1 деңгей Қазіргі туризм- әлемдік экономиканың бір саласы ретін түсіндіріңіз



бет22/99
Дата11.04.2022
өлшемі157.29 Kb.
#220244
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99
Байланысты:
Туризм ответы
адам құқ, Основные понятия сертификации, Ип-18-6к1 Ербаева Анель Лаб-1, Еңбекті қорғау №2, Маркетинг-және-саясат, задачи, Ай күні толып туған нәресте.Күтім жасау, Нурила апай семиниар, СИЛ КАЗ Стилистика тіл мәдениеті, тест тжт, тест тжт, ХХ ғасыр басындағы силлабус, ОҚУ, ОҚУ, Окмпи
19. Баланстың құрылымы мен мазмұны Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңының 16-бабы бойынша және № 30 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға болып табылатын барлық кәсорындар мен ұйымдар бухгалтерлік баланс жасайды. Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады. Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді:актив және пассив. Баланстағы әрбір айқындама баланс бабы деп аталады.Баланстың екі түрлі жағы актив пен пассив болғандықтан, баланс баптары активтік немесе пассивтік болады. Баланс акивінің әрбір бабы шаруашылық құралдарының экономикалық біртекті түрлері,ал пассив баптары шараушылық құралдарының құрылу көздерінің экономикалық біртекті түрлері. Баланстағы барлық баптар топтарға, ал топтар бөлімдерге біріктіріледі. Баланс баптарының топтар мен бөлімдерге біріктірілуі олардың экономикалық мазмұнынан туындайды. Бухгалтерлік баланстарға шараушылық құралдары мен олардың құрылу көздерін көрсететін баптардан басқа осы шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің бағалау құнын реттейтін баптар да кіреді. Оларды реттеуші баптар деп атайды. Олар баланста тұратын баланс баптарының санын кеңейтеді,ақпараттардың көлемін арттырады. Баланстың реттеуші баптары екі түрде болады: тура реттейтін және контрарлық. Тура реттелетін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады, ал контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі. Реттеуші баптардан тұратын бухгалтерлік баланс (итал.brutto -таза емес) брутто, реттеуші баптарсыз баланс нетто (итал.Netto- таза) деп аталады. Баланс активі мынадай бөлімдерден тұрады: І бөлім. «Қысқа мерзімді активтер» мынадай баптардан тұрады: 1) ақша қаражаты және олардың эквиваленттері; 2) қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар; 3) қысқа мерзімді дебиторлық берешек; 4) материалдық қорлар; 5) ағымдардағы салықтық активтер; 6) өзге де қысқа мерзімді активтер. ІІ бөлім . «Ұзақ мерзімді активтер» мынадай баптардан тұрады: 1) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар; 2) ұзақ мерзімді дебиторлық берешек; 3) үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар; 4) инвестициялық жылжымайтын мүлік; 5) негізгі құралдар; 6) биологиялық активтер; 7) барлау және бағалау активтері; 8) материалдық емес активтер; 9) кейінге қалдырылған салықтық активтер; 10) өзге де ұзақ мерзімді активтер. Түсініктеме хатында олардың ішінен ұзақ мерзімге жалға берілген және жалға алынған негізгі құралдар жекен жеке ашылып көрсетілуі керек. Баланс пассиві мынадай бөлімдерден тұрады: ІІІ бөлім. «Қысқа мерзмді міндеттемелер» мынадай баптардан тұрады: 1) қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер; 2) салықтар бойынша міндеттемелер; 3) басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер; 4) қысқа мерзімді кредиторлық берешек; 5) қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері; 6) өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер. Егер заңды тұлға келісім шарттарға сәйкес ұзақ мерзімді негізде міндеттемелерді қайта қаржыландыратын болса, онда ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі ағымдағы міндеттемелерден алынып тасталады.Осы жағдайда міндеттемелердің сомасы мен қайта қаржыландыру мерзімдері нақты қарастырылуы керек. IV бөлім . «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыз және банк несиелері бойынша есепті кезеңге қарыздарды көрсету үшін арналған. 1) ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер; 2) ұзақ мерзімді кредиторлық берешек; 3) ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері; 4) кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер; 5) өзге де ұзақ мезімді міндеттемелер. Түсініктеме хатта заем беру шарттары мен несиелік келісім шарттардың басқа да ерекшеліктері және төлеу кезектілігі, несиелерді өтеу мерзімдері, пайыздық мөлшерлемелері (ставкалары) нақты көрсетілуі керек. V бөлім. «Капитал» мынадай баптардан тұрады: 1) шығарылған капитал; 2) эмиссиялық кіріс; 3) сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар; 4) резервтер; 5) бөлінбеген пайда; 6) аздық үлес. Түсініктеме хатта заңды тұлғаның есепті кезеңіне жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы ақпараттарды міндетті түрде ашып көрсету керек. Акционерлік қоғамдарда акциялардың әрбір түрі бойынша мынадай мәліметтер ашылып көрсетілуі керек: • жарияланған, шығарылған және айналымдағы ( жарияланған, жазылған және төленген капитал) акциялардың сомалары мен саны; • төленбеген капитал; • акциялардың номиналдық және ағымдағы құны; • оларды иеленушілердің құқықтары, дивидендтерді тарату және мүліктердің бір бөлігін төлеу шарттары; • артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивидендтер; • заңды тұлғаның сатып алған меншік акциялары(қайтарып алынған капитал эмиссиялық кіріс) ; • опциондар бойынша болашақта шығарылуға жарияланған акциялар және олардың шығарылу шарты мен сомасы көрсетілген есепті кезеңге опциондар бойынша шығарылған акциялар..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы