1. КӘсіпорынға жалпы мінездеме 4 1 Кәсіпорынның қалыптасу тарихы 4


Ағымдағы активтердің бастапқы есебі

Loading...


бет4/9
Дата03.04.2020
өлшемі106.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2 Ағымдағы активтердің бастапқы есебі


«ББЖ-01» ЖШС-нің ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымы

Кесте-2

Ағымдағы активтердің түрлері

Мың тг


2016 ж

Үлес салм



2017ж

Мың тг


Ауытқуы (+,-) үлес салм.


Мың тг

Үлес салм.

(+,-)

Ақша қаражаттары

393584,2

33,37

783218,7

41,9

389634,5

+99,0

Дебиторлық қарыздар

721306,6

61,16

1014088

54,44

+292781,4

40,6

Тауарлық-материалдық құндылықтар

22482,7

1,9

25971,4

1,39

+3488,7

+15,5

Дайын өнім

38541,2

3,57

42293,5

2,27

+3752,2

+9,7

Ағымдағы активтердің барлығы

1179286,9




1868790,3




+689503,4

+58,4

«ББЖ-01» ЖШС – нің ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасай отырып, біз ұйымның ақша қаражаттарының сомасы 2016 жылы 393584,2 мың теңге болса, 2017 жылы 783218,7 мың теңге болып, нәтижесінде ұйымның ақша айналымы 389634,5 мың теңгеге артып отырғанын байқадық. Ал дебиторлық қарыздар сомасы 2016 жылы 721306,6 мың теңге болса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 1014088 мың теңгеге дейін жоғарылап отыр. Демек, бұл жерде біз серіктестіктің ағымдағы жылы сатудан түскен түсімінің неғұрлым жоғарылағанын байқап отырмыз.

Ұйымның тауарлық-материалдық қорлар құны 2017 жылы өткен жылға қарағанда 3488,7 мың теңгеге немесе 15,5 пайызға дейін өскенін көреміз.

Ұйым өндірген дайын өнімдердің қоймадағы қалдығы 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 3752,2 мың теңгеге немесе 9,7 пайызға артқанын байқап отырмыз. Нәтижесінде зерттеу жүргізілген ұйымның ағымдағы активтерінің құны өткен жылға қарағанда есепті жылы 689503,4 мың теңгеге көбейіп отыр, мұның басты себебі ұйым сатудың көлемін ұлғайтудың нәтижесінде дебиторлық қарыздарының сомасын жоғарылатып отыр. Сонымен қатар, шығындарды аз жұмсай отырып, өнім өндірісінің көлемін көбейтіп отыр. Ұйымның алдында тұрған енді негізгі мәселенің бірі бұл ұйымға төленуге тиісті дебиторлық берешектердің дер кезінде түсуін қамтамасыз ете отырып, өзінің кредиторлық қарыздарын, соның ішінде бюджетке салықтар бойынша, жұмысшыларға еңбек ақы бойынша, банкке несиелер бойынша және басқа да контрагенттерге кредиторлық қарыздарын барынша төмендету болып саналады.



2.3. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

«ББЖ-01» ЖШС есеп саясатына сәйкес айналымдағы емес активтер бастапқы құнмен бағаланды. Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады.[7] Мысалға, 27.09.2008 күні кәсіпорын баллансына енген өндірістік сипаттғы емес директор кеңсесіндегі кресло дүкенде 48000 теңгеге бағаланды. «ББЖ-01» ЖШС мүлікті өз кеңсесіне жеткізу шығынын өзі көтергендіктен креслонын баллансқа ену құны сол сомаға ұлғаяды. Яғни, 48000 теңгеге жеткізу шығыны 3200 теңгені қосамыз. Сонда бұл құрал 51200 теңгеге бағаланды. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады.

«Объектінің қысқаша жеке сипаттмамасы» бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай – ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді. Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

Есеп саясатында белгіленгендей негізгі құралдарға аммортизацияны есептеу бірқалыпты тік сызықты әдіс негізінде қолданады. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.[8]

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бүл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

Қазақстан Республикасының салық зандылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны -100 000 тенге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20 % - ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.



Бастапқы құн – жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000

Пайдалану мерзімі 5 жыл

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000:12).

Объектініні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетеледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Кесте-3 Негізгі құралдарда болатын негізгі операциялар келесі шоттар корреспонденцияларында көрініс табады:



Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдар алынды:

есеп беру сомасынан

берілген аванстар есебінен

жеке тұлғалар мен мекемелерден

түгендеу негізінде артықшылық болған жағдайда

өтеусіз сыйға алған кезде



2410

2410


2410

2410


2410

1250

2150, 1610

3310, 4110

6280


6280

2

Құрылыс аяқталған соң ғимарат есепке алынды

2410

2930

3

Негізгі құралдар жалға алынды

2410

3360, 4150

4

Негізгі құралдарға аммортизация есептелінді

2410

2420

5

Негізгі құралдар есептен шықты:

басқа да мекемелрге сатылған кезде

есептен шыққан кезде

төтенше жағдайлар кесірінен есептен шыққан кезде



1210

7410


6310

2410

2410


2410

Айналымдағы емес активтердің алғашқы есебін ұйымдастырғанда келесі құжаттар қолданылады: мүліктік карточка, негізгі құралдарды қабылдау актісі, тозу есептемесі, негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы, негізгі құралдарды есептен шығару актісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...