1. КӘсіпорынға жалпы мінездеме 4 1 Кәсіпорынның қалыптасу тарихы 4


Ұйымның экономикалық қызметінің сипаттамасы және олардың бухгалтерлік ұйыммен байланысы

Loading...


бет2/9
Дата03.04.2020
өлшемі106.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.3 Ұйымның экономикалық қызметінің сипаттамасы және олардың бухгалтерлік ұйыммен байланысы




Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлі есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.[3]

Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекеттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, серіктестіктің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер серіктестіктің басшысымен бірге ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісім-шарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды. Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін.

Бас бухгалтерге келісім-шарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және рәсімдеуге қабылдауға болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер серіктестік басшысына жазбаша хабарлайды, ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына серіктестік басшысы жауапкершілік атқарады.

Бас бухгалтерді қызметке тағайындау, босату және ауыстыру келісіледі. Алғашқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысы бас бухгалтермен келісе отырып бекітіледі. Шаруашылық әрекеттерді құжатты рәсімдеу және құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерлік қызметке тапсыру бойынша бас бухгалтердің талаптары серіктестіктің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаттары және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелген. Оған чектер және басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.

«ББЖ-01» ЖШС-де бухгалтер қызметтеріне мыналар жатады: есеп айырысу мәселелерімен айналысады; жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу, еңбек ақы есептеу, төлеу, олардан міндетті төлемдерді ұстап қалу, бюджетпен есеп айырысу, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыларды, уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақылар, зейнетақы, табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға байланысты кәсіпорын тарапынан берілетін материалдық жәрдем салаларын, қызметтен босарда алатын жәрдем, іс-сапар шығыстары және кейбір басқа түрлерін есептеп шығарумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;

1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;

2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;

3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;

6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары. Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.


Қазақстан Республикасының 24.06.2002ж. №329-11«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» (өзгерістері енгізіліп және толықтырылу) заңына сәйкес: 
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертурлер жасау;
- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
- ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттерді болып табылады. 
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттері орындау үшін ол мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға, бақылауды жузеге асыруға және т.б. үшін қәжет. Бұл талапты жузеге асырған кезде есептік ақпаратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайданалудың манызы зор. 

2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгілген көрсеткіштердің есеп байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің мерзімді бақылау жасауды қатамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік арттыруға мумкіндік жасайды. Мұның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуне, баскару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады. [4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...