқиды және ұлпада әртүрлі деңгейде некроздану (өліеттену) үрдісі барлығын көрсетеді. Жаңа басталған шіри қабыну кезінде электрқозғыштық көрсеткіші 30-50 мка тең болуы да мүмкін. Ұзақ уақыт емдеусіз дамыған ұлпаның шіри қабынуы кезінде периодонтта әртүрлі созылмалы қабынуға тән деструкциялану үрдістері байқалады. Түбір ұшы төңірегіндегі сүйек тінінің сорылуынан пайда болатын және рентгендік тексерудің көмегімен анықталатын қара-көлеңке ошақтар С.И.Вайстың ұйғаруынша 14- 18 % жағдайда кездеседі. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы жай қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек.

15) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Ұлпа қабынуының бұл түрі көбінесе ұлпаның созылмалы жәй қабынуынан дамиды (ұлпа беті біраз аймақта ашылған кезде). Әртүрлі тітіркендіргіштердің (көбінесе механикалық) әсеріне ұшыраған ұлпа тінде өсу үрдісі (проферациялану) басым болады. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы көбінесе балалар мен жас өспірімдерде кездеседі. Тісі сырқат адам тісінің ас шайнағанда ауыратынына, қанайтынына және ішінен «жабайы ет» («дикое мясо») өсіп шыққанына шағымданады. Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, қуыста әртүрлі деңгейде орналасқан (жартысына дейін немесе толығымен алып жатқан) шикі ет түсті саңырауқұлақ басына ұқсаған жұмсақ құрылым немесе өсік анықталады (сауыт ұлпасынан дамыған жас грануляциялық тін) (сурет) аздап қозғалмалы, консистенциясы бірде жұмсақ, кейде тығыздау, әртүрлі дәрежеде қанағыштығы байқалады. Кейде өсіктің беті эпителий қабатымен жабылуы мүмкін. Ол кезде түсі қызғылт, консистенциясы тығыздау, онша қанағыш болмайды. Сүңгілеп байқағанда беткей аймақтары онша ауырмайды, тереңдеу орналасқан аймақтарында (аяғы тұсында – в области ножки) ауыру сезімі күштірек. Рентгендік тексеру кезінде периодонтта аса көп өзгеріс анықталмайды, ал сауыт қуысының тісжегі қуысымен байланысты анықталады. Ұлпаның өсе қабынуын (ұлпа өсігін) қызыл иек бүртігінің өсе қабынуынан (қызыл иек өсігінен), түбір ашалары аймағында сауыт қуысы табаны тесілген кезде периодонт тінінен өскен өсіктен (периодонт өсігінен) ажырата білу керек. Қызыл иек бүртігі көбінесе тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуысына қарай өседі. Сондықтан тісті мойын бөлігінде сүңгімен айналып өтуге болмайды (қызыл иек өсігі кедергі жасайды), кейде өсікті шымшуырмен ұстап, тісжегі қуысынан тартып шығаруға болады. Периодонттан шыққан өсікті ажырату үшін рентгендік тексеру жүргізу керек. Тістің рентген суретінде түбір ашалары аймағында (область бифуркации корней) дентин және цемент бұзылғаны және сауыт қуысы мен периодонт маңылауы арасындағы жалғастық немесе байланыс анықталады. Кей кездерде өсікті құрылымдардың қайдан өскеннін анықтау қиын болса, оларды кесіп немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін тісжегі қуысын, сауыт қуысын мұқият қарап, сүңгілеп тексеру қажет болады.

16) Ұлпаның жарақаттана қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Ұлпаның жарақаттан қабынуы терең тісжегіні егеп-тазалағанда ұлпаны кездейсоқ ашып алу кезінде, тіс сауыты жарақат әсерінен (3-сурет) әртүрлі деңгейде сынып, ұлпа ашылған жағдайда дамуы мүмкін. Мұндай кездерде ұлпа тек жарақат әсерінен ғана қабынбайды, ашылған ұлпаға температуралық, химиялық факторлар, микроорганизмдер әсер етеді және патологиялық үрдіс созылмалы қабынуға тән ерекшеліктермен дамиды. Әрбір дәрігер-стоматологтың есінде жүретін бір жай: тісжегі қуысы терең, кірер аузы тар болған кезде онда ас қалдығы көптеп жиналады және біртіндеп ыдырауға ұшырайды. Көмірсулы тағамдардың ыдырауынан пайда болған қышқылдар мен микроорганизмдер уыттары жұмсарған дентин немесе дентин өзекшелері арқылы өтіп, ұлпаны тітіркендіреді. Мұның өзі кейде тістің түнде өз бетімен қатты ауыруына себепкер болады. Ауру анамнезін анықтаған кезде ауыру сезімі мазалар түнінің алдында көмірсуға бай тәтті тағамдар қабылдағанын білуге болады. Егер тісжегі қуысын мұқият егеп-тазалап, уақытша пломбы қойса ешқандай ауыру сезімі мазаламайды және 3-5 күннен кейін терең тісжегіге тән емдеу шараларын жүргізуге болады. Ал көптеген дәрігерлер мұндай жағдайда тісте «ұлпаның қабынуы» деп, ұлпаны алып тастауға тырысады. Тағы бір ескеретін жай, ұлпаға инфекция көбіне тісжегі қуысы арқылы енетінін жақсы білумен қатар, тісжегіден басқа аурулар кезінде де инфекцияның ұлпаға өту мүмкіндігін ескеру қажет. Олар - әртүрлі кіреуке жарықтары (трещины эмали), кіреуке эрозиясы, кіреуке сынықтары (отломы эмали), сынаға ұқсас ақаулар, тістердің патологиялық қажалуы.

17) Ұлпаның ретроградты қабынуының клиникасы,диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Ұлпаның ретроградты қабынуы - тіс ұлпасының интактті тісте қабынудың дамуы, яғни микробтар тіс түбірінің апикальды бөлігінен еніп дамиды, сондықтан кариозды ошақ жоқ болады. Бұл созылмалы процесс, өршуі мүмкін. Клиникасы ұлпаның созылмалы қабынуы және ұлпаның созылмалы қабынуының өршуімен тендес. Диагностикада ЭОД Рентген термодиагностика арқылы анықталынады. Сырқат тістің электрқозғыштығы төмендейді. Ретроградтық қабыну кезінде тістің төңірегінде пародонталдық қалта, пародонт тіндерінде қабыну үрдістері анықталады.

18) Ұлпаның конкрементті қабынуының клиникасы,диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.

Конкрементті пульпитта клиникасы созылмалы жай пульпиттің клиникасымен тең тек бір айырмашылық тіс қуысында дентикл болады. Қозғалыс кезінде дентикл қуыста орыннан ауысуы мүмкін және ауру сезімін алып келеді.

Мұның бір дәлелі – бұзылмаған, бірақ төңірегінде әртүрлі тереңдікте пародонталдық қалталары бар немесе рентген суретінде тіс қуысында конкременттер анықталған тістердің температуралық тітіркендіргіштерден ұзақ қақсап ауыруы немесе жоғары және төмен температураның ауысуына аса сезімталдығы. Созылмалы қабыну өршіген кезде сауыты бұзылмаған тістерде өз бетімен қатты ұзаққа созылатын немесе толастамайтын ауыру сезімдері пайда болады, ыстық пен суық әсерінен күшейе түседі. Өршуі үрдісі басталғаннан біраз уақыт өткен соң (бірнеше сағаттан бір сөткеге дейінгі уақытта), тісте ас шайнағанда ауыру сезімі күшейе түседі және қағып тексергенде де тісінің ауыратындығы анықталады (шектелген тіс қуысы ішінде жиналған жалқық, уытты заттар дереу периодонтқа ауысуы әсерінен).

Конкрементті қабыну кезінде тіс сауыты бұзылмаған тістің қуысында конкремент анықталады (рентгендік суретінде).

19) Ұлпа қабынуын емдеу жүйесі

20) Консервативті ем жүргізудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері

21) Ұлпа қабынуын хирургиялық витальді әдіспен емдеудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері

22) Өлтірежансыздандыру әдісіні маңызы

23) Ұлпаны өлтіре жансыздандыру әдісінің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштерін атаңыз

24) Мышьяк қойыртпағының құрамы



25) Классикалық мышьяк қойыртпағы қанша уақытқа қойылады

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...