1. Күлтегіннің шешесі



Дата19.11.2021
өлшемі24.01 Kb.

Күлтегін (684-731 жж.) – Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi – Елбiлге қатұн. Күлтегiннің 7 жасында әкесi Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. Ол Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр болған. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі.

1.Күлтегіннің шешесі



  1. Бибі

  2. Бөгі

  3. Елбілге

  4. Бөрте

  5. Ебіге

2.Батырдың әкесі

  1. Қапаған

  2. Бөгү

  3. Құтлық

  4. Шаной

  5. Білге

«Балуан Шолақ» дегенде апайтөс балуан, біздің құшақ жетпейтін кір тасын көтерген алып күш иесі көз алдымызға елестейді... «Балуан Шолақ» дегенде артынан аңыз ерген атақты тұлға мұнартады... «Балуан Шолақ» дегенде «Ғалия» әні ойға оралады... «Балуан Шолақ» дегенде ақбоз аты кісінеп келіп тұрғандай көрінеді... Қазақ халқы ертеден-ақ ақылды, дарынды, талантты ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп бір-ақ ауыз сөзбен танытқан. Ұлына келгенде «Жігітке жеті өнер де аз» деп тағы да қайрай түскен. Ен далада еркін өскен ерке ұлттың маңдайына біткен батырлар мен баһадүрлер, ақындар мен күміс көмей әнші-жыраулар аз емес. Сондай тұлғалардың бірі – Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы. Балуан Шолақ жауырыны жерге тимеген күрес шебері, ауыр салмақ көтеріп өнер көрсеткен алып күш иесі, адуынды ақын, ғаламат әнші-сазгер. Бұдан өзге ат құлағында ойнайтын айрықша өнері болған. Шауып келе жатқан ат үстінде күрделі цирктік көріністер жасай беретін, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген. Қазақ тарихындағы айрықша тұлғаның тағдыры мен өмір жолын зерттеушілер аз емес. Балуанның ізбасар ұрпағы да арамызда. Кейінгі буын балуанның бұралаң өмір жолын жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесімен біліп өсті. Балуан Шолақ жылқы жануарын ерекше құрметтеген. Ақбоз аты айырылмас серігі болған. Бұл жайында Сәбеңнің повесінде жазыла кетеді.

3.Мәтін стилі



  1. Ресми іс-қағаздар стилі

  2. Ауызекі сөйлеу стилі

  3. Көркем әдеби стиль

  4. Ғылыми стиль

  5. Публицистикалық стиль

4.«Балуан Шолақ» повесінің авторы

  1. М. Әуезов

  2. Қ. Жұмаділов

  3. С. Мұқанов

  4. І. Есенберлин

  5. Ж. Аймауытов

5.Балуанның әкесі

  1. Баймырза

  2. Мүсілім

  3. Нұрмағанбет

  4. Ақарыс

  5. Баймағанбет

6.«Балуан Шолақ» дегенде ойға келер ән

  1. Атамекен

  2. Ғалия

  3. Сәулем-ай

  4. Туған жер

  5. Ақбоз

«Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен ХХ ғасыр қазақ үшін ерекше қасіретті кезең болды. Алатопалаң заманда атамекенінде аңыраған қазақтың зарлы оқиғасына қанықпыз Ал Алтайдан арғы бетіндегі ағайынның сол зобалаң таққан азабын енді ғана естіп-біліп жатырмыз. Ереулі атқа ер салдырған, сол кезде атақоныс үшін арпаласқан ерлер де аз болмапты. Солардың бірі де бірегейі – Оспан батыр. Оспан батырдың өмірін әбден зерттеген жазушы Жәди Шәкенұлы Оспанның батырлығы, ерлігі туралы былай дейді: «Оспан батыр – қазақтың ұлт-азаттығы үшін күрескен үлкен тұлға. Оның тұлғалық дәуірінде Совет одағы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия, Қытай сияқты көптеген ел тұрғындарының мүддесіне тіке және жанама түрде араласқан. Сол елдердің басшылары Оспанмен тікелей санасқан. Демек ол жай ғана батыр емес. Сонша елді дүрліктіріп халықаралық деңгейге үлкен мәселе тудыруы Оспанның өті күрделі тұлға екенін көрсетеді». Өмірін қайшылықсыз өткізген батыр болған ба? Оспан өміріне үңілген жан оның бір ғана мақсаты болғанын аңғарар еді. Ол – атақоныс үшін күрес. Оған Алтайға көз алартқанның бәрі – жау. Қасиетті жер үшін қытаймен де қырқысты, моңғолмен де тіресті, советпен де сіресті, керек жерде тіл де табыса білді. «Мен қазақ үшін сайтанмен де тіл табысуға әзірмін» (Оспан батыр). Тағдыр талайымен әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақтардың жат-жұрттық болуының да тарихи себептері бар. ХІХ ғасырдың соңғы жартысында патшалық Ресей мен Қытайдың Цин империясы қазақ даласын бөліске салып, шегара сызды. Сол дәуірден бастап тарихта «Қытай қазағы» мен «Ресей қазағы» деген ұғым пайда болды. Әлем картасына «жаңа шегара» Шин Жиаң (яғни Шыңжаң) өлкесі дейтін аймақ болып енді. Шыңжаңды қырқыншы жылдары дара билеген қанқұйлы Шың-Шисай үкіметі темір тегеурінін қазақтарға батыра түсті. Дәл осы жылдары Оспан батырдың атағы алысқа жайылып бастады. Ол күресін бастаған кезде әлем астаң-кестең болып жатқан. ІІ Дүниежүзілік соғыстың оты өшіп, коммунистік қытайлар мен Гоминьдан үкіметі өзара қырқысып, Қытаймен көрші Моңғолия мен Совет Одағына түрлі қауіп төніп келе жатты.

7.Оспан батырдың жауы



  1. Советпен дос болғандар

  2. Алтайға көз алартқандар

  3. Қазақты кемсіткендер

  4. Қытай азаматтары

  5. Коммунистер

8.Оспан батыр күресін бастаған уақыт

  1. Ұлы Отан соғысының басталған кезі

  2. Қытай үкіметінің әлсіреген кезі

  3. ІІ Дүниежүзілік соғыстың оты өшкен уақыт

  4. Ұлы Отан соғысының аяқталған кезі

  5. Үлкен ұлының әскерге алынған кезі

9.Шыңжаңды қырқыншы жылдары билеген үкімет

  1. Цин

  2. Коммунистер

  3. Шың-Шисай

  4. Гоминьдан

  5. Компартия

10.Оспан батырдың өмірін зерттеген зерттеуші-жазушы

  1. Ілияс Есенберлин

  2. Әди Шәріпов

  3. Қабдеш Жұмаділов

  4. Жәди Шәкенұлы

  5. Мұхтар Әуезов

11.Оспан батырдың туған жері

  1. Сарыарқа

  2. Бетпақдала

  3. Жетісу

  4. Алтай

  5. Ресей

12.«Балапан басына, тұрымтай тұсына» тіркесінің мағынасы қандай?

  1. Сабырлы

  2. Ашулы

  3. Жеңіл

  4. Мұқият

  5. Қиын

Оспан батыр Чойбалсанмен хат жазысып тұрған. Оны тарихи деректер де дәлелдейді. Бір хатында «...Біз қазақ-моңғол халықтарын азаттық алу жолындағы күреске жұмылдырамыз. Бізге қазіргі уақытта қару-жарақ қажет. Сіздер көмек береді деп сеніп отырмыз» деп жазады. Шығыс Түркістанның атын жамылған үш аймақ әскері Оспан батырмен қақтығысып Оспан сарбаздарын Алтайдан Моңғолияның Бәйтік тауына қарай ығыстырады. Бұл оқиға 1947 жылы сәуір айында басталды. Моңғол әскерімен болған аласапыран соғыста Қытай армиясы жеңіліп, кері шегінді. Тарихта «Бәйтік оқиғасы» деген атпен қалған соғыс Моңғолия шекарасының белгіленуіне, беріктігіне негіз болды. Тағдыры талқыға түскен Оспан батырдың сыртынан азулы алыптар талай жоспар құрып үлгерген еді. Сталин өз мүддесін ойлап, шығыстан дербес республика құрып, оны өз пайдасына шешуді мықтап қолға алды. Советтік идеологиямен тәрбиеленген азаматтарды арнайы жіберіп, Оспанның көтерілісін желеу етіп Шығыс Түркістан Республикасын құруға тапсырма береді. 1940 жылдардың басқы мезгілінде ІІ Дүниежүзілік соғыстың өрті тұтанып тұрған, Совет одағы әлсіреп бастаған кезеңде Совет одағына, әсіресе, Сталинге, шығыстан бір дербес республикалық күш немесе артық жем болатын бір мемлекет керек болды. Тура осы кезде Сталин Шығыс Түркістан Республикасы деген мемлекетті құру идеясын ортаға қойып, Шыңжаңда күрес жағдайын өзінің тыңшылары арқылы және басқа да күштер арқылы бақылауға алып, Өр Алтайда ұлт-азаттық соғыста күресіп жатқан Оспан батырмен тіл табысуға мәжбүр болған. Оспан батырдың Совет Одағынан алған алғашқы көмегі мынандай болды: 400 винтовка; 20 000 оқ; 30 пулемет; 45 автомат; 200 гранат. Қолына қару тиген Оспан батырдың қолы күн санап өсіп Алтай аймағын уысында ұстап тұрды. Кейбір деректерде батырдың қолы 40 мыңға дейін жеткені айтылады. Қытай жағы да, моңғол жағы да батырмен санасатын жағдайға жетті. Тіпті Оспан батырдың әлемдік деңгейдегі оқиғаларға еріксіз араласуына тура келген. Соғыстың соңғы жылдарында Американың атом қаруына ие болып, ССРО-ның оны жасауға жанталасқаны тарихқа белгілі. Атом қаруына қажетті уран жеткіліксіз болып, Совет одағы Қытайдың Алтай аймағынан қажетін тауып, тасып бастайды. Күн сайын тізбектелген машиналар қара тасты шегарадан асырып жатқанын көрген Оспан батыр оларға бірнеше рет шабуыл жасап, өртеп жіберген. Адамзатқа қауіп төндіретін аждаһаны батыр қайдан білсін? Тек туған жерінің тасына дейін басқаға қимағаны еді. Ел мен жерді қорғау жолында басын бәйгеге тігіп, ат үстінде жаумен арпаласқан Оспан батыр елдікті бәрінен биік қойды. Көз алдында жау қолынан жазым болған жақындарын көрсе де асқақ мұраты аласарған жоқ. Ұрпақтарының көпшілігі жау қолынан мерт болды. Тіпті қыздары Әзипа мен Пәнсия қолына қару алып, жауға шауып, асқан мергендіктерімен көзге түскен.

13.Оспан батырға 400 винтовка, 20 000 оқ, 30 пулемет, 45 автомат, 200 гранат берген кім?



  1. Моңғол үкіметі

  2. Қытай үкіметі

  3. Советтер

  4. АҚШ тыңшылары

  5. Алашордашылар

14.Берілген мәтін стилі

  1. Ғылыми стиль

  2. Көркем әдеби стиль

  3. Публицистикалық стиль

  4. Ресми іс-қағаздар стилі

  5. Ауызекі сөйлеу стилі

15.Оспан батырдың қыздары

  1. Фатима мен Қадиша

  2. Мәнсия мен Нәсипа

  3. Әзипа мен Пәнсия

  4. Ұлболсын, Ұлтуған

  5. Қарагөз, Айсұлу

16.Шығыс Түркістан Республикасын құру идеясы кімдікі?

  1. Сталин

  2. Оспан батыр

  3. АҚШ басшысы

  4. Рысқұлов

  5. Чойболсан

17.Оспан батыр кіммен хат жазысып тұрған?

  1. Берия

  2. Чойболсан

  3. Ленин

  4. Мао

  5. Сталин

18.Мәтін тақырыбы берілген бөлімдердің қайсысына жатады?

  1. Ислам діні

  2. Ежелгі жырлар

  3. Салт-дәстүр

  4. Батыр өмірі

  5. Басқыншылық

19.Тарихта «Бәйтік оқиғасы» деген атпен қалған ұрыста кімдер жеңілді?

  1. Советтер

  2. Қытайлар

  3. Моңғолдар

  4. Қазақтар

  5. Ұйғырлар

20.Совет одағы Қытайдың Алтай аймағынан не тасыды?

  1. Қорғасын

  2. Темір

  3. Уран

  4. Мыс

  5. Алтын


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік