1 дәріс (дәріс тақырыбы) Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі


Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі



бет9/9
Дата20.01.2023
өлшемі54.39 Kb.
#417720
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Чалгымбаева Айнур 1-практикалык жұмыс инклюзив
4 Ситуационные задачи 4211a9b1123772c3ab4d465109f18011, Документ Microsoft Word, Чалгымбаева Айнур 9-практикалык жумыс инклюзив, Чалгымбаева Айнур 7-практикалык жұмыс инклюзив, Чалгымбаева Айнур 8-практикалық жұмыс инулюзив, ЧАЛГЫМБАЕВА АЙНУР 2-ПРАКТИКАЛЫК ЖҰМЫС ИНКЛЮЗИЯ, жпкмб рерферат
Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі.
1.1 Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру.
Францияда арнайы білім беру өз күшін даму кемістіктері бар балалардың көпшілігін жалпыға білім беру мектебіне интеграциялауға бағыттайды. Жалпыға білім беру процесіне даму бұзылыстары бар балаларды қосу төрт нұсқалар бойынша іске асырылады:

І нұсқа: бала жалпы бағдарламалары бойынша оқиды, бірақ мектеп қабырғасында және мектептен тыс уақытта оған қосымша қызметтер ұсынылады: емдеу шаралары, тәрбиелік мінезді шаралар және т.б.


ІІ нұсқа: бала жалпы мектеп бағдарламалары бойынша оқиды, қосымша қамқорлықпен пайдаланады және қосымша арнайы бағдарламалар бойынша оқиды.


ІІІ нұсқа: негізгі мектептік уақытта бала арнайы сыныпта арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуы тежелген балалар). Уақыттың екінші бөлігінде өзімен жасты балалармен жалпы бағдарлама бойынша оқиды.


IV-нұсқа: бала тек арнайы сыныпқа барады, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте бұл интеллект бұзылыстары бар балалар). Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады: бірге тамақтану, тәрбиелік іс-шаралар мен уақытты бірге өткізу, спорттық жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысу.


«Мектептік бейімделу мен интеграциялану» Француздық Ұлттық Орталықтың мәліметтері бойынша, мемлекетте соңғы бірқатар жылдарда арнайы сыныптардың жойылуы жүргізіледі, 1991 жылдан бастап арнайы педагогикалық комиссия арқылы жіберілетін ақыл-есі, сенсорлық немесе моторлық бұзылыстары бар балалар мен қалыпты балалар оқитын мектептік интеграциялау сыныптары құрыла бастады. Франция интеграцияға бағытталды, ал бұл жағдай дәстүрлі арнайы мектептердің бағытын өзгертуге соқтырды - балалардың бір бөлігі интеграциялау сыныптарына немесе жеке оқуға жіберілді. Арнайы мамандардың біреулері оқыту қызметіне және үйде арнайы көмек беруге қосылды, ал басқалары жалпыға білім беру мектептерінің оқушылары мен педагогтарына көмек көрсетуді іске асыруда.




1.2 Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды. Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді. Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі. Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы