1. Жалпы патологияға кіріспе. Пән туралы түсінік, патологияның әдістері мен міндеттері



бет1/2
Дата11.06.2022
өлшемі51.37 Kb.
#268089
  1   2
Байланысты:
Патология ответы
21 тақырып наполеон, оптика, 3.Сұйықтар мен қатты денелер тарауын қайталау, Математиканы оқытудың инновациялық әдістерінен емтихан сұрақтары

№1 билет
Пән: Жалпы патология
1. Жалпы патологияға кіріспе. Пән туралы түсінік, патологияның әдістері мен міндеттері.
Патология аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым. Оның
зерттейтін мәселесі — ауру организм. Оқу пәні ретінде патологияның негізі екі ғылым саласы
патологиялық анатомия мен патологиялық физиология.
Патологиялық анатомия организм ауырғанда,аурудан айыққанда немесе қаза болғанда, оның
органдары мен тіндерінде орын алатын құрылым дық өзгерістерді, ал патологиялық физиология аурулар мен патологиялық үдерістердің түрлі даму кезеңдеріндегі функциялық мәнін зерттейді.
Патологияның негізгі бөлімдері жалпы патология мен жеке аурулар патологиясы. Жалпы патология зерттейтін типтік (стереотиптік) патологиялық үдерістерге: дистрофия, некроз, атрофия, қан айналымының бұзылуы, иммун-патологиялық үдерістер, лимфа айналымының бұзылуы, қабыну, аллергия, қалтырау, гипоксия, компенсациялық-бейімделулік жауаптар (реакциялар), экстремалды жағдайлар стресс, шок, коллапс, кома және ісіктер жатады.
Жеке аурулар патологиясы аурулардың жеке түрлерін зерттейді.
Патология медицинаның іргетасы. Өйткені ол аурудың мәндік негізін, құрылымдық және функциялық бейнесін айқындап, олардың алдын алу және емдеу жолдарын іздестіреді.
Патологияның міндеттері патологиялық үдерістер мен аурулардың мәнін танып, пайымдау. Ол міндеттерді орындау үшін мына әдістер қолданылады.
Аутопсия — мәйіттен алған материалды зерттеу. Наукастардың органдарында аурудан дамыған өзгерістер мен өлу себебін анықтау үшін мәйітті жүйелі ретпен ашып, зерттейді;
• Биопсия —науқастың органынан шағын тілім (биоптат) алып зерттеу; науқасқа тірі кезінде диагноз қоюға болады;
• Эксперимент аурудың (үдерістің) жануарларда қалыптастырылған үлгісінен жинақтаған деректерді зерттеу. Әдетте,аурулардың адам ауруына ұқсайтын эксперименттік үлгілері
жасалады. Сөйтіп, аурулардың даму механизмдерінің ерте кезендерін зерттеп, олардың ағымын қолайлы жолға салып, диагностикалық және алдын алу мәселелерінің тиімді шешімін табуға болады;
• Визуалдық, яғни макроскопиялық, жарық немесе электрондық микроскоптармен зерттеу — ең кең қолданылатын әдіс. Патологиялық үдерістердің мәнін танып, пайымдау үшін клиникалық зерттеу деректері де қолданылады.Осы мағлұматтар тұрғысынан қарасақ, бұл пәннің студентті
аурулардың клиникалық мәнін ұғынуға дайындайтыны түсінікті.
2. Қан жүйесінің патологиясы. Анемия, түрлері мен есбептері, көріністері
Анемия және оның түрлері
Анемия немесе қан аздық деп, қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюын айтады. Анемия әр түрлі аурулардан (бауыр, бүйрек, ішкі секреция бездерінің), улунудан, қан құрауға қатысатын факторлардың жеткіліксіздігінен, жілік майындағы гипоплазиядан, эритроциттер гемолизінен т.б. пайда болады. Анемия кезінде қанның тыныс алу функциясы бұзылады. Асқынған анемия жағдайында оттегі жетіспеушілігі ауыр зардапқа ұшыратып, организм өлуі мүмкін.
Жілік майының функциялық күйіне сәйкес (қан құрау типі бойынша) анемияның мынадай түрлері бар:
Регенеративтік анемия жілік майының гиперплазиясымен, эритроциттердің күшті бөлінуімен сипатталады. Анемияның бұл түрі көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизінде байқалады.
Гипорегенеративті анемия. Анемияның бұл түрінде эритропоэз бұзылады немесе зардап шегеді. Қан құрайтын факторлардың (В витаминінің) жеткіліксіздігінен немесе организмде темірдің аздығынан, авитаминоздардан, ашығудан, үнемі қансыраудан, уланудан және инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы мүмкін.
Арегенеративті анемия. Мұндайда жілік майының функциясы едәуір тежеліп, эритропоэз процесі мүлде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды. Анемияның арегенеративтік формасы да организмнің өлуімен аяқталады. Бұл сәуле ауруында, авитаминоздарда, күштіулармен уланғанда пайда болуы мүмкін.
Дизэритропоэздік анемияда, басқаша айтқанда, тиімсіз эритропоэзда, эритроидты клеткалардың көпшілігі жетілген сатысына жетпей-ақ, жілік майының ішіндегі гемолиз салдарынан бүлінеді.
Этиологиясы бойынша анемия былайша бөлінеді:
а) постгеморрагиялық
б) гемолиздік
в) анапластикалық.
Анемияның дамуының басты факторлары – эритроциттердің азаюы (қансырау, гемолиз) және қан құраудың бұзылуы салдарынан эритроциттердің бөлінуінің жеткіліксіздігі.
Постгеморрагиялық анемия әр түрлі себептерден қансырау нәтижесінде пайда болады.
Гемолиздік анемия қан арнасына немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады.
Гемолиздік анемияда қан көбейгендіктен және тканьдерде билирубин пигменті жиналғандықтан сары ауруға айналуы мүмкін. Мұның негізгі көзі бұзылған эритроциттердің гемоглобині болып саналады.
Пайда болу себептеріне қарай гемолиздік анемия жүре пайда болған және туа біткен деп бөлінеді:
а) жүре пайда болған гемолиздік анемия көбінесе тамыр ішіндегі эритроциттер гемолизімен ерекшеленеді. Оның өзі эритроциттердің химиялық, улы, инфекциялық, дәрі-дәрмектік және бақа да факторлармен зақымдануы нәтижесінде пайда болады.
б) туа біткен (тұқым қуалайтын) гемолиздік анемия патологиялық гемоглобиндердің (гемоглобиноздардың) немесе ақаулы эритроциттердің (эритроцитопатия) тұқым қуалауы нәтижесінде пайда болады. Эритроциттер РЭС (ретикулоэндотелиалдық жүйе) клеткаларында, көбінесе талақта бүлінеді.
Анапластикалық анемияда эритроциттердің жасалу және жетілу процестері бұзылады. Бұған мысал ретінде жлқының инфекциялық анемиясын атауға болады. Вирус жілік майын зақымдайды, эритропоэз кемиді, қызбаға шалдығады, өледі.
Анапластикалық анемия азықтандырудың, зат алмасудың бұзылуынан, авитаминоздан, микроэлементтердің жетіспеуінен т.б. пайда болуы мүмкін.

№2 билет
Пән: Жалпы патология



1. Некроз. Некроздың белгілері мен некроздың нәтижесі.
2. Қан жүйесінің патологиясы. Лейкоздар, түрлері, себептері, лейкоздардың белгілері және нәтижелері
Некроз — тірі организм құрылымдарының ауру туындататын факторлардың әсерінен өлуі. Жасуша өлімінің бұл түріне генетикалық бакылаудың қатысы жоқ
Даму себебі тұрғысынан, некроз төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Жарақаттық некроз физикалық, химиялық және басқа факторлардың әсерінен дамиды.
2. Уыттық некроз бактериялардың, қышқылдардың, сілтілердің,ауыр металл тұздарының, дәрі-дәрмектердің және басқа да заттардың уытты әсерінен дамиды.
3. Трофоневроздық некроз созылмалы аурулардың зардабынан дұрыс жүйкеленбеген тіндерде қан айналымы бұзылғандықтан дамитын кайтымсыз дистрофиялық өзгерістерден басталады.
4. Аллергиялық некроз иммун-патологиялық жауаппен байланысты.
5. Қан тамырлық некроз кан тамыры тромбымен, эмболмен бітеліп немесе сыртынан кысылып, канмен дұрыс қамтамасыз етілмеген органда дамиды. Ол ишемиялық некроз немесе инфаркт деп аталады.
Некроз некробиоз кезенінен басталады. Бұл кезеңнің морфологиялық негізі — кайтымсыз дистрофиялық өзгерістер; көбіне нәруыздарға қатысты. Жасушалар мен тіндерде некробиоз некрозға ұласып, кейін олар жиділ, аутолизге ұшырайды. Некроздың негізгі бейнесі — жасушалар ядросы мен цитоплазмасында дамыған кайтымсыз өзгерістер.
Ядро Мына өзгерістерге ұшырайды.Кариопикноз ядро ылғалын жоғалтып бүріседі. Нуклеин қышқылдары түйіртпектеліп, ядродан цитоплазмаға шығады.
Некроздың нысандары
Некроздың мынадай нысандары бар: құрғақ некроз, ылғал некроз,инфаркт, секвестр және гангрена.
Құрғақ (коагуляциялық) некрозға дегидратация үдерісі басым болып, қатаю тән. Құрғақ некрозға ірімтікті некроз бен фибриноидты некроз жатады.
• Ірімтікті некроз дамыған жерлер ірімшік тәрізді ақшыл түсті,
құрғақ болып, үгітілгіш келеді. Ол туберкулезге тән.
• Фибриноидты некроз дамыған дәнекер тінге сіңген фибриноген
фибринге айналады. Нәтижесінде дәнекер тін талшықтары ыдырап, қатайып, құрғақ некроз дамиды; бұған нәруызы мол тіндер қолайлы.
Ылғал (колликвациялық) некроз дамығанда тін су сіңіп, жидиді.
Ол суы мол тіндерде дамиды. Ылғал некрозға мидың суы мол сұр затының жидіп, жұмсаруы мысал бола алады. Ақырында ылғал некроз ошағында киста (жылауық) қалыптасады.
Инфаркт некроздың қан айналым бұзылған қандай да бір органның тінінде дамитын түрі. Миокард инфарктісінің дамуына артерияның шеткі бөлімінің тромбозы, эмболиясы, спазмы себеп болады.
Инфарктінің некрозды кезеңінен кейінгі кезеңінде некроз ошағы демаркациялық лейкоцитті аймақпен шектеліп, жеке кардиомиоциттердің арасын тыртықтық тін жайлап беріштене бастайды
Егер үдеріс асқынып, инфаркт аймағындағы тін жидiсе, жүрек қарыншасы жыртылып, өлімге ұшыратады. Ал тромб үзіліп кетсе —мида немесе басқа органдарда тромбылы эмболия дамуы мүмкін.
Секвестр — өлі тіннің бөлігі; тірі тінде жайғасып, аутолизге шырамайды және оны дәнекер жайламайды. Әдетте, секвестрлі тін іріңдеп, жыланкөздер қалыптасады.
Гангрена некроздың сыртқы орта қоршаған тіндерде дамитын түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру