1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер

Loading...


бет37/54
Дата26.04.2017
өлшемі1.52 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
§ 1. Жалпы ережелер

      427-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстiң 428, 429, 433-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
      2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
      Табысқа осы Кодекске сәйкес айқындалған осы Кодекстiң 85-бабы 1-тармағының 1), 3)-9), 13)-24) тармақшаларында аталған табыстар қосылады.
      Осы Кодекстiң 85-бабы 1-тармағының 2), 10) тармақшаларында, 177-бабының 1), 4) тармақшаларында көрсетiлген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 427-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      428-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары



      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы 1-тармақ 2013.01.01 дейiн ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес қолданыста болады (тоқтатылған редакцияны ҚР Салық кодексiнiң № 7 архивтағы нұсқасын қараңыз).
      1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есебiн берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
      2) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
      Осы шарт тауарларын базарларда өткiзетiн тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.
      2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
      3. Арнаулы салық режимiн:
      1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың
      2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерiнiң
      3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлердiң
      4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесi 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың
      5) құрылтайшысы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғаның бiр мезгiлде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесi мүлiктi жалға беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлерге қолданылмайды.
      4. Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне:
      1) акцизделетiн тауарларды өндiруге;
      2) акцизделетiн тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
      3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн – бензиндi, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
      4) лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге;
      5) жер қойнауын пайдалануға;
      6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
      7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
      8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
      9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;
      10) сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң қаржы, сақтандыру қызметiне және делдалдық қызметiне;
      11) құқық, әдiлет және сот төрелiгi саласындағы қызметке қолданылмайды.
      Ескерту. 428-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

§ 2. Патент негiзiндегi арнаулы салық режимi

      429-бап. Жалпы ережелер

      Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
      2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
      3) салық кезеңiндегi табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
      Ескерту. 426-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       430-бап. Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

       431-бап. Қолдану шарттары



      1. Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      Қайтадан құрылған дара кәсiпкерлер аталған өтiнiштi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей табыс етедi.
      Дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күн аталған дара кәсiпкерлер үшiн арнаулы салық режимiн қолдану басталатын күн болып табылады.
      Дара кәсiпкерлердiң салықтық өтiнiштi осы тармақта аталған мерзiмдерде табыс етпеуi, олардың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келiсiмi деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрi – есеп-қисап) табыс етiледi.
      Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса берiледi.
      Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететiн салық төлеушiлер аталған құжаттарды табыс етпейдi.
      Кезектi патенттi алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтiнiштi табыс етпестен осының алдындағы патенттiң қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.
      2. Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берiлетiн құжаттар табыс етiлгеннен кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде патент берудi жүргiзедi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi, оның бiреуiн салық төлеушiге қол қойылып тапсырылады.
      Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428, 429-баптарында аталған талаптарға сай келмеуi патент беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
       Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, дара кәсiпкерге патент бiр салық кезеңi шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.
      Патент:
      1) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айында жаңадан тiркелген;
      2) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айында қызметiн уақытша тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе аяқталғаннан кейiн қызметiн қайта бастаған дара кәсiпкерлерге бiр айдан аз мерзiмге берiлуi мүмкiн.
      Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.
      3. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген тәртiппен салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      4. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтiнiш негiзiнде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерiктi түрде тоқтату кезiнде салықтық өтiнiш патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.
      Бұл ретте:
      1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайда, дара кәсiпкер:
      1) шарттармен сәйкессiздiк туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы салықтық өтiнiштi;
      егер нақты табысы осы Кодекстiң 429-бабы 3) тармақшасында белгiленген табыс мөлшерiнен асып түсетiн болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;
      2) осындай шарттар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап осы Кодексте белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режимiне ауысуға мiндеттi.
      7. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428  және 429-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
      8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
      1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Ескерту. 431-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгiзiледi) 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      432-бап. Патент құнын есептеу

      1. Патент құнын есептеу салық салу объектiсiне 2 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi. Патент құны:
      1) патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;
      2) "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрiнде бюджетке төленуге жатады.
      Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
      2. Егер нақты табыс патенттiң қолданылу мерзiмiнiң iшiнде есеп-қисапта көрсетiлген табыс мөлшерiнен асып түссе, дара кәсiпкер бес жұмыс күнi iшiнде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге мiндеттi.
      Аталған есеп-қисаптың негiзiнде бұрын берiлген патенттiң орнына жаңа патент берiледi. Z0
      3. Егер патенттiң қолданылу мерзiмiнiң iшiнде нақты табыс есеп-қисапта көрсетiлген табыстың мөлшерiне жетпесе, дара кәсiпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
      Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен салық органы жүргiзген хронометраждық зерттеуден кейiн жүргiзiледi.
      4. Iс жүзiнде алынған табыс сомасы осы Кодекстiң 429-бабында белгiленген шектi табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн патент құны осы Кодекстiң 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгiленген жағдайларда салық салудың өзге режимiне ауысу күнiне дейiн осы баптың 1-тармағында белгiленген ставка бойынша есептеледi.
      5. Дара кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

      433-бап. Жалпы ережелер

      Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
      1) дара кәсiпкерлер үшiн:
      дара кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда, қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгенi құраса;
      2) заңды тұлғалар үшiн:
      қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгенi құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.

      434-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

      435-бап. Қолдану шарттары



      1. Салық төлеудiң өзге де режимдерiнен ауысқан кезде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, алдағы салық кезеңi басталғанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      Бұл ретте аталған салықтық өтiнiш табыс етiлген күннен кейiнгi салық кезеңiнiң бiрiншi күнi арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Жаңадан құрылған дара кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына әдiлет органында заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
      Дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелген күнi аталған салық төлеушiлер үшiн арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Патент негiзiнде арнаулы салық режимiнен оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне ауысу үшiн салық төлеушi салықтық өтiнiштi:
      патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкессiздiк туындаған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей;
      өзге де жағдайларда патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етедi.
      Бұл ретте:
      патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi;
      өзге де жағдайларда патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күн оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.
      2. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
      Бiр данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
      Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428 және 433-баптарында көрсетiлген талаптарға сай келмеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      3. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтiнiштiң негiзiнде не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      4. Егер салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды өз еркiмен тоқтату туралы шешiм қабылдаса, аталған режимдi тоқтатуды салық органы салықтық өтiнiш берiлген айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзедi.
      Бұл ретте:
      1) салықтық өтiнiш табыс етiлген айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтау күнi болып табылады;
      2) салықтық өтiнiш табыс етiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      5. Осы Кодекстiң 428 және 433-баптарында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтiнiш сәйкессiздiк туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде табыс етiледi. Аталған жағдайда арнаулы салық режимiн тоқтату сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
      6. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428  және 433-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
      1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Ескерту. 435-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша


                есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi салық төлеушi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.


      2. Егер есептi кезеңнiң қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiн құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.
      3. Салық кезеңi iшiнде осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген табыс сомасынан iс жүзiнде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне не өзге арнаулы салық режимiне өту (ауысу) күнiне дейiн салықтарды есептеу осы баптың 1-тармағында белгiленген ставка бойынша жүргiзiледi.
      4. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
      5. Салық кезеңi iшiнде шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 433-бабында белгiленгеннен асып түскен жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзету шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 436-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және


                 салықтарды төлеу мерзiмдерi

      1. Оңайлатылған декларация салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.


      2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
      3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген сомалары көрсетiледi.

       438-бап. Жекелеген салық түрлерiн, әлеуметтiк


                 аударымдарды және мiндеттi зейнетақы жарналарын
                 төлеу ерекшелiктерi

      Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтiк аударымдар сомаларын төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.



62-тарау. ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШIН
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМI

      439-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгiленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi дербес таңдауға құқылы.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн тауарларды өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.
      3. Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.
      Ескерту. 439-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       440-бап. Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

      441-бап. Қолдану шарттары



      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.
      Осы бапта өзгеше белгiленбесе, таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
      Салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде мынадай құжаттардың:
      1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне құқық белгiлеу, сәйкестендiру құжаттарының
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiнiң бағаланатын құнын айқындайтын актiлердiң көшiрмелерi табыс етiледi.
      Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiнiң бағаланатын құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады.
      20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
      Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiде 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiледi.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректер өзгерген не басқа жер учаскелерiне құқық туындаған кезде, салықтық өтiнiштi және осы тармақтың төртiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды жаңадан табыс етедi.
      2. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
      Бiр данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
      Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 439-бабында аталған талаптарға  сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      3. Арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртiппен салықтық өтiнiштiң негiзiнде не осы бапта көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күн iшiнде салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi және сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысады.
      Арнаулы салық режимiн қолдану ерiктi түрде тоқтатылған кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру есептi кезеңнен кейiнгi айдан бастап, осы режимдi тоқтататын жылдың алдындағы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрмей табыс етiлетiн салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Салық органы салық төлеушiнiң осы режимдi қолдану шарттарына  сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, қабылданған шешiм негiзiнде оны сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру туралы салық төлеушiнi хабардар етедi.
      4. Арнаулы салық режимiн қолдану ерiктi түрде тоқтатылған кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастайтын жылдың алдындағы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрмей табыс етiлетiн салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Бұл ретте:
      1) салықтық өтiнiш табыс етiлетiн салық кезеңiнiң 31 желтоқсаны арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) салықтық өтiнiш табыс етiлген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 1 қаңтары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      5. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi және осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысады.
      6. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
      1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      Ескерту. 441-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      442-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
      1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен табыстардан, оның iшiнде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомалар түрiндегi табыстардан алынатын жеке табыс салығын;
      2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
      3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны;
      4) осы Кодекстiң 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын;
      5) осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтiнiштi ерiктi түрде беруге құқылы.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң бөлек есебiн жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 442-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       443-бап. Салық салу объектiсi

      Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.

       444-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу тәртiбi

      1. Егiстiк бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерiнiң жиынтық бағалау құнына жер учаскелерiнiң жиынтық ауданын негiзге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргiзiледi:

Рет
N

Жер учаскелерiнiң алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1

2

3

1.

500-ге дейiн

0,1%

2.

501-ден 1000-ға дейiн қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%

3.

1000-нан 1500-ге дейiн қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3%

4.

1501-ден 3000-ға дейiн қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4%

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%

      Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерiнiң жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.
      Жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн жер учаскесiн бағалаудың құны жер учаскесiн бағалаудың құнын он екiге бөлу және жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
      Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесiн басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.
      Жалға алушының бiрыңғай жер салығын есептеуi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
      Бiрыңғай жер салығын есептеу кезiнде жалға берушiнiң жер учаскесiн нақты пайдалану кезеңiне жер учаскесi жалға берiлген ай қосылады.

      445-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi

      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының бiрiншi қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.
      Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
      Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.
      Ескерту. 445-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi


                 төлемдердiң жекелеген түрлерiн, әлеуметтiк
                 аударымдарды төлеу және мiндеттi зейнетақы
                 жарналарын аудару мерзiмдерi

      1. Бiрыңғай жер салығын, әлеуметтiк салықты, төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртiппен:


      1) салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiн есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңiнiң 10 қарашасынан кешiктiрiлмей;
      2) салық кезеңiнiң 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейiн есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнiң 10 сәуiрiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      2. Әлеуметтiк салықты және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту. 446-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      447-бап. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық


                декларациясын табыс ету мерзiмдерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияда бiрыңғай жер салығының, әлеуметтiк салықтың, төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақының, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген сомалары көрiнiс табады.
      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнiң 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
       Ескерту. 447-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...