1. «Интернет желісіндегі жұмыс» бөлімінің мазмұны Интернет



бет1/4
Дата18.11.2021
өлшемі267.19 Kb.
  1   2   3   4

1. «Интернет желісіндегі жұмыс» бөлімінің мазмұны

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.



Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған  бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ен үлкен компьютерлер торабын құрайды.Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде. университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз — баска жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлык информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқ6ылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ кұпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім  арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздіц Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебист жөніндсгі анықтамалықты карап, Ресей журналдарыіі оқуыцызга болады.

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді дс түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.



lNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

  • -  косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

  • -  тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

  • -  почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.

2.Ақпаратты іздеу,ақпарат алмасудың маңызы

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік