1-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру



бет1/2
Дата19.01.2023
өлшемі41.52 Kb.
#417434
  1   2
Байланысты:
ДӘРІС


1-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
Дәріс сұрақтар:
1 Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.
2 Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі.
3 Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету.
4 Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.
Дәрістің негізгі мазмұны
«Талдау» сөзі грек тілінен аударғанда «бөлу, бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Бөлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне, қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде көрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бөліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.
Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен процесстердің оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және олрды жан-жақты байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.
Экономикалық талдаудың мақсаттары:
1. Объектінің жағдайларына нақты баға беру
2. Қойылған талаптан айырмашылығын көрсету
3. Активтер мен міндеттемелердің өзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу
4. Өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерді анықтау
Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері:
Экономикалық талдаудың даму кезеңдері 3 бөлінеді:
5-18 ғғ. Бұл кезеңде экономикалық ғылым өзінің мінез-құлқын жарата бастаған кезі
18-19 ғғ. Бұл кезеңде материалдық ресурстарды өндіру, бөлу, пайдалануды іске асырып мысалы: экономикалық қатынастарды үй шаруашылық процессіне жатқызған
19-21 ғғ. Мұнда адам тәрбиесінің оптималды етуіне жағдай жасайды. Осы кезеңнен соң өз орнын шаруашылықта пайда көзімен таба алады
Табиғаттың және қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес. Талдау термині – грек сөзінің «анализ», яғни аударғанда «бөлу», «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау – қысқартып айтқанда құбылыстарды бөлшектеу немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бөліктерін, элементтерін құрамдарға бөлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты. Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың көздерін білуді, сонымен қатар оның ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан затты синтезсіз, толық ашып, көрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның бөліктерімен алмасу, яғни оның толық бөлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген кезде, оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми зерттеу қамтамасыз етіледі.
Экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды. Мысалы: Талдау – үлкен кәсіпорын менеджерлеріне қашан және қанша экспорт, импорт алуы туралы көмектеседі. Экономикалық талдау – нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы талдаудың көмегімен белгілі-бір уақыт аралығында өзгерістерге баға белгіленеді.
Экономикалық талдау пәні объективті және субъективті факторлырының әсерінен жинақталып, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы алынған кәсіпорындардың, бірлестіктердің шаруашылық процесстерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметтерінің шаруашылық нәтижелері болып табылады.
Теориялық, саяси-экономикалық талдау – абстракцияның жоғарғы дәрежесіне негізделген сапалы логикалық талдау, дәлме-дәл айтқанда экономикалық заңдылықтар, категориялар мен түсініктердің талдауы.
Нақты экономикалық талдау – нақты есептеулер мен формулалар арқылы берілген сандық талдау.
Теориялық талдау және нақты талдау бір-бірімен әрқашанда байланысты. Кез-келген формула немесе модель математикалы дұрыс болып қана қоймай, қарастырылып отырған құбылысқа немесе көрсеткішке теориялық жағынан негізделуі керек.
Макроэкономикалық талдау – бұл әлемдік шаруашылықтың талдауы, мемлекеттің халық шаруашылығының жүйелі талдауы. Халық шаруашылығына қатысты сандар өз алдына маңызды сандар, бірақ оларды салалық, аймақтық, халық-шаруашылық, ғылыми техникалық және экономикалық программалар сияқты топтарға бөле білу қажет. Осыған байланысты талдаудың салалық экономикалық, аумақтық экономикалық және программалық бағытталған түрлері туындайды.
Макроэкономикалық талдау теориялық талдауды да, нақты экономикалық талдауды да қолданады.
Микроэкономикалық талдау дегеніміз мекеменің халық шаруашылығының негізгі бөлімдерін жүргізудің талдауы. Мекеменің шаруашылық жүргізуін талдау дегеніміз зерттеулер мен ақпараттық базада өзінің ерекшелігі бар экономикалық талдау. Әр мекеменің салалық бөлімдері, аумақтары бар екендігін және олар ғылыми-техникалық, экономикалық бағдарламаларды орындауға мемлекеттік тапсырыстар ала алатынын айта кету керек. Мекеменің нәтижесі халық шаруашылығының көрсеткіштерінде көрінеді. Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдаулардың өздерінің ерекшелігі болғанмен, олар әрқашан салыстырылып отыру керек.
Экономикалық зерттеулер ішінде экономикалық талдау өз алдына өзінің пәні мен әдістері бар ғылым ретінде қалыптасты.
Ғылым ретінде экономикалық талдау дегеніміз мекеменің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды өңдеу және талдауға қолданатын әдіс-тәсілдердің арнайы жүйесінің жиыны. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарудағы және қаржылық болып екіге бөлінеді.
Экономикалық талдау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет