1. Деректердің негізгі түрлері. ІХ ғасырдағы араб, парсы деректері

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі25.77 Kb.
1.Деректердің негізгі түрлері.

2.ІХ ғасырдағы араб, парсы деректері.

Деректеметануда IX—XVII ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.

Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жаткан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы акпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпа-ларынан сыртқы қауіпсіздікті камтамасыз ету кажеттігімен де байланысты бодды.

Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридін (IX ғ.) туындыларында VII-VIII ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Онтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі кұнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-булдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық, болатын. Ат-Табари халифаттьщ әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам - әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл трак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этно-графиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары үланы-ның түрік гулямдарымен жакын таныс араб окырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери касиеттерін, олардың калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси теңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.

Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс анға-рында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз кағанының астанасына уақыты жағынан алғандағы алғашқы саясаты IX ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр саясатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (казіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді. Нак сол IX ғасырда араб тілді географиялық. шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байла-ныс және хабар беру кызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік географиялық анықтамалығы сақталып калған әлгіндей шығармалардын ен ертедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы кашықтықты көрсеткен, Онтустік Қазақстан мен Жетісу аркылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, карлұктар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.

Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы аукымды тарихи-этнографиялық материал бар. Онын кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыз-дар, карлұктар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кудама ибн Жафар «Харадж және хатшы әнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл-кита-ба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта бастығынын жоғары кызметін аткарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі колына түсіре алған ресми күжаттарды кеңінен пай-даланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар,таулар, әзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жол-дарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көніл бөлген. Онда мұсылман елдерімен кәршілес жерлер туралы да кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұктар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақ-стан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, калалар, коныстар және олардын аракашықтығы туралы нақтылы материал бар.

Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн әл-Факихтін (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап еткен жөн. Ол өз кітабын кебінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл- Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) шығармаларын негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялық материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық, онда түрік тайпалары (карлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және баскалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгідде жазды деуге болады. Бұл еңбектен климат тарихи-географиялық тұрғыдан суреттелетін бір томы ғана сақталған. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-на-сифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді.

9 ғ-да өмір сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әт-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады.



әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн Хордадбектің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты әкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) “Китаб әл-бұлдан” (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...