Тəрбиешінің міндеттері:
заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтыру жəне құрастыру;
баланың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін, өз бетінділігін жəне шығармашылығын қалыптастыруда заттық-дамытушы ортаны ұтымды пайдалануға жағдай жасау.
Тек осы мақсат-міндеттер орындалған кезде ғана, мектеп жасына дейінгі баланың қалыпты дамуын, шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етуге деген мүмкіндік артады.
Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуы негізгі құралдардың бірі — орта. Орта — баланың жаңа білім мен əлеуметтік тəжірибесінің көзі. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық кеңістіктегі орта мектепке дейінгі баланың белсенділігі ғана емес, өздігімен əрекетін, өздігінен білім алуын қамтамасыз етеді. Ересектер баланы өнерге баулығанда жеке тұлғаның эстетикалық жəне өнегелік жағынан дамуына, оның «ізгіленіп, өнерден бірлесіп лəззат алуына жағдайлар жасайды». Жеке тұлғаға бағдарланған үлгінің қағидалары мектепке дейінгі ұйымды дамытушы орта құрудың мына ұстанымдарын қамтиды:
аралықтар, өзара əрекеттестік кезіндегі орныққан орындары;
белсенділік, дербестік, шығармашылық;
тұрақтылық-ұтқырлық;
жинақылық пен оңтайлылық;
ортаның əсерлілігі, əр бала мен ересектің жеке жайлылығы мен сезім қолайлылығы;
ортаны эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыруда үйреншікті жəне əдеттен тыс элементтерді үйлестіру;
ашықтық-жабықтық;
балалардың жыныстық жəне жас ерекшеліктерін ескеру.
Дамытушы ортаны құрудың зерттелген ұстанымдарын айта келе, авторлар мынадай тұжырым жасады: «Балалар мекемелерінде ортаны ұйымдастыру осы аймақпен тарихи байланысты фольклор элементтері бар сəндік-қолданбалы кəсіпшілік мəдениеттің аймаққа тəн ерекшеліктеріне де негізделеді. Бұл, сөз жоқ, балалардың отаншылдығын, өзінің туған жері үшін мақтаныш сезімін,«шағын отан» туралы түсініктері мен оған деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға көмектеседі».
Зерттеушілер Р.И.Куличенко, Р.М.Егорова РБА ЦСП-мен бірлесіп, ашық əлеуметтік- педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеме қызметінің тұжырымдамасын əзірледі. Авторлар мектепке дейінгі мекеменің ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі негізі шағын қоғам жағдайларын барынша ескеріп, мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдармен, отбасымен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету деп есептейді. Шағын қоғамдағы ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеменің қызметі, авторлардың пікірінше, қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалу мен көмек алу жөніндегі отбасы мен балалар құқықтарының жүзеге асуына ықпал жасау, əлеуметтік институт ретіндегі отбасының дамуы мен нығаюына, əлеуметтік саулық пен амандық көрсеткіштерінің көтерілуіне жəрдемдесу, қоғаммен жəне мемлекетпен, еңбек ұжымдары жəне қоғамды құйымдармен байланыстарды ізгілендіру, үйлесімді ішкі отбасылық қатынастарды орнату. Авторлар ұсынған тұжырымдама балабақшаның педагогикалық қызметін аудандық қоғам жағдайларына барынша бейімдеп, онда ортаның əлеуметтік институтымен өзара əрекеттестігі негізінде тəрбие əлеуетін құру, дербес негізде үйлестіруші жəне ұйымдастырушы тəрбие орталығын ұйымдастырушы жəне ықшам ауданның барша ортасын педагогикамен қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда аталған тұжырымдамада балаға əлеуметтік тəрбие беруде айналадағы ортаның дəстүрлерін игеруге негізделген мəдениеттанушылық көзқарас жетіспейді.
О.В.Дыбина-Артамонованың зерттеуінде бұйымдық əлем əлеуметтік болмысты тану көзі ретінде қарастырылады. Автор: «Нақтылы іс-əрекет процесінде бұйымдық əлемнің тұрақты əсерінің арқасында бала ересектердің шығармашылық əрекеттерінің нəтижелері туралы білім беретін жəне қолдан жасалған дүниеге болжамды көзқарасты дамыту үшін түрткі болатын бұйымды ортаға ретроспективті көзқарасты игереді, — деп санайды. О.В.Дыбина-Артамонованың пікірі бойынша, осының бəрі баланың затты қалай жетілдіріп, əдемі, пайдалы етуге болатыны жайында ойлану қабілетін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. «Заттар əлемін» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық əлемге шығармашыл көзқарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланың ойынды қажетсінуі ойыншықтардың алуан түрлері арқылы, еңбекте жұмыс құралдары арқылы қанағатандырылады. Адамның табиғи қажеттіліктері оның тұрмыс-тіршілігі үшін керек болатын заттар: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киімдер, жеке бастың тазалығына қажетті заттар жəне т.б. арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Музыкалық аспаптар, суреттер, кітаптар, қолданбалы халық өнерінің туындылары — бұның бəрі баланың да, ересектердің де рухани жəне зияттық қажеттерін қанағаттандыруға көмектеседі. Сөйтіп, ғалым заттық əлем ақпараттық, сезімдік жəне реттеушілік қызмет атқарады да, балалардың бойында бұйымдар ересектердің шығармашылық əрекеттерінің жемісі деген ұғымды, «адам-бұйым» байланысы туралы түсінікті жəне əлеуметтік танымын қалыптастырады.
Əлеуметтендіру мəселесін көтерген О.Нұсқабаевтың ойынша, іс-əрекет өскелең ұрпақты əлеуметтендірудің негізгі саласы болып табылады. Өйткені кез келген адам, ең алдымен, еңбек үстінде өзінің өмір сүру ортасынында, өзін де өзгертеді деп көрсетеді. Бұдан заттық-дамытушы ортамен іс-əрекеті тұлғаны əлеуметтендірудің негізгі шарты жəне қоғамның маңызды қызметі деп түсінуге болады. Мектепке дейінгі баланың əлеуметтенуі — тұлғаның қажетті өмір тəжірибесін жинақтап, қоғамдағы тəртіп нормалары мен ережелерін игеруі. Сондықтан баланы қоршаған орта құндылықтарға негізделген, мəдени бағытта құрылуы шарт.
Н.Крылова күрделі субмəдени кеңістікке қосылу баланың бойында өнерде, дінде, əлеуметтік қозғалыстарда, білім алуда мəдени сұхбатына демократиялық бағдарлардың қалыптасуына көмектеседі. Күрделі субмəдени кеңістікке ену балаға қарым-қатынастың демократиялық ұстанымдарын — ойлау икемдігі, кең көлемде мəдени білімдер мен қызығушылықтарды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Білім, мəдениет жəне денсаулық министрлігінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 54 «Балалардың мектепалды даярлығының тұжырымдамасы мен бағдарламаларының жобаларын əзірлеу жəне апробациялау туралы» бұйрығына сəйкес «Мектепалды даярлық бағдарламасы» (5–6 жастағы балаларға арналған) (1998), «Балабақшада 5–7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары» (1999) жарық көрді. 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 бұйрыққа орай «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мəселелері туралы» (1999) Қаулысы жарияланып, соған сəйкес оның Ережесі мен Тұжырымдамасы ұсынылып, «Отбасында жəне балабақшада баланы мектепке даярлау бағдарламасы» (2000) жасалды. Бағдарламалардың мақсаты — қазіргі өтпелі кезеңдегі, еліміз экономикалық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанда, жас ұрпақты оқу-тəрбиелеу ісіне басты назар аударып, балаларды мектепалды даярлау.
«Кемпірқосақ» бағдарламасының мақсаты — əр баланың мектеп жасына дейінгі шақты көңілді əрі мазмұнды өткізуін қамтамасыз ету. Тəрбиенің əлеуметтік жағына «Бала əлемді тануда», «Бейнелеу іс-əрекеті», «Музыкалық қабілеттерді дамыту» деп аталған тарауларда көбірек көңіл бөлгенін атап өткен жөн. Бағдарламада өнердің əрқилы түрлеріне бағдарланудағы қайшылықтардың, жалпы көркем жəне əлеуметтік-мəдени тəрбиеге таяз көзқарастың орын алғанын бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, қай бағдарлама болса да, баланы əлеуметтендіруде заттық-дамытушы ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сəйкестігі болашақтың зерттеу проблемасы деп есептейміз. Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа əсерлер жəне білімдермен байытады, белсенді шығармашылық əрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дамуына мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі баланың жеке басын жəне танымдық процеcтерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын жəне тұтастай алғанда айналадағы əлеммен əлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттық-дамытушы орта — бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани жəне физикалық дамуының.функционалдық үлгідегі мазмұны. Заттық ортаның негізгі элеметтері — сəулетті-ландшафтық жəне табиғи-экологиялық объектілер; ойын жəне спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; тəрбие мен оқытудың аудиовизуалдық жəне ақпараттық құралдары болып табылады Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:
№ 3 дәріс т.б.
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
1.1 Ресейдегі инклюзивті білім беру.
1.2 Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.
1.3 Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру.
№ 3 дәріске семинар сабағының тақырыбы
Достарыңызбен бөлісу: |