1905-1907 жж. Ресей революциясы мен бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстанның қоғамдық–саяси дамуы
Ресейдегі 1905-1907 жж. бірінші буржуазия-демократиялық революцияның басы Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының дамуын жаңа кезеңге итермеледі. Осы жылдары ұйымдар кәсіби одақ құрды. Оның ішіндегі ірісі Оренбург-Ташкент темір жолының темір жолшыларының кәсіподағы болды. Бұл жылдары Ресейдегі революциялық үдірістерге ұқсас, жұмысшылардың ірі экономикалық және саяси сөз сөйлеулері болды. 1905 жылы желтоқсанда Өспен мыс–кен орнында қарсыласқан 300 жұмысшының ішінде 265-і қазақтар болды, бұнда П.Топорнин, А.Байшағыров басқарған орыс-қырғыз одағы құрылды. Жұмыскерлердің төңкерісі Спасскідегі мыс балқыту заводында, Қарағандыда, Орал, Ақтөбе, Верный кәсіпорындары қатарында болды. Онда жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсартуға, еңбек ақыны көтеруді, жұмыс күнін 8 сағаттық қылуды талап етті.
Бүкіл халықтың сөз сөйлеуде ұлттық интеллигенттері А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, Б.Қаратаев және т.б. рөлі бөлінді, яғни ерекше болды. 1906 жылы ақпанда Семейде өткен қазақтардың съезінде олар талаптардың қатарын тізді: аймаққа көшіруді тоқтату, Қазақстанның барлық жерін жергілікті халықтікі екенін мойындау, діни сенімдердің еркіндігі мен тілдердің теңдігі, ана тілді білім алуды дамыту.
1905-1907 жж. революция кезеңінде саяси белсенділікті арттыруда Мемлекеттік Думаға сайлау үлкен роль атқарды. Қазақстаннан сәйкесінше 9 және 13 депутат таңдалды, олардың ішінде қазақ ішінен де депутаттар болды. І Мемлекеттік Думаға 4 депутат таңдалды, оның ішінде 4 млн қазақ халқынан-4: А.Бөкейханов, А.Бережанов, А.Қалменов, Б.Құлманов ІІ мемлекеттік думаға Қазақстаннан енді 14 депутат болды, оның ішінде қазақ елінен -6; Молда Ш.Қошеғұлов, би Х.Нөрөкенов, адвокат Б.Қаратаев, сот тергеушісі А.Бірімжанов, Сырдария облысынан-хабарлау жолының инженері М.Тынышпаев. Бірақ жалпы алғанда, Қазақстанның жергілікті халқы Думаға сайлану және сайлау құқығынан айырылған.
Қазақ қоғамында пайда болған ұлттық қозғалыстар бірыңғай емес, әртүрлі идеялық саяси ағымдар, ұлттық интеллигенция басшылық еткен бірігулер болған.
Оның басшылығымен редакторы-М.Сералин болған «Айқап» баспа журналы құрылды (1911-1915 жж.). Журнал Қазақстандағы идеялық-саяси ойлардың аграрлы демократиялық бағытын білдірген. Оған Ж.Сейдалмен, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин және т.б. серіктестік еткен. Журнал беттерінде басылған мақалаларда аймақтық әлеуметтік–экономикалық дамудағы білім жайлы мәселелер қарастырылған, ел ішіндегі ең бастысы жергілікті халықтың жерлерін тартып алумен байланысты аграрлық сұрақтар басым табылады.
1913 ж. бастап либералды–демократиялық идеяларды білдірген «Қазақ» газетінің қайраткерлігімен байланысты бостандық қозғалысының жаңа этабы басталды. Оған қазақ интеллигенциясының өкілдері: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев серіктес болды. Өздерінің мақалаларында авторлар аграрлық қатынастарды, жерге деген мемлекеттік меншіктің жойылуы. Және оның қазақтардың меншігіне берілуі жайлы, қазақ халқының мәдениеті, тарихи сұрақтары, білім беру және медицина сияқты мәселелерді қарастырды. Патшалық билеушілер газетті 26 рет жапты, ал А.Байтұрсынов бірнеше рет қамауға алынды.
1910 жылдан бастап жаңа революциялық қозғалыс байқалды. «Атбасар мыс-кені» акционерлік қоғамының жұмысшылары, Қарағанды, Екібастұз, Байқоңырдың көміршілері, теміржол жұмысшылары, Доссор мен Ембі мұнайшылары көтеріліске шықты.
1914 жылы Ресей Қазақстан халқына ауыр жүк болған Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Қазақтарды еріксіз жұмыс істеуге, малдарын, киімдерін, транспорттарын тапсыруға күштеді, жаңа салықтар енгізілді.
Көшіп келген орыс шаруаларының да жағдайы ауырлады. Ол салықтың, бағаның өсуіне қарсы болды.
Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс күні 12-14 сағатқа созылды, еңбекақы төмендеді, жұмыс істеу жағдайы төмендеді. Көтерілістерге, митингтерге рұқсат етілмеді, шұғыл әскери жағдай енгізілді, цензура күшейтілді. 1914-1915 жж. жұмысшылар көтерілісімен Екібастұз, Байқоңыр көмір даналары Спасск мыс кені, Оренбург–Ташкент темір жолы және заводтар басып алынды.
Жұмыскерлік, аграрлық, әсіресе ұлттық босату қозғалыстарының дамуы қазақтардың 1916 жылы көтерілісінің алғышарты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |