Айдап келіп берерсің,
Алдыңдағы малыңды.
Он екі ата Жалайыр
Аршынға қолын сермеген,
Маңына дұшпан келмеген.
Маңдайыңды қақ жарып,
Қаныңды судай шашайын
Жетім құрыш қылышпын..
Хандар соққан құрышпын,
Тастан неге қайтайын?!
Жалпақ жатқан Найманым!
Құлашын кең жайғаным,
Құдайындай силайтын,
Үйіне келген мейманын!
Түр-түрлікті қоймадың,
Сүйінбай сынды ақынды,
Жеңемін деп ойладың!
3-БӨЛІМ Берілген екі тақырыптың біреуін таңдап, шығармашылық жұмыс жазыңыз. [10] Көлемі: 100-120 сөз
Айтыс өнері сан ғасырды басынан өткерсе де, дамуын тоқтатқан емес, бүгінгі күнге дейін жаңа қарқында өркендеп келеді. Айтыс жанрының сан қырлы ерекшелігін талдап жазыңыз, дамуына, бүгінгі көрінісіне заманауи баға беріңіз.
Заман өзгеріп, жаңарып отырады. Оның екі жағы бар. Бірі – пайдалы тұстары, екіншісі – зиянды жағы. Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауында берілген зар заманның белгілері әр заманда да кездеседі деп ойлаймыз. Ойыңды жүйелеп, ақын өлеңіндегі зар заман белгілері қазіргі заманда кездесе ме?-деген сауалға жауап беріп, «Заман қамын ойлаған - саналықтың белгісі» тақырыбына эссе жазыңыз.