1 клиникалық есеп И., 30 жаста, 25-шілдеде дәрігерге келген. Шағымдары



Дата25.12.2020
өлшемі14.53 Kb.

1 клиникалық есеп
И., 30 жаста, 25-шілдеде дәрігерге келген.

Шағымдары: жүрек айнуы, құсу, іштің толғақ тәрізді ауыру сезімі, іштің өтуі, дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы.

Anamnesismorbi: 24-шілдеде жедел ауырып бастаған. Ауру жүрек айнуының, іштің толғақ тәрізді ауыру сезімімінің пайда болуынан жедел басталған. Кешкі уақытта 5 рет құсу, 5-6 рет іштің өтуі, әлсіздік, бас ауыруы пайда болған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған. Өз бетімен но-шпа қабылдаған. Түнде ішінің ауыры мазалап, нашар ұйықтаған. Бүгін таңертең дәрігерге келген.

Эпидемиологиялық анамнез: Пәтерде тұрады. Спорт мектебінде тренер болып жұмыс істейді. Жұқпалы науқастармен қатынаста болмаған. Қоғамдық көлікпен жүреді. Асханаларда жиі тамақтанады. 23-ші шілдеде жұмысының қасындағы асханада тамақтанған. Тауық еті мен картоп езбесін жеген, компот ішкен. Өткен аптада басқа қалаға жарысқа барған.

Объективті мәліметтер: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері жабындылары қалыпты, бөртпе жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет/мин. ҚҚ – 120/80 мм с.б. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы және мықын аймақтарында ауыру сезімді. Соқыр ішектің құрылдауы анықталады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, жасыл түсті, шырыш қосылған. Зәр шығаруы қалыпты.

Лабораторлық мәліметтер:

Жалпы қан анализі: лейкоциттер – 9,8 х 10*9/л, таяқша ядролынейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 76%, моноциттер – 5%, лимфоциттер – 13%, ЭТЖ – 15 мм/сағ.

Копрологиялық анализ: лейкоциттер – 12-15 к./а., эритроциттер – табылған жоқ, шырыш ++.

Тапсырмалар:

1.Диагнозды негіздеу.

2.Диагностика жоспарын құрастыру.

3.Емдеу жоспарын құрастыру.


1.Диагнозды негіздеу
Клиникалык корынысьерыне және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып болжамды диагноз Сальмонеллез гастроинтестинальді түрі
2.Диагностика жоспарын құрастыру

Шағымдары: жүрек айнуы, құсу 5рет, іштің толғақ тәрізді ауыру сезімі, іштің өтуі 5-6 рет, дене қызуының жоғарылауы 38 С, бас ауыруы.

Эпид анамнез: 23-ші шілдеде жұмысының қасындағы асханада тамақтанған. Тауық еті мен картоп езбесін жеген, компот ішкен

Объективті: Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы және мықын аймақтарында ауыру сезімді. Соқыр ішектің құрылдауы анықталады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, жасыл түсті, шырыш қосылған.

Лабораторлық мәліметтер:
ЖҚА

лейкоциттер – 9,8 х 10*9/л сәл жоғарылаған-лейкоцитоз (N:4-9)

таяқша ядролынейтрофилдер – 6% норма (N:1-6%)

сегмент ядролы нейтрофилдер – 76% сәл жоғары (N:47-72%)

моноциттер – 5% норма (N:1-8%)

лимфоциттер – 13% томендеген лимфоцитопения (N:20-40%)

ЭТЖ – 15 мм/сағ. Жоғарлаған (N 2-10)(Ер адамда)
Копрологиялық анализ:

лейкоциттер – 12-15 к./а., жоғарылаған (N: 0-1 к.а)



шырыш ++. (N: болмау керек )
3.Емдеу жоспарын құрастыру.
-Төсектік тәртіп
-Қоздырғыштың сезімталдығын ескеріп,этиотропты препараттар тағайындау
-Дезинтоксикациялық препараттар
-Регидратациялық ерітінділер
-Симптоматикалық препараттар
-Сорбенттер
-Эубиотиктер

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар