1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Жоспар: Психология пәні және оның міндеттері


Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі30.8 Kb.
#147964
1   2   3   4
1 - Дәріс
3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары.

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, ӛнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, кӛркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.

XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін ӛңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рӛлін анықтауға, психикалық әрекеттің тӛменгі түрден жоғары түрге кӛтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.

Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап кӛрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, ӛсіпдамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық ӛзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін.

Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б.

ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жанжақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психологияның қай саласы болсада күнделікті ӛмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, ӛмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.

Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның ӛнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.

Инженерлік психология – еңбек психологиясы бӛлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, ӛңдеу оны жобалау үлкен орын алады.

Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.

Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар кӛретін адамдар психологиясын зерттейді.



Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын

бӛлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарын қарастырады.



Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді.

Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады.

Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.

Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бӛлінеді:

а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты ӛзге де мәселелерін зерттейді;

ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.



Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарымқатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бӛлімдерге бӛлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың ӛзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық кӛмек кӛрсететін клиникалық психологиядан.

Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сӛзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқутәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.

Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күшқуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, ӛткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт ӛнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.

Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасӛспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық психология салалары бар.

Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.

Ӛнер психологиясы – қызметтің ӛнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Ӛнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық кӛркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.

Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық кӛріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы ӛзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- қатынасын, дін психологиясының ӛзекті мәселелерін де зерттейді.

Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады.



Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талаптілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.

Сонымен, психология ғылымының ӛмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сӛзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған