1-дәріс компьютерлік лингвистикаға кіріспе қарастырылатын мәселелер



бет1/3
Дата14.09.2022
өлшемі1.77 Mb.
#290280
  1   2   3
Байланысты:
дәріс
umkd, Басқарушы шешімдер қабылдау психологиясы

1-дәріс

КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАҒА КІРІСПЕ

Қарастырылатын мәселелер:

  • лингвистика – тілдің қалыптасуы мен даму заңдылықтары жайлы ғылым;
  • теориялық және қолданбалы лингвистика ұғымы;
  • қолданбалы және компьютерлік лингвистиканың арақатынасы;
  • тіл – таңбалар жүйесі; табиғи және жасанды тіл;
  • жасанды тілдердің түрлері.

Тіл – өте күрделі, көп қырлы, сан салалы құбылыс. Ең алдымен, ол – адамдар арасында қарым-қатынас жасауды жүзеге асырушы көне таңбалар жүйесі. Тіл – сонымен бірге адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі дамытушы, ерік-жігерін, сезімін білдіруші, мәдени-тарихи дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.

Тіл – өте күрделі, көп қырлы, сан салалы құбылыс. Ең алдымен, ол – адамдар арасында қарым-қатынас жасауды жүзеге асырушы көне таңбалар жүйесі. Тіл – сонымен бірге адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі дамытушы, ерік-жігерін, сезімін білдіруші, мәдени-тарихи дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.


Қолданбалы лингвистика – машиналық аударма жасау, автоматты түрде ақпарат іздеу, жазуды ойлап табу және жетілдіру, ауызша сөйлеудің транскрипциялық жүйесі мен бөгде тілден кірген сөздердің транслитерациялық жүйесін құру, көзінде ақауы бар адамдарға арналған жазу жүйесін жасау, жаңа бұйымдар мен зат атауларының даму үдерістерін зерттеу, қалыптасу ережелерін үйрету, арнайы лингвистикалық анықтамаларды құру тәрізді қазіргі заманғы практикалық міндеттерді шешу үшін оның мүмкіндіктерін пайдалану негізінде тіл теориясы мәселелерін қалыптастырудағы тіл білімінің бағыты.
Қолданбалы лингвистиканың дәстүрлі бағыттары мен міндеттері:
– жазуды құру және жетілдіру;
– ауызша тілдің транскрипциялық жүйелерін құру;
– шет тілдік сөздердің транслитерациялық жүйелерін құру;
– стенография жүйелерін құру;
– зағиптарға арналған жазу жүйелерін құру;
– ғылыми-техникалық терминологияны бірыңғайлау, біріздендіру және стандарттау;
– жаңа бұйымдар, тауарлар, химиялық қосындылардың атауларының жасалым ережелерін құру және үрдістерді зерттеу;
– мәтіндерді шет тілдік формаға (аударма) дұрыс аудару әдістемесін құру;
– тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде