1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет10/47
Дата02.01.2022
өлшемі94.01 Kb.
#147611
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
экология база
Занятие №1
Экожүйелер – жер шарындағы зат және энергия ағымдары үздіксіз келіп жататын тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи кешендер. Экожүйелер де өз кезегінде көлемі және биомассасы тұрғысынан ірі немесе кішігірім аймақтарды қамтиды. Олар жер беті (атмосфера), жер асты (литосфера) және су (гидросфера) сияқты тіршілік орталарын қамтиды. Мәселен, мұхит экожүйесі немесе бір тамшы су да толық мәнді экожүйе болып саналады. Экожүйелер өзінің табиғатына қарай – табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Экожүйелерге тән негізгі қасиеттер – ондағы күн энергиясы әрекетінен түзілетін қоректік заттардың айналымы мен биологиялық өнімділіктің тұрақтылығы. Экожүйелердің функциялары: энергия алмасуы және заттар айналымы.

«Тамшыдан мұхитқа дейін» деп «экожүйе» терминінің авторы ағылшын биологы А. Тенсли образды түрде айтқан болатын. Аквариум, тоған, батпақ, ғарыш кемесінің кабинасы - осының барлығы экожүйелер.

Экожүйелердің тұрақтылығының негізгі принципі – энергия ағынымен ұсталып тұратын зат айналымы – Жердегі мәңгі тіршілікті қамтамасыз етеді.
12. Биосфера – ғаламдық экожүйе.

Биосфера –Жердің ғаламдық экожүйелерінің ең ірісі (тіршілік қабығы). Оның даму эволюциясы, болашағы тек жермен байланысты. Биосфераны жан-жақты ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский (1863-1945). Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера және литосфера (жер қабығы).

Биосфера грек тілінен аударғанда «биос» - өмір, «сфера» - шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера – Жер планетасының тірі ағзалар жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе. Биосфера терминін австр. ғалым Эдуард Зюсс 1875 жылы енгізген, дегенмен бұл туралы ғылымды негіздеген орыс ғалымы В.И.Вернадский. В.И.Вернадский анықтамасы бойынша, биосфера – тіршілік иелері мен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты. Ал, тіршілік иелері, яғни, тірі органикалық заттар биосферадағы еркін энергияның тасымалдаушы көзі болып табылады. Биосфера атмосфераның төменгі қабатын (тропосфераны), бүкіл су қабатын (гидросфераны) және жердің қатты қабатының (литосфераның) беткі бөлігін қамтиды. Биосфераның биіктік шекарасы мұхит деңгейінен 6 км, ал төменгі шекарасы жер қыртысының 15 км тереңдігінде (осындай тереңдіктегі мұхит суларында бактериялар кездеседі), ал мұхитта 11 км тереңдікте кездеседі. Дегенмен негізгі тіршілік дамыған кеңістік бар болғаны ондаған метрді ғана қамтиды. Биосфера өзін-өзі реттейтін экожүйе, мұнда әзірше экологиялық тепе-теңдік сақталуда.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.

Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5*1012 т (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3*1018т)тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ, оның қалыңдығы бар болғаны 2 см болады. Тірі заттың негізгі қасиеттері (СРС) .

Биосфераның ластануы – бүкіл тіршілік қабатының әртүрлі зиянды заттектермен ластануы. Биосфераның ластануы ғылыми техникалық үдеу кезеңінде өндірістің дамуымен көбейе түсуде. Ластану деңгейі адам қоғамының әрекеттеріне байланысты әлемнің әр аймақтарында әр түрлі: бір аймақтарда атмосфера көп ластанса, бір аймақтарда – мұхиттар, басқа аймақтарда жер беті қатты ластануда. Ластағыш заттектер түрлері де әр түрлі: бір аймақтарда шаң-тозаңмен ластанса, бір аймақтарда радиация қаупі мол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді