2.Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру ұйымдарындағы заттық-дамытушылық орта Заттық-дамытушы орта баланың түрлі əрекеттерін қамтамасыз етеді, жеке белсенді əрекетінің негізін қалайды. Дегенмен де, мектеп жасына дейінгі баланың негізгі əрекеті ретінде ойын жетекші рөл атқарады. Ойындар балаларды мектепте оқуға даярлайды, əр адамға қажетті жеке сапалық көрсеткіштердің алғашқы баспалдағы болып табылады. Ойын əрекетін ұйымдастыруда, қарым- қатынас мəдениетін жүйелеуге қажетті баланың шығармашылық қиялын қалыптастыруда заттық- дамытушы орта ерекше орын алады. Оның мазмұны ойынның сипатына, таңдалуына жəне рөлдердің бөлінуіне ықпал етеді:
мектепке дейінгі мекемедегі заттық-дамытушы орта: мектепке дейінгі білім беру — адамның үздіксіз білім алу жүйесіндегі алғашқы баспалдақ. мектепке дейінгі білім берудің сапасы, білім беру қызметтерінің сапасы көптеген шарттармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде рационалды, мақсатқа бағытталған шарттар заттық дамытушы ортаны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруды міндеттейді. Мектеп жасына дейінгі балаға дамытушы заттық орта не үшін қажет? Жеке дамуындағы нақты кезеңдердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін. Жинақталған орта жағдайындағы іс-əрекет балаға белсенділігін, қоршаған ортаны еркін тануға деген қызығушылығын, танымын шығармашыл бейнелеуге деген ынтасын қалыптастырады.
Бұл кеңістіктің көлемі мен ұйымдастырылуы баланың жас ерекшеліктерімен байланысты. Заттық-дамытушы орта тəрбиешіге не үшін қажет? Мектепке дейінгі баланың жеке жəне жалпы дамуын жүзеге асырудағы тəрбиешіге өте сапалы көмекші құрал болып табылады. Дамытушы орта балалардың алуан түрлі жəне мақсатқа бағытталған белсенді əрекеттерінің көптеген мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Балалардың əрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тəрбиешіге қызмет көрсетеді, тəрбиелеу үдерісіне ықпал етеді.
Тəрбиешінің қызметі заттық-дамытушы ортаны жəне оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тəн қасиеттерін анықтауға жəне дамытуға көмектесу болып есептеледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін өзіндік дамыту жəне білім алуы жүзеге асатын дамытушы ортаны ұйымдастыруға балабақшада ерекше көңіл бөлінеді.
Тəрбиеші арнайы құрастырылған заттық-дамытушы ортада тəрбиелеу жəне білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдіс-тəсілдерді, формаларын пайдалануы қажет. Тəрбиешінің мақсаты: мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиеленуші дамуының əрбір кезеңінде жеке шығармашылығын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін заттық-дамытушы ортаны көп кезеңді, көп қызметті етіп құрастыру.