1. Жер қойнауы туралы заңдар және жер қойнауына меншік құқығы

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі279.76 Kb.
1. Жер қойнауы туралы заңдар және жер қойнауына меншік   құқығы

2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және түрлері,  мазмұны

3. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болу және   тоқтатылу негіздері

4. Жер қойнауын құқықтық қорғау

5. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Жер қойнауы туралы заңдар және жер қойнауына меншік құқығы



Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгі. Жер қойнауының құндылығы оның пайдалы қазбалардың қайнар көзі болып табылуында, сонымен бірге жер қойнауында жер асы, минералды сулардың қорлары, онда тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуда, әртүрлі құрылғылар мен жер асты объектілерін орналастырылады, өндірістік қалдықтар, радиоактивті заттар көміледі және т.б. Жер қойнауының мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.  Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен). Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.  Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы. 


Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мемлекеттің және қоғамның әл-ауқатының экономикалық өсуі үшін Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;

      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу;

      3) мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;

      4) Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының өсімі;

      5) жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және тәртібін белгілеу;

      6) жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету;

      7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;

      8) жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайту.

4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының қағидаттары



      Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;

      2) жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;

      4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

      5) жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;

      6) жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы.

 Жер қойнауын пайдалану жер қойнауының ластануын болғызбауға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған шараларды қабылдай отырып, экологиялық қауіпсіз тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

7-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік



      1. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат қолжетімді болып табылады.

      2. Мемлекет мыналарға:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукциондар, олардың шарттары мен нәтижелері туралы ақпаратқа;

      2) мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы шешімдеріне;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлерін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа;

      4) осы Кодекске сәйкес құпия немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпия болып танылатын геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.

      4. Мүдделі тұлғалар осы бапқа сәйкес қолжетімділігі қамтамасыз етілетін ашық ақпаратты өтеусіз пайдалануға құқылы.

8-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы



      Жер қойнауын пайдалану ақылы (өтеулі) болып табылады. Жер қойнауын пайдалану үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.

9-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы



      Жер қойнауын пайдаланушылар оларға берілген құқықтарды іске асыру және осы Кодексте көзделген міндеттерді орындау кезіндегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесінде жер қойнауын

Жер қойнауы және оның ресурстары

      1. Топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен төмен орналасқан жер қыртысының бөлігі, су айдындары мен ағын сулардың түбі жер қойнауы деп танылады.

      2. Осы Кодексте мынадай ресурстарға қатысты жер қойнауының пайдаланылуы реттеледі:

      1) пайдалы қазбалар;

      2) техногендік минералдық түзілімдер;

      3) жер қойнауының кеңістігі.

11-бап. Жер қойнауына меншік



      1. Жер қойнауы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігінде болады.

      2. Мемлекет осы Кодексте көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде жер қойнауын пайдалануға береді.

      3. Жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Жер қойнауына мемлекеттік меншікті бұза отырып жасалған мәмілелер маңызсыз мәмілелер болып табылады.

12-бап. Пайдалы қазбалар және олардың сыныпталуы



      1. Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндіріс саласында және тікелей немесе қайта өңделгеннен кейін тұтыну саласында пайдалануға мүмкіндік беретін, пайдалы құрауыштары бар табиғи минералдық түзілімдер мен органикалық заттар пайдалы қазбалар болып танылады.

      2. Өзінің экономикалық маңызы бойынша және жер қойнауын пайдаланудың тиісті шарттарын белгілеу мақсатында пайдалы қазбалар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) жерасты сулары;

      2) көмірсутекті пайдалы қазбалар (көмірсутектер);

      3) пайдалы қатты қазбалар.

      3. Мұнай, шикі газ және табиғи битум көмірсутектер деп танылады.

      Шикі мұнай, газ конденсаты, сондай-ақ шикі мұнайды тазартқаннан кейін және жанғыш тақтатастарды, мұнай битумды жыныстарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер мұнай деп танылады.

      Үлес салмағына қарамастан, қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде шикі газдан табиғи конденсаттау арқылы түзілген кез келген көмірсутектер шикі мұнай деп танылады.

17-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы ұғымы мен оның мазмұны

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекспен қамтамасыз етілген, жер қойнауын кәсіпкерлік мақсатта бөліп берілген учаске шегінде белгілі бір мерзім ішінде өтеулі негізде пайдалану мүмкіндігін білдіреді.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы бөлінбейтін заттық құқық болып табылады. Осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады, өйткені бұл заттық құқықтың табиғатына қайшы келмейді.

      3. Жер қойнауын пайдалану осы Кодексте белгіленген тәртіпте, шарттарда және шектерде жүзеге асырылады.

18-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері



      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығының иелері бір мезгілде бірнеше тұлға болуы мүмкін. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын иелену ортақ болып табылады. Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иелену жер қойнауын пайдалану құқығы бір мезгілде екі немесе одан да көп тұлғаға берілген жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы нәтижесінде туындайды.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын екі немесе одан да көп тұлғаның ортақ иеленуіне осы тұлғалардың әрқайсысының осындай құқықтағы үлестерін айқындай отырып қана жол беріледі.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иеленуге Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жалпы үлестік меншік қатынастарын реттейтін нормалары қолданылады.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану құқығының иесі бір ғана тұлға болуы мүмкін.

      3. Осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы мүмкін.

19-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретіндегі жер қойнауы учаскесі



      1. Осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілетін, белгілі бір кеңістікті шекаралары бар жер қойнауының геометрияланған бөлігі жер қойнауы учаскесі деп танылады.

      Жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер бетінде тұйық контурларды (шекараларды) қалыптастыратын географиялық координаттары бар нүктелері (жер қойнауының аумағы) мен үстіңгі және төменгі кеңістік шекараларын қалыптастыратын тереңдік арасындағы тікелей сызықтан шығатын шартты жазықтықтардан құрылады.

      Жер қойнауы учаскесінің үстіңгі кеңістік шекаралары – топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен және (немесе) су айдындары, су ағындары түбінен төмен орналасады. Жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістік шекаралары геологиялық зерттеу және игеру үшін қолжетімді тереңдікте орналасады.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауы учаскесінің үстіңгі және (немесе) төменгі кеңістік шекаралары өзге де тереңдікте орналасуы мүмкін.

      2. Пайдалы қазбаларды барлау (барлау учаскесі) жөніндегі операцияларды және геологиялық зерттеу (геологиялық зерттеу учаскесі) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағын сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы шартты түрде, әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең болатын блоктарға бөлінеді. Жиырма бес блок әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде бес минутқа тең болатын блоктардың кіші секциясын құрайды. Жүз блок әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде он минутқа тең болатын блоктар секциясын құрайды.

      Әрбір блоктың және блоктардың кіші секциясының және секциясының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін өздерін сәйкестендіруші координаттары мен жеке кодтары болады. Барлау учаскесінің (барлау аумағы) немесе геологиялық зерттеу учаскесінің (геологиялық зерттеу аумағы) аумағы бір немесе одан көп блоктардан тұруы мүмкін. Егер аталған аумақ екі немесе одан да көп блоктан тұратын болса, осы аумақтағы әрбір блоктың оның ең болмағанда басқа бір блогымен ортақ жағы болуға тиіс.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, барлау немесе геологиялық зерттеу аумағы блоктың бір бөлігін (толық емес блокты) қамтуы мүмкін. Егер көрсетілген аумақ екі және одан көп толық емес блоктардан тұрса, әрбір мұндай блоктың ең болмағанда осы аумақтың басқа бір толық немесе толық емес блогымен ортақ жағы болуға тиіс.

      3. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі (өндіру учаскесі), кен іздеушілік (кен іздеушілік учаскесі) пен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі (жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі) операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі аумағының сыртқы шекаралары тіктөртбұрышты құрауға тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары тиісті өндіру учаскесі, кен іздеушілік учаскесі немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі аумағының сыртқы шекараларын тіктөртбұрыш формасында анықтауға мүмкіндік бермесе, мұндай жер қойнауы учаскесінің аумағы төртбұрыш формасында болуы мүмкін, оның ең болмағанда қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс.



      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, өндіру учаскесінің аумағы көпбұрыш формасында болуы мүмкін.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындау және оны алу негіздері

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мыналардың:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде туындайды.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жағдайларда:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы;

      3) түрленуді не мұрагерлікті қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы жағдайларында алынады.

21-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату негіздері



      1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкімді жер қойнауын пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуының тоқтатылуымен қоса тоқтатылады.

22-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері



      Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі:

      1) жер қойнауын геологиялық зерттеу;

      2) пайдалы қазбаларды барлау;

      3) пайдалы қазбаларды өндіру;

      4) жер қойнауы кеңістігін пайдалану;

      5) кен іздеушілік.

23-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары



      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар осындай операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжаты болған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

      2. Жер қойнауын пайдалану мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспарларын, тәсілдерін, әдістемесін, техникалық шарттарын, технологиялық көрсеткіштерін, көлемін, мерзімін және өзге де параметрлерін қамтитын құжаттар жобалау құжаттары болып табылады.

      3. Жобалау құжаттары лицензияда немесе келісімшартта көзделген оны пайдалану мерзіміне әрбір жер қойнауы учаскесі үшін жеке-жеке әзірленеді.

      4. Жобалау құжаттары экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып әзірленеді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар жобалау құжатында көзделген экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік параметрлерін сақтауға міндетті.

      5. Жобалау құжаттарын әзірлеу ерекшеліктері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерінде белгіленеді.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:

      1) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің аумағында;

      2) елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

      3) тау-кен-байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектісі болып табылмайтын, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық құрылыс орналасқан жер учаскесінің аумағында және оған төрт жүз метр қашықтықтағы іргелес жатқан аумақта;

      4) су қоры жерлерінің аумағында;

      5) ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары кен орындарының және учаскелерінің контурларында;

      6) көмінділерден, қабірлер мен зираттардан, сондай-ақ көмінділер мен зираттарға бөлінген жер учаскелеріне жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

      7) үшінші тұлғаларға тиесілі және ғимараттар мен құрылысжайлар, көпжылдық екпелер алып жатқан жер учаскелері аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан жер учаскесі аумағында – осындай тұлғалардың келісімінсіз;

      8) автомобиль және теміржолдар, әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтардың объектілері, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелердің және электр беру желілерінің объектілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбыржолдар алып жатқан жерлердің аумағында;

      9) мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөліп берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарында;

      10) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Пайдалы қатты қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде 2-тармақтың қолданылуы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (осы Кодекстің 277-бабының 3-1-тармағын қараңыз).

      2. Сыртқы аумақтық шекаралары толығымен осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін пайдалануға беруге тыйым салынады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тыйым салу:

      1) тиісті аумақта тұратын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауды көздейтін келісім жасасу арқылы жергілікті ақтарушы және өкілді органдармен келісілген, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе пайдалы қатты қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге қолданылмайды. Бұл жағдайда осы келісімнің болуы тиісті лицензияны беруге арналған шарт болып табылады;

      2) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

      3) жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге қолданылмайды.

      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген тыйым салу кен іздеушілікке және көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

      Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу аэрогеофизикалық зерттеулер немесе Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық әдістерін пайдаланатын зерттеулер арқылы жүргізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ұғымы

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия мемлекеттік орган беретін және оның иесіне көрсетілген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатпайды.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бір ғана жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін беріледі.

      3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір тұлғаға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың шексіз саны берілуі мүмкін.

      4. Лицензия мүдделі тұлғаның өтініші бойынша беріледі. Лицензия беруге өтініш нысанын құзыретті орган бекітеді.

      5. Берілген лицензия оны берген мемлекеттік органның интернет-ресурсында берілген күні жариялануға жатады.

      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган берілген лицензиялардың тізілімін жүргізеді.

      Лицензияда қамтылған мәліметтерден басқа, көрсетілген тізілімде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты ауыртпалықтың тіркелгені туралы;

      3) есепті жүргізу мақсаттары үшін қажетті өзге де мәліметтер.

      Берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.

30-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрлері



      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай лицензиялар беріледі:

      1) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия;

      2) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия;

      3) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия;

      4) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия;

      5) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия;

      6) кен іздеушілікке арналған лицензия.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұғымы

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, жасалу, орындалу және тоқтатылу тәртібі осы Кодексте айқындалатын шарт болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бір тарап (Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган) екінші тарапқа (жер қойнауын пайдаланушыға) белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге міндеттенеді, ал жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарына және осы Кодекске сәйкес өз есебінен және өзі тәуекел етіп жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уран өндіру үшін жасалады.

      4. Келісімшарт жасау кезінде пайдалануға бір ғана жер қойнауы учаскесі беріледі.

      Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта, өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бірнеше жер қойнауы учаскелері бекітіліп берілуі мүмкін.

      5. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, нақ сол бір тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шексіз санын жасауы мүмкін.

      6. Құзыретті орган жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді. Жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.


ІІІ БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ


7-ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ТАЛАПТАР

52-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық қауіпсіздік



      1. Өндірістік және өзге де объектілерді болжауды, жоспарлауды және жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Жер қойнауының экологиялық жай-күйі шекті жол берілетін эмиссияларды нормалаумен, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті немесе оның жекелеген түрлерін шектеумен немесе оларға тыйым салумен қамтамасыз етіледі.

      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуінсіз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ


ТАЛАПТАР

218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз



      1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмiн қамтуға тиіс.

      Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар



      1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар:

      1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;

      2) жердің тұтастығын сақтау мақсатында, техникалық, технологиялық, экологиялық және энономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, кен орындарын әзірлеудің арнаулы әдістерін қолдану;

      3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;

      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;

      6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;

      7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;

      8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

      9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту;

      10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;

      11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау;

      12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;

      13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;

      14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;

      15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.

      2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды:

      1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды;

      2) қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы:

      1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;

      2) жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ал көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды да қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.

      Ескерту. 219-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2017 № 56-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар



      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс:

      1) ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс;

      2) дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс;

      3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшiн құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;

      4) уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс;

      5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;

      5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;

      6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс;

      7) бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негiзiнде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс;

      8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;

      9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргiзiледi;

      10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау) жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi;

      11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс;

      12) қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға мiндеттi;

      13) ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы объектiлерiнiң су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлер салуға жол берiлмейдi;

      14) сiңiрме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн оң қорытындылары болған кезде жол берiледi;

      15) өнеркәсiптiк, емдiк минералды суларды пайдаланғаннан кейiн ағызып жiберу Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс;

      16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келiсiмшарттық аумақтар шегiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      17) пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;

      2) ағызылатын судың химиялық құрамын "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;

      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi.

      3. Мыналарға:

      1) жер қойнауын пайдалану объектілерін салуға және (немесе) орналастыруға бөлінген учаскелердің шегінен тыс жерде өсімдік және топырақ қабатын бүлдіруге;

      2) өндіріс қалдықтарын жерүсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызуға;

      3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға;

      4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге;

      5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға;

      6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға;

      7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады.

      4. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...