1. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет4/4
Дата19.01.2023
өлшемі25.8 Kb.
#417146
1   2   3   4
Байланысты:
казахстан хх экономикалык дамуы
Кәсіпкерлік 17.11.2022 СЖ, ДИЗИНФЕКЦИЯ, Дүниежүзілікжәне ірі аймактардың такырыптык карталары
Қорытынды
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық- демократиялық революция жеңіп шығып, Патшалық құлады. Қазақстанда революцияны қолдау ретінде көптеген шерулер мен жиналыстар болып өтті. Көптеген қалаларда жұмысшы депутаттары кеңестері пайда болды, көп кешікпей солдаттармен бірікті.
Ақпан революциясының басты өзіндік өзгешелігі елде екі үкіметтілік-буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері пайда болды. 1917 жылы наурызда облыстан атқарушы комитеттерде жергілікті Уақытша үкіметтің кеңестері құрыла бастады. Қазақстан ұлттық интеллигенциясының өкілдері ретінде Ә.Бөкейханов – Торғай облысында, М. Тынышпаев – Жетісу облысында, М. Шоқай – Түркістан облысының комиссарлары болып тағайындалды. Қазақстанда, сонымен қатар облысты, уездік және Уақытша үкіметті қолдайтын мұсылман комитеттері құрылды.
Революцияның алғашқы күндерінде биліктен патша шенеуліктерін, көптеген облыстардың вице-губернаторларын шеттету туралы шаралар қолданылды және Ресей азаматтардың құқықтарынан кез-келген шектеулерді алып тастады. 1916 жылғы көтерілістің қатысушыларына амнистия жарияланды және осы көтеріліс кезінде жапа шеккен жергілікті тұрғындарға көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Бірақ та басты аграрлық сұрақтың шешімін Уақытша үкімет кейінге қалдырып отырды. Мұндай сұрақ ұлттың өзін-өзі билеу құқығы бойынша қарастырылмады, бұрынғы ұлы державалық ұлттың дискриминация іс тәжірибесінің саясаты жалғасты, көші-қон басқаруы сақталды.
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының жеңісі Қазақстанда қатарында жұмысшылар, революциялық бағыт ұстанған жастар бөлігі, солдаттар және шаруаларды біріктіретін әртүрлі ұйымдардың пайда болуына әкелді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» (қара жұмыс істейтін жұмысшылар одағы), «Жаркенттегі жұмысшылар одағы», Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның Мұсылман еңбекшілерінің одағы (Иттифак) болып табылады. Оқушы жастар өкілдері, ауыл мұғалімдерін және интеллигенцияны біріктіретін 20 шақты ұйымдар мен үйірмелер құрылды, олар: «Жас қазақ» - Ақмолада, жетекшісі С. Сейфуллин; «Жас жүрек» - Спасск зауыты; «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» - Омскіде; «Талап» - Петропавлда; «Жанар» - Семейде; «Қазақ жастарының революциялық одағы» - Меркеде Әулие-Ата уезінде, Т. Рысқұлов жетекшілігімен.
Іс жүзінде патша саясатын жалғастыра отырып, Уақытша үкімет Қазақстанда не ұлттық, не аграрлық мәселелерді шеше алмады, және де шешуге де ұмтылмады. Басқа халықтар сияқты қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспады.
Қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайды ескере отырып жалпықазақтық съезд өткізу жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның барлық облыстарынан жергілікті өкілдер қатысқан бірінші жалпықазақтық съезд Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; сот; рухани-діни мәселелер; Құрылтай жиналысын шақыру және қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру және т. б. Бұл съезде қазақтың ұлттық партиясы «Алашты» құру шешілді.
«Алаш» партиясының жетекшілері: Әлихан Бөкейханов–қазақ халқының жалпы - экономикалық жағдайын, мәдениетін, тұрмыс және салтын зерттеген ғалымдардың алғашқыларының бірі; Ахмет Байтұрсынов–лингвист-ғалым, түріктанушы, ағартушы, оқу құралдарының авторы. Қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері: М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, ағайынды Досмұхамедовтар.
«Алаш» бағдарламасы 10 тараудан тұрды. Бағдарламаның негізгі жобасы теңдікті, сөз бостандығын, баспаны, Одақты, жеке тұлғаның бостандығын насихаттайды.
1917 жылы күзде Қазақстанда тағы да бір ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы пайда болды. Партияның басшысы К. Төгісов болды. Бұл партия социал-революционерлердің саяси платформасын ұстанып, әрмен қарай большевиктермен біріге түсті. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша ол «Алаш» партиясының негізгі оппоненті ролін арқарды. Азамат соғысы кезінде К. Төгісов кеңестік қайраткер ретінде жазаланды. «Үш жүз» партиясы жетекшісінің қаза болуына байланысты партия өмір сүруін тоқтатты.

Пайдаланған әдебиеттер:


Қазақ энциклопедиясы. 5 том
↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары