1апта/6 күн 1. Жеке оқушыға берілген педагогикалық мінездеме 2. Жүргізілген әдістеменің жұмысшы нұсқасы; 3. Жүргізілген іс-шараның хаттамасы.
Мінездеме Оқушы туралы мәлімет : Досанова Балжан Сәбитқызы. 2007 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Қазіргі кезде Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатының 8 - "А" сыныбында оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды , жарасымды. Дене дамуы өзінің жасына ортасына сәйкес келеді.Денсаулық жағдайы жақсы. Балжан өзі адамдармен тез тіл табысып кететін, барлық адамға бірдей көмектесетін мейрімді қыз. Есте сақтау және шығармашылық қабілеттері жоғары деңгейде. Ол сыныптың белсенді және дарынды оқушылары қатарында. Қазіргі кезде ол сынып басшысы. Және социологиялық тест кезінде ең көп 16 дауысты жинады және өзінің басшылыққа лайықты екендігін көрсетті. Оқу үлгерімі өте жақсы. Болашақ мамантығы аудармашы. Жасы енді ғана 13 те болуына қарамастан ол өзінің ынтасы және оқуға деген құштарлығымен қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген және де қазіргі кезде оқу қашықтықтан болуына қарамастан оқуға деген ынтасын жоғалтпай түрік тілін үйреніп жүр. Сонымен қатар басқа пәнергеде белсене қатысып отырады. Өзі аудармашы мамандығын таңдауына қарамастан физика, алгебра, геометрия пәндерінде жақси игерге, химия пәнінен орташа біледі және қазір сол бойынша өз үстінде жұмыс жасап, білімін шыңдап жүр. Сабақтардан қалмастан белсене қатысады. Сетке немесе денсаулығына байланысты қатыса алмай қалса мұғалімдеріне ескерте отырып сол күннің үй жұмыстарын жібереді. Қосымша хореографиямен айналысады. Сабақтарымен қатар қызығушылықтарына байланысты авторлық шеберлік, автоворонка, инстамазка сияқтылармен өз үстінде жұмыс жасап әр түрлі шеберлікті үйреніп жүр.
Қолданылған әдістемелер бойынша Хаттама Күні: 30.01.2021
Уақыты: 14:00
Өткізілген орны: ватсап желісі арқылы
Өткізу түрі : Оқушылармен педагогикалық тесттер өткізу
Сынып жетекшісі : Ниязбек К.М.
Практикант : Ирисметова А.А.
Қатысқандар : 8 «А» сынып оқушылары
Мақсаты: -топ оқушыларының сыныппен жіне мұғалімдермен қарым - қатынасты зерттеу;
-сынып оқушыларының сабаққа белсенділігін анықтау;
- оқушылардың қашықтан оқытуға көз қарасын анықтап, қашықтан оқытудың зияны мен пайдысын зерттеу