1. КӘсіпорынға жалпы мінездеме 4 1 Кәсіпорынның қалыптасу тарихы 4


Еңбек және еңбекақының бастапқы есебі

Loading...


бет5/9
Дата03.04.2020
өлшемі106.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.4. Еңбек және еңбекақының бастапқы есебі


Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақлау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтиделерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Персоналдармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің негізгі мақсаты- бұл еңбек және еңбекақы есебін жүргізу ережелерін сақтау болып табылады.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу 3350 шотында жүргізіледі. Осы шот бойынша талдамалы есебі әр бір жұмысшы бойынша жүргізілуі тиіс.

Еңбекақы есебінің бастапқы құжаты жұмыс уақытын есептеу табелі, басшылардың бұйрықтары, еңбекақы төлеу бойынша ведомость, кіріс және шығыс касса ордерлері және т.б. Адам құрамының есебін кадр бөлімі жүргізіледі. Жұмысқа келген әр бір жұмысшыға жеке карточка толтырылады және жеке іс ашылады. Жұмысқа келегн адам соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуге тиісті. Бұйрық негізінде бухгалтер табельдік нөмер береді және жеке шот ашады.

Еңбекақы айына екі рет төленеді: аванс және қорытынды төлем. Аванс және еңбекақы 3 күн ішінде беріледі. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі

Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгсруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:

• еңбекақы корын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;

• бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;

• шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;

• белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

• жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.[9]

Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Казакстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті кұқықтык актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдык келісімшартпен реттеледі. Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекакы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді. ӘрбІр қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын кызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазакстан Республикасының Еңбек туралы» Занының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек, яғни 21 364 тг.

«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 7,8-бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар:

• қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;

• қауіпсіздік және тазалык (гигиена) талаптарға жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;

• кепілдік және өтемақы алуға және т.б.

• жұмыс берушінің құқықтары:

• қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойьшша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;

• қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын кұжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі. Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады. Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымының бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 17, 18-бабы). Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрың (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.

Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғыжұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстыруға құқығы бар. Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 20-бабы). Жұмыс болмай қалған жағдайда (простой) жұмыс беруші кызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Ресиубликасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Рспубликасы Еңбек туралы» Заңының 21, 22-баптары). Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.

Жеке еңбек келісімшарты мынандай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

• ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазакстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 1-тармағы);

• қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 2-тармағы);

• әскери қызметке шақырылғаның растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 30-бабы, 1-тармағы).

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісімшарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.

Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісімшартын тоқтатуға құқылы. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін. Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған.

Шаруашылық үрдістері жабдықтау, өндіру және сату екені белгілі, яғни осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

— Мерзімді және кесімді еңбекақы.

— Сыйлықтар мен сыйақылар.

— Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақы- еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген , жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады

Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасы, қиындығына ескере отырып, жұмыскерге еңбек ақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шарттында, міндетті түрде еңбек ақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбек ақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.Еңбек ақы есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штатық кестесінің негізінде, еңбек ақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жүмыс уақыттының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекілілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбек ақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді.[10]

Еңбекақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі еңбек ақы , еңбек ақының басты бөлігі есебінде, лауазымдық жалақылардан тұрады. Қосымша еңбек ақының элементтеріне , лауазымдық жалақыға қосымша берілетін сыйақылар мен материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады.Еңбек туралы заңға сәйкес, ұжымдық келісім шарт бойынша, колледждің еңбеккерлеріне жалақы ай сайын кем дегенде бір рет төленуге тиісті. Еңбек ақы бойынша , оны есептеп, рәсімдеу үшін пайдаланылатын регистр, ол есептеу ведомосы болып табылады. Аналитикалық есептің бұл регистрі әрбір табель нөмері, жұмыскерлердің категориясына сай және еңбек ақы түрлері мен одан ұсталатын сомалар бойынша жеке жасалынады.

Еңбекақы беруі былай іске асады еңбекақы бойынша бухгалтер еңбек ақыны есептеп міндетті ұсталымдарды ұстап АТФбанкке, яғни жеке тұлғалардың есеп карточкасына аударады. Аударылған ақша 2 сағат көлемінде әр еңбеккердің карточкасына келіп түседі. Қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы негізгі еңбекақы және мерзімді еңбекақы бойынша есептеледі.

№1. Жұмысшы А –ның жалықысы шаттық кесте бойынша 65 000 тг деп белгіленген. Ақпан айында 20 жұмыс күні болды. Жұмысшы А-ның жалақысын негізгі еңбекақы бойынша есептеймін.

МЗЖ= 65 000*10%=6500тг

ЖТС= ( жалақы –МЗЖ — ең төменгі жалақы)*10%

Осы формулаға сала отырып жеке табыс салығын табамыз.

ЖТС= (65 000тг- 6 500тг- 15 999)*10% = 4250,1тг

Алатын жалақысы:

65 000 тг- 6500тг – 4250,1=54 249,9тг

Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%

65000-6500*11%=6435 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =321,75

Әлеуметтік салық 6435- 321,75= 6113,25

№2. Жұмысшы Б-ның 1 сағаттық жалақысы – 463тг. Ақпан айында ол 48 сағат жұмыс істеді. Жұмысшы Б-ның жалақысын сағаттық ставка бойынша еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймын.

463тг* 48сағ=22 224тг

МЗЖ= 22 224*10%= 2 222,4тг

ЖТС= (22 224тг- 2 222,4тг- 15 999тг)*10% = 400,26тг

Алатын жалақысы:

22 224- 2 222,4- 400,26=19 601.34 тг

Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%

22 224-2 222,4*11%=2200,176 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =110,0088

Әлеуметтік салық 2200,176- 110,0088= 2090.1672тг

Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті. Еңбекке ақы төлеу кәсіпорынның өз қызметкерлеріне борышы болып табылады. Және жылдың басындағы, аяғындағы баланста көрініс табатын кредиторлық қарыздардың маңызды баптары деп саналады. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру, және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.[11]

Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек.Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады. Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. [12]

Кәсіпорынның өз қызметкерлеріне еңбекақысы бойынша қарызы жылдың басы мен аяғындағы баланста көрсетілген несие қарызының маңызды баптарының бірі болып табылады. Еңбек пен еңбекақысын есепке алудың қазіргі тәртібін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен оның ахуалын, сонымен қатар еңбекақысы бойынша есеп айырысудың дұрыс жүргізілуін

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды тексеру кезінде аудитор келесілердің негізділігін тексеру керек:

- еңбекақының дұрыс есептелуін;

- нақты жұмыс істеп жатқан қызметкерлер санының тізімдегі санына сәйкестігі;

- еңбекақыны төлеудің дұрыстығы, уақыттылығы, толықтығы.[13]

Еңбекақының дұрыс есептелуі мен штаттық кестемен нақты қызметкерлердің санының сәйкестігін тексеру үшін келесі құжаттар қарастырылған:

- кәсіпорын қызметкерлерімен келісім-шарт;

- жеке шот;

- жұмыс уақытын пайдалану есебі табелі;

- жеке құрамы бойынша бұйрықтар;

- кесімді жұмысқа наряд;

- орындалған жұмысты қабылдау актісі;

- өндіру туралы рапорт;

- маршруттық қағаз;

- атқару қағаздары, неке туралы акт.


4-кесте. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек




Операциялар мазмұны


Сәйкес

құжаттар


Шоттар корреспонденциясы

Дебет бойынша

Кредит бойынша

Сумма


1

Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы мен қамсыздандыру есебінен есептелген зейнетақы, жәрдемақы, осы тәріздес төлемдерді есептеу

Келісімшарты, құрылтай құжаттары, есептер

3390

3350

50000

2

Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау (есептеу)

Табыс салығының есебі

3350

3120

15000

3

Қызметкерлердің еңбекақысынан орындаушы құжаттар бойынша және есепті сомалар қалдықтарынгың ұсталуы

Орындаушы қағаздар, есепті тұлағлар мен өзара есептер

3350

3390

24000

4

Есептеліп, бірақ өз мерзімінде төленбеген еңбекақы (алушының келмеу есебінен)

Еңбекақының есебі

3350

3390

85000

5

Қызметкерлерге еңбекақының нақты нышанында берілуі (төленуі)

Жүкқұжаттар, шот-фактуралар

3350

3390

94200

6

Лауазымды қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма, тексеру комиссиясы, бақылау кеңесі және т.б.)

Келісім-шарты, құрылтай құжаттары, еңбекақы жөніндегі есептер

7210

3350

35000

7

Жалға берушілер алдында ұзақ мрезімге жалға алынған негізгі құралдардың жалақы қарызының бейнеленуі

Жалдық келісім, жалға берушімен өзара есептер

2411-2417

3360

210000

8

Жалға алынған негізгі құралдардың құнын өтеу (төлеу)

Төлем құжаттары

3360

1040

420000

9

Қысқа және ұзақ мерзімды жал мерзімінің уақыты аяқталмағанша негізгі құралды жалға берушіге қайтару

Ұзақ мерзімді жалдық келісімді қайта қайтару

3360,

4150


2411-2417

120000

10

Негізгі құралдардың алдағы жөндеулерімен байланысты шығыстарп бойынша қордың (резервтің) есептелуі

Жиналыс хаттамалары, есептер

8044

3390

150000

11

Ағымдағы жалға алынған негізгі құралдар бойынша жол ақының есептелуі

Жалгерлік келісім, жал ақы есептері

8047

3390

170000

12

Алдын төленген жалгерлік төлемді есепке алу

Бухгалтерлік анықтамалар

3390

1260

200000

13

Жалға берушіге жалдау бойынша қарызын есеп айырысу шотынан аудару

Келісім, төлем құжаттары

3390

1040

95000





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...