1. КӘсіпорынға жалпы мінездеме 4 1 Кәсіпорынның қалыптасу тарихы 4


Шығындар мен табыстардың бастапқы есебі

Loading...


бет7/9
Дата03.04.2020
өлшемі106.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.6 Шығындар мен табыстардың бастапқы есебі


Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар. Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы. Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу. Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

Шығын анықтамасы меншікті басқарумен, өндіріспен, тауарлы-материалдық қорларды өткізумен, жұмыс атқарумен, қызмет көрсетумен, зиянмен байланысты шығындардан тұрады.

Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді.

Шығындарды есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

- Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?

- Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?

- Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?

- Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе? Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін белгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.



Қорытынды


Оқу тәжірибесі «ББЖ-01» ЖШС-де жоғары деңгейде өткізілді. Алған білімдерімізді оқу тәжірибесінде қолданып, білім деңгейімізді одан әрі нығайта түстік. "ББЖ-01" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана қаласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіп отырған бірден-бір кәсіпорындардың бірі болып саналады.

Оқу тәжірибесі барысында ұйымның есеп саясаты, ұйымдық құрылым, бастапқы құжаттар, қаржылық жағдайы туралы есебі, ішкі аудиті жөнінде мағлұмат алып, іс жүзінде меңгерілді.

Оқу тәжірибесін өту кезінде менің игерген дағдыларым:

алғашқы құжаттарды дайындау;

бухгалтерлік жазбаларды құру;

бас кітапты толтыру;

бухгалтерлік балансты құру;

шоттар бойынша журнал-ордерлерін толтыру;

бухгалтерлік есеп шоттарын тәжірибеде қолдау;

кіріс-шығыс кассалық ордерлері, аванстық есеп құжаттарын дайындау.

Іс-тәжірибие уақытында «ББЖ-01» ЖШС мекеме еңбеккерлерінің еңбекақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелдердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеруді жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Оқу тәжірибиесін өту барысында ұйым қызметіне талдау жүргізілумен қатар, негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибие жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, оқу тәжірибесін өту кезіндегі жинақтаған материалдар:

ұйым жарғысы;

есеп саясаты;

алғашқы есеп құжаттары;

қаржылық есептілік;

ішкі аудит бойынша құжаттар.

«ББЖ-01» ЖШС-де оқу тәжірибесін өту барысында мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын терең зерттей отырып, жоғарғы оқу орнында жинақтаған білімімді қолдандым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...