1. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы


Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



бет3/4
Дата19.01.2023
өлшемі112.2 Kb.
#417146
1   2   3   4
Байланысты:
казахстан хх экономикалык дамуы
Кәсіпкерлік 17.11.2022 СЖ, ДИЗИНФЕКЦИЯ, Дүниежүзілікжәне ірі аймактардың такырыптык карталары
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халқына ауыр қасірет әкелді. Халықтың экономикалық өмір деңгейі күрт төмендеді. Осының бәрі 1916 жылы көтеріліске әкелді.
Көтеріліске себеп болған патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы жарлығы, онда орыс емес 19-43 жастағы ер адамдар армияның қара жұмыстарына алынатыны көрсетілген. Есептеулер бойынша, барлығы 400 мың адам шақырылуға тиіс болды. Берілген бұйрық қазақ даласын ауыр жағдайға қалдырды. Мобилизация егінді жинау, малдарды қыстаққа айдау кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды ерлерді мобилизациялау қазақ шаруашылығының экономикалық базасын үзді, сонымен қоса көшіп келгендер үшін жерлерді тартып алу да жүргізіліп жатты.
Бұл барлық жағдайлар Қазақстанның жергілікті тұрғындарын уайымдатты. Ауылдарда және өндірістік кәсіпорындарда жиналыстар өткізілді, онда патша бұйрығына қарсы шығушылар сөз сөйледі, жас жігіттерді патша әскеріне, мобилизацияланудан бас тартуға көндірді. Тылдық жұмыстарға жіберуге қарсы соғыстар тізімдерді жоюдан, канцелярияларды жағудан, ауыл отаршылдарына, полицияға қарсы шығудан басталды. Бірте–бірте ағымдық қарысыласулар Қазақстанның барлық аймағында ұйымдастырылған көтерілістерге айналды және олардың басшылары: Торғай облысында А.Жангилдин мен А.Иманов, Оралда–С.Мендешев пен А.Аймиев, Жетісуде–Т.Бокин мен Б.Әшекееев, Сырдария облысында – Т.Рысқұлов болды.
Бірнеше басқа линияларда Ә.Бөкейханов және басқалары бастаған қазақ интеллигенциясының өкілдері бастады. Қалыптасқан жағдайды дұрыстап бағалап, олар репрессиядан қашу үшін қазақ халқын мобилизациядан жібермеу керек деген шешімге келді. Билік басындағыларға қарсылық көрсетпеу, Ресей үшін соғыс жақсы аяқталғаннан кейінгі жағдайда ұлттық автономияны құру керек деді. Осының нақтылығын 1916 жылы 7 тамызда Оренбургта өткен Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облысындағы қазақтардың жиналысы дәлелдейді. Жиналыс материалдарында мобилизацияның қазақ халқының шаруашылығына келтірген зияны жайлы айтылды.
Көтеріліс бүкіл аумақты қамтыды және патшалықтың әскери-отарлаушылық және кең көлемді орыстандыру саясатына қарсы әрі белгілі бір дәрежедегі ауылдардың бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ауысты. Көтерілістің басты мақсаты қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресіне қорытынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.
Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай облыстары болды. Жетісуда қазақтардың съезі өтті, мұнда өкіметке қарулы қарсылық көрсету жөнінде шешім қабылданды. 17 шілдеде Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Мұнда ірі әскери күштерді жеткізу бағытталды және 1916 жылдың қазанында көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Оншақты ауылдар жойылды, 300 мыңнан астам бейбіт тұрғындар Қытайға, Құлжа өлкесіне және Қашғарияға көшіп кетті.
Ұйымдастырылған көтеріліс Торғай облысын қамтыды, бұл көтерілістің басшысы Амангелді Иманов, ханы болып Әбдіғапар Жанбосынов сайланды. Көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Отрядтарда қатаң тәртіп орнатылды, ұстаханаларда қарулар жасалды. Көтерілісшілердің Торғай қаласын қоршауы сәтсіздікпен аяқталды, себебі мұнда генерал-лейтенант А Лаврентевьтің жазалаушы корпусы келді. Көтеріліс сәтсіздікпен аяқталды, бірақ та ол 1917 жылғы Ақпан револяциясына дейін жалғасты.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Қазақстанда отаршылдыққа және империализмге қарсы бағытталған, Ресей империясын келесі саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. 1916 жылғы көтеріліс көрнекті ғалымдардың пікірінше, көптеген халықтардың революциялық көтерілісінің құрамды бөлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан