Сынамаларды іріктеу тауарлардың әрбір түрі үшін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сапаны бағалау нәтижелері өнімнің барлық партиясына таралуы үшін сынамалар дұрыс іріктелуі тиіс. Сапаны бағалаудың бірінші кезеңі өнімді сәйкестендіру – өнім сипаттамаларының оның елеулі белгілеріне (ассортименттік, сапалық, сандық және т.б.) ұқсастығын анықтау болып табылады. Сәйкестендіру жиынтығында нақты өнімнің таңбалауда, тауарға ілеспе құжаттамада, жеткізу шарттарында, стандарттарда және өнімді сипаттайтын басқа да құжаттарда келтірілген үлгісіне және (немесе) оның сипаттамасына сәйкестігін растау үшін жеткілікті белгілер, көрсеткіштер және талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Сапаны сәйкестендіру және бағалау үшін сәйкестендіру әдістері мен бақылау (талдау) әдістеріне арналған стандарттарда баяндалған арнайы әдістер (органолептикалық немесе өлшеу) қолданылады. Оларда талдау жүргізу үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың тізбесі, өлшемдерді орындау және нәтижелерді өңдеу әдістемесі көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |