1. Жасуша бұл организмнің құрылымдық бірлігі

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі18.99 Kb.

1. Жасуша – бұл организмнің құрылымдық бірлігі.

2.Гликокаликс – бұл протеиндер мен гликолипидтер құрамында плазмалемманың сыртқы бетіне бекінген олигосохаридтер мен полисохаридтер молекулалары.

3.Қосындылар – цитоплазманың қоректі заттары, жасушадан шығарылуы керек өнімдері, балласты заттар қызметін атқаратын тұрақсыз компоненттері. 4.Органеллалар – бұл цитоплазманың жасушада өмірлік маңызды қызметтер атқаратын тұрақты құрылымдары.

5.Цитоқаңқа - нәруыз жіпшелерінің эукариотты жасушалардың белгілі бір форманы сақтау қабілетін, сондай-ақ, жасушаның өзінің де, жекелеген органеллалардың да бағытталған және координацияланған қозғалысын қамтамасыз ететін күрделі үш өлшемді торы.

6.Плазмидалар – бұл бірнеше мың нуклеотидтік жұптан тұратын сақиналы фрагменттер.

7.Секреция (жасушадан еріген қосылыстарды шығару).

8.Экскреция (жасушадан қатты бөлшектерді шығару).

9.Рекреция (қатты бөлшектерді жасуша арқылы тасымалдау, яғни фагоцитоз бен экскреция қосындысы).

10.Қарапайым диффузия. Зат ешкімнің көмегінсіз тікелей, липидті қосқабат арқылы, АҮФ энергиясын жоймай компартменттің үлкен концентрациясынан аз концентрациясына (концентрация градиенті бойынша) диффузияланады.

11. Эндоцитоз – бөлшектерді плазмалық мембрана бөлігімен бірге сыртқы ортадан жасушаға тасымалдау.

12.Фагоцитоз - вирустар, бактериялар немесе жасуша сынықтары сияқты қатты бөлшектерді жұту.

13.Экзоцитоз - (бөлшектердің жасушалардан шығарылуы).

14.Белсенді тасымалдау Заттардың белсенді тасымалдануы өз концентрациясы градиентіне қарсы, АҮФ энергиясын жұмсау арқылы (сорғыш деп аталатын АҮФазалар) интегралды тасымалдаушы нәруыздар арқылы жүзеге асырылады.

1. ДНҚ молекуласының алғашқы (бірінші реттік) құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеліп орналасуы болып табылады.

2. ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы - оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т; Г-Ц) болып табылады.

3. ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуыздармен)байланысын айтуға болады.

4. Антикодон - акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын, соның ішінде нақты 3 нуклеотид ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отыратын құрылым.

5. «Қалпақша» не кэп - 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған: (7-метил-Г) –ф-ф-ф- (2-01-метил -Х)-ф-(2-01 –метил-У)-ф, бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат болатын, келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан, а-РНҚ-ның 51 ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайтын учаскесі.

6. 51 –трансляцияланбайтын учаске–ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.

7. Инициаторлық кодон - ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).

8. Мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске - полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске.

9. Репликацияға - ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті.

10. Репарация - ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта қалпына келу қасиеті.

1. Репликация - ДНҚ молекуласының екі еселену процесін ДНҚ репликациясы деп атайды. ДНҚ репликациялануы салдарынан тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз тепе-тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі. ДНҚ репликациясы жасуша циклінің S – синтетикалық кезеңінде жүзеге асады.

2. Геликаза - полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті. Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді.

3. Топоизомераза - түйіндер алдындағы ДНҚ тізбектерінің біреуін үзеді де, оның бір ұшынан өзіне бекіндіреді, ал екінші ұшы шыр айналып түйіннің кері ширатылуына алып келеді. Содан кейін тізбек үзіндісі қайта жалғанады. 4. SSB-ақуыз - ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSB-ақуыздар байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.

5. РНҚ-праймаза - активтенген праймаза бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып қысқа “РНҚ-ұйтқыны” (праймерлерді) синтездейді.

6. “Репликациялық көзше” ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотидке шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О” сайты (ағылш. origin - басталу) деп аталады.

7. ДНҚ-полимераза - нуклеотидтердің аналық тізбекке комплементарлы синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс комплиментарлы тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес нуклеотид жалғанған кезде жүзеге асады.

8. ДНҚ-лигаза – бастаушы-РНҚ-ны алып тастағаннан кейін Оказаки фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация процестері кезінде ДНҚ-ның түзілген жеке фрагменттерін бір-біріне жалғастырып, тігіп тұтас молекула құрастыратын ферментттер.



9. Теломералар – генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын) бірізділіктер қайталанып орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің негізгі қызметі олардың геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап, буферлік қызмет атқарады.

10. Теломераза – жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация аяқталардан бұрын ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-ұштарын қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен немесе теломералармен жалғап ұзартады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...