1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет1/47
Дата02.01.2022
өлшемі94.01 Kb.
#147611
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
экология база
Занятие №1

1-раздел

1.Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері.

Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ ағза деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –популяциялардың, ағзалар қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Негізінен экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Линей (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825) «Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы», Ч.Дарвин (1809-1882) «Түрлердің шығу тегі», Э.Геккель (1834-1919) «Экология» терминін алғаш рет ғылымға енгізсе 1866ж, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізді, В.В.Докучаев (1846-1903) «Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі», т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, ХІХ ғ. Басы мен ХХ ғ. 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Г.Ф.Морозов «Орман туралы ілімі», Д.Н.Кашкаров «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», В.Н.Сукачев «Биоценоз», В.И.Вернадский «Биосфера туралы ілім», т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті. 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.



3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде.

#



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы