1. Жануарлар биотехнологиясының даму тарихын айтыңыз?


Клеткалық инженерияның жетілу тарихы



бет3/4
Дата20.05.2022
өлшемі0.63 Mb.
#256476
1   2   3   4
Байланысты:
СЕССИЯ Жануарлар биотехнологиясы-1
119-17, эстафета , эстафета , 6 лаб Ордабек Асем (1), НААР 2020, 19 сонгы қаз әдістеме силл) (1), 13-апта.Қазақ т.1301-39.Смаил А., Практика 1Бсын.1301-39т., Практика.1Б сыныбы, 1301-39 тобы.Инновация.2-апта, ЛЕКЦИЯ ӘЛЕУМЕТТАНУ, Новый документ, 13апта.Анарбай Аружан 1701-10, 452393.pptx, Документ Microsoft Word
30. Клеткалық инженерияның жетілу тарихы.
Клеткалық инженериясы – клеткаларды өсіру, оларды будандастыру және қайта құрастыру арқылы клетканың мүлдем жаңа типін жасау әдістерінің негізінде қалыптасқан биотехнологияның саласы. Клетка инженериясы сома (дене) клеткаларын будандастыруға, яғни жынысқа қатысы жоқ клеткалардың қосылып біреұеас бірлік беруіне негізделген. Клеткалардың қосылуы толық немесе жартылай, яғни клетка — рецепиент донор клеткасының цитоплазмасын, митохондрияларын, хлоропластарын, ядроның геномын немесе оның кесек бөлшектерінқабылдауы мүмкін.
Клетка өсіруде айтарлықтай табысқа 1922 жылы Германияда В. Котте және АҚШ – та В. Роббинс қатар, бір мезгілде ие болды. Олар өсірген тамырдың ұшында және бүршіктерде меристема ұлпалары мол болған. И. Котте бұршақ пен жүгері тамырларының ұшын өсіргенде қоректік орта ретінде глюкоза, кейбір амин қышқылдары мен пептон қосылған сұйық Кноп ерітіндісін қолданған. Ал В. Роббинс болса, қоректік ортаға солармен қатар ашытқының экстрактын қосқан. Он жылдан кейін Ф. Уайт АҚШ – та көптеген зерттеулер жүргізіп, томат ұлпаларын өсіруде өте жақсы нәтижеге жетті.
34- Аналық жыныс торшасының және сперматозоидтың құрылымы .
Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады. Аналық жыныс жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе жүмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде (ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың көп қоры керек емес, ал ұрығы жүмыртқада дамитын жануарлар жыныс жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады
35- Әр түрге жататын ауылшаруашылық малдарының жыныс жүйесінің жыныс цикілдері.
Жыныс циклы – ана бездерінің функционалдық жағдайларының және гормоналдық өзгерістердің ритмикалық ауысып отыру қортындылары. Осы жағдайда жануарлардың жүріс-тұрыстарында және жыныс сфераларында цикл бойынша өзгерістер болады.Жыныс циклының дамуыкелесі:
Иістің, көздің, құлақтың, сезіну көмегімен жүйкелерден белгілер мидің қабыршығына барады. Мидің қабыршығынан импульстер жүйкелерден гипоталамусқа түседі. Осында жаратылған нейросекрет (релизинг-себепкер шарт) қанға түсіп гипофизге әсер береді, сол кезде гипофизден ФСГ бөлініп шығады. ФСГ қанға бөлініп шыққанда фолликул дамып пісе бастайды. Фолликулдардың пісуі эстрогендердің жаратылуымен белгіленеді. Олар бас мидің хеморецепторлары және анализаторлары арқылы күйіт, қоздырылу жаратады. Эстрогендер көбейгенде ФСГ секрециясы төмендейді, ал ЛГ мөлшері жоғарлайды. Сол кезде овуляция басталып сары дене жаратылады.
36- Эмбриондарды криоконсервациялау.
Криосақтау – төмен температуралармен әсер етіп гаметаларды және ұрықтарды көп уақыт сақтау.
Осы әдісте гаметалар және ұрықтар суйық азотта -196 градус температурада сақталады. Гаметалардың және ұрықтардың керекті генотиптерінің банкі болу келесі жағдайлар тұдырады:
1. Бағалы генетикалық материалды сақтау.
2. Халықаралық тасымалдау жұмыстарын жеңілдету.
3. Карантин жұмыстарын жеңілдету.
4. Жоғары өнімді ауылшаруашылық жануарлардың селекциясына көмектесу.
Керекті генотипті гаметалардың және ұрықтардың банкі болу биологияда және медицинада келесі артық жерлер береді:
1. Бедеулікпен байланысты проблемаларды шешеді. Бір неше овуляция қоздырып in vitro ұрықтандырғанда бір неше (2 – 6 – 8) ұрықтар алуға болады. Олардың екеуін ананың ағзасына немесе суррогатты ананың ағзасына отырғызуға болады, қалғандарды қатырып келесі айналымдарда отырғызуға дайындап қояды. Қорытындысында ұрық көтеру мүмкіншілік 2-3 рет көтеріледі.
2. Төмен температураларға жасушалардың реакцияларын зерттеуге көмектеседі. 70 жылдарда тышкандарға -196 градуста сақталған ұрықтарды енгізіп тірі балапандарды алған. Қазіргі уақытта осындай жолмен 20 түр жануарлардан тірі төл алады.
37.Аналық жыныс торшасының жіне сперматозоидтың құрылымы
Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. Ovum — жүмыртқа; гр. Kytos – жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді.
Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы — « овоцит «. Жұмыртқа жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (жасуша орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді.
Пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы ядросының ядрошығы ірі болып келеді. Ядрошық рибосомалар мен РНҚ-ның түзілуіне белсенді қатысады. Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасын сыртынан біріншілік қабық ша — плазмолемма (сарыуыз қабық шас ы) және оның сыртыңдағы екіншілік – фолликулалы қабық ша (аналық жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының туындысы) қаптайды. Бұлардың аралығында мөлдір аймақ болады.

38. Эмбриондардың сапасын бағалау


1. Морфологиялық тәсіл, ол эмбриондар мембранасы мен бластомерлер структурасын зерттеуге негізделген (Өтесінов Ж. Ө., 1993).
2. Әртүрлі бояулар қолдану (люголь ерітіндісі, метилен көгі). Тәсілдің негізі мынада: тіршілігін жоғалтқан ұрпақтар бояуы жақсы сіңіреді, яғни боялады, ал қалыпты жағдайдағы эмбриондар боялмайды.
3. Арнаулы орталарда өсіру. Оның негіздері эмбриондарды in vivo өсіру үшін (аралық реципиенттерді) организмдерді пайдаланады, не in vitro арнаулы орталарды (газ құрамынан өткізумен 90% O, 5 % N және CO2 қосындылары) пайдалану арқылы іске асыруға арналған, яғни осы жағдайларда эмриондар тіршілік мүмкіншілігін сақтағандар эмбриондар өздігінен таңдалып өз дамуын кідіртеді (әсіресе 8 – 16 бластомерлік стадиясында), ал тіршілік қабілеті жоғары құнды ұрпақтар өсіру уақыттарында бластомерлері екі еселенеді.
4. Цитогенетикалық тәсіл. Бұл тәсіл тотальды препарат дайындауға негізделген (толық эмбриондардан). Бұл кариотип, хромосомалық аномалияларды анықтауға арналған.
Практика жүзінде – морфологиялық тәсілді пайдаланады. Бағалану критерилері эмриондардың саналы даму кезіндегі уақытша параметрлерді анықтауға, кейбір морфологиялық деффектілерді байқауға арналған. Бір қызығы барлық анықталған ауытқулардың бәрін деффектіге жібере беруге болмайды, кейбіреулері дұрыс жағдай жасалса қайта өз қалпына келуі мүмкін. Соның бірі бластоцистада қуыстың болмауы да қайтымды. Бұл әдіс бойынша барлық алынған эмбриондарды үш топқа бөлуге болады:
Қалыпты дамудағы ұрпақтар;
Дегенерация (өлім – жетім сапасындағы) ұшырағандар;
3. Ұрықтанылмаған жұмыртқа жасушалары. Микроскоптық зерттеулер бойынша эмбриондарды 4 класқа бөлуге болады (Сергеев Н.И., 1987). Олар:
1-класты эмбриондарға жататындар (өте жақсы). Ұрпақтарды өз даму уақытына жақсы сәйкес келеді, дөңгелек шар тәрізді, пішіні бұзылмаған. Бластомері бірдей, контурлары нақты көрініп тұрады және цитоплазмасы бірқалыпты дән тәрізді заттарға толы. Бластоцистада қуысы жақсы көрінеді. Ішкі жасушалар массасы (УЖМ) және трофоэктодерма (ТЭ) айырылып, морфологиялық ауытқулар байқалмайды. ТЭ мөлдір зонасына тығыз орналасқан, ал первителлин кеңістігі өте тар.
2-класты эмбриондарға жататындар (қалыпты). Дегенерацияға ұшыраған бластомерлер 30% - ке дейін жетеді. Бластоцистада қуысы жақсы білінбейді, бластомері біркелкі емес, орналасуында ассиметрия байқалады.
3-класты эмбриондарға жататындар (қанағаттанарлық). Бластомерлердің бұзылған түрі 50% - тен асады. Ұрпақ формасы бұзылуы мүмкін, тығыздалған тәрізді.
4-класты эмбриондарға жататындар (жамандары) эмбриондар даму мүмкіншілігін жоғалтқан, мөлдір қабығының сырты жарақаттанған, бластомерлерінің формалары өзгерген, арасында байланыс үзілгендер.
Трансплантация үшін 1 және 2 класты эмбриондарды пайдаланады.
39. Әр түрге жататын ауылшаруашылық ұрғашы жынысты малдарының көбейу ағзаларының пішіндері.
Ұрғашының жыныс мүшелерін ішкі және сыртқы болып бөледі. Сыртқы жыныс мүшелері – сарпай, клитор, қынаптың сырты.
Сарпай екі жыныс еріндерден тұрады, сол еріндердің арасында жыныс жарығы болады.
Клитор еркек жыныс мүшесіне ұқсаған, жыныс жарықтың үстінгі жағында болады.
Қынаптың сырты – қысқа бұлшық етті түтік, жыныс жарықтан басталып зәр шығатын тесіктің қасында бітеді.
Ішкі жыныс мүшелері – қынап, жатыр, фаллопий түтіктері және аналық бездері.
Қынап – жыныс мүшесі және іштегі төлдің шығатын жері. Ол өте ұзын түтік, тоқ ішектін астында, жанбастың ортасында орналасады. Қынаптың іші кілегейлі қабықшадан тұрады.
Жатыр – төлді алып жүретін мүше, үш бөлектен тұрады: бас жақтан, денесінен, оң және соң екі мүйізшеден. Бас жағы үш қабықшадан тұрады – кілегейлі, бұлшық етті, сірі. Кілегейлі қабыршық кілегей шығаратын муциндерден тұрады.
Жатырдың мүйізшелерінің қалыптары жануарларда әр түрлі болады:
Сиырларда, қойларда, ешкілерде жатыр екі мүйізді;
Жылқылардың жатырларының денелерінің ортасында қалқа болмайды;
Көп төлді жануарларда (шошқалар, мысықтар, иттер, тышқандар) жатырдың денесі жоқ , ал жатырдың бас жағы мүйізшелерге өтеді;
Үйқояндарда жатырдың бас жағы екіге бөлінеді.

40.Эмбрионды визуальды-морфологиялық бағалау әдісі


Эмбриондарды морфологиялық тұрғыдан анықтаудың арқасында оларды мынадай категорияларға бөледі:өте жақсы, жақсы – эмбрионның
пішіні,орналасуы, жасушаларының көлемі, түсі, тығыздығы өте жақсы және даму кезеңі жасына сәйкес. Пішіні дұрыс емес жасушалар саны өте аз немесе жоқ.
қанағаттандырарлық – морфологиялық құрылымында ауытқушылық көп, құрылымы бұзылған бластомерлер, түсі біріңғай емес жасушалардың тығыздығы төмен, перивитильді кеңістікте көптеген жасушалар кездеседі. Даму кезеңі 24 сағатқа кеш қалған.
нашар- жасушалардың арасындағы байланыс бұзылған. Жасушалар дегенерацияланған, әр түрлі көлемді жасушалар, дамуы кеш, пеллюцида аймағы аздап бұзылған немесе деформацияланған.
өлі немесе дегенерацияланған – жасушалар қатты бұзылған, бластомерлер арасындағы байланыс бұзылған, бластомерлердің көлемі әр түрлі, жасына сәйкес келмейді, пеллюцида аймағы бұзылған.
41.Имплантация алдындағы ұрықтың дамуы?
Әдетте, ұрықтанғаннан кейін 16-20 сағаттан кейін, бұрынғы ооцит ішінде безендірілген ядролар (пронуклеус) пайда болады – микроскоп астында айқын көрінетін еркек және әйел. Сол кезеңде ооцит бөлініп, хромосомалардың жарты жиынтығы бар кішкентай жасушаны – полярлы денені шығарады. Тағы бір полярлық дене ұрықтанудан бұрын ооциттің жетілу кезеңінде шығарылады.
Ұсақтау
Ұсақтау кезеңі-зиготаның (ұрықтандырылған ооцит/жұмыртқа жасушасының) тез жасушалық бөліну сатысы, ол жасушалардың бөлінуінен кейін пайда болатын өсу фазасының болмауымен сипатталады (бластомерлер). Сондай-ақ, эмбрион осы кезеңде ооцит жинаған РНҚ-ны өзінің өмірлік белсенділігі үшін тұтынатынын, ал эмбрион геномы әлі үнсіз екенін есте ұстаған жөн. Әдетте ұрықтанғаннан кейін 2-ші күні 2-4 жасуша, ал 3-ші күні 6-8 бластомер пайда болады.Осы кезеңдегі эмбриондардың сапасын бағалаудың маңызды критерийі-ядросыз фрагменттердің пайда болуы-жасуша бөлетін цитоплазмасы бар мембраналық везикулалар. Әдетте, бұл процесс төмен жиілікте жүреді және жасушадан бөлінген фрагменттер бірнеше сағаттан кейін кері тартылады. Әлсіз эмбриондарда бүкіл
жасушалар осындай фрагменттерге бөлінуі мүмкін-апоптозға, яғни өлуге кетеді. Мұндай фрагменттердің санына байланысты эмбрионға A, B, C немесе D әрпі беріледі.
Морула түзілуі
Әдетте, 4 күн ішінде эмбриондағы жасушааралық байланыстар өзгереді және ол ықшам морулаға айналады. Ықшам моруланың сапасын бағалау әрдайым оңай емес, сондықтан бластоцист кезеңі әдетте эмбрионның берілуін күтеді (әдетте 5-ші күн). Алайда, эмбрионның ықшам морула сатысына дейін дамуы эмбрионның генетикалық аппаратының іске қосылғанын көрсетеді. Егер даму алдыңғы кезеңде тоқтап қалса-бұл эмбриондағы Генетикалық бұзылулар туралы айтады.
Бластоцистің пайда болуы
Уақыт өте келе морула ішінде бластоцист сатысына көшуді сипаттайтын үлкен жасушааралық қуыс пайда бола бастайды.


3ДЕҢГЕЙ
4. Экстракорпоралды ұрықтандыру маңызы, болашағы, ерекшеліктері және қолдануы.
Қолдан ұрықтандыру - күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нәтижелі тұқымдық асылдаңдыру жұмысын жолға қоюға болады. Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал- жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол әр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс мекиендері де ұрықтандыруды.
Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты – асыл тұқымды, құнды аталық малдан мейлінше көп төл алу, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын, өнімділігін арттыру, жаңа қолтумалар, гибридтер шығару.
5. Эмбриондарды культивирлеу үшін қоректік орталарды айтыңыз.
Эмбриондарға арналған қоректік орта (эмбриондарға арналған культуралдық орта) – сүтқоректілердің (оның ішінде адамның) ерте (қондыру алдындағы) эмбриондарын in vitro культурасында ұстауға арналған күрделі құрамдағы су ерітіндісі.
Эмбриондарға арналған культуралық орта ауыл шаруашылығында, ветеринарияда және ғылыми зерттеулерде сүтқоректілердің эмбриондарымен ананың денесінен тыс жұмыс жасау үшін қолданылады, өйткені сүтқоректілердің эмбриондары үнемі сулы ортада болуы керек. Медицинада эмбриондарға арналған культуралық орта in vitro мәдениетінде адам эмбриондарын ұстау үшін in vitro ұрықтандыру бағдарламаларында қолданылады.

Эмбриондарға арналған қазіргі заманғы мәдени орталардың құрамына 40-қа жуық түрлі заттар, соның ішінде "физиологиялық тұздар", буферлік ерітіндінің компоненттері, энергетикалық субстраттар (глюкоза, пируват, лактат), аминқышқылдары, дәрумендер, қан сарысуы немесе оны алмастырғыштар және басқа заттар кіреді. Көбінесе культуралық ортаның құрамына антибиотиктер мен қышқылдықтың түс көрсеткіші - фенол қызыл. Тарихи тұрғыдан эмбриондарға арналған мәдени орта жасуша өсіру ортасының модификациясы ретінде пайда болды. Репродуктивті медицинаның басында (ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары) адам эмбриондары көбінесе жасуша дақылдары үшін ортада өсірілді.


6. Эмбриондарды in vivo және in vitro культивирлеу.
Гаметогенез – жыныс жасушалардың даму кезеңі, диплоидтық жыныс жасушалардың гаплоидтық дифференциалданған ұрғашы және еркек жыныс жасушаларына аусу үдерісі айтуға болады. Жыныс түрлеріне байланысты гаметогенезды сперматогенезге және оогенезге бөледі.
Сперматогенез төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу, қалыптасу, ал оогенез үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу.
1. Көбею кезеңі. Алғашқы жыныс жасушалардың саны митоз арқылы өседі. Гонияларға ауысып, олар өзгереді: үлкейіп, домалақша қалыптасып, белсенді көбейеді (пролиферация). Гоний қабықшасын өткізу қабілеті жоғары болып, олардан өткен қоректік заттар жасушалар бөлінгенде қуат көзі болып жұмыс істейді. Сүтпен қоректенетін ұрғашылардың көбісінде оогонийлердің пролиферативтік белсенділігі туу алдында тоқтайды, еркектерде – жыныс пісу кезеңде тоқтайды.
2. Өсу кезеңі (гоноцит –І қатарлы сперматоцид немесе ооцит) І қатар – мейоздың бірінші бөліну үдерісі. Өсу кезеңінде жыныс жасушалары бөлінбейді. Сорылып алынатын қоректік заттар цитоплазмамен ассимиляцияланып жасушалардың белсенді өсуіне көмектеседі. І қатарлы ооциттермен салыстырғанда І қатарлы сперматоцидтердің көлемі аса өспейді.
Ооциттерде екі өсу кезеңінен тұрады: превителлогенез(цитоплазматикалық өсу) және вителлогенез (трофоплазматикалық өсу).
Превителлогенез – ақырын өсу кезеңі, оогониялар мейозға кіргеннен басталады. Ооцит өзінің РНҚ, ақуыз, басқа компоненттерінің синтезі арқылы өседі. Ядроның және цитоплазманың салмағы тепе теңді өседі.
Вителлогенез – тез өсу кезеңі, цитоплазмада белсенді үдерістер өтіп, ядролық-цитоплазмалық салыстыру өзгереді (1:6 бастап 1:550 дейін). Сырттан қоректік заттар түсу арқылы цитоплазманың салмағы өседі.
І қатарлы ооцит өскенде органеллалар ( рибосома, митохондрия), қоректік заттар (ақуыз), қуат көздері жиналады. Ооциттің көлемі өседі.
3. Пісу кезеңі (сперматид, ІІ қатарлы ооцит) Осы кезеңде жасуша екі рет бөлінеді. Ооциттердің пісуі жануарларда жыныс жасына келгенде басталады. Ооциттердің пісуі сиырларда және шошқаларда - 40 сағат, қойларда және ешкілерде – 25 сағат.
4. Қалыптасу кезеңі (сперматазоид). Домалақша келген жасуша – сперматида – сперматазоидты сипаттайтын морфологиялық қасиеттерін алады. Қалыптасқан кезде сперматиданың домалақша келген ядросы тығыздалып, жасушаның алдынғы жағына жылжиды. Гольджи кешені ядроға жылжып тығыздалған түйіршік – акробласт – жаратады. Акробласт үлкейіп болашақ сперматазоидтың басын қаптайды.
10.Гаметалар мен ұрықтардан суды шығару әдістері
Гаметалардан және ұрықтардан суды шығаратын әдістері:
1.Субнольдік температураларда: мұз пайда болғанда, жасушаның сыртындағы ерітінділердің суспензиялық ортасының шоғыры өседі, жасушаның ішіндегі судың буының қысымы көтеріледі, жасушаның сыртындағы қысымы төмен болып, су тепе- тендікті орнату үшін жасушаның қабыршығынан сыртқа қарай шығады.
2.Субнольдік температураларға жеткізбей суытардың алдында: суспензиялық ортаға сахарозаның ерітіндісін қосу бластомераның суын алуға себеп болады. Осы әдісті -196 градуска дейін тез суытардың алдында субнольдік температураларда (-30 градус) ұстаумен байланыстыруға болады.
Қатыру және еріту жұмыстардың әдістемесі келесі жұмыстарды өткізуге талап етеді:
1 Суспензиялық ортаны таңдап алу. Гаметалар және ұрықтар ортаның қышқылдығынан зақымданбас үшін, биоматериалды жинап тұрақты қышқылдығы бар ортада (7,2-7,4) ауада (физиологиялық ерітінді, Дюльбекко ерітіндісі, М2) қатырады.
2 Үлгілерге контейнерлер таңдап дайындау. Гаметаларды және ұрықтарды шыны тест-сынауықтарда (диаметр 10 мм, ұзындығы 75 мм), боросиликондық шыны ампулаларда (1-2 мл) немесе пластикалы пайеталарда қатырады.
3 Үлгіні суытуға дайындау. Осы процедура келесі кезекпен өткізіледі:
1) белгіленген ампулаға 0,15 мл М2 ортасын кіргізеді;
2) ұрықтарды ортаға салады (үлгіге 30);
3) үлгілерді мұзды моншада криопротекторды кіргізердің алдында 0 градуска дейін суытады.
3 Суыту үдірісінде криопротекторлардың болуы. Гаметаларды және ұрықтарды криосақтау үшін ДМСО немесе глицерин алады. Криопротекторларды қосу әдістемесі ұрықтың даму кезеңіне байланысты және қолданған криопротектордың түрімен байланысты. Мысалы, 1) 3,0М ДМСО бөлме температурасына дейін жылытады; 2) ампулаға бөлме температурасындағы 0,15 мл М2 ортасына пипеткамен ұрықтарды кіргізеді; 3) 0,05 мл 3,0М ДМСО қосады; 4) араластырады; 5) 5 минут күтеді; 6) 3,4,5 пунктердің жұмыстарын қайтарады; 7) 3,4 пункттердің жұмыстарын қайтарады; 8) үлгіні 0 градуска дейін суытады; 9) 15 минут күтіп сидинг үшін моншаға үлгіні орналастырады.
4 Ортаның қататын температура нүктесінен төмен сидинг. Қату нүктесіне жеткенде үлгінің ішінде температура -21 градуска дейін төмендеп жасуша зақымданып кетуге мүмкін. Сондықтан 15 минуттан артық -5 немесе -6 градус температураны устайтын моншамен қолданады.
5 Ақырын суыну (-0,5 граду/мин), -40 гадуста немесе -70 градуста суйық азотқа салғанда тоқтайтын.
6 196 градуста суйық азотта сақтау.
11.Сперматозоидтардың негізгі параметрінің бағалау; қозғалысын, шоғырлануын және сапасының морфологиясын сараптау.
Аталық жыныс жасушасы , спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.Аталық жыныс жасушасы үш бөлімнен: қасәулелі протоплазмалық және ұзын сәулелі талшықты астроциттер. Қысқасәулелі протоплазмалық астроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінің сүр затында, ал ұзын сәулелі талшықты астроциттер — аталған мүшелердің ақ затында орналасады. Қысқа сәулелі прото-плазмалық астроциттің тармақталған қысқа өсінділері болады. Ол зат алмасу және оқшаулау қызметгерін атқарады. Ұзын сәулелі талшықты астроциттің жүйкелік глия талшықтарына айналатын жіңішке де ұзын келген 30-40 шақты өсіңділері болады. Нейроглия талшықтары — қан тамырлары мен ми және жұлынның сыртқы бетіндегі оқшаулау жарғақтарын түзуге қатысады.[1]Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық, zoon – тіршілік иесі және eіdos – түр) – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы.
12.Жануарлар биотехнологиясының басқа да биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдарымен байланысы
Жануарлар биотехнологиясы- рекомбинантты белоктар сиякты маңызды өнімдер мен трансплантацияға арналған мүшелерді алуда жануарларды қолданатын биотехнологияның кең саласы. Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы:
Молекулярлық биология; Микробиология; Генетика; Жасушалы биотехнология.
Жануарлар биотехнологиясының пайдалану салалары:
1. Мал шаруашылық.
2. Мал дәрігерлік.
3. Азық өнімдеу.
4. Селекциялық орта.
5. Диагностика. Дәрілер, вакциналар.
6. Азықтар және азық қоспалары.
16. Химералық жануарларды алу
Химералық жануарлар Химера – бір неше эмбриондардың бластомераларының қосылу үдерістерінен шыққан жануарлар. Химералар екі немесе одан да көп ұрықтануға дайын тұрған эмбриондардың бластомераларының қосылуымен алынады. Жұмыстар өткізгенде генетикалық жыныс анықталмайды, сондықтан жыныс хромосомаларына сәйкес мозаикалар жаратылады (ХХ+ХХ, ХХ+ХV). Генетикалық мозаикалардың ішінде фенотиптік еркектер көп болады. Гонадалардың дамуы басталған кезде ХV-хромосомалардың 30 пайыз саны гонададан тестикул дамығанға жеткілікті. ХХ және ХV хромосомды жасушалар бір-бірімен араласқан кезде химералық гонадалар тестикул бағытында дамиды. Ал химералық эмбрионар дамығанда ХХ және ХV бластомералар бір-біріне жақын болмаса, олардың қасында ана безге сәйкес гистогенез жаратылып, гермафродиттық даму басталады. Тышқандарда бір жағында ана без, бір жағында ұрық без дамыған жағдайлар бар.Химералық жануарлар алу жолдары З. Макзарен және Н.Доурин жұмыстарында жазылған.Химералар жасағанда екі әдіс қолданады: 1) агрегациялық- бір ұрыққа әр түрлі генотипті екі немесе одан да көп бластомераларды қосу; 2) инъекциялық - бластоцистаның ішіне басқа ұрықтан алынған бластомераны кіргізу.
Агрегациялық әдіс. 8-12 бластомералық кезеңдегі әр түрлі генотипті ұрықтарды алады. Әдістеме келесі процедуралардан тұрады:
2. 8-12 бластомералық кезеңдегі ұрықтарды ұрғашы-донорлардың жыныс жолдарынан алу. Әр түрлі генотипті ұрықтарды алып, оларды 1 мл М16+БСА ортасынмен жуады.
3. Бас жақта көрсетілген әдіске сәйкес пеллюцид зонасын алу.
4. М16+БСА микротамшыға салып екі ұрықты біріктіреді және 37 градуста культивирлейді. Культивирлеген күні ұрықтарды пипетка көмегімен 2-3 рет агрегация өту үшін бір біріне жақындатады. Ұрықтар 24-48 сағат агрегация аяқталу үшін (бластоциста жаратылғанға дейін) инкубацияда болады.
5. Химералық ұрықтарды ұрғашы-реципиенттердің жыныс жолдарына транспланттайды.
Инъекциялық әдіс. Бластоциста кезеңіндегі ұрықтар қолданады. Әдістеме келесі процедуралардан тұрады:
1. Ұрғашы-донорлардың жыныс жолдарынан әр түрлі бластоциста кезеңіндегі ұрықтарды алу. Әр түрлі генотипті ұрықтарды 1 мл М16+БСА ортасымен жуады.
2. Пеллюцид зонасын проназамен алу.
3. In vitro культивирлеу (37 градуста 1 сағат).
4. Ұрық-донордан бөлініп алынған бластомераларды ұрық-реципиентке инъекциялайды.
5. Химералық ұрықты 12 сағат in vitro культивирлеу.
6. Химералық ұрықты ұрғашы-реципиенттің жыныс жолына салу.
Сонымен, химералық жануарлар алғанда жасушалардың гибридизациясы болмайды. Химералық жануарлар ұрпақтарға генетикалық мозаика қасиеттерін бермейді.
17. Микроскоптық зерттеулер бойынша эмбриондардың 4 классын жіктеңіз
Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.К. Бэр – эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді.Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, үшінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі Бөлшектену ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады. Гаструляция кезеңі Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Алғашқы мүшелердің қалыптасуы(органогенез) Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.
18. Клонданған жануарларды алу
Клондау – алғашқы бір молекуладан, жасушадан немесе дарақтан көп үлгілер алу үдеріссі. Клондалған жануарларға бір дарақтан (немесе бір ұрықтан) шыққан генетикалық ұқсас ағзалардың тобын жатқызады.Мал шаруашылық тәжірибеде «құрастырылған» жануарларды алу технологиясының екі түрі бар – түрдің ішінде және түрлердің арасында. Түрдің ішінде «құрастырғанда» клондалған, түрлердің арасында «құрастырғанда» - химералық жануарлар алынады.Клондалған жануарларды алу екі әдісін айырады:Имплантацияға дайындалған ұрықтың дисекция әдісі. Осындай әдіспен алған жануарларды монозиготтық егіздер деп атайды.Энуклеарды жұмыртқа жасушаларына сома жасушаларынан алынған ядроны отырту.Дисекция әдісі. Монозиготты жануарлар алу негізінде тотипотенттік (әр бір бластомераның ұрықтан бөлінгенде өмір сүре алатын тұқым беру қасиеті) жатыр, ал осындай әдіспен клондарды алу негізінде жануарлардың биологиялық ерекшеліктері жатыр – бір жұмыртқалы егіздерді табу.
19. Криобиологияны түсіндіріңіз
Криобиология– биологиялық объектілерге төмен және өте төмен температураларды әсер етуді зерттейтін биологияның бөлімі. «Крео» - қатыру деген мағына береді.
Қату және еру үдірістері судың физико-химиялық қасиеттерімен белгіленеді, ал кристалдау және еру үдірістеріне обьекттің сипаттамалары, биологиялық суйықтықтың құрамы, суыту уақыты әсер етеді.
Гаметаларға және ұрықтарға төмен температуралар әсер еткенде бес температуралық зоналарды айырады:
1. Белсенді зона – (+40 - +25 градус) – зат алмасу үдерістер жақсы өтеді.
2. Аралық зона – (+25 - -5 градус) – зат алмасу төмендеп, жасуша анабиоз жағдайына көшеді.
3. Төмен температуралық зона – (0 - -80 градус) – суыту жағдайына көшу, жасушаның ішіндегі тұздардың және судың кристалдануы.
4. Ультратөмен температуралық зона – (-80 - -150 градус) – толық кристаллдану және рекристалдану болады.
5. Байсалдану зонасы – (-196 градус) – кристалдау және рекристалдау үдерістер аяқталады.

20. Әртүрлі факторларда эмбриондардың концервациялауға әсерін түсіндіріңіз.


Өте төменгі температурада эмбриондарды салқындатқанда болатын биологиялық анығында физикалық – химиялық және крибиологиялық үдерістердің механизмдерін, объектілердің осы қиын жағдайларға көмек беріп, өз биологиялық маңызын сақтап қалып, осы үдерістері кері жүргенде қалыпты, осы үдерістері кері жүргенде қалыпты жағдайда өз тіршіліктерін әрі қарай жалғастырып, төлге дейін дамып, өз тегіне сәйкес төлдік мәнін сақтап, ауылшаруашылығы үшін аса құнды қасиеттерін өзгертпей келесі популяцияға беріліп, өнімділігін сұрыптауға (селекцияға) мүмкіншілігін туғызса онда осы жолды өткендегі қиын да күрделі мәселелер өз шешімінің тиімділігі аяқталды деуге болады. Сонымен аса қатты салқындатуға нысанында қандай үдерістер жүретініне, тіршіліктің соңғы шегінде метаболикалық реакциялардың ең төменгі мөлшерде жүруіне, анабиоздық құбылыстың механизмдеріне білу, зерттеу оның теориялық мәнін толықтыру, жаңалықтарына үңілу, ашу ғалымдардың (криобиолоктардың) төл ісі. Сол үдерістерді білу, әсіресе қатырудың алғашқы этаптарында болатын физико – химиялық және биологиялық өзгерістерді зерттеу үшін термометрикалық тәсілді қолданады.

21. Криотехникалардың топтарын жіктеңіз


Криотехника - гаметаларды және ұрықтарды қатыру, сақтау және еріту жұмыстарын өткізу үшін білу керек бокс, криопротектор ерітінділері, шыны ыдыстар (Петри табақшалары, пипеткалар және т.б.), қатыру аппараты, суйық азоты бар Дьюар ыдысы.
Гаметаларды және ұрықтарды қатыру әдістері. Тәжірибеде қатыру үш әдіспен қолданады:
1. Бір кезең – ұрықтарды криопротекторлар көмегімен ақырын (0,2-2 градус) бастап (-70 градусқа) дейін жасуша қатты болғанша қатырады. Еріту үдірістерді де ақырын өткізу керек.
2. Екі кезең – 0,3-0,5 градус/мин жылдамдығымен (-40 градус) температураға суытып суйық азотқа отыртады. Жасушаларда дағдарыс үдірістері болмайды.
3. Витрификаттау– қатыру жылдамдығы жоғары (5000 градус/мин). Су кристалл болуға үлгірмейді, аморфты жағдайға өтіп, шыны тәрізді мұз болады. Осы физикалық үдірісті витрификация деп атайды. Осы әдіспен қатырған жасушаларды өлтіріп алмас үшін еріту үдірістерін тез өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы