Консервілеудің аралас әдісіне ыстау жатады. Бұл әдістің мәні - тұздаудан кейін өнім түтінмен немесе ысталған сұйықтықпен өңделеді. Ысталған кезде өнімдер ерекше дәм мен хош иісті алады, олардың беті қоңыр – алтын түстерге боялады.
Тауартануда қабылданған оқу жіктемесіне сәйкес азық-түлік тауарларының класы негізгі шикізаттың шығу тегі бойынша үш класс тармаққа бөлінеді: өсімдік тектес тауарлар; жануарлардан алынатын тауарлар және аралас текті тауарлар. Кластарды біртекті тауарлар топтарына одан әрі бөлу шикізат белгісі немесе мақсаты бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |