Басқарудағы талдау Қаржылық талдау
Ішкі талдау Сыртқы талдау
Мұндай бөлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын көлемінде басқару және қаржылық есепке бөлуіне байланысты, ал есеп беру басқарудағы және қаржылық есеп беру болып бөлінеді. Басқарудағы есеп беру өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе өтпей қалған тауарлар төменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.
Ал қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатын есеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқы мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.
Өз білімін бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдау деп нені түсінеді?
Экономикалық талдаудың қандай тұжырымдамалары бар?
Қандай ғылымдармен экономикалық талдау тығыз байланысты?
Ұсынылған әдебиеттер:
Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.
Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.
03-АП: Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
Өткен жыл
|
Есепті жыл
|
Ауытқулар
|
1
|
Өнімнің өтімділік табыс төлемі
|
24,050
|
26846
|
+2796
|
2
|
Шығындар
|
11800
|
14264
|
+2464
|
3
|
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
|
12
|
10
|
-2
|
4
|
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі
|
2004,1
|
2684,6
|
+680,5
|
5
|
Салық салуға дейінгі табыс
|
12250
|
12582
|
+332
|
6
|
Корпарациялық табыс салығы
|
2450
|
2516,4
|
+66,4
|
7
|
Салық салудан кейінгітабыс
|
9800
|
10065,6
|
+265,6
|
8
|
Өнімнің рентабельдігі(%)
|
40,7
|
37,4
|
-3,3
|
3-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдау әдісі мен әдістемесі
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен амалдардың әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.
Дәріс сұрақтар:
1 Экономикалық талдау әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері.
2 Экономикалық талдаудың әдістемелік әдістері мен тәсілдері:
- дәстүрлі (абсолютті және қатысты айырымдар әдісі, орташа көлем әдісі, салыстыру және топтастыру әдісі, индекстік әдіс, тізбектелген қойылымдар әдісі, баланстық әдіс)
- экономико-математикалық әдістер (қарапайы математика әдісі, математикалық талдаудың классикалық әдісі, математикалық статистика және ықтималдылық теория әдісі, эконометриялық әдістер және т.б.).
Дәрістің негізгі мазмұны
Талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі келесі ерекшеліктерге тән:
1. Көрсеткіштер жүйесін пайдалану. Фирманың қызметін бағдарлайтын кезде бірнеше көрсеткіштер пайдаланылады. Фирманың жұмысын мынадай көрсеткіштермен бағалауға болады: пайда, рентабельдік, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың болуы.
2. Негізгі белгілі бір факторды зерттеу. Мысалы: Кез-келген компанияның таза табысына көптеген факторлар әсер етеді. Олар сатылатын тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі, халықтың төлем қабілеттілігі, ауа райы, жолдың жағдайы және т.б. Барлық факторларды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан тек негізгі көрсеткіштер ғана зерттеледі. Олар тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі.
3. Өзара байланыстық, өзара тәуелділік. Фирманың барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: Таза табыс сатылатын тауардың сакнына, олардың бағасына, сатып алушылардың сұранысына байланысты. Сол уақыттағы сатып алушылардың төлем қабілеттілігі олардың еңбекақысына, жұмыс лауазымына, көңіл-күйіне байланысты. Осылайша компанияның барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.
Талдаудың әдістері теориялық және практикалық зерттеудің және объектіні, талдауды жүзеге асыруды түсіндіреді. Әдістемесі өз кезегінде әдістердің қолданылу тәртібін ашады. Талдаудың орындалу ережелерін әйгілі және ұсынылған жолдарды және талдаудың барлық кезеңдерінде аналитикалық процедураларының орындалуының негізін ұсынады.
Талдауда қолданылатын барлық әдістер басқарудағы әдістер сияқты 3 топқа бөлінеді:
1. Жалпылама әдістер
2. Арнайы әдістер
3. Жалпы әдістер
Жалпылама әдісі нақты ғылым мен олардың арасындағы алдыңғы орындағы философия болып табылады. Мұнда барлық құбылыстар мен процесстер тұрақты қозғалыста болады.
Жалпылама басқару әдісі ретінде мойындаудың диалектикалық әдісі танылады. Ол материалдық дүниенің әртүрлі зеттеудің ұтымды жүзеге асырылуына негіз болады. Қазіргі заманғы өндірістің басқару жүйесінің талдаудың диалектикалық әдісіне келесілер тән:
1) Мәселені қарау қиын емес,себебі экономикалық жүйенің барлық элементтерімен тығыз байланысты.
2) Ұйымды зеттеу және ұйымды басқару әрдайым дамуда. Бұл өз кезегінде осы дамудың заңдылықтарын анықтауға және жүйенің қайта өзгерту жолдарын зерттеу.
3) Практика мен теорияның тығыз байланысын,соның ішінде салалардың алдыңғы тәжірибелі жалпылама біріктіру.
4) Экономикалық ғылыммен байланысты нақты ғылымдармен және техникалық, қоғамдық жетістіктердің соңғы үлгілерін қолдану.
Арнайы тәсілдер. Экономикалық талдауда басқа тәсілдер сияқты жалпы тәсілдер де маңызды орын алады, яғни дерексіздендіру, жалпылама индукция, дедукция, фармальдау, салыстыру, болжау әдістері жатады. Барлық осы тәсілдер оңаша қолданады. Ал ережеге сай кешенді талдауда жалпы ғылым бір жүйесі ретінде, мысалы: дерексіздендіру әдісі бойынша символ түріндегі басқару жүйесінде болып жатқан терең процесстер ашылады. Ғылыми дерексіз талдаумен тығыз байланысты құбылыстардың элементтерге бөлінуін пайымдайтын одан жалпы және заттай бөлінуін зерттейді.
Кейін қолданылатын индукция және дедукция әдістері өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Индукция әдісте жалпы нәтиже жеке бөліктерден құралады, дедукция әдісі жалпы жағдайлардан жеке нәтижегежету жағдайларда қолданылады.
Жалпыны бірлік ретінде мойындау және олардың өзара байланысы синтез арқылы жүзеге асырылады. Сонмен қатар жэүйелі құрылымдық зерттеулер экономикалық жүйедегі әртүрлі кемшіліктерді зерттеу және тиімді шынайы жүйелерді құраумен тығыз байланысты.
Экономикалық талдаудың әдістері шаруашылық субъект жүйелік кешенді зерттеу, өлшеу және өндірісті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Арнайы тәсілдер 4 топқа бөлінеді:
1. Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу
2. Детерменді талдау
3. Стохастикалық факторларды талдау
4. Талдаудағы көрсеткіштердің оптималдау тәсілі
Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу.Жай логикалық тәсіліне кіретіндер:
- салыстыру әдісі
- аналитикалықкестелердің құрылымдық тәсілі
- қатысты және орта ауқымдық тәсілі
- экспертті бағалау әдісі және т.б.
Детерменді талдау әдісіне:
- моделдеу әдісі
- тізбекетелген қойылымдар
- абсолютті және қатысты шамалар әдісі
- алгоритмдік, интегреалды әдіс
- қаржылық-анықтамалық тәсілдер
Стохастикалық факторларды тәсілдің құрамына:
- регрессивті талдау тәсілі
- корреляциялық
- көп мөлшерлі факторлық талдау
- тәуекелділіктердің қазіргі заманға сай тәсілі
Оптималдау тәсілдеріне жоғарыда айтылған тәсілдердің барлығы қатыстырылады. Қазіргі нарықтық экономиканың дамуына олардың мүмкіндіктерін іске асыруына байланысты бөлек топтарға бөліп талдайды. Бұл әдіске экономикалық-математикалық әдістер, сзықтық және сызықтық емес бағдарландыру тәсілі, шешім қабылдау теория тәсілі, ойын теория тәсілі және т.б. жатады.
Экономикалық талдаудың өзіндік әдісі бар.
Дәстүрлі әдістер: 1. Салыстыру, 2. Тізбектелген қойылымдар, 3. Айырмалар, 4. Баланстық байланыстыру, 5. Топтастыру, 6. Индекстік әдіс, 7. Динамикалық қатарлар, 8. Абсолютті және қатысты айырмалар әдісі.
Экономика-математика әдістері: 1. Матрицалық әдіс, 2. Ойындар теориясы, 3. Жаппай қызмет көрсету теориясы.
Дәстүрлі әдістердің ішінде ең кең тараған әдісі салыстыру әдісі. Салыстырудың бірнеше жолдары бар:
Болжаммен (жоспармен) салыстыру
Өткен жылмен салыстыру
Сала бойынша орташа мәліметтермен салытыру
Ең жақсы отандық және шетел тәжірибелерін салыстыру
Бұл тәсілдердің көмегімен экономикалық дамудың жетерлік деңгейіжене өсу қарқыны анықталады. Жоспармен, өткен жылмен салыстыру нәтижесінде айқындалатын ауытқудың шамасы + немесе – ие болады.
Салыстыру кезінде есептік нүктені және сәйкестендіру белгілерін сақтау қажет:
Бағаны бір деңгейде ұстап тұру
Өнімді сату құрылымының бірдей болуы
Көптізбелі белгілердің салыстырмалығы
Климаттық және аймақтық жағдай есебінің ерекшеліктері
Қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін салыстыру
№
|
Көрсеткіштер
|
Өткен жыл
|
Есепті жыл
|
Ауытқулар
|
1
|
Өнімнің өтімділік табыс төлемі
|
24,050
|
26846
|
+2796
|
2
|
Шығындар
|
11800
|
14264
|
+2464
|
3
|
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
|
12
|
10
|
-2
|
4
|
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі
|
2004,1
|
2684,6
|
+680,5
|
5
|
Салық салуға дейінгі табыс
|
12250
|
12582
|
+332
|
6
|
Корпарациялық табыс салығы
|
2450
|
2516,4
|
+66,4
|
7
|
Салық салудан кейінгітабыс
|
9800
|
10065,6
|
+265,6
|
8
|
Өнімнің рентабельдігі(%)
|
40,7
|
37,4
|
-3,3
|
Кестеден көріп отырғандай компанияның өнімінің өтімділік табыс төлемі 2796 теңге өскен. Мұндай өсу өткен жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнің саны арқылы болған. Егер мұндай тенденция сақталатын болса, онда компания келесі жылы ӨӨТТ өсу қарқынын төмендетпеуді болжап отыр. Бұл табыстың өсуі өнімді өткізуге деген шығындардың ұлғаюына әкеліп соқты. Өткен жылмен салыстырғанда компания 2464000теңге шығындалды. Шығындардың өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен болғаны белгілі. Компанияның жұмысындағы теріс жақ ол өнім рентабельдігінің төмендеуі. Осылайша қаржы менеджерінің жұмысы оң бағаланбайды. Өйткені ол табысты болжау есептілігін дұрыс жүргізбеген.
Динамика қатарларының әрбір жеке мәні деңгей деп аталады. Динамика қатарларының көмегімен біз инвесторға, болашақ акционерлерге компанияның нарықта табысқа ие бола алатынын бизнестің тұрақты екенін және осы компанияға ақша салуға болатынын көрсетеміз.
Өз білімін бақылау сұрақтары:
Салыстыру тәсілінің мәні неде?
Талдауда салыстырудың қандай типтері қолданылады және олардың мақсаты неде?
Салыстырмалы шамалардың негізгі түрлерін сипаттап беріңіз.
Эвристикалық әдістердің қандай түрлері талдауда қолданылады?
Ұсынылған әдебиеттер:
1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.
2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.
3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
Достарыңызбен бөлісу: |