1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер



бет1/59
Дата21.04.2021
өлшемі1.2 Mb.
#52979
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ӘЛЕУМЕТТАНУ
119-17, эстафета , эстафета , 6 лаб Ордабек Асем (1), НААР 2020, 19 сонгы қаз әдістеме силл) (1), 13-апта.Қазақ т.1301-39.Смаил А., Практика 1Бсын.1301-39т., Практика.1Б сыныбы, 1301-39 тобы.Инновация.2-апта, Новый документ, 13апта.Анарбай Аружан 1701-10, 452393.pptx, Документ Microsoft Word

1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде

Әдебиеттер:

  1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері, Алматы, 2004

  2. Тұрғынбаев А.Х. Әлеуметтану: лекциялар курсы, Алматы : Білім, 2001

  3. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010


Жоспар:

1.Әлеуметтанудың ғылым ретінда қалыптасуы.

2.Әлеуметтанудың обьектісі мен зерттеу пәнінің ерекшелігі.

3.Негізгі әлеуметтік ұғымдар әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым.

4.Әлеуметтанудың философиямен, тарихпен, психология мен, экономикамен,

саясаттанумен байланысы.

5.Әлеуметтанулық теория, оның негізгі дәрежелері
1.Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееуметтанушысы Огюст Конт өзінің алты томдық «Позитивті философия курсы» атты еңбегінің үшінші томында енгізді.

Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.

Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

Әлеуметтанудың пәні - қоғамның құрылымы, ондағы әлеуметтік үрдістер, әлеуметтік қатынастар. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - қоғам. Әлеуметтану – жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым.



2. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатын объективті шынайылық ретіндегі нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.

Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол - саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру