Азық-түлік өнімдері – адам тамаққа қолданатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер. Оларға тамақ өнімдерін жасау, дайындау және өңдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар жатады: азық-түлік шикізаты, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар.
Азық-түлік шикізаты – өсімдік, жануар, микробиологиялық, минералды, жасанды текті шикізат және су.
Тамақ өнімдеріне белгілі бір органолептикалық және (немесе) технологиялық қасиеттер беру үшін, сондай-ақ олардың сақталуын жақсарту үшін тағамдық қоспалар қолданады – табиғи, табиғиға ұқсас немесе жасанды заттар және олардың қосылыстары: бояғыштар, консерванттар, антитотықтырғыштар (антиоксиданттар), консистенцияны тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар, қышқылдықты реттегіштер және қопсытқыштар, дәм мен хош иісті күшейткіштер қолданылады.
Тағамдық рационды биологиялық белсенді заттармен байыту үшін биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – табиғи немесе табиғиға ұқсас биологиялық белсенді заттар мен олардың кешендері қолданылады, олар тікелей тамақпен қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |