1 Қазақстандағы əлеуметтік экономикалық жағдай тəуелсіздік үшін күрестің Алғышарттарын қалыптастыру Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі407.65 Kb.

1 ) Қазақстандағы əлеуметтік – экономикалық жағдай – тəуелсіздік үшін күрестің Алғышарттарын қалыптастыру Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мəселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кəсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, əдіс-тəсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Əр елдің өзіне тəн, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дəстүріне, нақтылы сая- си, əлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сəйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны əлемдік тəжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай əр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нəтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жəне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кəсіпорындардың үлесі өсіп, бəсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең əуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі жəне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен əуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тəртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нəтиже бермеді. 2) Қазақ қоғамының дəстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер, Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі Дəстүрлі қазақ қоғамының əлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері 20 Тамыз 2013 1368 0 1 Қазақ қоғамының құқықтық негіздерінің қалыптасуы жəне дамуы 1.1 Қазақтың əдеттік-құқықтық жүйесінің тарихи бастаулары Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дəуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – əдеттік-құқықтық жүйе. Əдеттік-құқықтық жүйенің мəдени жəне демократиялық дəстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мəнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың əдеттік-құқықтық жүйе- сінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өрке- ниеттің шаруашылықтұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың əдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мəдени бай- лығы. Ол мыңжылдық тарихымен жəне өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді. Қазақтың құқық- тық жүйесінің тарихын зерттеу қазақ қоғамының өмір тіршілігін жəне мемлекеттің саяси билік, əлеу-меттік құрылымы маңындағы күрделі мəселелерді анықтауға жол ашады. Қандай құқық болса да қоғамның талаптарына орай туындайды, бұл жағдай қазақ қоғамына қатысты күрделі мəселелерді қарастыруда əдеттік- құқықтық қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің құқықтық қатынастарды реттеу əрекеті түрлі тари- хи кезеңде өткенімен,

оның қызметі жəне ішкі мəні жақын болды. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық мəдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақ- стан территориясында көне дəуірде өмір сүрген тайпалардың жəне табиғи-дəстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тəн құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Қазақ құқығының тарихи бастауларын, ең алдымен дағдылы құқық немесе əдет-ғұрып нормалары құрайды. Екінші кезеңде - қазақ əдеттік-құқықтық қатынастарына ықпал жасаған шариғат заңдары. Үшінші - кезең қазақ даласында билік құрған жеке билеушілердің құқықтық заң ережелері, «хан жарлықтары». Төртінші кезеңді қалыптасқан дəстүрлі қазақ қоғамының заң шығармашы- лығымен айналысқан билер институты құрайды. Қазақтың құқықтық жүйесін құрайтын дағдылы ережелер алғашқы адамзат қоғамының қалыптасуымен қатар жүрді. Қоғам- дық қатынастардың күрделенуі əдеттегі нормалардың құқықтық негізде сипат алуына əсер етті. Алғашқы құқықтық қатынастардың пайда болуы əлеуметтік үдерістің жемісі болды. Көшпелі қоғам жағдайында рулық қатынастардың үзілмей сақталуында, көшпелі мал шаруашылығындағы қатынастарды реттеуде əдет-ғұрып құқы- ғы тиімді жол болып табылды. Қоғамдағы сұранысқа ие ереже- лердің қалыптасуы үшін оның ішкі саяси құрылыммен, шаруашылықпен жəне рухани мəдениетпен ұштасып жатуы қажет болды. Осы ережелер қоғамның өз ішінде пайда болып, оның іске асуын қадағалау нəтижесінде ру мүшелерінің міндеттері мен құқықтары қалыптасты. Құқықтық жүйенің пайда болуына əлеуметтік жəне табиғи орта барынша ықпал етті. Осыған орай əр қоғамның өзіне сай құқықтық тəртібі мен меншік құқығы енді. Көшпелі қоғамдағы рулық қатынастың беріктігі индивидтік құқықтың қалыптасуына тосқауыл болды. Қоғамдағы жеке индивидтің іс-əрекеті рулық құқық негізінде қарастырылды. Құқықтық қатынастардың күрде- ленуіне төтенше жағдайлар да əсер етті. Сыртқы жаудан қорғану мақсатында рудың əр мүшесі жауынгер болды, ал ерекше қабілеті бар ру мүшесіне басқару құқығы берілді. Бейбіт өмірде құқықтық қатынастар əдет-ғұрыптарға негізделді. Бұл құқық отбасы, шаруашылық, қылмыстық істерді қамтыды. Көптеген зерттеулерде халықтардың дəстүрлі құқықпен қатар халықаралық, сауда құқығының болуын ол халықтың мемлекеттік құрылыс деңгейіне көтерілгендігінің айғағы ретінде қарастырылады 3)Қазақ зиялылпрының қалыптасуы, əлеуметтік құрамы, білімі, қызметі Осы кезеңде құрылған оппозициялық партиялардың бағдарламаларынан абсолютті монархияның саяси жүйесіне демократиялық институттарды енгізу, самодержавиелік билікті конститутциялық тəсілдермен тежеу, саяси билікті төңкеріс жасау арқылы құлату сияқты көзқарастар көpiнic тапты. XX ғасырдың басында либерализм мен консерватизм идеяларын ұштастырған «Бейбіт жолмен жаңару партиясы», мемлекеттік мəселесінде парламенттік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Оларды қолдаған либералдық негіздегі "Конститутциялық демократиялық (кадеттер) партиясы" саяси билікке тіпті төңкеріс жасау арқылы қол жеткізіп, демократиялық жолмен социалистік жүйені орнатуды енгізуді ұсынады бағдарламалық мағынада насихаттады. Большевиктер партиясы, социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей мемлекетілік ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист-революционерлер партиясы (эсерлер) құрылды. Қазақстанның Ресей бодандығына етуіне байланысты хандық билік жойылып, қазақ қоғамының өмipi əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап, аймақ капитаистік қатынастар ауқымына тартылды. Алайда империя отарындағы Қазақстанның орталықтан шалғай орналасуы, көшпелі өмip салты қазақ халқын Ресейдегі саяси өмірден алыс етіп, саяси белсенділік танытуға кедергі келтірді. Əйтседе Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мəдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына əcipece кадеттер партиясының əcepi болды. Кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясының құрамына еніп мүшелікке eніп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Əлихан Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған қатысты С.Асфендияров былай деп жазды: "Қазақтың буржуазиялық интелигенттері орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен (кадеттермен) одақ болды. Ə.Бөкейханов кадет партиясының кіндік (орталық) комитеттің мүшeci болды. I, II Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ə.Бөкейханұлы, М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Қалменұлы т.б кадеттер басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз "мұсылман фракциясы" деген де болды 4)Жəдидтік ағартушылық ойлары, Мұсылмандық қоғамдар мен партиялар жəне олардың қызметі, ( Иттифак-эль-муслимннің рөлі) Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, əділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам

талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо,Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, əсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бəрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластик. ой ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырда əлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едəуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды. қ.Абай, Алтынсарин.[1]Ағартушылық - XVIII-XIX ғғ. дамыған идеялық ағым. Бұл ағымның өкілдері ізгілік, əділеттілік идеялары арқылы қоғам кемшіліктерін, саясатты түзетуге күш салды. Негізгі өкілдері Вольтер, Руссо,Монтескье жəне т.б. Басты идеяларын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, билік өкілдеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бəрі адамдардың надандығынан, олардың өздерін бағалай білмеуінен деп түсіндірді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни наным-сенімдерге қарсы болды. Ағартушылар сол қоғамда əлеуметтік көзқарастардың қайта қалыптасуына ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі ағартушылықтың өзіндік сипаты бар 5) Бірінші орыс революциясының қоғамдық – саяси қозғалысқа мəсері, Қарқаралы петициясы ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің əлеуметтікэкономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, əсіресе, олардың ірі əкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында жəне мəдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды. Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нəтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дəлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда -15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едəуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда 25,6%, Оралда – 20%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жəне басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты əсер еткендігін аңғаруға болады. Ал, жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар жəне басқа да ұлт өкілдері қоныстанды. Ерекше назар аударатын тағы бір жайт - ол өлке тұрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кəсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Сонымен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кəсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған. Сонымен, XX ғ. басындағы Қазақстандағы əлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық əкімшілік пен кəсіпкерлікке байланысты əлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады. XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркəсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркəсіп жатқызылды. Əсіресе, тау-кен өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын

еліміздің тау-кен кəсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін жəне рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркəсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды 6)Қазақтардың Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думалардың жұмысына қатысуы, Аграрлық мəселе жəне депутаттары Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін əйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сəуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ə. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды. Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мəжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. 7)Қазақ саяси элитасының ( Ə.Н. Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев жəне т.б) қазақ халқының тарихы мен мəдениетін зерттеу əрекеттері. Элита – ең таңдаулы адамдардың қауымы. Халық басқарушы билікке түгелдей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзеледі, еліктейді. Элита дегенде, жоғарғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы билеуші элита – формальды топ қана, олардың көпшілігі бұған кəдімгі қызмет, кəсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жолы, мансап ретінде қарайды. Бұл топты нағыз элита деп емес, билеуші топтың мүшелері ретінде қабылдау қажет. Бұған қарағанда, элита, интеллигенция болу жүре пайда болатын ерекшелік емес, ол туабітті қасиет, адам зиялы болып дүниеге келеді, бұл қасиет оның қанында, тегінде жатыр. Халықтың жадында қалған тұлғалар билікке таласпай-ақ өз парыздарын атқарған. Осындай бейресми элита өкілдері қоғамдық жүйеге, халықтың дүниетанымына, мінезқұлқына орасан зор ықпал ете алады. Мысалы, Лев Толстой ешқандай ресми лауазымға ие болмаса да, сол кездегі орыс қоғамында үлкен рөл атқарды. Қазақ қоғамында да бүкіл халықтың мұң-зарын арқалап, билікке жеткізу жолында азап шегіп, тер төккен тұлғалар көп. Солардың ішінде, əсіресе, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уəлиханов, Абай, Шəкəрім гуманитарлық интеллигенцияның көшбасшысы ретінде ұлттық жаңғыруға үлкен үлес қосты. Қазақтың гуманитарлық элитасы құрамы жағынан əрқилы болды, олардың арасында ата-тегінен төре, би-болыс болғандар да, қарапайым халықтан шыққандар да бар. ХІХ-ХХ ғасыр шегінде ұлттық-саяси белсенділік танытып, қазаққа қызмет ету жауапкершілігін алған осы əлеуметтік топ болатын. Сондай-ақ, олардың бүкіл іс-əрекеті, өмірі мен шығармашылығы зиялылық, интеллигенттілік деген ұғымдардың түпкі мəн-мағынасына сəйкес келді. Бұл тұлғалар рухани тазалық, дегдарлық, аскеттік, биік гуманизмімен ерекшеленеді. Дүниеауи тірлік пен пенделік ұсақтықтан жоғары көтеріліп, ұлт мүддесін мұңдайтындарды қазақ əулие санап, табынатын піріне айналдырған. Жалпы, интеллигент деген тек жоғары білім, кəсіп, мамандық иесі болу емес. Біз мұнда интеллигенцияға анықтама беруден аулақпыз, бұл оның ең үздік өкілдері туралы ойлар ғана. Тарихи тəжірибеге зер салсақ, интеллигент болу жақсы тəрбие мен жақсы тек, ақыл мен сана арқылы келеді. Интеллигент тұлға – рухани болмысы пенделігінен басым тұратын тəуелсіз ой иесі. Оның еркін ой-пікірі, ұстанымы билік құрып тұрған идеологиялық шеңберге сыймауы да мүмкін. Себебі, олардың интеллектуалдық қабілеті, парасатты көрегендігі құрсауға көнбейді, шеңберге сыймайды. Ол өз ұстанымына тұрақты, табанды. Белгілі бір уақыт мезетінде көзқарастарын күрт өзгерту оларға жат. Өйткені, «Ұлтына, жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден» (Əлихан Бөкейханов). Олар өз ұстанымдарына қайшы келетін кез-келген көзқарасқа қарсы əрекет етеді. Осы берік ұстаным олардың қара басының қамын ойлап, ресми биліктің қолшоқпарына айналуына жол бермейді. Тіпті, олардың бұл таңдауын түсіну үшін де өре керек. Бірақ, мұндай тұлғалар аз болуы заңды. Нағыз зиялы, интеллигент тек өзінің адамгершілік

категорияларына – ар-ұятына, намысына ғана бағынады. Бұл қасиеттер тіпті аскетизммен де астасып жатыр. Ар-ұят – оның қадір-қасиетінің қорғаушысы, жол сілтеушісі. Қазақ халқы ұлт, мемлекет, ел ретінде осы күнге дейін келіп жеткені үшін өзінің ел бастаған ардагерлеріне, қол бастаған батырларына, сөз ұстаған би-шешендеріне, яғни, бүкіл көшбасшы қайраткерлеріне қарыздар. Олар зиялы деген атына лайық ұлт алдындағы парызы мен жауапкершілігін терең түсінді жəне оны орындады. Ал, бүгінгі қазақ зиялысы, ұлттық интеллигенциясы қандай, ол алдыңғы толқынмен сабақтастығын сақтай алды ма, жоқ па, жалпы зиялы деген атқа лайық па деген сұрақ туады. Иə, алғашқы қазақ интеллигенттері, элитасы кімдер еді? Жалпы, қазақ элитасы мен интеллигенциясының бастау көзі сонау түркілік дүниетанымда, рухани-мəдени құндылықтарда, түркі халқына тəн өмір сүру ережесіне айналған үйлесім мен парасаттылықта жатыр. Көк Тəңіріне табынған аспан текті бүкіл түркі халықтарына ортақ əлФараби, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи жəне т.б. ғұламалар университет білімін тауыспаса да, ең биік адами жəне рухани көркем біліктерге ие болды жəне сол қабілеттерін бүкіл адамзаттың рухани-мəдени игілігіне жаратты. Қазақ халқының тарихи даму кезеңдеріне сəйкес жəне қалыптасқан жағдайға қарай өзінің ұлттық көшбасшылары болды. Əрқилы кезеңдерде ақсүйектер, хан тұқымы, діни көсемдер, байлар осындай міндет атқарды. Жаугершілік кезеңдерде батырлар, қолбасшылар ел алдындағы өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Мысалы, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар қазақтың жойылып кету қаупі төнген кезде көптің ішінен суырылып шығып, қол бастады. Осындай батырлар – жаугершілік заманның зиялылары, олардың миссиясы – қалың əскерді жұмылдырып, жауына тойтарыс беру арқылы елі мен жерін сақтап қалу болды. Қазақты дербес мемлекет еткен хандық замандағы саяси жəне рухани элита мен интеллигенцияны билер, батырлар, қолбасшылар, интеллектуал ақындар мен шешендер, абыз жыраулар құрады. Бірінші Қазақ мемлекеті тұсында өмір сүрген абыз жырау, ойшыл-философ Асан Қайғы өз заманының нағыз көшбасшы тұлғасы болды. Оның мифтік бейне емес, нақты өмір сүргені дəлелденген. Асан Қайғы сол кездегі Қазақ хандығының саяси элитасының ұлт үшін ұйымдасып, бірігу жолына түсуіне үлкен ықпал еткен қайраткер. Ол халықтың қамын ойлап, ханның өзіне сөзін өткізді, теріс қылығын бетіне басты. Асан Қайғының өзіндік азаматтық ұстанымын жүзеге асыруға тырысып, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы үшін қызмет етуі жəне сөйтіп өзінің интеллигенция, элита өкілі ретіндегі міндеті оның жеке бас мүддесін ойламай, басты орынға халықты қоюынан анық көрініс тапқан. Ханның кеңесшісі болған Асан ата ен даланы елсіз қалдырмау үшін, көшпелі елден мемлекет, біртұтас держава құру үшін, хан мен халық арасындағы мəмілегер, дипломат, саясаткер ретінде жаңа мемлекетті өз қолымен құруға атсалысты. Желмаясымен жер шолып, қазақ елінің мемлекеттік шекарасын айқындап, даланың əрбір түкпіріне географиялық сипаттама берді. Оның «Жерұйық» идеясы – тұтас бір стратегиялық бағдарлама, əлеуметтік саясат, үйлесімді, тұрақты дамудың баламасы, əділетті заң үстемдік құрған кемел елдің бейнесі. Асан ата бүкіл Қазақ ордасының зиялыларын бір мүдде төңірегіне топтастыруға ұмтылды. Əрине, Асан Қайғының барлық тілегі жүзеге асқан жоқ, тіпті, Жəнібек ханның өзі кейде оның ақыл-кеңестерін қабылдамады. «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің, Қымыз ішіп, қызарып, Мастанып, қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай, Елеуреп неге сөйлейсің?!» десе, ол төніп келе жатқан бодандықтан сақтандырғаны. Енді, бірде «Еділ қатса кім өтпес, Едіге өлсе кім кетпес», – деп, көшпелілер өркениетінің күні таяп қалғанын болжады. Бүгінгі күні құрылғанына 550 жыл толған Қазақ хандығы сол дəуірдегі қазақтың саяси жəне рухани элитасының: Керей мен Жəнібектің, Асан Қайғының, Жиренше шешеннің жəне т.б. басты жетістігі. Халықтың тұрмысы, арман-тілегі басты мұң-зарына айналған Асан Қайғының бүкіл дүниетанымы мен көзқарасы адамгершілікке, əділеттілікке, ар-намысқа негізделді. Қарапайым халықтың əлеуметтік қажеттіліктері үшін күресіп, халыққа қажетті нəрселерді хан алдына қойып отырады. Осы тілектердің іске асуын ханнан талап етеді. Асан Қайғының Қазақ хандығы тұсындағы барлық іс-əрекеті, қабілеті, кемеңгерлігі оны қазақтың алғашқы интеллигенттерінің бірі, рухани элита өкілі деп санауға негіз береді. Хандық билік тұсындағы саяси элитаның тағы бір табысы – Тəуке ханның тұсында дүниеге келген «Жеті Жарғы» заң жинағы. Осы бір дəстүрлі дала құқығының ерекше үлгісі сол кездегі Хан Кеңесі мен Төле би, Əйтеке би, Қазыбек би бастаған зиялы қауымның ақыл-парасатының жемісі. Хан кеңесі – атақты батырлар мен əділдігімен аты шыққан билерден, хан-сұлтандардан құралған ең жоғары саяси элита. Кеңестің шешімдерін хан да, халық та бұлжытпай орындауға міндеттілігі оның беделі мен əділдігінің айғағы. Қазақ елінің Ресей патшалығының қол астына кіруі саясиəкімшілік реформаларды ала келді. Осы тұста тарих сахнасына қазақ зиялыларының жаңа толқыны шықты. Оның басында Шоқан Уəлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы

тұрды. Ыбырай Алтынсарин отаршылдардың қарсылығынан қаймықпай, қазақ қоғамын мектеп ашып, білімге жетелеу арқылы көтеруге ұмтылуы, Шоқанның ғалымдығы, зерттеушілігі, ағартушылығы, демократтығы жəне т.б. қасиеттерімен қоса, оның «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді» деп, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болуы зиялылықтың ең биік үлгісі. ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Əлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тəуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сапында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Əлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров жəне т.б. тұрды. Ар, намыс, əділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерьлерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ жəне бұған заман да мұрша бермеді. Алаш интеллигенциясының мақсаты олардың өз сөзімен айтқанда: «Əр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс» (Ə.Бөкейханұлы), «Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мəдениетін мүмкін болғанша көтеру…» (А.Байтұрсынұлы), «Кез болған соң кер заман біздің баққа, Жау жарағын асырып, міндік атқа. Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын, Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа» (М.Дулатұлы). Олар жасаған құрбандық, яғни, тыныш тіршілік пен бұйығы өмірден бас тартып, озбырлық пен отаршылдыққа қарсы бастарын тігуі олардың алдына қойған мақсатына жету үшін жасалды, бұл жай мақсат емес, бүкіл бір ұлттың, халықтың мүддесі, болашағы, тəуелсіздігі. Басты құрбандық – өмір. Өз өмірін пайдаға – халықтың пайдасына жарату. Алаш арыстарының дүниетанымдық позициясы берік, ол – сталиндік, социалистік билік ұлт ретінде мүлдем жойып жіберуге тырысқан, сол үшін ұлттық санасын құртуға, тарихи жадысын өшіруге ұмтылған қазақтың тағдырымен байланысқан ұстаным. Алайда, бұл ұстаным олардың трагедиясына айналды, азап шектірді, ақыр соңында өмірлерін жалмады. Алаш интеллигенциясы қылышынан қан тамып тұрған патшалық жүйеге қарсы шығу, одан кейінгі большевиктік, атеистік билікке қарсылық – жанып жатқан отқа түсумен тең екенін анық білді. Бірақ, алған бағыттарынан таймады. Өйткені, олар алысқа көз салды, болашақ қазақ елінің тəуелсіздігін аңсады. Сол міндетті орындауға ұмтылып, сталиндік культтің топан суына қарсы тұрып, өз өмірлерін қиюға барды. Сонысымен де тарихта өшпес із қалдырды, халық рухының сақталып қалуына ықпал етті. Əрине, ол кезде де бұқара халықтың арасында тобырлық мінез танытқандар, оларды қаралағандар, сатып кеткендер, ұстап бергендер болды. Олардың жеңіліске ұшырауы да осындай алауыздықтан. Бұл зиялылар түрме азабынан да өтті – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының өмірін түрмесіз елестете алмаймыз. Олардың арасында бостандықтан айрылмағаны кем де кем. Бірақ, олар қандай қиындыққа тап болса да, асыл мұраттарына адал болды. Керісінше, өз ұстанымдарын – сөз бен істің бірлігін дəлелдеп кетті. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының өмірі мен қайраткерлігі біртұтас, бір өрім – бұл нағыз азаматтық пен жеке басының құрбандығы. Олардың ақындық, жазушылық таланттары да ұлтқа қызмет етті. Демек, ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы ешкімге қарыздар емес. Керісінше, қазіргі қазақ оларға мəңгілік қарыздар. Олардың тарихи тəжірибесі бүгінгі тəуелсіз мемлекеттің уығын қадап, шаңырағын бекемдеуге қызмет етті, сол кездегі зиялы қауым салып кеткен ағыс тасқынға, ұлы қозғалысқа айналып, мемлекетшілдіктің іргетасына айналды. Содан бері ол ағыс бірде тереңде иіріліп, бірде судың бетінде қалқып, бірде жойқын алапат күш болды, бірақ ешқашан көзден таса болған жоқ. Ол қазақ рухының бастау-бұлағы болып, тұнып тұра береді. Осылайша, қазақтың ХХ ғасыр басындағы интеллигенциясының басты ерекшелігі – олар адамгершілік пен ұлттық мүддеге адалдық сынағына төтеп берді. Алаш интеллигенциясының ерлігі, азаматтығы, бүкіл өмір бойы қатаң озбырлық құрсауда жүріп өз ұстанымдарына адалдығы жəне толық қорлықта, қуғын-сүргінде көз жұмуы оларды қазақ зиялылығы мен интеллигенциясының эталонына айналдырды. Бұл – ұлттық элита феноменінің айқын көрінісі. 30-жылдардың қуғын-сүргіні, одан кейінгі 2-дүниежүзілік соғыстан кейін ептеп есін жиған халық Хрущевтік жылымық тұсында еңсесін тіктей бастады. Əсіресе, 1960-жылдары əлемнің көптеген елдерінде бой көтерген студент жастардың қозғалыстарының ықпалы аз болған жоқ. Дегенмен, Батыс Еуропадағы жастардың əлеуметтік көтерілістері негізінен тұлғаның өзіне, оның

шығармашылық əлеуетін жүзеге асыруына, табиғи болмысына оралуына, күнделікті күйбең тірліктен босанып, қиялды шарықтатуға, контрмəдени романтизмге бағытталды. Ал, осы 60жылдары Мəскеуде оқып жүрген қазақ жастары «Жас тұлпар» атты қоғамдық-саяси, ұлтшылдəстүршіл бағытта ұйым құрғаны мəлім. Бұл озық ойлы жастар алыста жүріп, өз елінің жағдайын басқалармен салыстырудан туған көзқарастарын бөлісіп, елінің ертеңіне алаңдаушылық білдірді. Кеңестік биліктің қазақ еліне қатысты саясаты, ұлттық кадрлар, тіл, діл мəселесі төңірегінде бірікті. Мұрат Əуезов, Болатхан Тайжан, А.Қадыржанов бастаған сол кездегі студенттер өздерін ұлт мүддесі жолында біріккен рухани қауымдастық іспетті көрсетті. Бұл Алаш идеяларының өміршеңдігінің бір көрінісі жəне ХХ ғасыр басы мен кеңестік билік тұсындағы қазақ интеллигенциясы мен зиялы қауымының арасындағы рух сабақтастығының дəлелі. 1950-1980 жж. біртұтас «кеңес халқының» құрамындағы қазақстандық интеллигенция қалыптасты, сонымен қатар, интеллигенцияның орыстілді жəне қазақтілді болып жікке бөлінуі де дəл осы кезеңнен басталды. Қазақтың орысша білім алған, дүниетанымы мен көзқарасы өз ұлтының мəдени-рухани тамырынан айрылған космополиттік, кеңестік идеологиямен уланған тобы мен таза қазақ интеллигенттер, əсіресе, мəдениет, əдебиет, өнер саласындағы, басым көпшілігі ауылда туып, уызына жарыған зиялылар тобы арасында көзге көрінбес бір майдан жүріп жатты. Қазір де айтылып қалатын «менің балаларым (немерелерім) орыс мектебінде оқиды, сондықтан, мен орыс тілін қолдаймын» деген сияқты пікірлер сол кеңестік менталитеттің, жасанды «ұлттар достығы» идеясының санаға сіңіп қалған қалдығы. Дегенмен, бұл кезеңде орталықтан таңылған орыстандыру мен жергілікті жердегі ұлттық үдерістер қатар жүрді, оның бір көрінісі 1980 жылдары атқарушы билікте ұлттық кадрлардың көбеюі жəне олардың саяси орталықтан дербестенуге ұмтылуы ақырында этнократияның салтанат құруына алып келді. Кеңестік кезең мен ХХ ғасыр басындағы интеллигенция арасында параллель жүргізетін болсақ, алашшылдар ұлт мүддесі үшін сөз бен істің бірлігін көрсетсе, ал, кеңестік кездегі интеллигенцияның этикалық көзқарасы басқашалау. Бұл кезде де қазақтың шығармашылық интеллигенциясы өзінің ұлттық рухпен сусындаған туындыларымен ұлтқа қызмет етті. Дегенмен, олардың еркін əрекеттенуіне коммунистік партияның көреген көзі, зұлым саясаты ерік бере қоймады. Кеңестік билік қазақтың мүддесін қорғайтын, сол жолда бас біріктіруге қабілетті озық ойлы тұлғалардың алдына тосқауыл қойды. Жекелеген диссиденттердің көзін жойды. Бірақ, соның өзінде шеңберге сыймай, əділдікті жақтаған, қара қылды қақ жарып, өзіне зиян екенін біле тұра шындықты айтқан, биліктің теріс шешіміне қарсы тұрған тұлғалар болды. Ар-намысын жоғары ұстап, ешкімге басын имей өткен Бауыржан Момышұлы генерал шені мен батыр атағын иеленбей қалса да, өзінің бүкіл өмір жолымен, азаматтық тұлғасымен адами қасиеттің биік үлгісі. Мұндай тұлғалар саяси элита арасында да болмай қалған жоқ, 1950-1960 жылдары Қазақ КСР-інің жоғары басшылығында қызмет атқарып, қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын сақтап қалуға үлкен еңбек сіңірген Жұмабек Тəшенов «қандай қызметте болса да өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мəселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді» (С.Нұрмағамбетов). Кеңестік билік тұсында жоғары лауазымды қызметтерінен айрылып, өміріне қауіп төнетінін біле тұра қазақтың мүддесін, құндылықтарын қорғаған Н. Оңдасынов, Ж. Шаяхметов, І. Омаров сынды тұлғалар ұлттық саяси элитаның абыройын сақтап қалды. Əсіресе, қазақтың саяси жəне рухани элитасының нағыз бет-бейнесін көрсетіп берген Желтоқсан көтерілісі болды. Алаңға шыққан жастарды қолдап, арашалауға ұмтылған қазақ зиялылары көп емес. Көлеңкеден қорыққан заманда шындықты айтып, ұлттық рухын, азаматтық намысын жоғары ұстаған Шона Смаханұлы, Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шаймерденов, Сұлтан Сартаев, Алдан Айымбетов интеллигенция, зиялы қауым – халықтың тілі мен үні екенін дəлелдеді. Бұл тұлғалар да туған халқының болашағына алаңдаушылықты жеке басынан жоғары қойды. Ұлттық атаулыға табу қойылған сол кезеңде қазақтың ұлттық руханиаты мен мəдениетін өздерінің шығармашылық əлеуеті, əдеби туындылары, музыкалық шығармалары арқылы сақтап қалған осы топ болатын. Желтоқсан көтерілісі қайғылы аяқталса да, ол тек қазақ қана емес, бүкіл Кеңес Одағының құрамындағы ұлттық республикаларды дүр сілкіндіріп, ұлттық үрдістерге серпін берді. Мұны, тіпті, қазіргі орыс интеллигенциясының өзі мойындайды. Осы кезеңде Кеңестік билік басында тұрған М.Горбачев бастаған «Қайта құру» реформасына сəйкес жаңа идеология саяси жəне əлеуметтік-экономикалық құрылымда бірқатар өзгерістер алып келді. Жариялылық, демократия ұрандары экономикалық жағдайдың нашарлауымен қабаттасып, бірте-бірте биліктің ырқынан шығып кеткені соншалық, ақыры отаршыл пиғылдағы орталық өз іс-əрекетінің құрбанына айналып тынды. Осы тұста одақтас республикаларда «сепаратизм» деп бағаланған ұлттық үрдістер басталды. Бұл ақырында КСРО құрамындағы ұлттық республикалардың «тəуелсіздік шеруімен» аяқталды. Сонымен, Қазақстан 1991 жылы егемендік алып, өзгерістер дəуіріне аяқ басты. Ендігі

тұста саяси жəне рухани элита алдында үлкен міндеттер тұрды. Ол міндеттер – коммунистік режимнің 70 жыл бойы жиналған бүкіл зардаптарынан құтылу, құлдық психологиядан арылу, ұлттық жаңғыруға жол ашу жəне т.с.с. Бірақ, мұндай ұлттық мемлекеттілік үшін аса қажет əрі қиын істі орындау үшін ең алдымен мемлекет пен қоғам өзінің бұрынғы созылмалы сырқаттарынан құтылуы тиіс жəне ол басқару орындары тарапынан жүргізілуі тиіс. Ал, ондаған жыл бойы коммунистік идеологияға, компартияның нұсқауларын басшылыққа алатын саяси жүйеге қызмет еткен элита үйреніп қалған əдетін тастауы оңай емес екені сөзсіз. Ол үшін саяси биліктегі элита циркуляциялануы немесе жаңғыртылуы қажет. Уақыттың өзі өзгеріс екендігін ескерсек, элита да тірі ағза тəрізді, үнемі тазарып, жаңарып, өзгеріп отырса ғана өміршең, əйтпесе тоқырауға ұшырайды, шіриді. Осы бір өтпелі кезең, яғни, 1990 жылдардың басы кеңестік өткеннің кеселдерінен арылып, жаңа даму бағытын таңдайтын, сөйтіп ұлт пен мемлекеттің болашақ тағдырын шешетін тұс болатын. Əлем елдерінің тарихында мұндай сəттер аз емес. Мысалы, 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда жасалған люстрация қоғам мен мемлекетті фашистік нацизмнен тазарту, халықтың сеніміне ие болу мақсатымен фашистік билікке қатысы барлардың бəрін орнынан алды, жауапқа тартты. Олар жаңа қағидаларға, демократиялық тəртіпке жарамсыз деп танылды. Бұл кейіннен Германияның тұрақты даму жолына түсуіне ықпал еткен бір фактор болды. Тіпті, Чехословакиядағы люстрация кезінде осы идеяны көтерген бұрынғы диссиденттер министрлік орынға отырған. Сондай-ақ, Кеңес Одағы құрылған жылдардағы басқару органдары мен билікке шығу тегіне қарай, яғни, кешегі бай-болыс, хан тұқымдарын жолатпай, тек кедей таптан шыққандарды қабылдауы да нағыз люстрация саясаты болатын (Əділетсіз сайлау да люстрацияның бір түрі). Осылайша, қазақтың саяси элитасы – негізінен бұрынғы кеңестік партиялық номенклатура құраған саяси күштер қоғамда антикоммунистік, антисоветтік көңіл-күй басым болып тұрған тұста, осы сəтті пайдаланып, басқару құрамын жаңартуға, сол арқылы мемлекетқұраушы ұлттың заңды артықшылығын бекіту, қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін нығайту, «бір ұлт – бір мемлекет» қағидасы арқылы ұлт құру ісіне бағыт алу міндеттерін жүзеге асыруға ықылас таныта қоймады. Егемен ел болдық деп, бөркін аспанға атып қуанған ел алғашқы эйфориямен саяси биліктің сапасы, оның негізінен ұлттық мүдделерге бағыт алуы сияқты процесті назардан тыс қалдырды. Бұған тəуелсіздіктің экономикалық дағдарыспен қатар келуі де кедергі болды. Ел басшылығының «алдымен – экономика, сосын – саясат» ережесі, оған қоса қазақтың пайдасына шешілмейтін демографиялық жағдай жəне т.б. əсерімен қазақтың зиялы қауымы ұлт үшін оңтайлы сəтті уыстан шығарып алды. Өкінішке орай, бұл орны толмас қателіктің зардабын қазақ ұлты ұзақ тартатын болады. Əрине, элитаның жаңғыруы тек люстрация сияқты қатаң шаралар арқылы ғана емес, сонымен бірге əлеуметтік мобильділік, яғни, білімі, қабілеті жəне басқа тұлғалық қасиеттеріне қарай мансаптық жоғарылау бойынша да жүзеге асырылады, мысалы, бұл тəсіл АҚШ-та элитаны жаңғыртудың бір тетігі ретінде жақсы жұмыс істейді. Бірақ, біздегі мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайында əлеуметтік мобильділік арқылы лауазымға қол жеткізу туралы сөз қозғау қиын. Əр заманға сай интеллигенцияның алдына қойылатын міндеттер де өзгеріп отырады. Жаугершілік кезеңдегі міндет – халық пен мемлекетті сақтап қалу үшін жауға қарсы тұру болса, қазіргі заманда – білім мен ғылым, бизнес пен кəсіпкерлік, инновация арқылы ұлтты өркендету жолында қызмет ету. Ендігі ең басты ұлттық мүдде – осы. Жаңа дəуірде елдің болашағын айқындайтын маңызды фактор – тұрақты экономикалық өсім, сол арқылы халықтың əл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Бірақ, тек экономикаға басымдық беріп қоймай, ұлттық үрдістерді негізге алу, халықтың рухани-мəдени құндылықтарын нарықтық қатынастармен үйлестіре отырып жүргізген елдің ғана болашағы бар. Міне, сондықтан, алдағы 40-50 жыл – қазақ елінің тағдыры шешілетін мерзім – бар болу не жоқ болу, мемлекетқұраушы ұлт ретінде басымдық алу немесе диаспораға айналу. Бұл міндеттер жалпы қоғамның жəне əсіресе, оның зиялы қауымының жауапкершілігі, келер ұрпақ алдындағы парызы. Əркім өз кəсібімен ұлтқа қызмет етеді. Алайда, бұл бағытта бар нəрсені пайдаланбау, əсіресе, білімді, өз кəсібінің майталмандарының білімін кəдеге жаратпау белең алды. Біреудің жарқ еткен жақсы еңбегін көре тұра көзге ілмеу, «оқығам жоқ» (Таласбек Əсемқұлов) құбылысы – интеллигенция өкілдері (бұл арада «зиялы» атауын қолдану қисынсыз) арасында өзара алауыздық, көреалмаушылық сияқты жат көрініс бар. Тіпті, жеке бас мүддесін көздеп, отбасының жағдайын ойлап, билікке қолшоқпар болғандар оқыған қауым туралы теріс пікір туғызады. Ал, қазіргі заманғы ұлттық элита міндетін атқару мүмкіншілігі бар нағыз креативті топ – жоғары білікті менеджерлер болса, олардың ұлттық мүддені ойлауға жəне қорғауға қабілеттілігі күмəнді, өйткені, олардың басым көпшілігі қазақтың ұлттық құндылықтарынан жаттанған ұрпақ өкілдері. Осыдан келіп бүгінгі интеллигенция мен зиялылар деп кімді айтамыз, олардың қоғамдағы орны қандай деген алаңдаушылық туады. Жалпы, интеллигенция мен элита өкілдері де қоғам мүшелері. Қоғамда болып жатқан түрлі

үрдістер олардың көзқарасы мен ұстанымына, өмір салтына ықпал етпей қоймайды. Əсіресе, қазіргі жаһандық бұқаралық мəдениет, ақпараттық төңкеріс, оған қоса, ғылым мен техникалық прогрестің қоғамда біртекті, стандартталған өмір салтын қалыптастыруы қалыптасқан жүйеге қарсы шығу көріністерін қиындата түсті (қай кезде де рухани элита – билікке бейресми оппозиция) жəне бұл сол адамның өзі үшін қауіпті. Адамдардың барлығы тұтынушы деген атау алды. Қажеттілігіне қарамастан, жаңа шыққан тауар түріне ие болуға жаппай ұмтылу, біркелкілену, бір үлгілену салдарынан қоғамдағы аса өзекті, өткір мəселелер бүркеліп қалуда. Қаншама демократиялық, құқықтық қоғам құрамыз, пікірлер плюрализмі бар, төртінші билік сияқты либералдық құндылықтар құлашын кеңге жайды десек те, мұның бəрі жасандылықпен астасып, саяси билікке қызмет етуде. Керісінше, жеке тұлғаның даралығы, оған артықшылық беретін қасиеттері жойылып барады. Көпшілік қауым өздерінің тұтынушылық мұқтаждығының құлына айналып, қызығушылықтары – саналуан гаджеттер, брендтер, тұрмыстық техниканың ең озығына ие болу, сəнді киім, тамақ, неше түрлі ойын-сауық орталықтарында бос уақытты көңілді өткізуге келіп тірелді. Нарықтық қоғамда əрбір адамның да өз құны бар, ол өзін тауар ретінде ұсына алады. Барлығы сатылады. Мұндай жағдайда заттың билеп-төстеушілігіне берілмей, интеллигенттік пен зиялылықтың адамгершілік ұстындарына адал болып қалу кім-кімге де оңай емес. Міне, тұтынушылық қоғам адамды заттардың билігіне бағындырып, алдап-арбайды. Тіпті, қоғамдағы нақты қарсы күштердің өзін қажетті бағытқа бұрып жіберуге болады. Бұл кезде озық ойлы адамдардың өзі үндемеуді, қарсыласпауды, барлығын ақылға жеңдіруді жөн көреді. Біркелкі заттарды пайдаланатын, біркелкі уақыт өткізіп, біркелкі ойлайтын адамдар саясатшыларға, мемлекеттік билікке де өте тиімді. Сол үшін олар бұл үдерісті қолдап отырады (мысалы, сауда ойын-сауық орталықтарын қаржыландыру). Бұдан бұқаралық ақпаратты ұсынып, реттеп отыратын тетіктердің де мүддесі байқалады. Ал, осындай заманауи өмір салтынан, қалыпты (стандартты) тірліктен, біркелкі ойлаудан қашқан кейбір адамдар дінге бой ұрады. Бұл салада да өз мүдделерін өткізуді көздейтін топтар бар екенін білеміз. Осыдан келіп, енді билік органдары мен интеллигенция өкілдері руға, жүзге бөлінуіне қоса, діни ағымдар бойынша жіктелу дертіне ұшырады. Бұдан былай қазақ қоғамындағы орыстілді жəне қазақтілді екі əлемге енді діни көзқарасы алшақ топтар қосылып, бірін-бірі түсінбейтін жəне түсінгісі де келмейтін, мүлдем бөлек бағыттағы бір-біріне қарсы лагерьлерге айналу қаупі бар екендігі жасырын емес. Ал, нағыз ұлттық мүддені қорғайтын, дəстүрлі мəдени капиталға ие шығармашылық интеллигенция өкілдері – ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары, журналистер қазақтың рухани-мəдени құндылықтарына негізделген қоғам құру жолында біріге алмай отыр. Бірақ, олар қазақ қоғамының да кез-келген социум сияқты сапасы жоғары элитаға ие болғысы келетінін ұғынатын уақыт жетті. Сол үшін де қазақтың саяси жəне рухани элитасы халық алдындағы жауапкершілігінен тайқып кетпей, өзара түсіністікпен дұрыс жолға бастайды деген үміт зор, өйткені ұлттық мүддеден бастау алатын, ұлттық идеяға сүйенетін ұлттық мемлекет үшін бұдан басқа жол жоқ.

8) Қазақ зиялыларыақын-жазушыларының кітаптары. Қазақ əдеби жəне ғылыми тілінің қалыптасуы *Айқап* журналы, *қазақ* газеті. Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген əлеуметтік жəне саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тəуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмəнсіз. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық « Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен əдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен əдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ əліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа əліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану əлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ жəне орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой

пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни əрбір халықтың өз тіліне, жазуына жəне дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дəлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дəрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ə. Ермеков, X. Досмүхамедов жəне басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді. Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдықсаяси, əдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси жəне рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мəселелерді өткір көтерді. Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдықсаяси жəне əдеби-мəдени басылым. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рəміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына əрі мəдениет есігі, əрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

9) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп – жетілуі. 1914 жылы 1 тамызда Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа кірді. Соғыс Қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер-азаматтар майданға алына бастады. Əскери мобилизацияға ілінген азаматтардың отбасына көмектесу қажет деген талаппен қазақтарды əскерге алынған орыс шаруаларының шаруашылықтарында еріксіз жұмыс істеуге мəжбүр етті. Соғыс жағдайы өте көп мал, азық-түлік, көлік, жем-шөп, ақша қажет етті. Бұл сұраныстарды орындау үшін халықтан мал мен жем-шөпті жаппай тартып ала бастады. Мемлекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті. Мемлекеттік несие алуға қарапайым халықты еріксіз мəжбүрледі жəне арнайы əскери халық енгізілді. Соғыс басталған уақыттын бастап салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді. Соғыс жылдары Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 100 мың пұт балық, 70 мың бас жылқы., 13 мың түйе, 14 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта, 1 мың пұт мақта майы мен сабын алынған. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ, тек Жетісудан 34 млн сомды құрайтын мал жəне мал өнімдері алынады. Соғыс жылдары Қазақ өлкесіндегі орыс шаруаларының да жағдайлары қиындады. 1915 жылы науырызда Верный, Лепсі, Пржевальск уездеріндегі ауыл тұрғындары бағаның, салық пен міндеткерліктердің өсуіне байланысты наразылықтар білдірді. Осы кезеңде Қазақ өлкесіндегі қалаларда «Солдат əйелдерінің бүлігі» басталып, мобилизацияға ұшырғандар əскери міндеттерінен бас тарту оқиғалары жиілеп кетті. Оны тəртіпке келтіру үшін əскери күш қолданылды. Қаладағы өнеркəсіп орындарындағы жұмысшылардың əлеуметтік жағдайы мүлде қиындап кетті. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақ өлкесінде төтенше əскери жағдай енгізілді. Оның негізгі талаптары бойынша халыққа жиылыс ашуға, түрлі шерулер мен ереуіл жасауға тыйым салынып, полицейлік бақылау мен цензура күшейтілді. Əсіресе шетелдік компаниялардың меншігінде қалған өнеркəсіп жұмысшыларының жағдайы тіптен қиын болды. Кен орындары мен шахталардағы жұмыс уақыты бірнеше есе өсті. Бір күндік орташа ақысы 20 тиын тұратын жұмысты еңбекшілер 12-14 сағат істейді. 1915 жылы маусымда Қарағанды, Екібастұз, Спасск заводының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. 1916 жылы жазда жұмысшы қозғалысы Риддерді, Ембі мұнай кəсіпорынын, Екібастұз, Байқоңыр көмір кеніштерін, Спасск мыс кеніштерін, Орынбор-Ташкент жəне Транссібір теміржолын, Жезқазғанның өнеркəсіп орындары мен зауыттарын, Успенск, Қарсақпай жəне т.б. кəсіпорындарын қамтыды. Оның үстінде соғыс барысында Қазақ жері əскери тұтқындарды



орналастыру аймағына айналды. 1914 жылы желтоқсан айында Қазақ жеріне əртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын 20 мың əскери тұтқын əкелінді. Олар негізінен Дала өлкесінің солтүстікшығыс аудандары мен Түркістан əскери округіне орналастырылды. Ресей империясының соғысқа қатысуы Қазақстандағы орталық езгіні күшейтіп, ұлттық жəне əлеуметтік қайшылықтарды одан əрі шиеленістіріп жіберді. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты, Қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыру қозғалысы жəне осыған байланысты жерді тартып алу,жергілікті халықтың азаматтық құқықтарының аяқ асты етілуі 1916 жылы бүкіл Қазақ өлкесі мен Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Ал көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайы патша үкіметінің 1916 жылғы 25-маусымда «бұратана халықтардан» соғыс аудандарында қорғаныс құрылыстарын жүргізу мен тыл жұмыстары үшін 19 бен 43 жастың аралығындағы еректерді мобилизациялау туралы жарлығы еді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мыңнан астам адам алынуы тиіс болды. «Бұратана халықтарға» қазақ, қырғыз, өзбек, тəжік, түркімен, дүнген, ұйғыр халықтары жатқызылды. Əскери мобилизациядан жергілікті патша əкімшілігінің басшылық органдарында отырған мемлекеттік қызметкерлер, діни қызметкерлер, жоғары жəне орта оқу орындарының студенттері, ақсүйектер мен «құрметті азаматтар» босатылды. Бұл жалпыұлттық қозғалыстың екіге бөлінуіне əкеп соқты. Өйткені қазақ қоғамының жоғарыдағы жеңілдіктерді пайдаланушы топтары мобилизацияны жүзеге асырушыларға айналды. Патша жарлығы жарияланғаннан кейін тыл жұмысына алынатындардың тізімі жасала бастады. Ал қазақ халқының басым бөлігінде тууы туралы куəліктерінің болмауы əкімшілік тарапынан пара алу мен түрлі заңсыздықтардың жасалынуына себеп болды. Бұл əділетсіздіктер халықтың наразылығын туғызуы заңды болатын. Ашынған халық болыс басшыларын, ауыл ағамдарын, полицейлер мен чиновниктерді өздігінен жазалай бастады. Олар кеңселерді, іс қағаздарын, тыл жұмысына шақырылғандардың тізімін өртеді. Стихиялық бас көтерулер бірте –бірте ұйымдасқан сипат алып, оларды радикалды көзқарастағы азаматтар басқарды. 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшілері: Торғай облысында Əбдіғаппар Жанбосынұлы, Əліби Жангелдин, Амангелді Иманов; Орал облысында Сейтіқали Меңдешев, Əбдірахман; Маңғыстыуда Жалау Мыңбаев; Атбасар өңірінде Əділбек Майкөтов; Ақмола уезінде Сəкен Сейфулли; Жетісу облысында Тоқаш Бокин, Бекболат Əшекеев; Чырдария облысында Тұрар Рысқұлов жəне т.б. болды. Əлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары қазақ халқының қарулы көтерілісіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне топтаса отырып, газет арқылы да, ел аралау арқылы да қарулы көтерілістің еш нəтиже бермейтінін, күштің тең еместігін, босқ қан төгілетінін жəне ең алдымен, қарапайым халық зардап шегетінін дəлелдеуге тырысты. Ұлттық интеллигенция мобилизацияны кейінгі шегеріп, оны арнайы дайындықтардан кейін жүргізуді ұсынды. Қазақ жастарын жарлыққа көніп, тыл жұмыстарына баруға шақырды. Ондағы ойы, егер соғыс жеңіспен аяқталса ұлттық автономия құруға үміттенген болатын. Кейін қазақ жігіттері майданға алынғанда Ə.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған зиялы азаматтар Минск, Киев аймағында тыл жұмысында жүрген жігіттердің ортасына барып, олардың əскери тəртіпке бейімделіп кетуіне көмек көрсеткен еді. Онда тілмаштық қызмет көрсетіп, дəрігерлік көмек пен ас-ауқаттың дұрыс берілуіне ықпал ету, мəдени шаралар ұйымдастыру сияқты т.б. қызметтер атқарған болатын. Бұл азаматтар ойпікірлерін тек сөз жүзінде ғана қалдырмай, оны нақты істерімен дəлелдеп отырды. 1916 жылы 7 тамызда Ə.Бөкейхановтың төрағалық етумен Орынборда өткен Торғай, Орал, Ақмола, Семей жəне Жетісу облыстары қазақтарының арнайы жиылысының материалдары осы бағыттың дəлелə бола алады. Оның хаттамасында, патшаның 25 мауысымдағы жарлығы жергілікті басшылардың хабарламасы түрінде ғана белгілі болғаны, оның баспада жарияланбағаны туралы айтылған. Ол қазақтарға ашық күнгі найзағайдай əсер етті.Қазақтар ешқашан əскери міндеті, əсіресе мынадай жаппай қысым көрсету жағдайында өтеген емес. Жергілікті басшылар асығыс жəне қызмет бабын асыра пайдалану арқылы жарлықты орындай бастады. Мысалы, Қостанай уезінде жергілікті басшы тыл жұмысына шақырылғнандарға 9-15 күннің ішінде жиналуына бұйрық берген. Ал кейбір болыстың қазақтары жиылу орнынан 200-400 км қашықтықта көшіп жүргені ескерілмеді. Ақтөбе уезінде де жиналу орнына 10 күн ішінде келуге бұйрық берілді, ал бұл жердегі қазақтар да 200-400 км қашықтықта шашыраңқы орналасқан еді. Сондай-ақ бұл жиылыста қазақтардың тізімдегі жазылған жастарышындыққа сəйкес келмейтіндігі, тізімге əкімшіліктің өз бетінше тіркегенін жəне оның дұрыстығын ешкімнің тексермегендігі туралы айтылыда.

Кейбір тізімдер əдейі қате жасалынды. «Сондықтан даладағы би немесе болыс басқарушысының 20 жаста деп көрсетілуі жиі кездест, ал заң бойынша олар 25-35 жастан жас болмауы керек. Оның үстіне жергілікті болыс басшылары мобилизация кезінде өздерінің жауларынан өш алу үшін қарсыластарын тізімге кіргізіп, қайта тізім жасады, Басқалары тыл жұмысынан шақырылғандардың жасын өзгертуге уəде беріп, пара талап етті» [1. 6-б]. Мұндай əділетсіздіктерге шыдамған халықтың наразылығы күшейе бастады. Қостанай уезі Қарабалық болысының жəне Орал уезі Шыңғырлау болысының басшылары өздерінің қызмет бабын шектен тыс асыра пайдалануының салдарынан бойларын ашу-ыза кернеген халықтың қолынан қаза тапты. Ал кейбір болыс басшылары өздерінің жауларына соққы беру үшін оларды жарлықты орындаудан бас тартты деп айыптап, «басшыларға жеткізіп отырды». Жоғарыдан көрсетілген əділетсіздіктердің нəтижесінде деп көрсетілді аталмыш хаттамада, қазіргі ұрпақ алғаш рет қазақ отрядтарымен бетпе-бет кездесті. Мысалы, Шыңғырлау болысының ауылдарына 75 қарулы казак орналастырылды, ал оларды асырап тұру үшін қазақтардан күніне 25 қой жəне 25 пұт сұлы алынып отырды. Қостанай уезінің Арақарағай болысының аймақтарына 125 казак, сонымен бірге Кеңарал мен Меңдіқара уездеріне де 125 казак əскері орналастырылды. Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі саяси жағдайды əуел бастан-ақ Ресейдің демократтық жəне либералдық саяси күштері жіті қадағалап отырған-ды. 1916 жылы шілде айында Мемлекеттік Думаның мүшелері: мұсылман, кадет жəне еңбекшілер партияларының өкілдерінен тұратын фракциялар тыл жұмысына шақыру заңдарының өрескел бұзылғандығына Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Əскери министрліктің назарын аудартты. Сонымен бірге бұл шараны жүзеге асырудың нақты тəртібін анықтауды талап етті. Бірақ оппозицияның бұл əрекетінен ешбір нəтиже шықпады. 1916 жылы тамызда Мемлекеттік Дума депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсырмасымен Қазақ өлкесі мен Орта Азияда орын алған оқиғалармен арнайы танысу үшін Түркістанға келеді [75, 193б]. Осы істердің нəтижесінде Думанның сол жылдардан бастап солшылдар мен оңшылдардан тұратын депутаттар құрамының үштен бірі «бұратана» халықтарын тыл жұмыстарына алу жөнінде жарлық шығарған патша үкіметінің заңдық жəне саяси тұрғыдағы кінəсіе дəлелдеуге тырысты. Алайда Ресей парламенті құқықтық жеңіске жете алмаған еді. Қазақ даласына казак отрядтарының келуі бейбіт отырған көшпелік халықтың арасында үрей туғыза бастады. Тыл жұмысына алуды бейбіт жолмен жүргізеді деп үміттенген қазақтар қобалжи бастады. Кебір өз мүліктерін тастап, тек екі кереге мен бір тұтам кміз алып оңтүстікке көшіп кетті. Жастар ауылдарды тастап, далалы аймақтарда белгісіз жағдайда жүр. Қазақтар барлық жерде пісіпжетіліп тұрған егіндерін тастап, шабылған шөптерін шөмеле күйінде қалдыруда. Олар шіріп, жерге ұшып жатыр. Шаруашылыққа орнасан зор зиян келді, өйткені олар əскерге адам жинау хабары жеткен күннен бастап шаруашылықпен айналусыды қойды. Жетісу облысының Лепсі уезіндегі Үржар болысының қазақтары ауылдарын тастап кеткен кезде астық пен шабындықты малмен таптап, өздері басы ауған жаққа кетті. Міне, 1916 жылы Қазақ өлкесінің облыстары өткізген арнайы жиылысының материалдарынан осындай оқиғалардың жағдайын көруге болады. Осылайша көтеріліс бүкіл даланы қамти бастады. Халық көтерілісі орталықтарының біріне Жетісу өлкесі айналды. Бұл жерде патша жарлығы хабарланған күннен бастап шілде айының басында Жетісудың бірқатар болыстары қазақтарының басын қосқан съездер өтіп, онда жарлыққа мойынұсынбай қарулы қарсылық көрсету жөнінде шешім қабылданы. Соған сəйкес 17 шілдеде Түркістан өлкесінде əскери жағдайы енгізілді. Көтерілісшілердің жазалаушы отрядтармен ірі қақтығыстары Асы, Қарқара, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Құрам аудандарында болды. Көтеріліс тамыз айының ортасында Жетісу облысының болыстарын түгел қамтыды. Жетісудағы көтеріліс ошағын басу үшін патша үкіметі 16 зеңбірек жəне 47 пулеметпен қаруландырылған 95 рота, 24 казак жүздігі жіберілді. 1916 жылы қазан айында жазалаушы отрядтарға көтерілісшілердің батыл қарсылық көрсетуіне қарамастан көтерілістің бұл ошағы аяусыз басылып –жаншылды. Көтеерілісті басқаннан кейін жаппай тұтқандау басталып, əскери-далалық сот іске кірісті. Жазалаушылар тек көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады жəне көптеген ауылдарды жойыпжіберді. Патша үкіметінің осындай жазалау шараларының салдарынан 300 мыңнан аса қазақтар мен қырғыздар Қытайға барып паналауға мəжбүр болды. Сырдария облысында да халық көтерілісі кең ауқымда жүргізілді. Əулиеата, Шымкент уездеріндегі көтерілісшілердің қарсылығы біраз уақытқа созылды. Алайда қыркүейк айының соңында олар аяусыз басылды. Көтерілісшілердің кейбір жасақтары Торғай облысына көшіп кетті.

Жазалаушы отрядтармен кескілескен ұрыстарды Семей, Ақмола облыстарының көтерілісшілері де жүргізді. Бұл областардағы наразылықтардың басу үшін 12 кавалерия жүздігі жəне 11 күшейтілген жаяу əскер ротасы жіберілу фактісін айтудың өзі жеткілікті. 1916 жылы қыркүйек-қазан айларында Зайсан, Өскмен, Қарқаралы. Ақмола уездерінде қарулы қақтығыстар басталды. Қазан айының соңында бұл аймақта да көтеріліс аяусыз басылды. Халық көтерілістрі Қазақ жерінің батыс аймақтарында, яғни Орал облысында да жаппай етек алды. Патша үкіметінің жазалаушы əскери бөлімдеріне Гурьев жəне Темір уездерінің көтерілісшілері табанды қарсылық көрсетті.Ал Торғай облысының барлық уездерін қамтыған көтеріліс ұйымдасқан, кең көлемде əрі табанды түрде өтті. Торғай ошағы Қазақ даласындағы көтерілістің ең ірі орталығына айналды.Азаттық қозғалыстың өршуі барысында көтерілістің Торғайдағы ошағының ханы болып халық арасында беделді болған Нияз бидің ұрпағы Əбдіғаппар Жанбосынұлы сайланды. Кенесары ханның серіктерінің бірі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің бас қолбасшысы – сардарбек болып тағайындалды. Бұл өлкедегі көтеріліс жетекшілерінің бірі, осы аймақтан шыққан Əліби Жангелдин болатын. Көтерілісшілер арасында қатаң əскери тəртіп орнатылып, жасақ қазақтың дəстүрлі ондық жүйесіне негізделіп құрылды. Торғай даласында Қазақ өлкесінің басқа облыстарынан – Сырдария, Ақмола, Семей аймағынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. 1916 жылы қазанда олардың саны 50 мыңға жетті. Торғай даласындағы көтерілісті басу үшін 17 атқыштар ротасы, 18 казак жүздегі, 4 кавалерия эскадроны 18 зеңбірек, 10 пулеметі бар экспедициялық корпус аттанды. 22 қазанда көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алады. Бірақ оны басып алудың сəті түспеді. Себебі бұл жерге генерал-лейтенант А.Лаврентьев бастаған жазалаушы отряд келіп жеткен болатын. Патша үкіметінің жазалаушы əскери бөлімдерінің күшеюіне байланысты Əбдіғаппар ханның жасақтары партизандық күрес əдісіне көшті. Əбдіғаппар ханның орталығы мен негізгі күштері Торғайдан 150 км қашықтықтағы Батпаққара сайында орналасты. Онда əскери-соғыс қимылдарын одан əрі жүргізу мен өз бақылауына алған аймақтарды басқаруды жүзеге асыратын Əскери Кеңес құрылды. Осы жерден жазалаушыларға қарсы жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар көтерілісінің Торғай ошағын басып-жаншуғ қанша əрекеттенгенмен патша жазалаушы отрядтарының əскери операциялары нəтижесіз аяқталды. Көтеріліс 1917 жылға дейін созылып, Ақпан революциясына ұласып кетті. Бұл көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының, жалпы ұлт-азаттық күресінің құрамдас бөлігі болды. 10) *Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквезициялау* туралы 19016 ж. 25маусымдағы жарлық, оның халыққы қарсы мəні. 11)Қазақ зиялылары ақын – жазушыларының кітаптары. Қазақ əдеби жəне ғылыми тілінің қалыптасуы *Айқап*, *қазақ* газеті. Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген əлеуметтік жəне саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тəуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмəнсіз. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық « Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен əдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен əдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ əліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа əліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану əлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ жəне орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ойпікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни əрбір халықтың өз тіліне, жазуына жəне дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дəлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз

қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дəрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ə. Ермеков, X. Досмүхамедов жəне басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді. Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдықсаяси, əдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси жəне рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мəселелерді өткір көтерді. Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдықсаяси жəне əдеби-мəдени басылым. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рəміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына əрі мəдениет есігі, əрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. 12) ҰЛТ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізілəп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мəжбүр болды. Көтерілістің негізгі себептері: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды. Қозғалыстың Торғайдағы көтеріліс. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды жəне билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. 1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 13) 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері

1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Əскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды. Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, əуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан əрі бүкіл дүние жүзінетараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған жəне шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі жəне АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимəдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ. 14) 1916 ж көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тəуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916ж көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы. 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс жəне арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жазды Қазақ халқын бұдан бұрын əскери қызметке мұндай көлемде жəне күштеп алмаған еді. Патшаның маусым жарлығы қазақ халқы үшін ашық күнде төбеден түскен найзағайдай болды.Жарлық бойынша 19- 43 жас аралығындағы ер адамдар тыл жұмысына тартылуы көзделді. Жергілікті басшылық жоғарыдан келген жарлықты тез арада орындауға кірісті. Жергілікті патша əкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.(1) Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды. Тарихшылар Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерілісті түсіну үшін оны сол кезде Орталық Азияда болған бас көтерулермен біріктіре зерттеу қажет деп біледі. Қазақстандық тарихшы профессор Мəмбет Қойгелді елде 1916 жылы болған көтеріліс тарихы тар

ауқымда қарастырылып келгенін айтады. Оның пікірінше, Ресей патшасы Екінші Николайдың Орталық Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу жайлы «Реквизициялау туралы» жарлығына қарсы шыққан көтерілісті бір ел ауқымында бағалау жөн емес.

– Методологиялық-теориялық тұрғыдан қарағанда тар арнада қарау қате болып шықты. Кең арнада, тіпті Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, əлемдік контексте, тарихи үрдістер ішінде қарау қажет. Себебі бұл мезгілде Орталық Азияда ояну үрдісі жүріп жатты, – деді Мəмбет Қойгелді Астанада өткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда.

15) Ресейдегі ақпан буржуазиалық – демократиялық революциясы жəне оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, *алаш*, *уш жүз*, *шуро-и-ислам*, *шуро-и-иулемия* жəне т.б

1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нəтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы жəне солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мəні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті əлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер əлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — əлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде əрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда əлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.

Алаш партиясының құрылуы[өңдеу] Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін « Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тəртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мəселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды». 1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мəселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ə.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын жəне оның себептерін мəлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтайжиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы

Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді. Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ə.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен жəне басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Əлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы «Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттықсаяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист жəне драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер жəне тілмаш Шаймерден Əлжанов, Əбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Əйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы « Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің əлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды «Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мəскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сəйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.

Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың жəне олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-əрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У .Танашев, Жақып Ақбаев, Зəки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ə.Сəтбаевты, Торғайдан Ə.Байғуринді, Оралдан У .Танашевты, Жетісудан Б.Мəмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. 16) Қазақ комитеттері мен земстволардың құрылуы, олардың қызметі, облыстарда өткізілген қазақ сьездері жəне оларда қаралған мəселелер. Қазақ комитеттері - ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму нəтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты - мемелекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасаған алғашқы қадамын 11 наурызда облыстық Қазақ комитеттері Семейде (төрағасы Р.Мəрсеков) жəне Омбыда (төрағасы Е.Итбаев), ал осы айдың соңына қарай Алматыда (төрағасы И.Жайнақов) жұмыс жасай бастайды.

Наурыз айының ортасына қарай Торғай облыстық Азаматтық комитеті құрылып, оның қүрамына енгендердің арасында А.Байтұрсынұлы, Н.Бегімбетов, С.Кəдірбаев жəне М.Тұнғаншин бар еді. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда қазақ қоғамының бастаушы саяси күшіне айналған қазақ демократиялық интеллигенциясына күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелерді жалпы ұлттық деңгейде жинақтап, белгілі бір тұжырымдарға келіп, бүкілресейлік Құрылтай жиналысына, келе жатқан түбегейлі өзгерістерге даярлық жасау керек еді. Мұндай жұмысты іске асырудың тиімді құралы түрлі деңгейде жиналыстар, сиездер өткізу болатын. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 9 наурыздағы санында жол қатынасының ауырлығы мен уақыттың тығыздығына байланысты тез арада жалпы қазақ сиезін шақыру мүмкін еместігін айтып, «əуелі, қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну үшін, екінші, учредительное собраниеге лайық адамдар» белгілсу мақсатында алдымен облыстық немесе облысаралық сиездер өткізуді ұсынып, оған болыс басына

ең аз болғанда екі адамнан өкіл жіберу керектігін білдіреді. Жаңа құрылған Қазақ комитеттері наурыз айынан бастап-ақ ол сиездерді өткізуғе дайындық жасай бастайды

Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша əскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ə.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Əр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ə.Əйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Əлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары əскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мəнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының əр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін əзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің əскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты жəне басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мəселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар əзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін əскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді

17) 1917 ж шілдедегі 1-ші Жалпықазақ сьезі жəне оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан жəне Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ə.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тəртібіне сол тарихи кезендегі елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мəселе қойылды: 1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мəселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мəселесі. 7. Сот мəселесі. 8. Дін мəселесі. 9. Əйел мəселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне жəне Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу. Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мəселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді.



Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мəселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ə.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Əлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ə.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У .Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ə.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.[1] Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ə.Сəтбаев, Торғайдан Ə.Байғарин, Оралдан Досмұ хамедұлы, Бөкей ордасынан У .Танашев, Жетісудан Б.Мəметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мəлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты əскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық əскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, əйел теңдігі жəне дін мəселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мəселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары жəне мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал əйел теңдігі жөнінде «əйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі əйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда əйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың жəне соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жəрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киевқаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын жəне Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тəртібіндегі мəселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды Ал "Алаш" бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нəтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған "қойыртпақ" ретінде қарау, əйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы "алаш интеллигенциясы" аталған əлеуметтік топты халыққа қарсы қою əрекетінен туындаған пиғыл еді. "Алаш" партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тəртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар əлеуметтік теңдік мəселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.

"Алаш" партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды ",- деп жазды 18) Жаңа заман дəуңрңндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекетіктін қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ə.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта əсерле¬рінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз əдебиеті, салт-санасы, əдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді . Ұлттық идея, академик Д. Кішібековтың пікірін¬ше, тамырын тереңнен алады жəне этностың болмыстық табиғатын түзеді, оның тарихымен жəне мəдениетімен байланысты болады. Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады. Ал идеология қоғамдық сананың жоғары даму сатысы болып табылады. Егер ол ұлттық идеяға негіз¬делсе, оны құндылықтармен толықтырса, күшке ие болады. Идеялардың маңызды топтастырушысы болып табылатын идеология стихиялы түрде пайда болмайды, оны адамдар қалыптастырады жəне оның өзіндік мақсаты мен қызметі болады. Ұлттық идеяның одан айырмашылығы – оны адамдар жасамайды, ол табиғи түрде пайда болады. Ал, тарих ғылымдарының докторы Х.Əбжанов ұлттық идеяны былайша сипаттайды: «ұлтты сақтайтын ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мəселенің тоқ етерін тапқанымыз» . Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекеттің өзінің құндылықтар мен идеалдар жүйесі, өзінің дүниетанымы болады. Əр халық өзінің тарихи даму барысында қандай да бір ұлы идеяны «алып жүруші» немесе оны іске асырушы болады. Осылайша, ұлттық идея тұтас бір халықтың ұлы идеясы ретінде мақсат, бағыт-бағдар, өмірлік мəн береді. Ұлттық идеяның компоненттері мен ұлттық болмыстың кескінін бейнелейтін ұлттық өзіндік сананың қойнауында жасырынған жəне дəстүрлі қазақ қоғамындағы осындай топтастырушы идеялардың ізін халқымыздың философиялық жəне əлеуметтік-саяси ойының тарихынан табуға болады. Сонымен, ұлттық идея – этностық, діни, мəдени жəне өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсатмұраттары мен армандарының, дүниетанымының, көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығы. Ол осы ұлттың өзі туралы, қоршаған əлем мен тарихи үдерістегі орны мен миссиясы жəне тарихы, өткені мен болашағы жайлы жалпы көзқарастарды аңғартады. Сондықтан ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей əсер етіп, халықтың бар күш-жігері мен іс-əрекетін ортақ игі мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырып, сол үшін əлеуметтің тұтастығын қамтамасыз етеді. Ұлттық идея, жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамның орнықты əлеуметтікэкономикалық дамуына, мемлекеттің тəуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағыттал¬ған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдірген¬діктен, өтпелі кезеңді бастан кешіріп, əлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Алайда, ұлттық идея кез келген қақтығыс пен қарама қайшылық тудырмауы тиіс, яғни ұлттық идеяның мəні мен мазмұнын, ең алдымен, ыдыратушылық емес, керісінше біріктірушілік, топтастырушылық пен ұйыстырушылық қасиеттері құрайды. Тағы бір ескеретініміз, ұлттық идеяны жай ғана ойлап табу мүмкін емес жəне белгілі бір əлеуметтік, саяси жəне мəдени кеңістікте қалыптасқан əрі өрбіген ұлттық идея кездейсоқ құбылыс емес. Ұлттық идея мəселесі бүгінде барлық пост¬кеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қазақстандық қоғамда да мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс деген қызу пікірталас қалыптасып отырғандығын аңғаруға болады. Бұл мəселеде Қазақстанның зия¬лы қауым өкілдерінің пікірлері келесідей бағыттар¬ға бөлінеді: – кеңестік заманда ұмыт болған дəстүрлі мəдени құндылықтарды қайта жаңғырту жəне нығайту; – батыс құндылықтарын енгізу; – батыс құндылықтар жүйесі мен дəстүрлі сананың араласуы.

Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының шешімі бойынша Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтілетін болды, республикамызда жастар арасында əртүрлі шаралардың өткізуілуі басталып кетті. 2016ж. 9 ақпан күні университетіміздің № 2 жатақханасында ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ зиялыларының қазақ автономиясын алу жолындағы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, ірі қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Ə.Н. Бөкейхановтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми мұраларына қатысты студенттермен кездесу ұйымдастырылды. кездесуге қонақ ретінде Ə.Н. Бөкейхановтың мұраларын зерттеп жүрген Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Қайсар

Құсайынұлы шақырылды. Қайсар Құсайынұлы саяси қайраткер Ə. Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне байланысты жанжақты əңгімелеп берді. Сонымен қатар, кездесуге Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының директоры Құралханов Дархан Қадылбекұлы, Қазақстан тарихы бөлімінің жетекшісі т.ғ.к., доцент Досалы Исаханұлы Салқынбек, т.ғ.д., профессор К.К. Чатыбекова, т.ғ.к., аға оқытушы Г.Қ. Шуланбекова, аға оқытушылар - Ə.Б. Нұртазаева, Т.С. Тұмабаев қатысты. Кездесу барысында Ə.Н. Бөкейханов туралы сөз қозғалып, белсенді қатысқан студенттерге естелік-сыйлықтар табысталды. 1 курс студенттері Дарын Нұрланбек, Саян Дарын, 2 курс студенті Ерболатова Жазира күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Бұл атқарылып отырған іс-шараның басты мақсаты Елбасы ұсынып отырған «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру мақсатындағы жастардың бойында отаншылдық сезімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады. 19) 1917ж желтоқсандағы 2-ші жалпы қазақ сьезі Алашорда (халық кеңесі) үкіметінің жəне Түркустан автономиясы (қоқан автономиясыҚ үкіметінің құрылуының тарихи маңызы. М. Шоқайдын естеліктері.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. .«Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды «Алаш» партиясының бағдарламасы 1)басқарутүрі; 2)автономия; 3)азаматтың негізгі құқықтары; 4)дін ұстану туралы мəселе; 5)соттар туралы; 6)қорғаныс; 7)салық; 8)жұмысшы мəселесі; 9)халықағарту; 10.жер мəселесі. 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді. Құрылтайдың күн тəртібіне 10 мəселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һəм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мəселелері болды.[2] Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тəртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ə. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ə. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мəлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов жəне Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нəтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен



аластауда алдау мен арбау əдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл əкімшіл-əміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дəлірек айтқанда Ə.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мəлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мəлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни жəне ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзінөзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы жəне Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ə.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясыныңжетекшісі.

Балалық шағы Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады

Өмірбаяны Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дəуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дəуірде өмір сүрсе де, дəйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек жəне басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ə.Бөкейханов ықпалымен өтеді. 1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкіметінің ұлтазаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куəсі еді 20)Советтік биліктін орнауы. Қазан төңкерісі жəне Қазақстанның саяси өмірі. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.

Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы. Қазақстанда Октябрь төңкерісі күдіктілікпен қарсы алынды. Мұнда пролетариат революциясының идеяларының кеңінен тарауына əлеуметтік база болмады. Көпшілік халық жинақталған мəселелерін Құрылтай жиналысы арқылы шешуді ойластырды. Бірақта кейбір аймақтарда, əсіресе оңтүстікте жəне ірі қалаларда, 1917 ж. күзі мен қысында өкімет билігінің Советтер қолына көшкендігі жарияланды. 1917 ж. қарашада Ташкентте совет өкіметі орнады. Өлкеде жаңа режимді пролетариат революциясының əлеуметтік базасы болмасада қолдау табуы (жұмысшы табының аз болуы, отарлық чиновниктер мен əскерилердің үлкен əсері, қазақ прослойкасының əжептəуір санының болуы) 1916 ж. уақиғаның қайталануы мүмкін деген қорқыныштан туған болуы тиіс. Жергілікті басқарушы элита қандай болмасын орталық үкіметті қолдауға дайын тұрды, егерде ол орыс тілінде сөйлейтін азшылықтың аймақтағы əсерін сақтауға кепілдік берсе. Бұл Түркістандағы совет өкіметінің алғашқы қарарларынан-ақ айқын байқалды. ¤йткені жаңа үкімет жергілікті халықтар – қырғыздарды, қазақтарды, өзбектерді, түрікмендерді, яғни бұратаналарды «туземцыларды» басқару жұмысына қатыстырған жоқ. Сөйтіп Түркістандағы алғашқы совет өкіметі патша үкіметінің отарлық саясатын одан əрі жүргізді. 1917 ж. аяғы–1918 ж. басында Солтүстік, Шығыс жəне Батыс Қазақстанның біраз қалалары совет өкіметін орнатқандығын жариялады, бірақ олар шын мəніндегі билікті жүргізе алмады. Кейбір аудандарды Орынбор жəне Орал казак əскерлерінің «əскери үкіметі» басқарды. Ал, қазақ тұрғындары басым волостар мен уездерде Алаш Автономиясының органдары басшылық жасады. Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі əлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын жəне бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім жəне Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз жəне контрибутциясыз демократиялық бітім

жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған жəне жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық жəне этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уəделер мен ұрандарға əуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мəскеуде, елдің өнеркəсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің əлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз əрі əлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттықдемократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір жəне Орынбор казакəскерлерінің əскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат жəне шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ə.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ə.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Ауылды кеңестендіру \ яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уəкілдер жіберілді. орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, əсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уəкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мəселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына əрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды. Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Əсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап

калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тəртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, əкімшіл-əміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады. 21) Азамат соғысы жылдарында Қазақ елі *ақтар* мен *қызылдардың* тектеріс күрестерінін сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ əскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы жəне жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының əкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған жəне Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан жəне Башқұртстан ұлттық- демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зəки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді жəне Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді... Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ə.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мəнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді. Шын мəнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды. 22) Азамат соғысының қазақтың дəстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. *Əскери коммунизм* саясатының қазақ өлкесіндегі арандату əрекеттері.

«Əскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дəл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едəуір аумағында жүріп жатқан əскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тəн ерекшелігі жəне басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды. Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың əр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа əдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «əскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Əскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркəсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі

кəсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кəсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты жəне жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды. 23) Қазақтардың Бүкілресейлік құрылтай жиналысындағы ұстанымдары. Алашорда үкіметіне *кешірім* жасалуы. Алашорда үкіметінің кеңестік билікті қазақ мүддесіне бейімдеу əрекеті. 24) Қырғыз ҰқазақҚ АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының белгілеуіндегі ұлт зиялыларының қызметі. 25) Қазақ АКСР-ы жəне Түркістан республикасы, Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. Кеңестік тотолитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы. .Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы əкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның əкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.



Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мəлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мəлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни жəне ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзінөзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы жəне Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ə.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария. қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды. 26) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат . Оған көшудің əлеуметтік – экономикалық жəне саяси негіздері ЖЭС мазмұны, оны жүзеге асыру ерекшеліктері.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кəсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары жəне Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркəсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едəуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сəтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері əрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия жəне Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді жəне ұсақ кəсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық жəне несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кəсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мəні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. 1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей жəне Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей жəне Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық жəне 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нəтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады. Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80

% жуығына Кеңес үкіметі берген дəн себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы 4 тамызда Еңбек жəне Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сəйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге əкетті. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Жер – су реформасы. Жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы сəуірде бұрынғы Сібір жəне Орал казак əскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нəтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нəтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ жəне орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нəтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нəтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. Ауылда əлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды). Оның міндеттері: 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мəдени деңгейін көтеру. 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді əлсіретті. 4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 жəне одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркəсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға əкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық жəне басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті. Соның нəтижесінде: 1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті. 2) Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті. 3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті. 4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды. Шаруалардың жіктелу процессі күшейді: 1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. 3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді. Жаңа экономикалық саястат жылдары өнеркəсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңес 8 тресті – «Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кəсіпорынды – Сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Сонымен бірге Одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтай–казполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды. Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5 % - ін Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс əсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Россияның орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркəсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т. б. Өлкедегі кен өнеркəсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды. Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 % - ін бере бастады. Орал – Ембі мұнай кəсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Əуелі Доссор, содан соң Мақат кəсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Атырауды осы мұнай кəсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. Одан бұрын (1920 ж.) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады. Қазақстанда өнеркəсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды. Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жəрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жəрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті. Басты жəрмеңкелер: 1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. 2) Ақмола губерниясында – Атбасар. 3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. 4) Бөкей ордасында – Орда. Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды. Жаңа экономикалық саясаттың нəтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркəсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы ( қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі. Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар: 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз əскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде əр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін жəне т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мəселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола жəне Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мəселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. КАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді жəне Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды əзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нəтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нəтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). 1925 жылы 15–19 сəуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды. Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мəселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік жəне шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді. 1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына əміршіл - əкімшіл əдіс енгізілді. Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмететті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тəштитов жəне т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды. 1921 жылғы қаңтардың 1–інде КОБОС – тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кəсіподақтардың республикалық 1–конференциясы болды. Онда кəсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Осы жылдары əйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп – жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б. Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті. Ауылдық жəне қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арсында саяси жұмыс, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен жəне жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға рулық жəне таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық – феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды жою, көп əйел алушылыққа, əмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды. 1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ə. Жангелдин бастаған « Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар – Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 126 митинг өткізіп, 25 пұт əдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап, партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды. 1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) жəне орыс тілдерін қолдану тəртібі туралы, 1923 жылғы қарашаның 22 – інде «Қырғыз (қазақ ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреттер қабылданды. 1927 жылғы мамырдың 17–інде «Қазақ уездің, округтік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу», 1928 жылғы қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ жəне орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар белгіленді. 1925 жылы желтоқсанда Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы өтті. Онда: ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, үкімет органдары ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай,жартылай феодалдардың зорлық – зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі. 1928 жылы республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика 5 буынды – ауыл, село, болыс, уезд, округ, орталық басқару жүйесіне көшірілді. Республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді. Жаңадан аудандастырудың маңызы: 1. Кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, халықты кеңестік құрылысқа тартуға көмектесті. 2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты. 3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық – территориялық Кеңестер құру қажеттігін көрсетті. 1929 жылы Қазақ АКСР – ының астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге, осы жылдары (1921 – 1928 жж.) қоғамда партияға тəуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер əміршіл - əкімшіл басшылық стилі мен ойлау əдісін орнықтырды, партиялық – мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа жəне т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тəжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бəрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына əкеп соқты. 27) Жер – су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. Қазақ өлкелік партия комитетінің *қазақ ұлтшылдығына* қарсы күресі. .Жер-су реформасы.

Жер мəселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

• 1921 жылғы сəуір – патша өкіметі кезінде Сібір жəне Орал казак əскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нəтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. • 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нəтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы» атанды). Жетекшілері: А.Асылбеков, Ə.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: - Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру. - Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мəдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді əлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады

28) Түркістан республикаларыне ұлттық – мемлекеттік межелеу – біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі. 29)Ф.И.Голощекиннің *Кіші қазан* идеясы жəне оның қатерлі мазмұны.Қазақтың дəстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер.Жайылымдық – шабындық жерлерді бөлу жəне оның нəтижелері. 29.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық жəне егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл əлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады. “Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу жəне кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің əлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген ісшаралар:

§ Қазақ ауылын кеңестендіру; § Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; § Ірі бай шаруа қожалықтарын тəркілеу бағыттарында жүзеге асырылды. Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу.Шабындық жəне егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандардың шабындық жəне егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық жəне жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.

1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық жəне 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.

Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарту мəселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дəстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді.

Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым жəне т.б. заттарға өте зəру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сəтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады. Жайылымдық жəне егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық жəне егістік жерлерді қайта бөлу сəтсіз аяқталды.



Қазақ ауылының дəстүрлі табиғатымен əлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең əлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық жəне егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық жəне егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тəркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.

Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің əлеуметтікэкономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының əлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан жəне рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сəдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сəдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп əр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты. 30) Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен жəне əлеуметтік-экономикалық, мəдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, əсіресе өнеркəсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті жəне осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Қазақстанға өнеркəсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бəрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер” деп айыптады. Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға əртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нəтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс əкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, əсіресе, көшпелі мал шаруашылығы жəне оның өнімдері əрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркəсіп өндірісін белгіледі жəне оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы əкімшіл-əміршіл большевиктік басқару əдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркəсіп

өндірісінің дамуы шын мəніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан əрі жалғастырды. 31. Көшпеліжəнежартылайкөшпеліқазақшаруаларықожалықтарынынкүшпенотырықшылыққ акөшіру. Ауылшаруашылығынжаппайұжымдастыруғакөшу. Ұжымдастырудыңəдістері, түрлері, қарқыны. Большевиктер 20-шы жылдары ЖЭС-тіұзақмерізімдісаяси стратегия депесептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясындашаруақожалықтарынбіртіндепкооперативтендіруарқылыауылшаруашылығынсоциалистік жолменқайтақұрудыкөздеді. Шаруаларкооперациясымемлекеттіктұрғыданеріксізкүштеуарқылыемес, керісіншеэкономикалыққажеттіліктентуындайтынқозғалыс болу керекеді. Алайда, большевиктерқазақауылындаəлеуметтіктеңсіздіктіжоюмақсатындашабындықжəнежайылымдықже рлердібөліскесалды. Ф. Голощекин: “Жайылымдықжердібөлудеген не?“ дейотырып, бұлнауқанғазорекпін беру үшінжəнеөзтөңірегіндегібольшевиктердіжігерлендіруүшін “БұлкішіҚазан“ – деді. АлайдаФ.ГолощекинбастағанҚазақстанбольшевиктерініңқазаққоғамынабайланыстыжүргізгенбұл шараларықазақауылындаКеңесөкіметініңжеңісінқамтамасыетеалмады. Оныңсебебібұл реформа алғашқыкезден-аққатетұжырымдарғанегізделгенеді. Біріншіден, қазақтыңдəстүрлішаруашылықжүйесісақталыпотырғанжағдайдашабындықжəнежайылымдықжер лердіжəйбөліске салу ешнəтижебермеді. Екіншіден, шабындықжəнежайылымдықжердібөлудіңөзідəстүрліегіншаруашылығыжүйесіндегізаңдылықтарж етегіндеқалыпқойды, яғнишабындықжəнежайылымдықжерлердібөлушаруақожалығындағыотбасымүшелерініңсанынаба йланыстыжүргізілді. Ал қазақтыңдəстүрлішаруашылығында, керісінше, жердімалдыңсанынақарайиемденді, яғникөшпелілерүшінжайылымғасұраныс мал басыныңсанынажəнеоныңқұрамынабайланыстыболды. Үшіншіден, жартылайкөшпеліаудандардағыжербөлінісінəтижесіндежергеиеболғаншаруаларүшінбұлкезеңдеол жерлерденкелерпайдажоқеді. Себебіауылдағыкедейшаруалардыңқожалықтарығанаемес, тіпті орта шаруақожалықтары да бұлкезеңдеауыл-шаруашылыққұралсаймандарына, егетінтұқымжəнет.б. заттарғаөтезəруболды. Мысалы, 1928 жылыреспубликада 1927 жылғыесепбойынша 800 мыңқазақшаруақожалықтары бар болғаны 124 мыңөтеқарапайымеңбекқұралдарынаиеболды. Олар 54 мыңсоқа, 0,5 мыңтұқымсебетін машина, 13,5 мыңшөпшабатыншалғы, 9,4 мыңтырмат.б. Бұлеңбекқұралдары сан жағынаналғандакөлгетамғантамшыдайғанаедіжəнеоныңсапасы да өтетөменболды. ТіптіəлеуметтіктұрғыданкелгендеПетропавлокругіндеешқұралсайманыжоқщаруақожалығыныңмөлшері 95,5%, ал орта шаруақожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% жəне 85,8 5%, Қызылордаокругінде 72,95% жəне 69,15% болған. Шаруашылыққұралдардыңжетіспеуі, əрине, кедейқожалықтарынөзүлесінен бас тартып, бөлінгенжерлердібұрынғыиесінеқайтаруғамəжбүретті. 1927 жылыжелтоқсандаірі бай шаруашылығынтəркілеужөніндегізаңжобасынəзірлейтінарнайы комиссия құрылды. 1928 жылынаурыздаҚазақстанӨлкеліккомитетініңбюросыолзаңжобасынбірнешеретқарап, нақтылады. Осы жылдыңтамызайындаӨлкелік комитет тəркілеунауқанынатікелейбасшылықжасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияныңтөрағасыболып Е. Ерназаровтағайындалды, оныңқұрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосовжəне т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызындаОрталықАтқарукомитеті мен ХалықКомиссарларыКеңесіндетəркілеужөніндегізаңжобасықабылданды. Республиканыңбарлықаудандарынатəркілеудіөткізужөнінденұсқауларжіберілді. Азық-түлікдайындаунауқаныбарысындаҚазақстандашаруаларғақарсыкеңауқымдықуғынсүргіншараларыжүргізілді. Анықталғандеректербойынша, осы кезеңде 56 498 село тұрғындарыныңəкімшілік-қылмыстықжауапкершіліккетартылғаны, олардың 34 121-і атылғаныбелгіліболыпотыр. Материалдаркөрсеткендей, тек үш округ (Ақмола, Петропавл, Семей) бойынша 1928/29 жəне 1929/30 жылдарымұнда 23 млн сомнанастамайыпсалынып, мүліктартыпалынды, 54 мыннанастаміріқара мал, 630 мыңпұтқордағыастық, 258 бірлікəртүрліқұрылыстартəркіленді.[22].Голошекин БК(б)П Казөлкомның 1930 жылғы 2 қаңтардаөткізілгенжабықотырысындадайындаунауқаныбарысында, 1928 жылғы 1 қазан мен 1929 жылғы 1 желтоқсанаралығында сот органдары 125 адамды ату жазасынакескенін, ГПУ аркылынақ

осы кезеңде 152 адамныңатылғанынхабарлады.[23].Оныңесесіне республика басшыларыҚазақстанныңбүкілодақбойыншадайындалатынжүннің 33%-ын, терінің 20, бидайдың 17, еттің 10%-ын (1928/29) тапсырғанытуралы рапорт берді. Орталыққажіберіліпотырғанкезектіесептегімəлімдемелербұдан да сорақытүрде «Шаруашылықтардыңтауарлылығынынталандыру» дегенайдарменжарияланыпотырды. [24].Индустрияландыруүшінқаражатжинаумақсатыменмемлекет 20-жылдардың екіншіжартысынанбастап, салықкөлемінкүртөсірді. 1926/27 жылыҚазақстанбойыншаесептелгенауылшаруашылығысалығыныңсомасы 1925/26 жылғыменсалыстырғанда 87%-ғаұлғайтылды.[25]. БК(б)П ОК-ніңшешімімен 1928/29 жылыауылшаруашылығысалығысомасыелде 400 млн сом мөлшеріндебелгіленді (1927/28 жылғы 305 млн сом орнына).[26]. ОныңішіндеҚазақстандасалықкөлемі 23 млн сомғажетті. Алдыңғытөлемдікжылменсалыстырғанда, салықтық база (салықсалынатынкөздер) бұлкездеоншаұлғаймаса да, онынауыртпалығы 100%-ға[27]. өсті.Осыжылдары 400 сом жəнеодан да жоғарытабыссалығысалынатыншаруашылықтарүшін норматив бойыншакіріскетөленетінпайыздықүстемеақыныңмөлшеріұлғайтылды. Нəтижесінде, мысалы, 450 сом пайдатабатынотбасыжандарына (отбасымүшелеріне) салықауыртпалығы 16%-ға, ал 1 000 сомнанартықболса 41%-ғаөсті. Алайдабұл да жеткіліксізшарадайкөріндіжəнекөпұзамай «жалпышаруаларарасынанөзініңтабатынпайдасыменерекшеленетін» шаруашылықтарғасалынатындербессалықдепаталғансалықтүрі де қосымшаенгізілді. [28].Егерреспубликадағыастықтышаруашылықтардың 21%-ына, мал өсіретіншаруашылықтардың 6%-ына[29]. үлкенпайыздықүстемеменқосымшасалықсалынса, 21 300 шаруашылықсалықтыдербесерекшетəртіппентөлеугеміндеттелінді, оларға 8,5 млн сом мөлшеріндесалықсалынды.[30].Қостанайокругінде 3 мыңғажуықшаруашылыққадербессалықсалынды, ауылшаруашылығысалықтарыныңбүкілжиынтықсомасының 34%-ынтөлеуміндеттелінді, ал Оралокругіаудандарыныбірінде 50 ауқаттышаруашылыкқтарауданғажүктелгенбүкілсалықкөлемінің 88 пайызынтөлеугетиістіболды. [31].Бірқатарокругтер мен аудандардадербессалықсалынғандар саны одан да көпедіжəнежекекəсіпкерлікпенайналысатынтабысыжоғарышаруашылықтарғасалынатынсалықтың көлеміолардыңойына да келмейтінауқымдакөтерілді. Бұлкездейсоқемес-ті, салықкомиссияларықайсыбіршаруашылыққадербессалықсалғанкезде, барлықжердебірдей, оныңдəлеліретінде «мықтықорғаушылары бар», «ауқаттышаруашылық», «ауылшаруашылығыөнімдеріндайындауғатерісқарады» дегенсияқтыжəнет.б. аргументтердіалғатартты. Мұндайфактілерəсіресе Павлодар, Қарқаралыжəне Семей округтеріндежиіорыналды. Мал шаруашылығыменайналысатындардыңқонысаударуы, оныңішіндеҚытайғакөшіпкетуісоныңсалдарыболыптабылады.Қонысаударудыңжаппайсипаталған ысонша, олаудандарға БОАК-тіңхатшысы И.Ф. Киселев басқарғанарнаулы комиссия жіберілді, олбірқатар шара қолданды. Мəселен, Семейокругіндедербессалықсалынғаншаруашылықтардың саны 3 410-нан 1 428-ге, Павлодарда 875-тен 314-ке, Қарқаралыда 875-тен 314-ке кеміді.[32]. Дегенмен, комиссияларкешқимылдады, олардыңіс-əрекетіжергіліктісипаттаөрістеді, ал «бассыздық» барлықжердекеңетекалыпкеткенболатын.Ауылшаруашылығыөнімдеріндайындаудыңкүштепжүргіз ілуіжəнесалықауыртпалығыныңкүртартуыхалықшаруашылығынтұқыртуғаəкепсоқтырды, тұрғындардыңжаппайкөшуінемəжбүретті, өндірістіңұйымдыққұрылымындабейберекетсіздіктерорыналды. ЖЭС тарихикезеңретіндеөзмүмкіндігінаяғынадейінашыпкөрсетеалмай, нəтижесізаяқталды. 32. Қазақтардыңдəстүрлішаруашылықжүйесініңкүйреуі. Бай қожалықтарынтəркілеужəнеоныңəлеуметтік-экономикалықсалдары. Тəуелсіздігіміздіалғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, ұжымдастыру кезеңіне бірқатар құнды — құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан — жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің əсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылы, осы ауылдың тіршілік көзі болған мал шаруашылығын күйрету 1925 жылғы қыркүйек айында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И. Голощекиннің жауапты хатшы қызметіне келуімен тығыз байланысты. Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда,

шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХV сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қалыптастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мəселесінде де сьезд: бұл іс бірте—бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық əдістермен жойылатын болсын деген. Осының бəрін сьезд жалпы əлеуметтік — экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мəселесін даралап алға шығара бергені шындық. Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей жəне орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [1, 4 б.]. Саяси жəне экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір—біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды жəне егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау əдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын — аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап — қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мəлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды [2, 170 б.]. Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің əлеуметтік — демографиялық дамуына өзгерістер əкелді. Көшпелілердің рухани — мəдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе əкімшілік əдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тəркілеу жөніндегі заң жобасын əзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тəркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов жəне т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тəркілеу жөніндегізаң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарынатəркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние—мүлкі тəркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда400— ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 300—ден астам малыбар, отырықшы аудандарда 150—ден астам малы барлар жəне бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтарыжатқызылды [3, 35 б.]. 1928 жылы тамыздың 30—да Қазақ АКСР ХКК—нің «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі жəне отрықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданып, соған сəйкес аудандар белгіленді.Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сəйкес сонымен қатартəркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар да анықталды. Тəркілеуге байланысты декретте əсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тəркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тəркілеу туралы ереже бойыншажер аударылғандардың бəрі сайлау құқығынан айырылды. Байларды тəркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уəкілдер бастаған комиссия мүшелері тəркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тəркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уəкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді. Республика көлемінде барлығы 696 «бай—феодалдар» тəркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғыжүргізілген тəркілеу барысы мен оның нəтижелері көрсетіп берді. Алдын—ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тəркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тəркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%—і ғана. Оның себебі алдын—ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мəжбүр болды. Барлық тəркіленген малдың 10,2%отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан жəне 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тəркіленген малдың 118919 басы жекешаруашылықтарға (74,3%) жəне колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тəркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды [4, 7 б.] Көптеген қазақ партия—кеңес қайраткерлері тəркілеуге қарсы шықты. Олар

қазақ қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да əлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тəркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тəркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тəркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тəркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне əкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тəркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді. 1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны жəне мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. ОларғаОрта жəне төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандардашаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқаелдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанныңастықты аудандары жатты.Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғандабаяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай,ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. ГолощекинЖер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) жəне РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жібергенжеделхатында 1929–1930 жылдары республикада ұжымдастырудыкүшейту үшінжоспардың қайта қаралғанын,сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтыңқамтылатынынкөрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды [5, 9 б.]. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70—тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды [6, 302 б.]. Алайда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысындажіберілген зорлық—зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда қабылдаған «Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бұрмалаушылықпен күрес туралы» қаулысында партия бағытын бұрмалаудеп қана бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бəрін дұрыс деп есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет деді. Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нəтижесінде болып жатқаны мойындалмады. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда əлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК—нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту жəне кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысынегізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды.Шаруа қожалықтарынан бай—кулактарды бөліп алып,оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай—кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыруаудандарындағыколхоздар бөлген жерлергеқоныстандырды. Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандарарасында орташалар,тіптен кедейлер деболған. 1928–1929 жылдарда бай—кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды.1931 жылы 5500 шаруабай—кулак ретінде аласталды. Ал енді 1928 жылғы тəркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай—феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі. Бұл сандарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғанықатардағы еңбекшілер екенін мойындаған [7, 36 б.]. Қазақ байларын тəркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының беташары іспетті болды. Қазақ байларының малдарын тəркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да кедейлер еш

нəрсе ұтпады. Бұл науқан қазақ даласындағы дəстүрлі мал шаруашылығын күйретуге əкелді. Дəстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі — ірі байлар қожалықтарын күйрету Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлылығының күрт төмендеуіне негіз жасады. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзіндеҚазақстанда 30—дан астам үлкенді—кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады.1929 —1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мəжбүр болды. 1929–1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді əскери күшпен басып жаншыды [8, 53 б.]. Сондай—ақ, отырықшыландыру науқаны дажаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі — жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп əкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі — əлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате екендігін көрсетіп берді. Бірде — бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа өз қаржысымен отырықшыландыру оларды босқынға ұшыратты. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Əсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дəстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдыңкөп бөлігіүкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің VІ Пленумында1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4млн. ғана мал қалғанын мойындауға мəжбүр болды [9, 208 б.]. Сонымен, ұжымдастырудың айқын тарихы — «тəжірибе жасау мен қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы.Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дəстүрлі мəдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20–30 жылдары — Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27—тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тəркілеу туралы», 1928 жылғы 13—қыркүйектегі «Аса ірі жəне жартылай феодалдарды тəркілеу жəне жер аударуға қарсы əрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» жəне 1930 жылғы 19—ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі жəне кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары жəне «Жаппай саяси қуғын— сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді. Сонымен, осы жылдарда Қазақстанда жүзеге асырылған əлеуметтік—экономикалық процестер қазақ халқының дəстүрлі даму жолын талқандап қана қоймай, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының халықтық салт — дəстүрлерін аяқ асты етті. Нəтижесінде адамзат өркениетінде өзіндік орны бар, бірегей қазақ ұлтының өзінің рухани тамырларынан қол үзу, өзінен үлкен ұлттың жетегінде кету процесі белеңалды.1927 жылыақпанда БОАК төралқасыкөшпелі, жартылайкөшпеліқазақтардыжергеорналастырутуралышешімқабылдады. ГолощекинҚазақстандағыегістіккежарамдыжерлергеорысшаруаларынқоныстандырумақсатынбірін шікезеккеқоюғатырысты. БұлН.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбековсияқтықайраткерлердіңзаңдықарсылығынтудырды. Сол 1927 жылықарашадаөткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясыҚазақстандымекендейтінбарлықұлттардыжаппайжергеорналастыруқажеттігіжөнін деқаулықабылдады. Олқаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағықаулысындатолықмақұлдады. СоныңнəтижесіндеҚазақстанүкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жергеорналастырутəртібіжəнежердіпайдаланудыреткекелтірутуралы» арнайықаулыкабылдады.Бұлқаулыныіскеасырубарысындабасымдылыққонысаударушыларғаберілд

і. Ал көшпеліжəнежартылайкөшпеліқазаққожалықтарынотырықшытұрмысқааударумынадайқарқындаж үргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 жəне 1933 жылы — 242 208 қожалықтарарнайыбелгіленгенжерлергеорналастырылды. Қазаққожалықтарынжаппайотырықшытұрмысқааударуолардымемлекеттарапынанматериалдықжəн еқаржылайқолдаусыз, құрнауқаншылықшараларарқылыжүргізілді.Бұлзорауқымдышаралардықауырттүрдеіскеасыруидея сы, авторларыныңкөздегенбастымақсаттарыныңбірі — қонысаударушыларғамолыраққазақжерлерінбосатып беру болды. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағықаулысындақазақтардыңбелгіленгенмөлшерденартықжерлерінкесіпалукөрсетілді. ОсылайшаКеңес үкіметіқазақжерінотарлауісінежаңақарқынберді. Бұданкейінқабылданғаншешімдер мен қаулыларпатшалықРесейдіңқазақжерінотарлаусаясатыныңқайтатіріліп, кеңестікзамандажаңабағыттажүргенінбайқатады.1927 жылыжелтоқсанайындатəркілеутуралызаңдайындауүшінарнайыкомиссияқұрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардыңшаруашылығынтəркілеутуралы» жəне 13 қыркүйекте «Тəркілеугеқарсылықкөрсеткеніүшінқылмыстықжауапқатартужəнеірі, жартылайіріфеодалдардыкөшірутуралы» депаталғанекіқаулықабылданды. 700 ірішаруашылыктың мал-мүлкінтəркілеубелгіленді. Малменқосабау-бақша, ауылшаруашылығықұралдары — соқасайман, арба, шана, тіптенкүрке, жертөлелер де тəркілеугежатқызылды. 145 мың мал тəркіленіп, 619 отбасыкөшірілді. Байлардың мал-мүлкінтəркілеуолардыңтуыстарыныңколыменжүргізілді. Осылайшақазақтардыөзараараздастырусаясатытереңдейтүсті.



33. Меншіктен айыруға жəне күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер - ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Кеңесөкіметінеқарсыхалықнаразылығыныцсипаты.Қазақстандагыөкіметорындарыныңсаясат ынадегеннаразылықтыңалгашқыбелгілері1928жылыжүргізілгентəркілеукезіндепайдаболды. Алайдажаппайұжымдастырунауқаныбасталысыменбірқатараудандарданегізгіқозғаушыкүштерікед ейжəнеорташашаруаларболғанкөтерілістербұрқететүсті. Көтерілісшілеркеңесжəне партия мекемелерінталқандап, кұжаттардыөртеді. Алайдакөтерілісшілердіңнашарқарулануы мен олардыңұйымдаспағаныкөтерілістердіңжеңіліскеұшырауынаəкепсоқты. Мемлекеттіңкүшқолданусаясатышаруалардыңтабандыкарсылығынакездесті.Көптегенаудандардас отсыз, тергеусіз ату жүзегеасырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергіліктікеңесжəне партия кызметкерлерітұткындалғандардыкітттікалибрлівинтовкалармен, бытыралымылтықтарменатып, аяусызқорлады. БұлфактілерҚазакстандағыКеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарынеңқорқынышты, адамзатқақарсыжасалғанқылмыстарменқатарқоюғаболатынындəлелдеді. Бүтіндейалғандақазақтардыңжалпысаныныңкемуінесебепшіболған«КішіҚазан»ұжымдастырусаяс атын геноцид депесептеугеболады. Оныменбірмезгілдебилікоргандарыказақтардан «босаған» жерлергеКСРО- ныңбасқааймақтарынанқуғын-сүргінгеұшыраған, малмүлкіненайырылғанкулактардыəкелебастады.Жаппай бой көрсетутұрғындардыңұжымдастырусаясатынақарсыжауабыболды. БасшылыктыңпікіріншеҚазақстандаболыпөткенкөтерілістертаптықкүрестіңшиеленісуініңсалдары, өзқызметінбаяғыдатоқтатқан«Алаш»партиясыəрекетініңнəтижесіболды.19291931жылдарғыхалыктыңбарлық бой көрсетулеріжеңіліскеұшырады. Мұныңбастысебебікөтерілісішлердін, нашарқарулануы мен жеткіліктіұйымдаспағандығындаеді. Көтеріліскозғалысыныңтөмендеуіне1930-1931жылдардағыаштық та аз рөлатқарғанжоқ. Əлсіреп, қалжыраған, аштыққаұшырағанкөшпелілерөзмүдделерінқолдарынақаруалыпқорғайалмады. Наразылықтыңнегізгіформасы - Қазақстаннантысжерлергеқонысаударуболды. Созақкөтерілісі.Келесі1930жылдыңкөктеміндеҚазақстандағыкөтерілісшілерқозғалысыкүшейетүс ті. ҚазақстанныңоңтустігіндегіСозақауданындаірі бой көрсетуболыпөтті. Оныңбасталуынаауданда мал-мүлкіненайырылғанкулактар мен олардыңтуыстарыүшінбірнешетұтқындарлагерініңашылуы мен мұсылмандарүшінқасиеттісаналатынОраза айындадіниəдетғүрыптардыорындағандарғаөкіметорындарыныңайыпсалуысылтауболды. Бұл 30-жылдардың басындағынеғұрлымірікөтерілістердіңбірі. Көтеріліске 5 мыңдайадамқатынасты. Сол уақыттағыдеректербойыншабұлокиғалар «Кеңесөкіметінеқарсыконтрреволюциялыққарулыкөтеріліс» ретіндесипатталды. КейінірекТ.

РысқұловтыңИ. Сталингежазғанхатындаатапкөрсетілгеніндей, күштепұжымдастырудəстүрлікөшпелікоғамныңбірқатарережелерінбұзуменқатаржүргізілді (қазақтардыиттерісі мен жылқыкүйрығынтапсыруғамəжбүретті). Өмірсалтынбұлайшақорлаукоғамдықнаразылық пен қарсылықтыңөсуінеəкепсокты.АқпанайындаСозактыңтəңірегіне 400-дей адамжиналды. Болысқызметінатқарушы С. Шолаков хан болыпсайланды, олөзбасшылығыменкөтерілісшілердіңалғашқыотрядтарынқұрды. СозақкөтерілісіСырдыңбойындағыТүркістаннанЖаңақорғанғадейінгіаумақтықамтыды. Көтерілісті басу үшінТашкенттенжалпы саны 225 адамболғанбірнешеəскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушыотрядтыңқатарыжуырдағыелдімекендердегікоммунарларотрядыментолықты.Көтеріліс шілер мен ОГПУ отрядтарыныңарасындағыалғашқықақтығыс 1930 жылы 12 ақпандаСозақтыңжанындаболды. Бұлшайқасқайжактыңболса да айқынбасымдылығыменаяқталғанжоқ. Көтерілісшілерқаружарақтарыныңнашарлығынабайланыстышегінугемəжбүрболды. Бірнешетопқабөлінгенкөтерілісшілердіңбіртобы Ташкент бағытына, басқасыШолаққорғанарқылыШуғабеттеді. ЖазалауоперацияларынҚазақстан ОГПУдіңбасшысыОльшанскийдіңөзібасқарды. Оныңнұскауыбойыншакоммунарлар отряды Созақкөтерілісінеқатысыжөніндесолкүдіктудырғанжазықсызадамдардысотсыз, тергеусізатты. Көтерілісшілерсолжылдыңкөктеміндеталқандалды. Көтеріліскеқатысушылардықұғындау 1938 жылғашейінжалғасты. Ақтөбе, ҚостанайжəнеҚызылордаокругтеріндегікөтерілістер.Неғұрлымтабандыəріұзаққасозылғанкөте рілісАқтөбе, ҚостанайжəнеҚызылордаокругтарыныңкөлемдіаумағынқамтыды. Қысқамерзімішінде хан болыпсайланғанА. Қанаев, Ж. Бəйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. КетерілісшілердіңнегізгікүштеріҚостанайокругініңЖетіғараауданыныңоңтүстігіндеорналасты. Көтерілісбасталғаннан партизан соғысыныңсипатыналып, жазалаушылардыңшешушісоққыжасауынамүмкіндікбермеді. Халыққозғалысын басу үшінбұлаймаққа 8-атты əскердивизиясыныңбөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистікотрядтаржіберілді. Кетерілісшісарбаздарбарлықжердеауылдықкеңестердіталқандап, құжаттардыжойды, астықдайындауғабөгетжасады, колхоздардытаратты. ƏртүрліаудандардыңкөтерілісшілерібіртіндепЫрғызкентініңжанынашоғырланабастады. Жазалаушыларолардытоқтатпақболғанымен, айтарлықтайтабысқа жете алмады. Ірішайқастар 14 жəне 15 наурызкүндеріетіп, кетерілісшілерыдырады. Алайдакуғыннанқашыпқұтылып, қайтаданкүшжинапбірігеалды.Қарақүмға Ө. Жангелдинбастағанүкіметкомиссиясыкелді. СарбаздаржағынанкеліссөздердіЖ. Бəйімбетов, Д. Қараев пен А. Əйменовтержүргізді. Олармынадайталаптарұсынды: орташаларданзаңсызтөркіленгенмалдықайтару; ұжданбостандығы, мешіттердіқайтаружəнедінгесенушілердіістерінеөкіметтіңараласпауы; төркілеугетыйымсалатын декрет жариялау, оны өкіметорындарыныңмүлтіксізорындауы; күштепұжымдастырудытоқтату; ауылдағы«тап күресін»жасандышиеленістірудітоқтату; ауылішіндегібарлықмəселелерді«өкілеттіөкілдер»емес, жалпыжиналыстыңшешуі; салықмөлшерінмалдыңсанынақарайбелгілеу; малшыларданастықсалығыналуісінтоқтату; көтерілісшіауылдарданҚарақұмдаерекшеəкімшілікауданқұру. Осы шарттарорындалғанжағдайдакөтерілісшілерқаруларынтастауғакелісімінберді. 30 сəуірдесарбаздарқаруларынөткізебастады. Өкіметорындарыөзуəделеріндетұрмады. Барлықкөтерілісшілерқаруларынтастағансоң, ОГПУ органдарыкөтерілістіңжетекшілері мен белсендіқатысушыларынтұтқындайбастады. Ауылдаржаппайұжымдастырунауқанықызужүріпжатқанбұрынғыорындарынақайтарылды.Өкімето рындарыныңсаясатынанаразылықШығыс Қазақстанда да қарулыкөтеріліскеұласты. 1930 жылы 20 ақпандаӨскеменменЗыряновскаудандарыныңбесселосыныңшаруаларыкөтерілді. Кетерілісішлер«Кеңесөкіметіжойылсын, еріктіеңбекжасасын!»дегенұранкетерді. Бірнешекүнніңішіндекөтерілісшілергекөршілесселолар да қосылды. Екікүнненсоң ОГПУ бөлімдеріжіберіліп, шаруалардыауылданқуыпшықты. Көтерілісбасшысытұтқындалды, көтерілісшілердіңқалғанбөлігітауғакетіп, Қытайғаөтугеəрекеттенді. 1930 жылыкөктемде«КішіҚазан»саясаты мен ұжымдастырусаясатынақарсы бой көрсетулерҚараталауданында да орыналды. МұндакөтерілісбасыпжаншылғансоңқазақтарҚытайғажаппайқонысаударабастады. Көтерілісшілергеқарсықатаңжазалаушаралары. 1931 - 1932

жылдарыаштықтанаманқалғанхалықтыңжартысы, яғни 1 млн 30 мыңадамкөшіпкетті. Олардың тек 414 мыңығанақайтыпоралды, 616 мыңықайтқанжоқ, 200 мыңыҚытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияғакетті.ОГПУ-діңдеректерібойынша 1929 жылыҚазақстандажалпы саны 350 адамболған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдарыкөтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мыңадамғажеткен.Соныменқатарбұлкезеңдеселолар мен ауылдардажалпы саны 10 мыңадамболған 2 мың«дұшпантоптар»анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.ГолощекинніңСталинге 1931 жылыжелтоқсандажазғанхатындаҚазақстанаумағындағы 15 еңірікөтерілістуралыайтылды.Республикада осы уақытішіндекейбіржерлердекарулыкөтерілістерсипатынаиеболған, 80 мыңдайадамкатынасқаншаруа- лардың 400-дей бой көрсетулеріболыпөтті. Осы толкулардыңнəтижесінде 1931 жылдыңезіндеғанаҚазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруашаруашылыктарытастапкетіп, 5 мыңнанастамкөтерілісшілерКеңесөкіметінекарсышыкканыүшінсотталып, ГУЛАГлагерьлеріндеболды, олардың 883-і атылды.[1][2] 34, Қазақтардыңшетелгеауакөшулері. Қазақтардыңаштанқырылуы. Қазақбосқындарыныңқайғылытағдыры. Бесеудің хаты. Т.РысқұловтыңИ.Сталинге хаты – ащы шындықтыңақиқаты. Тəуелсіздігіміздіалып, егеменді ел болыпжатқанкездеұзақжылдарбойыотаршылдықтыңтұтқынынатүскенсанамызқайтажанданып, даму үрдісінбастанөткізуде. Кеңесүкіметікезіндегіайтылмаған, айтылуғатыйымсалынғанкөптегентарихықұндыдеректеріміздізерттеуге бет бұрыпжатырмыз. Соныңбіржарқынкөрінісіретіндеұлттықдемографиямыздаорыналыпотырғанөзгерістерденайқынба йқалады. Кейінгіжылдарықазақхалқыныңдемографиялықмəліметтердібілугедегенқызығушылығыартып, қазақұлтыөзжеріндеқалайазшылыққаұшырадыдегенсауалдарəркімді де ойландырарысөзсіз. ТарихқакөзжүгіртетінболсақҚазақстанда XX ғасырірітарихиоқиғаларменерекшеленеді. Өткенғасырдыңалғашқыжартысы — қазақхалқыныңөміріндебетбұрыстыкезеңдепсаналады. Əсіресе 20–30 жылдарындағыашаршылықапатынемесе «Ұлыжұт» қазақтарихыныңқасіреттібеттерінайғақтайды. Зертеушіғалымдар осы мəселеменайналысып, Қазақстандахалқыбірғасырдаүшбірдейашаршылықтыбастанкешкенжəне оны үшкезеңгебөліпқарастырады: —1919 — 1922 жылдардағыаштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағыаштық (2,5 млн адам) —1946 жылдарыболғанаштық. Əрине, біріншіашаршылық та сұмдықболды. Біріншіашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдарыаштықкезінде 1,5 млн жуықадамшығыныболды. Олкөбінесеелдіңоңтүстікаймақтарынқамтыды, нақ осы жəнебасқа да деңгейдеҚазақстанныңбарлықтұрғындары да зардапшекті. Екіншіашаршылық, əртүрлімəліметтербойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамғадейінболды. Ал, үшіншіашаршылықсоғыстанкейінгіеліміздегіэкономикалықахуалдарғабайланытытуындады. Бірақ та, бұлашаршылықсолжылдарыхалықтанжасырынтүрдеұстады. Осылайша, қазақтарісжүзінде 15– 20 жылдыңішіндехалқыныңжартысынажуығынанайырылған. Əлемдіктарихмұндайкеңауқымдыашаршылықтыбілгенемес. Сондықтан, осы қасіреттіəрбірқазақбілугеміндеттіжəнеестесақтап, ұмытпауымызтиіс. Қазақжеріндеашаршылықсалдарынандемографиялықахуалкүрттөмендепкеткенболатын. Оныңайқынкөрінісіретіндетарихбеттеріндеқалған 1931–1933 жылдарықазақхалқыныңбасынатөнгенеңбірқасіретті «Ұлыжұт» кесіріненкүнібүгінгедейінқазақхалқыөзжеріндедемографиясыжағынаназшылыққаұшырапотыр. Батыстықнемесересейлікғалымдарашаршылықтың болу себебіауарайыныңқолайсыздығынан, құрғақшылықболыпегінніңшықпайқалғанынаннемесежұқпалыаурулардыңтаралуынандегенсияқты асырасілтеулерденіздейді. Ашаршылықкезіндеқаншамақазаққыршынынанқиылды. Оғандəлелмұрағатқойнауындасақталғанкөптегенресмиқұжаттар. Ұлтзиялысы М. Тынышбаевтыңесебібойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақөмірсүргенболса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғыжүргізгенсанағыбойыншақазақтар саны 1965 443 əреңжетіпжығылған» — дегенмəліметтеркөрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тəтімовтіңесептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылықҚазақстандаөмірсүрген 2,5 млн адамның, соныңішінде 2,3 млн қазақтардыңжəне 200 мыңкелімсектердіңқайтысболғаныанықталды. Отырықшыкелімсектерарасындааштықтанөлгендер 10%—ғажетсе, көшпендіқазақтарарасындабұлкөрсеткіш 52—53%—тенасыпкеткен. Осыдан 17–18% жергіліктітұрғындардыңҚазақстаннанбіржолакөшіпкеткен"—дегенмəліметтердіесепкеалсақ, қазақхалқының саны өзжерінде осы кезеңде 70% дейінкемігенікөрінеді [2, 17 б.]

Бұлдеректеросығандейінжарияланғанмəліметтердіңорташаесебіменсəйкескеледі. Тағыбірестелігіндеағамыз М. Тəтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағыхалықсанағыныңнəтижелеріжөніндегімəліметтердіқолғатүсіріргенмін. Көзімніңжеткені — 1939 жылғысанақтақазақхалқыныңсанынайтарлықтайасырыпжазғандығынаңғардым. Сонда, озбырсаясат «орысемес» ұлттардыаяусызқырып—жойғандығынжасырыпқалғысыкелген«,— деппайымдағанболатын. 1879 жылғысанақтақазақтар 5 млн. болса, арада 42 жылөткенсоң 1939 жылғысанақтақазақтар 2 млн. 300 мыңболды. Яғниекіесеазайды. Осығанқарапотырып, 42 жылдақазақтаразаматсоғысы, байлардыкəмпескелеу, жаппайколхоздастыру, 1932–33 жылдардағыаштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынанмиллиондағанадамынанайрылғандеугеəбденболады. Осы екісанақарасындаорыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызғакөбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызғакеміген. Қазақстандықтарихшы А.Н. АлексеенконыңеңбектеріҚазақстандағыауылтұрғындарыныңтабиғижəнекөші—қонқозғалысын, халықсаныныңөсудинамикасыжəнеоныңұлттыққұрамынзерттеугеарналған. Көптегенмұрағатдеректері мен жарияланғанматериалдарынегізіндеауылтұрғындарыныңнегізгі даму бағыттарыанықталады. Сол сияқты 1920–1930 жылдардағыашаршылықжəнеоныңдемографиялықзардаптары, жаппайқонысаудару, көші—қон, 1930–1940 жылдардағықуғын— сүргінгеұшырағанхалықтардыңжераударылуымəселелерқарастырылған [3]. Яғни, бұлғалымныңзерттеуібойыншаəртүрліесептеулер мен түзетулергесүйенгенде, 1930— шыжылдарғықазақхалқыныңаштанқырылуы 1 миллион 840 мыңнемесеқазақтың 47,3 пайызықұрайды. Бүкілодақтықхалықсанақтарыбойыншаəртүрліавторлардыңзерттеулеріндеқазақхалқының сан жағынанкемукөрсеткішіндешамалыайырмашылықтарбайқалады. Мəселен, А.Н. Алексеенконыңмəліметтерінде 1939 жылғықазақтың саны 2 млн. 328 адамделінген. ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нəубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы — Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тəсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының əзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дəстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді. Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне əкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тəжікстанға, Солтүстік өлкеге жəне басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мəліметтерді көрсетеді [1, 262 б.] Сонымен қатар, аштық кесірінен елде əр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мəліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты» [1, 239 б.]. «Жылдарға шаққанда олардың 54—і 1929 жылы, 241—і 1930 жылы, 77—сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы əрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам

қатысқан» [5, 126 б]. Бірақ та, ресми партиялық құжаттармен танысқанда ОГПУ берген еептеулердің толық емес екендігіне көз жеткізуге болар еді. Мəселен, 1931 жылдың желтоқсанында Ф.И. Голощекиннің И.В. Сталинге жазған хатында мынандай жолдар бар: «Тап күресінің өрістеуін ГПУдің анықтамасын төмендегідей анықтамасын білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың ( көтерілісшілер) 34000—дай адам қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылды жəне оған қатысқан 7,5 мың кісі қолға түсті...» — деген мəліметтер көрсетеді [5, 127 б.]. Сонымен қатар, Қазақстан Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың 1932 жылы тамызда И. Сталинге жазған хатында көтеріліс, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамтыған, яғни бүкіл Қазақстанды шарпығанын айтады. Соның ішінде қазақ даласындағы ірі көтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Балқаш, Жетісу, Сарқан, Қордай. Бұл ірі көтерілістер болғанымен, тоталитарлық жүйенің қуатты əскери күшіне қарсы төтеп бере алмады. Көп кешікпей көтеріліс жанышталып, шаруалар наразылығына қатысқандар қатаң жазаға тартылды. Осы «көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін КСРО Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы Мемлекеттік біріккен саяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883—ін атып жіберді» [5, 142 б.]. Тоталитарлық жүйе құрсауына қарсы болған ашық бас көтерулердің бірі — Шұбартау шаруаларының 1931 жылы көктемінде болған ұлт азаттық сипаттағы қозғалысы. 1933 жылы 31қаңтар РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов Қазақстанның жаңадан тағайындалған басшысы Л. Мирзоянға жазған хатында Шұбартау ауданын негізінен қазақтар ғана тұратын 70 ауданның қатарына жатқызып, егіншіліктің жетіспеушілігінен күйзеліс басталып, 1931 жылдан бастап, жаппай наразылық басталғанын атап көрсеткен еді [1, 241б.]. Халықтың мұндай ауыр хəлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мəселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркəсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын жəне Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды жəне оған (ОГПУ—дің ресми мəліметтері бойынша) 600—ге тарта адам қатысты [1, 241 б.]. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды. Аудан аумағына жазалаушы коммунистік əскери жасақтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап кетуіне жол бермеді. Ауыл көтерілісшілері əскери күшке төтеп бере алмады. Көтеріліске қатысқандар қатал жазаланды. «ОГПУдің Ерекше үштігі өзінің 1931 жылдың 14 мамырындағы жəне 19 маусымындағы, сондай—ақ, келесі 1932 жылдың 19 маусындағы үкімдерімен 28 адамды, көтеріліс басшыларын атуға, 66 адамды 3 жылдан 10 жылға мерзімге еңбек түзету лагеріне қамауға, 17 адамды Қазақстанның өз ішінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде жер аударуға кесті» [5, 206–207 б.]. «Жас тұлпар» ұйымының жетекшісі, əйгілі жазушы Мұрат Əуезовтің Алматыдағы ЖОО—дағы замандастарымен болған бір кездесуде: «1932 жылы миллиондаған қазақтар құрбан болды, олардың ішінде білімді азаматтар да кетті. Мұның бəрін, қазіргі біздің жастар білуі тиіс жəне есте сақтауы керек...» — деген болатын [6, 221б.]. Ал академик М. Қозыбаев «1930 — 1933 жылдардағы ашаршылықта халықтың 52%—ы қырылды» деп көрсетеді. Жалпы есептеулерге тоқталар болсақ, 1930–1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының санының кемуін белгілі демограф Талас Омарбековтың есептеуі бойынша: «Қазақстанның Егіншілік Халық Комиссириатының (Наркомзем) мəліметтері бойынша 1930–1932 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының кемуі 1млн 831441 адам деп көрсетіледі. Мұнда бірақ, 1933 жылғы мəлімет көрсетілмеген. Осы жылдары Қазақстанның санақ басқармасы (Казнархозучет) бастығының орынбасары Н. Мацкевичтің мəліметіне қарасақ, бір ғана 1933жылы қысқарған ауыл халқы 1 млн. 70,5мың адамды құрайды, яғни, барлығы, ауылда 1930—1933жылдары азайған халықтың саны 2 млн. 900 мыңнан асып кетеді» [5, 208 б.]. Бұл тек қазақ халқының санының кемуі емес, сонымен қатар қазақ жеріндегі босқындардыңда кемуі көрсетілген. Жоғары да айтылғандай демограф Мақаш Тəтімовтің есептеуі бойынша сол жылдары 200 мың босқындар өлген болса, ал қазақ саны 2,3 млн.ды құрайды. Демек, қазақ халқы саны жағынан үлкен шығынға ұшырауы, демографиялық жағдайдың əлсіреуі, большевик партиясының жаппай отырықшыландыру саясаты кесапатынан, осы бір НƏУБЕТ жантүршігерлік ашаршылықтың белең алуынан... ХХ ғасырдағы болған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Сол уақытта ашаршылық тек қазақ жерін ғана емес, сондай ақ Ресей, Украина, Белорусь жерлерінде қамтыды. Бірақ та, қазақ осы жасанды саясаттың ең қатты зардап шеккендердің бірі. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев халықтың басына түскен бұл нəубетті көптеген зерттеуді қажет ететінін атап өтті. Президент қазақтың қолдан жасалған зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі екенін айта кетіп: " Нəубет жылдары миллионнан аса қазақ аштықтан ажал құшты.

Мұны əлі зерттеу керек, əрине. Біз сол уақыттағы басшылардың өзіне қолайлы етіп берген есебіне ғана сүйеніп отырмыз. Сол жылдары нəубетке ұшырамаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Көптеген ауданда неше түрлі жағдайлардан қырылған адамдардың есебі жоқ", — деген Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев мұның барлығы сол кездегі Кеңестік биліктің, тоталитарлық саясаттың қолдан жасаған зұлматы екенін айтты. Ашаршылықтың алдындағы ұжымдастыру науқандары талай дəуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзғанын да тілге тиек етті. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына тек 1970 жылдары ғана əрең қол жеткізді. "Егер де сол ашаршылық болмаған кезде, ендігі қазақтың саны қанша болар еді, өздеріңіз есептей беріңіздер«— дейді Нұрсұлтан Əбішұлы [7]. Қорыта келгенде мамандардың айтуынша, ашаршылық басталған 1932 жылы туылған 10 қазақтың біреуі ғана аман қалып отырған. Халықтық жалпы қасіреті жадында сақталып қалған елін сүйген азаматтар Кеңестік биліктің қатаң бақылау саясатына қарамастан, тарихтың ащы шындығын болашаққа жеткізуге тырысып жатты. Əрбір қазақ шаңырағын шайқалатын ашаршылық тарихына қызығушылар саны жылдан—жалға артып келеді. Себебі, ашаршылық қасіреті елдің жадынан ешқашан ұмытылған емес жəне ұмытылмайды. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дəуірдегі əлеуметтік тəжірибелер, адам құқықтарын таптау жəне осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мəнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек жəне оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын əрқашан есте сақтауымыз керек. Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық əлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне əкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушыҒабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904— 1954) пен Мұташ Дəулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тəртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады. [1] Қонысынан ауған қазақтар жөнінде Ста¬лин жолдасқа жазған баяндау хатым¬ның көшірмесін хабардар ету үшін осы хатпен бірге сізге жолдап отырмын. Қонысынан ауған қазақтарды орна¬лас¬ты¬ру жөніндегі ұсыныстардың жобасын əзір¬леу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мəселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерек-ше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақстанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мəселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (атап айтқанда, РСФСР Халық Комис¬сар¬ла¬ры Советі тарапынан) қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дəл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен бел¬гілі бір дəрежеде шұғылдануға тура келеді. Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат — бұл мəселеге басшы жол¬дастардың назарын жете аударып, Қазақ¬станға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мəселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпымемлекеттік тұр¬ғыдан да айрықша маңызды болған¬дық¬тан, бұл мəселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын. Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ойпікірлерді ескереді деп үміт етемін. Коммунистік сəлеммен Т.Рысқұлов (Ресейдің мемлеттік саясиəлеуметтік тарихи мұрағаты (РГАСПИ), И. В. Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 558қор, 1-тізбе, 65-іс, 42-парақ) Қазақтар 1931 жылдың аяқ кезінен бастап қонысынан ауып, бір ауданнан екінші ауданға жəне

Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп, көктемге қарай бұл көшу күшейе түскен еді-де, 1932 жылдың жа¬зын¬да қонысынан ауғандардың бір бөлігі (қолданылған шаралар нəтижесінде) мекендеріне қайтып оралған болатын, осы қонысынан ауа көшу қазір қайтадан белең алып барады. Аштық пен індеттің сал¬дары¬нан бірқатар қазақ аудандарында жəне қоны¬сынан ауғандар арасында адам¬дар¬дың қырылып жатқаны сонша, бұл мəселе орталық органдардың шұғыл араласуын қажет етіп отыр. Қазақстанда қазақ халқы¬ның белгілі бір бөлігі душар болған мұндай мүшкіл жағдай өзге өлкелердің не өзге республикалардың ешқайсысында жоқ. Қонысынан ауғандар көршілес өлкелерге жəне Ташкент, Сібір, Злотоуст теміржолдары бойына өздерімен бірге індет апарып тара¬туда. Совет жолымен белгіленген (атап айт¬қанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) ішінара шаралармен мəселе шешілетін емес. Орталық Коми¬тет¬тің қаулысы бойынша дер кезінде бөлінген азық-түліктің едəуір бөлігі тиісті жеріне жетпеген. Бұл мəселенің маңызы зор болғандықтан, сіздің осы хатпен танысып, аталмыш жайға араласуыңызды, сөйтіп, ажалына аштық жеткелі тұрған көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмек¬те¬суіңізді өтінемін. 1.Қонысынан ауған қазақтардың саны жəне олардың жағдайы туралы деректер ________________________________________ Қонысын тастап, Қазақстанмен көр¬шілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекенжайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қара¬қалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар Қал¬мақ¬станға, Тəжікстанға, Солтүстік өлке¬ге жəне басқа да осы сияқты шалғай жерлерге көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды. …Қазақтардың арасында 1932 жылдан бастап белең алған аштық пен індет — осы қоныстан ауудың жəне қазақ шаруа¬шы¬лық¬тарының шаңырағы шайқалуының ең ке¬сапатты зардаптары, жаз айларында бірақ саябырсыған аштық пен індет қазір қай¬тадан сұрапыл өршіп тұр (отыр). Өткен көктемде қазақ аудандарында ашаршылық пен індет салдарынан адам өлімі өте көп болған еді. Жергілікті жердің ақпары бойынша, Торғай, Батпаққара өңірінде халықтың 20–30 пайызы қырылып болған, қалғандары көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы əлде¬неше ауылдарда тұрғылықты халық¬тың 30–35 пайызы қырылып қалған. Осындай аудандар құрамына кіретін, Ақтөбе облысы бойынша 1930 жылға дейін өмір сүріп келген. 1 012 500 адамнан 1932 жылы 725 800-і ғана тірі қалған, бұл — 71 пайыз ғана деген сөз. Қызылорда аудандық атқару комитеті төрағасының деректері ондағы ауыл советтерінде 15–20 пайыз-ақ адам тіршілікте бар екенін айғақтап тұр. Жергілікті ОГПУ мəліметтері бойынша, онда бұрын 60 мың халық тұрған, со¬ның 36 мыңы өліп, 12 мыңы көшіп, енді небəрі 12 мыңдайы ғана қалған. Аш-арықтар төгілген қоқыстарды, ақтарып, тамақтан өтетіннің бəрін талғажау етіп, жабайы өсімдіктердің тамырларын, ұсақ жəндіктерді жеп күнелтуде. Сол маң¬дағы ит пен мысық атаулы түгел желінген, қазақтар тұратын қостардың айналасында иттердің, мысықтардың, ұсақ жəндіктердің ақкемік болғанша қайнатылған сүйек-саяқтарынан көз сүрінеді. Өлген кісілердің етін жеген оқиғалар жайында хабар жете бастады. …1932 жылғы мамыр айында Қар¬қа¬ра¬лы ауданындағы халықтың саны 50 400 адам болса, содан қараша айының қарсаңында тірі қалғаны — 15 900, ал аудан орталығында күн сайын 15–20 адам өледі. Əсіресе балалар арасында өлім-жітім көп. Қазақ əйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің алдына тастап кетуде. Қазақ органдары 1932 жылдың аяғында-ақ панасыз қалған. 50 мың қазақ баласының ешқайда орналастырылмағаны ресми түрде хабарланды. Қызылордада панасыз ба¬лବлар саны қаңтар айында 452-ге жеткен. Аягөз стансысында бір қазақ əйелі өзінің екі баласын бірдей пойыздың астына тас¬та¬ған, ал Семейде қазақ əйелі екі баласын осылай мұз ойығына тастап жіберген. …Ашыққан қазақтарға жедел көмек көрсетіп, індетке қарсы күресіп қана қоймай, сонымен бірге осы құбылыстың негізгі себептерінің тамырына балта шабатын шараларды жүзеге асыруды да барынша жұмыла қолға алу керек. Ал мұндай себептердің түп-тамыры неде? 2.Мал басының кеміп кетуі ________________________________________ Қазақтардың қонысынан аууы мен шаруашылығының шайқалуына негізгі себептердің бірі — мал басының кеміп кетуі. Мен 1932 жылы 29 қыркүйекте сіз¬дің атыңызға жазған баяндау хатымда Қазақстанда мал басының кеміп кету салдарын егжей-тегжейлі ашып көрсетіп, оны қалпына келтіру шараларына тоқтал¬ған болатынмын. 1932 жылғы, ақпан айын¬да жүргізілген (екінші рет қайта тексерілген) бүкілодақтық мал санағының мəліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 1928–1929 жылдардағы 40 млн бас малдан санақ кезінде 5 397 мың бас қана мал қалғаны, яғни мал басының 85,5 пайыз кеміп кеткені анықталды. …Қазақтардың көпшілігінің — төрттен үш бөлігінің əл-ауқаты мал шаруашы¬лы¬ғына негізделген, оның өнімдері Қазақ¬станның ауыл шаруашылығынан алынатын өнім¬дерінің 60 пайызын құрайды, тұрғы-лықты халықтың 90 пайызы мал шаруа¬шы¬лығымен айналысатындықтан, бұл мəселе едəуір дəрежеде ұлттық мəселе болып табы¬лады. … Қазақтардың жерін тартып алуды кəсіпке айналдырған патшалық құрылыс тұсында болған жерге қоныстандыру басқармасының өзі-де көшпелі шаруа¬шылықта бір семьяның қалт-құлт етіп күн

көруі үшін ғана кемінде 30 бас малы болуы керек деп есептеген. 3. Асыра сілтеушіліктер мен көз бояушылықтар ________________________________________ … Қазақ шаруашылықтарындағы шын жағдайды анықтау барысындағы көзбояу¬шылық (асыра сілтеушіліктерге жол аш¬қан себептердің бірі — осы) эле¬мент¬тері неден көрінді? Малдың санын анықтау кезінде қазақ органдарының елдің құм ішінде жасырған малдары бар деген есеппен əрқашан нақты қолда бар малға 50–100 пайыз қосып жазатыны («қазір бізде жер-жерде малды 50–100 пайызға дейін жасыратыны жөнінде деректер бар». Голощекин жолдастың мақаласынан) жұртқа мəлім. Сөйтіп, 1931 жылдың аяғын¬¬да Қазақстанда 20 млн мал бар деп есептеліп келсе, 1932 жылдың көктеміне қарай Қазақстанда мал саны 10 млн басқа жетеді деп мəлімдеді, ал іс жүзінде, 1932 жылы, ақпанда жүргізілген мал санағы бойынша, өлкеде 5397 мың бас мал ғана болып шықты. Осы тəрізді құ¬был¬малы цифрлар өзге салаларда қаншама жəне жалпы қазақ халқына қызмет көр¬се¬туде тағы да қандай ірі-ірі кемшіліктер бар деген сұрақ туады. Бұл жайттарды анықтап алудың алдағы жұмыс үшін маңызы зор. 4. Қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде ________________________________________ …1932 жылы бірқатар қазақ аудан¬дарында егіс көлемін есептеу барысында елеулі көзбояушылықтарға жол беріл¬гені қазір анықталып отыр. 1932 жылғы көктемгі егіс науқаны барысында бірқатар колхоздар мен көптеген ауданда тұқым себу нормасы туралы жауырды жаба тоқы¬ған, ақпарлар жасалып, өрескел бұр¬ма¬лау¬шылықтарға жол берілген. Сонымен бірге бұл аудандардан осы кезең қарсаңында тұқым қоры аз жиналған жəне қарызға алын¬ған тұқым көп жерде ел-жұртқа жеткі¬зілмеген. Демек, бұл — егіс жоспарын орын¬дау барысында аудандар тарапынан тағы да көзбояушылыққа жол беріледі жəне тағы да жұрттың қонысынан ауып, ашар¬шылыққа ұшырауына се¬беп болады деген сөз. 5. Қазақтарды отырықшыландыру жөнінде ________________________________________ ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы қыркүйектегі қаулысында «200 мың қазақ шаруашылығын отырық¬шыландыру жұмыстары жүргізілген» деген тұжырым бар. Ал іс жүзінде оты¬рықшыландырылған шаруа¬шы¬лық¬тардың саны 100 мыңға да жетпеген. Бірқатар оты-рықшыландыру пункттерінде қазақтар салған үйлерін тастап, қорек іздеп, босып кеткен. Мысалы, Алматы облысында — 2100 үй, Қарағанды облысында — 4100 үй, мақта өсіретін Мақтаарал ауда¬нын¬да 250 үй қаңырап бос қалған. …Қазақстанда жоспар бойынша, қазақ халқы (3 миллионнан астам адам) 1933 жылы түгел отырықшыландырылуға тиіс еді, мұның өзі жаппай ұжымдастыру негізінде жұртты 400–500 шаруашылықтан шоғырландырып, бір жерге қоныстандыру, олардың басым көпшілігін атамекенінен аударып, орыс үлгісімен поселкелер салып, əлі бос жерлері қайта игеріліп жатқан жаңа қонысқа көшіру арқылы жүзеге асырылмақ (шындыққа мүлде жанаспайтын жəне қолдан келмейтін жоспар!). 1930, 1931, 1932 жылдары жұмысты осылайша жедел¬дете жүргізудің салдарынан отырық¬шы¬лан¬дырылатын аудандарда асыра сілтеу¬шіліктер шектен асты жəне мал басы күрт кеміп кетті. 6. Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы ________________________________________ Қонысынан ауғандардың беталды көшуін жəне отырықшы жұрттан арып-аш¬қан қазақтардың мал, азық-түлік ұрлауы¬ның етек алғанын пайдаланып, дұшпан эле¬менттер ушықтырған ұлттық шовинизм өрши түсті. 7. Орталық Комитеттің 1932 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстанның ауыл шаруашылығы жəне атап айтқанда, мал шаруашылығы туралы» шешімін жүзеге асыру ________________________________________Бұл аса маңызды шешімді жүзеге асыру барысында сырғытпаға салыну байқалып отыр. …Тұрғылықты халықтың жеке шаруа¬шылықтарында 8–10 басқа дейін ірі қара жəне 100 тұяққа дейін қой ұстамақ түгіл (Орталық Комитеттің 17 қыркүйектегі ше¬ші¬мінде осылай деп көрсетілген), көш¬пелі жəне жартылай көшпелі шаруа¬шылық¬тар¬дың көпшілігінде тіпті бір-бірден сиыр, екі-үштен ұсақ мал ұстауға да мүмкіндік бер¬мейді, ал бұл аудандарда ең бол¬ма¬ған¬да осындай аз ғана мал ұста¬майын¬ша, күн көрудің өзі қиын. Қазақтардың екі жыл¬дан бері қоныстарынан ауып, олардың арасында аштық пен індеттің тыйыл¬мауы¬ның негізгі себептері, міне, осындай. Ұсыныстар 1.Қазақтар қонысынан ауып барған өлкелер мен республикалардың өлкелік комитеттері мен облыстық комитеттеріне қазақтарды қайтадан Қазақстанға қай¬та¬рып жібермей, өнеркəсіп орындары са¬ла¬лары бойынша жəне сол өлкелер көле¬мін¬дегі ауыл шаруашылығына жұмысқа орналастыру (сондай-ақ бірінші кезекте бала¬ларды қамқорлыққа алу) жөнінде ВКП(б) Орталық Комитеті тарапынан шұ¬ғыл нұсқау берген жөн… 2.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қазақтардың қонысынан ауып, Қазақ¬стан¬нан тыс жерлерге көшуін тоқтату шара¬ла¬рын қолға алу ұсынылсын, бұл үшін мал дайындау жөніндегі комитетке қалған 400 мың пұт астықты (рұқсат етілген 1 млн пұт астықтың есебінен) наурыз айында беріп бітуді міндеттей отырып, жəрдемге бөлін¬ген азық-түлік қорын халыққа жедел жет¬кізіп, қонысынан ауғандар мен ашық¬қан¬дарға жəрдем беруді ұйымдастыруды қол¬ма-қол өрістеткен дұрыс… 3.Үстіміздегі жылға бөлінген

қаржыны тек қана қонысынан ауғандарды орна¬лас¬ты¬руға, сондай-ақ оларды өнеркəсіптік жəне басқа да кəсіпорындардың төңірегіне қоныстандыру шараларына жұмсауға мүмкіндік беретіндей етіп, қазақтарды отырықшыландыру жоспарын қайта қара¬ған жөн… 4.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қонысынан ауған қазақтарды одан əрі орналастыру жөніндегі шаралардың белгі¬ленген жоспарын бір ай мерзім ішінде Орта¬лық Комитетке тапсыру міндеттелсін, сондайақ осы мерзім ішінде Қазақстанда мал шаруашылығын өркендетудің жос¬парын жасап, табыс ету. 5.ССРО Халық шаруашылығы есебінің орталық басқармасына үстіміздегі жылы негізгі қазақ аудандарында халық санағын өткізу жəне ондағы шаруашылықтардың жай-күйін сараптау, сонымен бірге егін шығымдылығын анықтау жөніндегі комиссиямен бірлесе отырып, көктемгі егіс аяқталғаннан кейін осы аудандардағы егіс алқабының есебін алу ұсынылсын. Т.Рысқұлов (Ресейдің мемлекеттік саяси-əлеуметтік тарихи мұрағаты (РГАСПИ), И. В. Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 258-қор, 1-тізбе, 65-іс, 42–52 парақтар; «Қазақстан коммунисі», 1990, № 7, 44–65 беттер). Сөйтіп, Т.Рысқұловтың бұл хаты И. В. Ста¬линге 1933 жылдың 19 наурызы күні жолданған. Осының алдында ғана Қазақ өлкелік партия ұйымының бас¬шы¬лығы ауысып, жаңаша ахуал қалыптаса бас¬таған. ВКП(б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 1933 жылдың 21 қаңтары күні Ф.Голощекинді орнынан алып, ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің І хатшылығына Л. И. Мирзоянды ұсынған болатын. Осыдан тура төрт күн өткенде 25 қаңтар күні пар¬тияның Қазақ өлкелік комитеті Л. И. Мир¬зоянды бірінші хатшы етіп сайлап, өз құра¬мын толықтырды. Тұрар Рысқұлов РСФСР Халық Комис¬сар¬лары Советіне қызмет еткен жеті жыл ішінде өкімет билігінің ең жоғарғы саты¬сында отырғандардың бір-бірімен ара¬қа¬тынасын жақсы зерттеп білген болатын. Сталин өз бағытын нық ұстана отырып, оған қылау түсірместен, адамдарды үнемі ауыстырумен болды. Ол осы бағытынан енді жазбаса, Қазақстанға нағыз, ақыр¬заман төнетінін Т.Рысқұлов күні бұрын сезіп білді. Осы хаттың негізінде сол уақытта республикадан басқа жақтарға қаншама адамның кеткенін аз-көп дəлірек білуге болатын. Бұл — шамамен 1,7 млн адам. Осыншама көп халық тарихта бірінші рет туған жерін тастап, бас сауғалап қа¬шуға мəжбүр болды. Рысқұлов саясаткер Сталиннің жəне оның төңірегіндегілердің назарын барлық айтқаны мен өз бай¬қау¬ла¬рынан шығатын қорытындыларға ауда¬ру¬ға мейлінше күш салды. Тұрар Рысқұлов өзінің осы нартəуекелімен өз халқын нар¬дай шөктіріп кеткен «ақтабан шұбы¬рын¬ды¬¬ның" бетін енді жасыруға бол¬май¬тынын ұғындырды, Қазақстан партия ұйымының жаңа басшысына Кремльде отырған «құ¬дай¬дың" өзі ұжымдастыруды тездету жөнінде енді бұйрық бере ал¬майтындай етіп жолын кесті. Ол-ол ма, Тұрар жан-жақ¬қа таратқан хаттың күшті жаңғырығы Л. И. Мирзоянның рес¬пуб¬ли¬ка¬дағы көп мəселені дұрыс шешуі үшін И.Ста¬линнің өзін əлденеше шаралар қол¬дануға мəжбүр етті. Алайда Қазақстандағы жағдай тез арада түзеліп кете алмады. Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты 1933 жылдың наурызында жазылған. Өзінің хатында ол былай деп атап көрсетті: «…Өлі денелерді жеген оқиғаларды да хабарлайды…» Ал мына бір хат Қостанайдан Мирзоян мен Исаевтың атына жазылыпты. Хаттың жазылған мерзімі «2 мамыр, 1933 жыл» деп белгіленген. Неге екені белгісіз, қол қойған адамның қызметі көрсетілмеген. Бірақ хаттың мазмұнына қарағанда, авторы облыс көлеміндегі шенеунік болса керек (автор стилі сақталған).

Сізге мынаны хабарлауды өзімнің па¬ры¬зым деп санаймын. Азық-түлік тап¬шы¬лы¬ғына байланысты ауыр жағдай қалып¬тасып отырған Қостанай, Федоров жəне Қарабалық аудандарындағы еуропалық ұжымшарларда бірқатар адам аштан өлген оқиғалар орын алды. Мен бұл арада қазақ¬-тардың жағдайы туралы айтып отырған жоқпын. Олардың жағдайының біздің облыста қандай екенін өзіңіз жақсы білесіз. Бұл аудандардағы көктемгі егіс жұмыстарының өте қиын жағдайы туралы мен сізді хабардар еткенмін. Федоров ауданында егіс жұмысына тікелей қатысқан Калинин атындағы ұжымшарда — үш адам, Свердлов атын¬дағы ұжымшарда — бір адам, «Серп-Молот» ұжымшарында төрт адам аштан өлді. Чапаев атындағы ұжымшарда адам¬дар далада өлген атты қазып алып жеп, жер¬май құйып, өртеп жіберген. Бірқатар ұжымшарларда аштықтан адамдардың жаппай ісініп кетуі орын алуда. Иванов. 2 мамыр, 1933 жыл. Қостанай қаласы. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты (141-қор, 1-тізбе, 5814-іс, 143-бет). Қазақ ауылын қан қақсатып, зар жылат¬қан ұлы нəубетті-де жəне зұлматты да сталинизм идеясы əзірлеген еді. Өзінің ауқымы бойынша ол халықтың басынан кешірген көп тақсыреттің ішіндегі ең ауыры еді. Мəскеуден əдейі жіберілген қызыл миссионер Филипп Голощекиннің қолымен сор маңдай қазақ халқы алғашқы болып казармалық социализмнің құрбандығына аяусыз шалынды. Биік лауазымды Кремль¬дің іргесінде «отырған» қазақтың зиялы азаматы Тұрар Рысқұловтың Қазақстан трагедиясы туралы Сталинге хаты тым кеш жетті. Ол кезде (1933 жылдың ақпаны) қазақ түгелімен қырылғандары қырылып, қал¬ған¬дары босып, амандары сол жерде қа¬лып, түсініксіз нəубет біржола аяқталып біткен кез еді. Голощекиндік геноцид қарапайым тілде тек



қызыл қырғын деп дəл аталған қасіретімен ғана емес, зұлматтан құтылу əрекетімен туып-өскен жерінен ауа көшкен «қызылтабан шұбырындысымен» əлемдік халық трагедиясының ең күштісі ретін¬де атағы шықты. Т.Рысқұловтың халық басына күн туғанда жазған осы хатының көптен бері естіген құлақты елеңдетіп, жүректерді дүрсілдетіп келе жатқанық. Мəскеуде ірі қызмет атқара тұрып, сол кездегі қазақ халқын ашаршылық апатына ұшыратқан тікелей геноцид жасап отырған Сталинге жүрек жұтқан қаһармандықпен қаймықпай хат жазуы — теңдессіз ерлік. Ол кезде Ста¬линге тіке келіп, қатесін айту тұрмақ, сыр¬тынан сөйлеу мүмкін емес болатын. Көр¬некті жазушы, драматург Ш.Мұртазаның «Ста¬линге хат» пьесасы осындай тарихи фактілерге дəлмедəл негізделген. 35.Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мəдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мəселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мəдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мəдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сəтбаев, географиядан - Əлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынанпрофессорСанжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ əліпбиіненлатын əліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ əдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ əдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтіңшығармашылығы тəн. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романықазақ əдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде жəне Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен əңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.Қазақ əдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. СералинФирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасынқазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мəдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал əрі көрнекті əдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол əділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл əскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Əкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық жəне əдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургтежарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантəнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 жəне 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.А. Байтұрсынов мəдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мəдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалармен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны əр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетініңредакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, əдебиет пен

тілтану мəселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.Мемлекет жəне қоғам қайраткері Əлихан Бөкейханов қазақ халқының мəдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз əдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мəдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.Əлихан БөкейхановАбай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс жəне шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын əрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ əдеби тілінің тынымсыз жаңашылы əрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы əрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді əрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев еуропалық мəдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.Мəдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Оралсияқты мəдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы СанктПетербургте редакторы Əбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ əдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз əдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік жəне парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторыСағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық əдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мəдениетін көтеру, қазақтың əдеби тілі мен əдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ə. Бөкейхановтың ауыз əдебиеті мен А.

Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ əдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар жəне қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін əр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» əдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жəдит бағытындағы екі басылым - бас редакторыМұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.[1]20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мəдениет мəселесі тарихымызда əлі толық анықтала қоймаған күрделі мəселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мəліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мəлім. Ал шын мəнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Əбіжановтың статистикалық мəлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мəліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «əскериполицейлік» тəртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмəнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сəт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (əлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мəжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы əбден табиғи жəне түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына жəне екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нəтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мəселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мəдениетті өркендетуге жəне басқа мəселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нəзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. 36. 1926-30 жж. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - қазақ ұлтын рухсыздандырудың жəне мəңгүрттендірудің бастауы. 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары жəне олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ə.Байділдин, Д.Əділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» жəне т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс жəне сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық

білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ə. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Əскери алқасының мəжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия жəне мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет жəне оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тəркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тəрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тəртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды əділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау əрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дəлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық əрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық əрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. «Əлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мəжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОКнің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық жəне жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нəтижесінде республикалық жəне жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді. Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған əлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру əрекеті жасалды. 30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді: • саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тəуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру; • əлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; • ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық əлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту». Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған əскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда

1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тəртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді. 50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тəсілмен жүргізілгендігін дəлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры əлі күнге шейін белгісіз болып отыр. 37.КСРО мен ҚазКСР Конституциялары - сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның əлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай əр түрлі зиянкестерді, кінəлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «əшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың əлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мəдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың əлеуметтікэкономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң əкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді. 1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді. Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нəтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай жəне Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кəсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркəсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті. Еліміздің өнеркəсіптішикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кəсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды. 1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты. Химия, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім жəне тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады. Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге

жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары жəне арнаулы білімі бар мал дəрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай əсер етті. Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мəселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы əлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тəртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл əкімшілік-командалық тəртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бəрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері əсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды. [1] 38. 1937-38 жж. Сталиндік Үлкен қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің, т.б. Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі əдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей əкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін əр түрлі жаулардың тіміскі əрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Əркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мəселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады. БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мəжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғынсүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дəстүр мен партия өктемдігі орнықты. Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кəсіподақтар мен əйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кəсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің əлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ əйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына əйгілі болды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дəуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий жəне басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар:

аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мəңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты. Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін əкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мəңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты. Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, əсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады. Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті. 20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы жəне ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» жəне «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бəрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айлашарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату əрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Əубəкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ə. Байділдин, Д. Əділевтер атылып, қалғандары əр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. 39. 1920-30 жж. Мəдениетте солақай жəне біржақты больщевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы. Əдебиет пен Өнер. Театр жəне музыка өнері. Мəскеудегі əдебиеті мен өнерінің он күндігі - ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі. Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мəдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мəдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын. Кесте арқылы түсіндіру: Жылдары Маңызды оқиғалар Нəтижесі 1921 жыл «Казграмчека» қрылды. «Мəдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды. 1918 жыл «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды. 1920-1921 жылдары 2,5 мың «Сауатсыздықты жою қоғамдарында» 70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты. 1925 жылы республикада 2,7 мың мектеп болды. 1919-1931 жылдар «Сауатсыздықты жою туралы Декрет», Ж Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды. 1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды. Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сəтбаев. Географиядан Əлихан Бөкейханов. Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1924 жылы А. Байтұрсынов араб əрпінің негізінде жасалған қазақ əліпбиін жетілдірді.

1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» жəне «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқу- лықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді. 1929 жылғы араб əрпінен латын əрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді. 2. Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау. 1919-1920 жж. Орынборда, Ордада жəне Семейде Халық ағарту институттары ашылды 1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды 1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 1935 жылы оған Абай есімі берілді (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 1929 ж Алматы мал-дəрігерлік институты 1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты 1931 ж Алматы медициналық институты 1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды. 1940 ж Қазақстанда 35 кəсіби оқу орындары ұйымдастырылды. 3. Кесте арқылы түсіндіру: Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы. Жылдары Маңызды оқиғалар Нəтижесі 1918 ж Ташкентте Түркістан Шығыс институты Қолданбалы ғылымдар дамыды 1919 ж 1919 жылы Қазақ əскери комиссариаты штабының жанынан тарихистатистикалық бөлім құрылды. Бөлім тарих, этнография жəне жаратылыстану - география секцияларынан тұрды, кейіннен археология секциясы да ашылды. 1919- 1920 ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ə. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. 1932 ж К КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды Республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тəжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су жəне ауа райын бақылау станциялары болды. 1938 ж Ғылыми-зерттеу а институттары (ҒЗИ) ашылған К КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды. Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған 4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы. 20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мəдениеті жетіліп, əдебиеттін дəстүрлі жəне драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда əуесқой театр топтары болды. Семей əуесқой театр. Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кəсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Əуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева жəне басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер жəне артистер жұмыс істеді. Қазақстанның тұңғыш кəсіби суретшісі Ə. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі жəне жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Ə. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Соғысқа дейінгі кезеңде Ə. Ысмайылов, Қожахмет жəне Құлахмет Қожықовтар, Б. Сəрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. ІV.Сөйлемді толықтыр. 1928 ж Алматы мал-дəрігерлік институты 1930 ж Қазақ __________институты

1931 ж ___________медициналық институты С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті Жауабы: Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты, 1929 ж, ауыл шаруашылық, Алматы, 1934 ж. V. Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу “ Мəдени құрылыс ”. 1. Қазақ тілінде жазылған оқулықтың айторы? Аймауытов. 2. Қазақ КСР Ғылым академиясын тұңғыш президенті? Сəтбаев. 3. 1919- 1920 жылдары Халық ағарту институты қайда ашылды? Орда. 4. Қазақстанның тұңғыш кəсіби суретшісі? Қастеев. 5. Сауатты аудандар қатарына қосылған қала? Қарағанды. 6. 1934 жылы кімнің атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды? Киров. 7. 1926 жылы қаңтарда қай қалада тұңғыш кəсіби қазақ театры ашылды? Қызылорда. 8. Араб əрпінің негізінде жасалған қазақ əліпбиін жетілдірген кім? Байтұрсынов. 9. Профессор ғылыми атақ аса көрнекті қазақ тарихшысы кімге берілді? Асфендияров. 10. Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті қай қалада құрылды? Орынбор 11. 1931 жылы қай қалада медициналық институты ашылды? Алматы. 12. Қазақ жұртына танымал суретшілерінің бірі? Ысмайылов. 13. 1919 жылы қабылданған декрет? Сауатсыздық. Əдебиет пен өнер онкүндігі(Қазақ əдебиеті мен өнерінің Мəскеудегі онкүндіктері), мəденикөркем шара. Қазақ əдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мəскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ əдебиеті мен енерін əлемдік деңгейге көтерген жəне барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мəскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр»опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрініңсүйемелдеуімен халық əндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының əңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Əуезовтің «Татьянаның қырдағы əні» əңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Əзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Əуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ə. Тəжібаев қатысты. Əуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ əдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ əдебиетінің Мəскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мəдени шараға орай С. Мұқановтың«Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің«Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің«Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Əуезовтің «Абай» романының 12-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» жəне «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРОҒылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде жəне Мəскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған əдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ əдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Əуезов өзінің осы əдеби онкүндіктен алған əсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Əуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ əдебиеті мен өнерінің Мəскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ əдебиеті мен мəдениетінің əлемдік деңгейде көтерілгендігін дəлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мəдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мəскеу қаласының əр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера жəне балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Əуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Əуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ə. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас»спектакльдерін көрсетті. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мəскеу мемлекеттік əдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мəскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем əдебиеті институтында, кітапханалар мен зауытфабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық,

партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Əуезов 1936 жəне 1958 жылғы əдебиет пен өнердің Мəскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп: «Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»[1] деп жоғары бағалады.[2] 40. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын жəне кириллицаға көшірілуі. А.Байтұрсынов бастаған топтың əліпби ауыстыруға қарсы əрекеті. Мəдени революцияның мақсаты[өңдеу] Мəдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мəдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мəдениет түрін жасау жəне жаңа адамды тəрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды. Мəдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сəйкес білім беру, ғылым мен мəдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мəдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мəдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мəдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми жəне мəдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. Мəдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау жəне бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат жəне үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық жəне мемлекеттік орган мəдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мəдениетке байланысты əр түрлі мəселелер туралы мəжілістер өткізілді. Мəдени революцияның міндеттері[өңдеу] Қазакстанда мəдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды: • жергілікті жерде нақты мəдени база жасау үшін сауат ашу жəне саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру; • Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу; • рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мəдениетін дамыту; • кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мəдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру; • Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру; • жергілікті халықтың қоғамдық жəне жеке өмірдегі рулық жəне діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу; • социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау; • Қазақстанда орта арнаулы жəне жоғары білім жүйесін құру. Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мəдени саясатының мазмұны партиялық жəне мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мəдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мəдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі

мен мəдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас əр түрлі ұлттық мəдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді. Сауатсыздықты жою[өңдеу] Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мəдени құрылыс мəселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Барлық мəдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мəнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мəселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. 1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: • халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; • жаңа оқулықтардың жоқтығы жəне жазу құралдарының жоқтығы жəне жазу құралдарының жеткіліксіздігі; • қалаларда əсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының əлсіздігі. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды жəне сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мəдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол жəне пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мəдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. Əліпбиді өзгерту[өңдеу] Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мəселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды. Бұл комиссия үш мəселе бойынша жұмыс жасады: • жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау; • өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру; • түркі жазуын реформалау. 1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мəселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ə.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлыараб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды. Араб əліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мəдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тəн жаңа əліпбиге көшу қажет, бірақ оған əлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мəдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа əліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ əліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, əдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі əліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.

XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мəдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тəрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің əр түрлі тəсілдері: дəріс оқу, баяндама, əңгімелесу, пікірталастар, əр қилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920—1930 жылдарда Қазақстанда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды. Қазақстан коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тəрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды. Бұл мектептерде оқуға партиялық, кеңестік, кəсіподақ жұмыстарын атқаруға лайық деген белсенділер тартылды. Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу жəне марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) жəне партиялық клубтар (партклубтар əр түрлі секциялардан — партия құрылысы, революция жəне партия тарихы, көсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жолға қойылды. 1930 жылдары саяси ағарту жұмыстарының мəні орталық басшылыктың саяси курсы бағытына бейімделе түсті. Партияішілік қатынаста басқарудың əкімшілік формасы орныға бастады. Орталық Азия мен Қазақстандағы коммунистік партия жəне басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мəскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси əдебиеттерді басып шығара бастады. Мектептік білім[өңдеу] Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды. Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар: • мектеп үйлерінің жоқтығы; • арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі; • 2-3 ауысыммен оқыту; • ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану; • көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мəнге ие болды. Осы өзекті мəселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды: • қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды; • жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды; • Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті; • педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды; • ауыл кедейлерін оқыту мəселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды; • қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу

жылы қысқартылған жəне жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.   Мектептердің əр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш жəне орта мектептер құрылымы туралы» қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді. Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай əдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті. 1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі «Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық жəне орта мектептерді дамыту, сондай-ақ əр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды. Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тəжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.[1] 41. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның құрылуы. Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. жəне Шығ. Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғ-ларда-ақ болған ежелгi қалалар мен қоныстар мəдениетi туралы деректер бередi. Бұл мəдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн, қолөнерiн жəне жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11 ғ-ларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып, мəдени өмiрде араб мəдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Бат. Еуропадағы латын тiлi сияқты араб тiлi халифат аумағында халықар. əмбебап тiлге айналды. Алайда жергiлiктi мəдениет пен тiл сақталып қалды. Арабмəдениетiн жасауға жəне дамытуға халифаттың бiр кездегi арабтар жаулап алған елдерiнен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерiнiң базарларымен жəне қолөнершiлерiмен ғана емес, сонымен бiрге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшiлерiмен, бай кiтапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзiне мəлiм болды. Қалалардың арасында Үндiстан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жiбек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының геогр. жəне экон. жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егiншiлiк аудандарының түйiскен жерiнде орналасқан Отырар (Фараб) қ. ерекше көзге түстi. Отырар кiтапханасы қолжазба кiтап қорының байлығы жағынан Египеттегi Александрия кiтапханасынан кейiнгi аса iрi кiтап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Əбу Наср əл-Фараби дүниеге келдi. Ол аса зор ғыл. мұра — жүзден астам iрi еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Əбу Райхан əл-Бируни, Əбу Абдаллаһ əл-Хорезми, Əбу Əли ибн Сина, Əбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 — 941) жəне басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бiрге əйгiлi астрон. кестелердi жасауға қатысқан астроном əрi математик — Ғаббас əл-Жəуһари (9 ғ-дың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары — Ысқақ əл-Фараби жəне 40 мың сөзден тұратын араб тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiн жасаушы Исмаил əл-Жауһари əл-Фараби танымал болды. Ертiс жағалауында қимақтар арасынан географ əрi тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи (т.-ө. ж. белгiсiз) шықты. 10 — 11 ғ-ларда қазiргi Қазақстан аумағында өмiр сүрген Қарахан əулетi мемлекетiнде тамаша ақын əрi ойшыл Жүсiп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 ж. жазылған “Құтадғу бiлiк” кiтабы дүние жүзiнiң көптеген елдерiне тарады жəне оны ғалымдар бүгiнге дейiн зейiн қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттiң дамуында Ежелгi Грекия мəдениетiнiң елеулi ықпалы болғаны сөзсiз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мəдениетке қосқан баға жетпес үлесiн сол кездiң өзiнде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын, мұны 10 — 12 ғ-ларда Шығыс ғалымдары мен ақындары кiтаптарының Францияда, Италияда, Испанияда жəне Еуропаның басқа да елдерiнде аударылып кеңiнен таралғандығы да дəлелдейдi. Олар: Ибн Синаның (Авиценна) “Медицина каноны”, əл-Хорезмидiң “Алгебрасы мен теңдеуi”, Ибн Рушдтiң (1126 — 98), т.б. еңбектерi. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мəдениеттiң 9 — 11 ғ-лардағы дамуы туралы айта келiп, орыс шығыстанушысы Н.И. Конрад ғыл. тəжiрибеге “Шығыстың дəуiрлеуi” деген терминдi енгiздi. Қазiргi Қазақстан аум-нда ғылым мен мəдениет қарама-қайшы жəне шектеулi түрде дамыды. Бұл өлкенiң Жоңғар жəне басқа сұрапыл шапқыншылықтарға ұшырауы оның жағдайын мүлде қиындата түстi. 16 ғ-дағы ғалым Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди” деген еңбегi нағыз шыншыл да айқын шығарма болды, оның мəнi күнi бүгiнге дейiн жойылған жоқ. 17 ғ-дағы автор — Қыдырғали Жалайыридiң “Жамиғ атТауарих” деген шежiрелер жинағы да назар аударарлық бiрегей еңбек, бұл жинақ 13 — 15 ғлардағы қазақ халқының тарихы мен этнографиясының аса қызғылықты деректемесi болып

табылады жəне ол қазiргi қазақ тiлiне өте жақын тiлде жазылған. 17 ғасырдың соңы — 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң жəне Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мəдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сiбiр халықтары жəне олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғ-дың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың (т.-ө. ж. б.), С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң (т.-ө. ж. белгiсiз) жəне басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өз-нiң алабын Зайсан к-не дейiн, Тарбағатай тауының жəне Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғыл. экспедициясы Арал т-н жəне Каспий т-нiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбiр этногр. мəлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731) оны ғыл. тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде жəне жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 ж. құрылған Ресей ҒА Қазақстан өлкесiн геогр., геол. жəне этногр. тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Бат. Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711 — 1755), И.Г. Гмелин (1709 — 1755), И.И. Лепехин, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, т.б. басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.К. Кирилов, П.И. Рычков, В.Н. Татищев (1686 — 1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады. “Ерте заманнан бергi Ресей тарихы”, т.б. еңбектерiнде В.Н. Татищев қазақтардың тарихына зор көңiл бөлдi, олардың этногр. тегi, тұрмысы, мəдениетi мен əдет-ғұрпы жөнiндегi мəселелердi тұңғыш рет ғыл. əдебиетте баяндауға талпынды. Рычков, Паллас, И.И. Георги, Фальк, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, Н.Я. Бичурин, С.Б. Броневский, В.И. Даль (1801 — 1872), А.И. Левшин өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың тарихын, материалдық жəне рухани өмiрiн егжей-тегжейлi баяндады. Өлке тарихына декабристер, сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де зор көңiл бөлдi. Қазақтардың тарихы жөнiнде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлiмнен тұратын тұңғыш iргелi еңбек жазған А.И. Левшиндi Ш.Ш. Уəлиханов қазақ халқының Геродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшiн қымбат қазына деп бағалады. Белгiлi орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкенi зерттеуге ғана емес, сонымен бiрге Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында демокр. ғыл. ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса iрi ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушыдемократтары — Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсiп-толысуына тiкелей ықпал еттi. Ресей Федерациясының шалғайдағы отары — Қазақстан 20 ғ-дың басында бiрте-бiрте капиталистiк қатынастар аясына тартыла бастады. Алайда патриархаттық-феод. қатынастардың үстемдiгi, патша өкiметiнiң езiлген халықтарды əдейi мешеулiк пен қараңғылықта ұстаған отаршылдық саясаты, шын мəнiнде, қазақтарды əлеум. жəне ұлттық прогреске жеткiзетiн жолды жауып тастады. 20 ғ-дың басында қазақ балаларының басым көпшiлiгi əрi дегенде тек ауыл медресесiнде ғана оқи алды, мұндағы оқу балаларға дiни аяттарды жаттатумен ғана шектелдi. Қазақ жерiнде 1916 ж. қарсаңында небары бiрнеше орыс жəне орыс-қазақ мектебi ғана болды. Оларда 19370 қазақ баласы оқыды. Ресей ғылым академиясының, басқа ведомстволардың ғалымдары Бат. Қазақстанға ара-тұра келiп қайтқанына қарамастан Қазақстан тұтас алғанда 1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн ғыл. тұрғыдан терең зерттелмей жатты, ал оның қойнауы табиғи шикiзат қорларына бай болатын. 1920 ж. акад. И.М. Губкиннiң басшылығымен əрi тiкелей қатысуымен Жайық-Ембi мұнайлы ауданын зерттеу iсi ұйымдастырылды. 1920 ж., сондай-ақ, Қарағанды көмiр алабын, Екiбастұз көмiр алабын зерттеу, этногр. жəне археол. экспедициялардың барлау жұмыстары басталды. Түбiрiнен қайта жабдықтау көзделген негiзгi 8 экон. ауданның қатарында Түркiстан да болды. 1919 ж. Қырғыз (Қазақ) ревкомы штабының жанынан тарихи-статист. бөлiм құрылып, ол 1920 ж. ғыл. комиссия (кейiн ҚазАКСР Халық ағарту комиссариатының Академиялық орт. болып қайта құрылды) ретiнде Қырғыз (Қазақ) ревкомының ағарту бөлiмi құрамына ендi. 1920 ж. Ресей ғылым академиясының Табиғи өндiргiш күштердi зерттеу жөнiндегi тұрақты комиссиясы жанынан Қазақстанның жер қойнауын, өсiмдiктерi мен жануарларын, жалпы табиғатын, сондай-ақ, мəдениетiн, тұрмысын, тiлiн, этн. процестердi кешендi түрде зерттеу үшiн бiрқатар тұрақты жəне маусымдық экспедициялық отрядтар құрды. Қазақстандағы алғашқы мемл. ғыл. мекемелер, негiзiнен, а. ш-мен байланысты болды. Олар: Өлкелiк өсiмдiк қорғау ст. (1924), Тыңайтқыш жəне агроном.-топырақтану ғыл.-зерт. ин-ты (1926), 1925 ж. Санитариялық-бактериол. ин-т ашылды. Алматы Бас геол. к-тiнiң жəне Түстi металдар интының бөлiмшелерi жұмыс iстей бастады. Одақтас жəне автон. республикалардың табиғи қорларын зерттеу жөнiнде құрылған ерекше к-т 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешендi

зерттеу жөнiнде шаралар белгiледi. 1927 ж. республиканың табиғи ресурстарын кешендi түрде зерттеу жөнiнде КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жылдың КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы отрядтарының негiзiнде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 ж. қарсаңында республикада 10-нан астам ғыл.-зерт. ин-ты мен тəжiрибе ст., жүздеген тiрек пунктерi, лаб-лар мен ауа райын зерттеу ст-лары, бiрсыпыра геол. барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемл. жоспарлау комиссиясы жанындағы экон. зерт. ин-ты, а. ш-н қайта құру, қой ш., сойыстық мал ш., топырақтану, құрылыс ин-ттары сол кездегi iрi ғыл. мекемелердiң қатарына жатады. Сол жылдары геологтар А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмiр кен орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сəтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда жəне Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нəтижесiнде жəне ғыл.-зерт. жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту жəне оларды үйлестiру мақсатында Кеңес үкiметiнiң жəне КСРО ҒА төралқасының шешiмi бойынша 1932 ж. 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология жəне ботаника секторлары жұмыс iстедi. 1935 ж. құрамында қазақ тiлi мен əдебиетi, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мəдениетi ғыл.-зерт. ин-ты база қарамағына берiлдi, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негiзi қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 ж. Мал ш. ин-ты, 1935 ж. Егiншiлiк ин-ты, Мал дəрiгерлiк жəне а. ш. экономикасы ин-ттары құрылды. А. ш. тəжiрибе ст-ларының тұтас жүйесi пайда болды. Мамандандырылған ин-ттар — а. ш-н механикаландыру жəне электрлендiру, су ш., орман ш., өсiмдiк қорғау, жемiс-жүзiм ш., астық ш. ин-ттары ұйымдастырылды. 1940 ж. Бүкiлодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлiмшесi құрылып, оған республиканың а. ш. саласындағы ғыл.-зерт. мекемелерiне басшылық ету жəне олардың жұмысын үйлестiру мiндетi жүктелдi. Совет 1938 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы Қазақ бөлiмшесi болып қайта құрылды. Бөлiмше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлiмше ұйымдастырылғаннан кейiн ғыл.-зерт. ин-ттарының жүйесi жедел қарқынмен дами бастады. 1939 ж. бөлiмше жанынан топырақтану жəне география секторлары құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негiзi қаланды. 1941 ж. Тiл, əдебиет жəне тарих ин-тының лингвистика бөлiмi, 1940 ж. Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды. КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлiмшесiнде 2-дүниежүз. соғыс басталар алдында 100-ге жуық ғыл. қызметкер, олардың iшiнде 3 ғыл. докт., 14 ғыл. канд. жұмыс iстедi. Соғыс жылдары республикаға елiмiздiң көптеген ғыл. мекемелерi мен жоғары оқу орындары көшiп келдi. Есiмi бүкiл əлемге əйгiлi ғалымдар — И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949), И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам (1879 — 1944), Н.В. Цицин (1898 — 1980), С.Г. Струмилин (1877 — 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 — 1945), С.Е. Малов, В.Г. Фесенков (1889 — 1972), Г.А. Тихов (1875 — 1960), Б.А. Воронцов-Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет еттi. Оралдың, Бат. Сiбiрдiң жəне Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау iсiне жұмылдыру жөнiндегi КСРО ғылым академиясының комиссиясы iске кiрiстi, оны акад. В.Л. Комаров (1869 — 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық жəне халық ш. маңызы бар ұсыныстар жасап, оларды өндiрiске енгiздi, қара металдар, молибден, вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикiзат ресурстарының мол қорын ашты. Адамдарға қан құю қызметi ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел емдеу əдiстерi кеңiнен қолданылды. 1942 ж. Астрономия жəне физика,Химия-металлургия ин-ттары құрылды. 1943 ж. топырақтануботаника, зоология жəне тропиктiк аурулар ин-ттары құрылды. 1942 — 45 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң ғыл. мекемелерi негiзiнде мамандандырылған химия, металлургия жəне кен байыту, отқа төзiмдi материалдар мен құрылыс материалдары, зоология ин-ттары ұйымдастырылды. 1945 ж. Тарих, археология жəне этнография, Кен iсi, Топырақтану ин-ттары, Математика жəне механика секторы жұмыс iстей бастады (қ. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемл. тəуелсiздiгiн алғаннан кейiнгi жылдар iшiнде (1991 — 2003) ғыл.-тех. саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, ғылым мен техника жəне елдiң мемл. ғыл.-тех. саясатын мемл. басқарудың негiзi қаланды. 1991 жыл елiмiздiң ұлттық жетiстiгi есебiндегi отандық ғылым дамуының жаңа кезеңi басталғандығымен ерекшелендi. Қазақстанның құқықтық меншiгiне 100-ден астам жалпы одақтық мемл. ғыл.-тех. мекемелер өткендiктен ғылымды мемл. қолдаудың маңыздылығы күрт өстi. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзiм iшiнде мемл. ғыл.-тех. саясатты айқындау қажеттiлiгi туындады, елдiң ғыл.-тех. күшқуатын сақтап қалу мен одан əрi дамыту үшiн ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру мəселесi туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесiнiң 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым жəне ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентiнiң

“Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару органдарының iс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетiлдiру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым жəне жаңа технология мин. құрылды. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктелiндi: республиканың ғыл.-тех. саласының дамуы жолында мемл. саясат жүргiзу; ғыл. жəне ғыл.-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестiру; ғыл.-технол. салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру. 2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм жəне ғылым мин. — ғылым мен ғыл.-тех. саладағы iс-əрекеттердi жүзеге асыратын, респ. бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғыл.-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемл. өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм жəне ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемл. саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемл. оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғыл. жəне пед. кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында əр түрлi бағыттағы 130 ғыл. мекеме бар. Ғыл. зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тəуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мəдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де əлеум.-экон., экол. жəне ғыл.-тех. мəселелерге байланысты өзектi мəселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғыл.-тех. потенциалды дамыту, ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғыл. орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғыл. потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғыл. зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемл. қолдау, халықар. ынтымақтастықты дамыту мəселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасы Мин. Каб-нiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру жəне жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғыл.-тех. жəне тəжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғыл.-тех. бағдарламаларды респ. бюджеттен қаржыландыру тəртiбi айқындалды. Ғылым жəне жаңа технология мин. жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемл. бюджеттен қаржыландырылатын ғыл.-тех. бағдарламалар мен жобаларды мемл. ғыл.-тех. сараптау енгiзiлдi. Республикада өткiзiлетiн ашық тəжiрибелiк-конструкторлық жəне жобалықтехнол. жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемл. тiркеудiң бiрыңғай тəртiбi бекiтiлдi. Осылай, ҒТТКЖ-дi қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты əдiске көшiрудiң нормативтiк-құқықтық негiзi жасалды. Республика ғыл.-тех. саласы жүргiзген жұмыстардың қорытындылары 1998 ж. ақпанда Астана қндағы көрмеде көрсетiлдi. Елде машина жасау, атом өнеркəсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мемл. бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенiн дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлi мақсаттағы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр жəне тас көмiр, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезiнде алынатын синтет. мұнай мен оны өңдейтiн шағын з-ттар жобалары жасалды. Астық пен күрiштiң жаңа сорттары шығарылды. Түрлi пайдалы қазбаларды iздеу мен өндiрудiң жəне ұтымды пайдаланудың тиiмдiлiгi жоғары əдiстерi мен тəсiлдерi анықталды. Əр түрлi үлгiдегi аспаптар — жылу жəне электр есептегiштер, жылу энергиясын, ыстық жəне суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлердi жедел мед. куəландыру, т.б. аппараттары өндiрiске енгiзiлдi. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бiрқатар өндiрiстiк жəне тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейiн 30 шағын кəсiпорын мен өндiрiстер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемл. басқару процестерiн қамтамасыз етуге белсендi үлес қосты: көне дəуiрлерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мəдениетi ықпалдасуы контексiнде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестiң дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демогр. даму болжамы жасалды. Каспий т-нiң құқықтық мəртебесi, аймақтардың өндiрiстiк күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тiршiлiктiк қамтамасыз ету жүйесi, М.Əуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғыл.-зерттеу жұмыстары атқарылды. ҚР Үкiметi жанынан iргелi жəне қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемл. басымдылықтарына жəне болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғыл.-тех. комиссия (ЖҒТК) құрылды. ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сəуiрдегi “Академик Қ.И. Сəтбаевты мəңгi есте қалдыру туралы” Қаулысына сəйкес 1999 ж. бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. Қ.И. Сəтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесi ЮНЕСКО қолдауымен өткiзiлетiн мерейтойлар санатына қосылды. 1999 ж. 15 — 23 сəуiр аралығында Париждегi

ЮНЕСКО бас пəтерiнде аса көрнектi ғалым, акад. Қ.И. Сəтбаевтың 100 жылдығына арналған халықар. ғыл. симпозиум өттi. Симпозиумда “Қазақстан ғылымы өткен шақтан болашаққа” деген атпен көрме ашылып, “Қазақстандағы ғылыми ой-пiкiрлер тарихы”; “Қ.И. Сəтбаев — көрнектi ғылым ұйымдастырушысы”; “Қазақстанның геологиялық ресурстары”, “Минералдық шикiзаттарды өңдеу” жəне “Ауыл шаруашылық ғылымдарының жетiстiктерi” деп аталатын бөлiмдер жұмыс iстедi. Сондай-ақ “Қазақстан жəне ғарыш”, “Ядролық физика”, “Қазiргi заманғы байланыс құралдары”, “Өмiр сапасы”, “Қазақстан республикасындағы жоғары бiлiм”, “Перспективтi ғылыми жобалар” деп аталатын тақырыптарда материалдар қойылды. 1999 ж. 26 маусым мен 1 шiлде аралығында Будапештте ЮНЕСКО жəне Халықар. ғыл. қауымдастықтың бастамасымен “21 ғасырдағы ғылым. Жаңа мiндеттер” тақырыбына дүниежүз. конференция өттi. 2000 ж. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ғыл.-тех. саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жəне ғыл.-тех. потенциалдың қалыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазiргi заманғы инновациялық талаптарына жауап беретiн ҚР-ның ғылым жəне ғыл.тех. саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы Астана мен Алматы қ-нда 2000 ж. 11 — 14 мамыр аралығында “Үшiншi мыңжылдық ғылымы” атты халықар. конференция өткiзiлдi. Түркiстан қның 1500 жылдығын тойлау шеңберiнде 20 — 21 қазанда “Қазақстан мен Түркi əлемiнiң рухани тарихындағы Түркiстан жəне Қожа Ахмет Иасауи” халықар. ғыл.-практик. конференциясы өткiзiлiп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу жəне алыс шет елдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ЮНЕСКО шеңберiнде атап өтiлген бұл шараның соңы Париждегi ЮНЕСКО бас пəтерiнде Қазақстан делегациясының қатысуы арқылы өткiзiлген “Түркiстанға 1500 жыл” деп аталатын дөңгелек столмен аяқталды. 2001 ж. 2 ақпанда Алматы қнда бiлiм жəне ғылым қызметкерлерiнiң съезi өтiп, онда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə. Назарбаев баяндама жасады. Президент өз баяндамасында Қазақстан үшiн елдiң əлеум.-экон., рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн атап көрсеттi. ҚР-ның 2001 ж. 12 шiлдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан əрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды əлемдiк ғыл. қауымдастыққа интеграциялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым жəне ғыл.-тех. iс-əрекеттер саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестiруге бағыттала отырып, мемл. ғыл.-тех. саясаттың принциптерi мен негiзгi мақсаттарын, оны жүзеге асыратын мемл. өкiлеттi органдарды айқындайды жəне нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi. Ғыл.-зерттеу ин-ттарының материалдық-тех. базасын нығайту мақсатында, ғыл. зерттеулер үшiн бiрегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғыл. мекемелердi қазiргi заманғы компьютерлiк техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құралжабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттiк бағдарламаға сəйкес алғаш рет қаржы бөлiндi. Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғыл. зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бəсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталынып келедi. Ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстердiң қалыптасуы үшiн ғыл. базалардың құрылуы табиғи жəне минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен тиiмдiлiгiн көтеру, молекулалық жəне клеткалық биология нəтижелерiн биотехнологияда, медицинада, а. ш-нда қолдану, денсаулық жəне тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазiргi заманғы жүйесiн құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажеттi шаралардан тұрады. Қазiргi уақытта 36 ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстерге арналған конструкторлық-жобалық жəне тех.-құжаттық жұмыстар дайын. Отандық технологияны пайдалану негiзiнде жылына 15 млрд доллардан астам өнiм беретiн деңгейге жетуге мүмкiндiгi бар елдегi химия жəне мұнай химиясы өнiдiрiстерi мен мұнай, газ жəне көмiр өңдеу бойынша бəсекеге қабiлеттi жəне тиiмдi құрылыстарды кеңейту мен жаңарту көзделiнуде. Тəуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғыл. шығармашылық процестi басқарудың жаңа тəсiлдерiн енгiзу, ғалымдар iс-əрекетiне қолайлы жағдай туғызу, ғыл. кадрлардың жаңа буынын даярлау, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады. Қазақстанның аграрлық ғылымын басқару түрлерi бiрнеше рет өзгерiске ұшырады. 1941 ж. В.И. Ленин атынд. Бүкiлодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлiмшесi құрылды, ол 1957 — 62 жылға дейiн Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы деп аталды. Кейiн агр. саладағы ғыл.-зерттеу ин-ттары А. ш. мин-нiң (1962 — 71) жəне ВАСХНИЛ-дiң Шығыс бөлiмшесiнiң (1971 — 90) құзырында болды. Қазақстан Президентiнiң 1990 жылғы 14

желтоқсандағы жарлығына сəйкес ВАСХНИЛ-дың Шығыс бөлiмшесi мен респ. жəне одақтық бағыныстағы ғыл.-зерттеу мекемелерi негiзiнде қайтадан Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы құрылды. 1996 ж. Қазақ а. ш. ғылымдар академиясының базасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. (ҚР ҰААЗО) құрылып, оған елдiң агроөндiрiстiк кешенiн ғыл. зерттеулермен қамтамасыз ету мiндетi жүктелдi. Жалпы алғанда ҚР агр. ғылым жүйесiнде 3372 инж.-тех. жəне ғыл. кадрлар қызмет етедi, 1383 ғыл. қызметкердiң iшiнде 130 ғылым докт., 540 ғылым канд. бар (2002). Агроөндiрiстiк кешендi ғыл. зерттеулермен қамтамасыз ету мəселелерiмен 29 ин-т, олардың екi филиалы, 18 а. ш., орман жəне малдəрiгерлiк ст-лар, 38 тəжiрибелiк-эксперименттiк кəсiпорындар, респ. а. ш. ғыл. кiтапханасы, “Бастау” ғыл. басылым редакциясы, сондай-ақ, елдiң бiрқатар жоғары оқу орындары айналысады. Агр. ғылымдар орталықтарының негiзгi мiндеттерi: агроөнеркəсiп кешенi саласында ғыл.-тех. прогрестi жеделдетуге бағытталған iргелi жəне қолданбалы зерттеулердi жүргiзу; агроөнеркəсiп кешенiндегi экон. реформалардың ғыл. негiздерiн жасау; жоғары өнiм беретiн өсiмдiктердiң сорттары мен гибридтерiн, жануарлар тұқымдарын алу; а. ш. жануарларының, өсiмдiктерi мен микроорганизмдерiнiң құнды гендiк қорын сақтау, дамыту жəне қолдану; а. ш. өнiмдерiн өндiру, өңдеу жəне сақтау үшiн ресурс үнемдейтiн жаңа технологиялар, машиналар мен құрал-жабдықтар жасау; ауыл, орман, су жəне балық ш-н кешендi механикаландыру, электрлендiру мен автоматтандыру үшiн машиналар жүйесiн қалыптастыру, техника мен қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiн тиiмдi пайдалану əдiстерiн жасау; а. ш-нда табиғи ресурстарды тиiмдi пайдаланудың ғыл. негiздерiн жасау; агроөнеркəсiп кешенiнiң барлық салалары бойынша жоғары бiлiктi ғыл. кадрлар даярлауды ұйымдастыру; тəжiрибелiк-эксперименттiк кəсiпорындарда а. ш. дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтерiн (будандарын), жаңа технологияларды, машиналар мен құрал-саймандарды өндiрiстiк сынақтан өткiзу; а. ш. дақылдарынының жоғары өнiмдi тұқымдарын, жануарлар тұқымдары мен тұқымдық топтарын көбейту жəне өткiзу; ғыл. жетiстiктер мен бiлiмдердi насихаттау жəне тарату. Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберiнде соңғы жылдары а. ш. ғыл. мекемелерi өндiрiске төмендегiдей негiзгi ұсыныстар енгiздi: агроөнеркəсiп кешенiн экон. дағдарыстан шығару iс-шаралары ұсынылған; шаруа қожалықтарының аймақтық үлгiлерi жасалып, оларды дамытуды мемл. қолдау шаралары ұсынылды; а. ш. дақылдарының 193 сорты мен гибридi жасалып, мемл. сынақтан өттi, 277-сi мемл. сынақтан өтуде; қазақстандық сұрыптаудың жоғары сапалы сұрыптамалары пайдаланылып, ел аймақтары бойынша тұқым өсiрудi ұйымдастыру құрылымы жасалды; жыл сайын дəндi дақылдардың 25 мың т, майлы өсiмдiктердiң 800 — 900 т, көп жылдық өсiмдiктердiң 450 — 500 т, картоптың 4,5 — 5,0 мың т сапалы тұқымдары өндiрiлiп, сатылады; а. ш. жануарларының 14 жаңа типi, түрлерi мен тұқымдары өсiрiлiп сынақтан өткiзiлдi; ауылда болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жануарларды тұқымдық аудандастырудың жаңа жоспары құрылды; мал ш. салаларында малдəрiгерлiк жағдайды жақсарту мақсатында 10 вакцина, 9 диагностикум жəне 3 емдiк препарат жасалды; ин-ттардың тəжiрибелiк-эксперименттiк кəсiпорындарында елде бар а. ш. өсiмдiктерi, жануарлары мен микроорганизмдерiнiң гендiк қоры сақталған; 35 жаңа машиналар мен қондырғы, тракторлар мен комбайндардың агрегаттары мен бөлшектерiн қалпына келтiру бойынша 14 технол. процесс, технол.-жөндеу құралдарының 15 үлгiсi, жиналған астықты өңдеуге арналған 14 технол. жабдық жасалып, сынақтан өткiзiлiп, өндiрiске ұсынылды; өсiмдiк ш-н кешендi механикаландыруға арналған машиналар жүйесi ұсынылды; машина-технол. ст-ларды (МТС) ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берiлдi; жергiлiктi шикiзат негiзiнде емдiк-сауықтыру қасиеттерi бар 5 жаңа тағам өнiмi, сыра мен шараптың 3 жаңа түрiн өндiру технологиясы жасалды; халықар. талаптарға сəйкес тамақ өнiмдерi мен шикiзаттың негiзгi түрлерiне Қазақстанның 42 стандарты жасалып бекiтiлдi; зерттеу нəтижелерiне Қазақстан Республикасының 173 патентi жəне 58 авторлық куəлiгi берiлген. 2002 ж. желтоқсан айында Қазақстан Үкiметiнiң қаулысымен ҚР Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт. таратылып, оның қарамағындағы ғыл.зерттеу ин-ттары шаруашылық жүргiзу құқығындағы ғыл.-өндiрiстiк орталықтар мен ғыл.-зерттеу ин-ттары болып қайта ұйымдастырылды. 42. Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер[өңдеу] 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия жəне Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет

басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сəйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сəуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

Молотов-Риббентроп келісімі Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия жəне Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды. Соғыстың 1-кезеңі[өңдеу] Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, əскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі ФинляндияданЛенинград (казіргі СанктПетербург) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңесфинн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының əлсіз екенін көрсетті жəне КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мəжбүр болды.

Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сəуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, əрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нəтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нəтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз). Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)[өңдеу] 1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді.Ең алғаш Брест қамалы құлады.Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мəскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания жəне эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мəскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8



желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын жəне Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мəжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка жəне Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)[өңдеу] Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер ) франциялық Солтүстік Африка саяси - əкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен əйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нəтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир жəне Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )[өңдеу] Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы жəне көктемгі шабуыл нəтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы жəне күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мəскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша жəне Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман əскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл армия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын жəне болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак əскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының жəне болгар əскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман əскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның БалтықтанКарпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мəжбүр етті. Висла – Одер операциясы нəтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз əскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Австрияғакеліп кірді, 25 сəуір күні кеңес – американ əскерлері Торгау қаласы түбінде бір – бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сəуір – 2 мамыр ) нəтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға əуе шабуылын күшейтті. Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек )[өңдеу] Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 жəне 9 тамызда АҚШ əуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин жəне Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды. Атлант үшін шайқас[өңдеу] АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мəжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка жəне ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша — 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңесгерман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Д.Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-əкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті. Курск шайқасы[өңдеу] 1943 ж. жазда өткен əйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нəтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир жəне Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы жəне көктемгі шабуыл нəтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы жəне күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мəскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша жəне Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман əскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын жəне болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак əскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының жəне болгар əскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары[өңдеу] 1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман əскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соқкы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мəжбүр етті. Висла — Одер операциясы нəтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз əскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп,

мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Австрияға келіп кірді. 25 сəуір күні кеңес — американ əскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сəуір — 2 мамыр) нəтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. Одақтар арасындағы соғыстар[өңдеу] 1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға əуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы(1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 жəне 9 тамызда АҚШ əуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакигеатом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Əскер Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин жəне Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды. Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары[өңдеу] Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам əскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды. 43. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерлігі. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, əйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, əлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып əлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы əйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 əйелдер еңбектенді. Нəтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін

жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды. Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған əртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды. Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тəртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап əрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тəртіптерінен жоғары тұрды. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен əскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина жəне т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді. Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физикамеханика институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн жəне т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Əуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші

кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді. Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 19411945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен əртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В,Марецкая жəне т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Тəжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді. Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, əдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жəне өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сəтпаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті жəне жиі кездесетін металдарды, тау пайдалы қазбаларын, су жəне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді. Соғыс жылдары Қазақстанға жоғарғы оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс - қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде – Москва авиация институты, Москва түсті металл жəне алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі əрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын əйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.



44. 1941-45 жж.- Соғыс жылдарындағы ғылым, мəдениет жəне халыққа білім беру қызметі. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мəдениеті мен ғылымы. Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Əуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңажанрлармен, кəсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді. Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мəңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мəні болды. Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Əдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мəдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мəдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский,С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Черкасов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың жəне басқалардың үлкен ықпалы болды. Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды.Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының

жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күшжігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тəулігіне 18 сағат хабардургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады. Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстанеңбекшілерінің əскери құрамалармен жəне бөлімдермен байланысында тылдан майданға жəне майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылыжелтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді."Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дəн риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге жəне саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін əділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпаннаурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек əкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меикомандирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты. Мəдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті əнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ə.Ə.ҮмбетбаевМ.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Əбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды. Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік əріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ əріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кəсіби бай тəжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У .Шекспирдің пьесасы бойынша əзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тəрбиелеп шығарды. Концерттік бригадаларды жазушылар Ə.Əбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанғамайданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. əскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кəсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, əскери дəрігер Сухарукова

туралы мақала жазды. 1943 жылы сəуір-мамырда екі апта Алматыда жəне облыста "Киров" крейсерініңделегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы əрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді. 45. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар жəне т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда жəне Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Əсіресе өнеркəсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара жəне түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір жəне тау-кен кəсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркəсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының əскери-енеркəсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде əскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да əскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кəсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркəсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркəсіп саласында 65 кəсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірəқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз жəне ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым жəне əдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы əрі тұңғыш президенті Қ. Сəтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Əуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ əдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» жəне И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары жəне т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мəскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дəрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл əрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954

жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский жəне т.б. қудаланды. Қ. Сəтбаев пен М. Əуезов саяси қысымның нəтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мəскеуге кетуге мəжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында əрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мəселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары əшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сəйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық əміршіл-əкімшіл жүйенің əлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың жəне тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРОда нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мəселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мəселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жəне тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың жəне тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мəскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың жəне тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың жəне тыңайған жерді игеру нəтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тəжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам əкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дəстүр мен халық-тың əлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мəселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік жəне субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту əрекетімен тарихта қалды. 46. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар жəне Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. Жарты ғасырға жуық қолданыста болған «Семипалатинск-21» Ядролық сынақ алаңы шын мəнінде нені ишаралайды? Иə, ол – КСРО мен АҚШ-тың жасырын түрдегі соғысқа дайындығын жəне күш сына​суын білдіретін бірегей нысан. Сонымен бірге ол – марксистік жəне капиталистік идеологиялардың ымырасыз таласының басты ескерткіші. Бəріміз білеміз, үшінші əлемдік соғыстың ықтималдылығы сезіле бастаған сонау ызғарлы жылдары екі алып держава жаппай қарулануға көшті. Алайда саясаттанушылар бүгінде арқасын кеңге салып, «тікелей соғыс пен қақтығыс болмады» деп айтқанымен, аталмыш текетірес адам шығындарынсыз өтпеді. Онда да аталмыш үрдіс көбіне соғысқа дайындық барысында, яки ядролық жарысу науқанында қатты

белең алды. Ал сол тыраштануларда «халыққа радиация салқыны тимеді» деп əсте айтуға болмайды, айта да алмаймыз. Өйткені бұл – ата тарих үшін, əділдік салтанаты үшін де қиянат болар еді. Сынақтар сыны Əрісі мен берісін қатар айтар болсақ, 1949-1991 жылдар аралығында Семей сынақ алаңында Хиросима мен Нагасакидегі зарядтарды он, тіптен жүз орайтындай қуатқа ие ядролық сынақтар жүргізілді. Ал 1989 жылға дейін кеңестік тоталитарлық жүйе ядролық сынақтың зардаптары туралы пікірталасқа жол бермеді. Тек қайта құрумен айшықталған Горбачевтің ашық саясатынан кейін Невада-Семей антиядролық қозғалысы өз мақсатын нақты жариялай алды. Қозғалысқа Қазақстан Республикасы​ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ақын Олжас Сүлейменов сынды қазақ халқының біртуар азаматтары қолдау көрсетіп, сынақ алаңы 1991 жылы жабылды. Жəне де сол жылы Қазақстан Республикасы өзге де бауырлас республикалармен бірге тəуелсіздігін алды. Бірақ бұған дейін Семей халқына ұзақ та шырғалаң жарты ғасырға созылған ядролық дəуірді бастан кешуге тура келді. 1947 жылдың тамызында АҚШ үкіметі Құрама Штаттардың Нью-Мексикасы мен Аламогорында үштік сынағын жүргізді. Өз кезегінде бұл əрекет КСРО-ны да бейқам отырмай, өз қауіпсіздігін ойластыруына итермеледі. Сөйтіп, кеңестік ядролық қарудың басты сынақ алаңына «Семипалатинск-21» деген атау берілді. Оның жабық қала болғаны айтпаса да түсінікті. Бұл мекен арнайы əскери жасақтармен қорғалып, келіп-кетушілер ішіне тек рұқсат қағаздарымен ғана кіргізілді. Жəне бұқара халыққа оның ішкі һəм сыртқы сипаты белгісіз болып, тек кейін, 1990 жылы атақты физик-ғалым Игорь Курчатовтың есімі берілге​сін ғана барып топонимика ретінде кар​таға түсірілді. Дегенмен қорқыныштысы бұл емес. Семипалатинск қаласы «Се​мипалатинск-21» сынақ аланынан 80 ша​қырымдай қашықтықта орналасып, 40 мыңға тарта адамның денсаулығына қауіп туғызды. Одан қалса, осы жерде орын тепкен тұрғындар қатты қадағалауға алынып, əміршіл-əкімшілдік жүйе өрістеді. Сынақ зардаптарын бастан өткізгендер үшін немесе жақындарынан айырылғандарға өз қайғылары туралы лəм деуге тыйым салынып, барша түйткілдер жабулы қазан күйінше қалып отырды. Бұған қарсы тұрушылар да болмай қалған жоқ. Обалы не керек, сынақты басынан кешір​ген жергілікті халықтар бұл сұмдықтың кешірілмейтіндігін айтып, өздерін сынақ алаңындағы қоян секілді сезінетіндігін жасырмады. «Семипалатинск-21» солтүстік-шы​ғыс​та 7 мың шаршы шақырым жерді қамты​ды. Сынақты жүргізушілердің басқасы бас​қа, бұл мекенді тандауының бірнеше себеп​тері болды. Ол мекеннің географиялық жəне стратегиялық орналасуымен де бекі​тіле түсті. Айталық, керек-жарақ құралдар мен қызметкерлерді тасымалдауға қажетті арнайы əуежай жұмыс істеді. Ресейден керекті материалдарды жеткізудегі маңызды транспорт көзі болып табылатын – Ертіс өзені де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар үрдістерді жылдамдату мақсатында жəне транспорттардың ішіндегі ең қолайлысы – теміржол салынды. Аталған факторлар сынақты жүргізушілер үшін өз жоспарын іске асыруға өте қолайлы алғышарттар жасауына мүмкіндік берді. Бұл мекеннің таңдалудағы тағы бір себебі – оның оң​түстігін Дегелең тау қыраттарының қор​шауы, ал солтүстігі тұрғылықты жерлер арқылы өтетіндіктен сынақтың ықпалы мен күшін байқауға ұтымды жағдай тудырды. Осынау ядролық сынақтардан 7 елді мекенде орналасқан 1.5 миллионға тарта халық радиацияның зардаптарын өз жүрегінен өткізді. Сынақ əсері Қазақ​станның үш үлкен облысын – Семей, Пав​лодар жəне Қарағанды аймақтарын да қамтыды. Өз орайында бір айта кетерлігі, 1949-1989 жылдар аралығында Курчатовтағы жүргізілген 456 ядролық сынақтың 30-ы жер қабатының беткейінде, 86-сы атмос​ферада өткізілген. Қалай десе де, осы​лардың зардаптарынан туындаған адам өліміне қатысты деректер əлі күнге дейін белгісіз. Бұл туралы осы күнге шейін еш​қандай статистика жүргізілмеген десе де болады. (Басы 3-бетте) Əрине, қазіргі таңда да, яғни сынақтардың доғарылғанына қарамастан радиация əсері өсу үстінде десек, артық айтқандық емес. Сондықтан мұның залалды ықпалын қазақ шекарасының арғы жағы – Ресейдегі Алтай өңірлерінен де байқауға болады. Ал бұл жердегілердің көпшілігі қазақ жəне орыс ұлттары өкілдерінен тұрады. Сонымен қатар аздаған неміс жəне украин ұлттары да баршылық. Мұндағы украин​дар мен орыстар ХІХ ғасырда бостандық алған кешегі басыбайлылар еді. Неміс ұлты өкілдері болса, сталиндік кезең​де​гі жер аударылған тұтқындар болды. Аталған этнос​тар​дың көпшілігі солтүстік-шығыста, ал қазақ этносы​ның басым көпшілігі оңтүстікшығысқа шоғырланды. Патшалы Ресей кезіндегі орыс шаруаларының (1865-1900 жж.) келіп қоныстануы, Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж.), Орыс төңкерісі мен Азаматтық соғыс (1917-1921 жж.) жəне кеңестік ұжымдастыру саясаты (1928-1938 жж.) жəне Семипалатинск ядролық сынақ аумағы қазақ халқының көшпенді өмір салтын бұзып, олардың бұл атыраптарда барынша азаюына алып келді.

Алғашқы сынақтар төрт облыста өткізіліп, оның алғашқы ошағы «Семипалатинск-21» аймағының сол​түс​тігінде, қаладан 43 шақырымдай жерде болды. Ал қалған үш ошақ – Балапан, Дегелең жəне Сары-Өзен аймақтарында жерасты сынақтары түрінде жүргізілді. Мұхиттың арғы жағындағы басты қарсыласқа келсек, ол жақтың да шекесі шылқып тұрмады. Ядро​лық сынақтарды өткізуден сайысқа түскен АҚШ өз тəжірибелерін Семеймен параллельді түрде Невадада өткізе отырып, жарылыс сəттерін зерттеу барысында ұшақ арқылы ауа құрамын алып, тексеруден өткізіп отыр​ды. Бұдан бөлек, Маршал аралында қоян жəне т.б. жануарларға, абақтыдағы отырған адамдарға жасырын радиациямен эксперименттер жүргізіп отырды. Бір таңғаларлығы, ондағы да, мұндағы да ядрошылардың өз істерінің ақтығына имандары кəміл-тін. Мəселен, Курчатовтағы ядро саласындағы арнайы дайындалған мамандар өз əрекеттерінің дұрыс екендігіне тол​ық сенімді болды. Мұны кейіннен зерттеу жүргізген талай ғалымдар атап өтті де. Мамандардың көбісі «мемлекеттің əскери қуатын көрсету арқылы, халықтың қауіпсіздігіне төніп тұрған көптеген қатердің алдын аламыз» деген ұстанымға берік болды. Осы принцип тарихи тұрғыдан өзін-өзі ақтады ма, ақтамады ма, бұл жағы енді болашақ тарихшылардың еншісінде. Сынақтардан сынбағандар… Жалпы, таяқтың бір ұшы – Семей сынақ алаңына қатысты пікірлерді беделді ғалымдар тоқтамы мен бұрын-соңғы жүргізілген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, үш топ типологиясында бөліп көрсетуге болады: ең əуелі, ядро саласындағы мамандар, яғни осы тұрғыда сынаққа қарсы топтармен «ядрофобия» асыра сілтеушілері суреттеледі. Екіншісі, дəрігер-зерттеу​ші ғалымдар. Мысалы, халықаралық радиациялық зерттеулер сыйлығының лауреаты, профессор Са​йым Балмұханов – осы топтың жарқын өкілі. Ол кісі сынақтардың зардаптарын баса айтушыларға жатады.Үшіншісі, жергілікті қазақ жəне орыс ұлты өкілдері. Олардың басым көпшілігі «мемлекет қауіпсіздік мəселесін асыра сілтеп, халықтың денсаулығын ұмыт қалдырды» деп тұжырымдайды. Ұлттық ұжымдық Мониторинг орталығы – Сандия зертханасы мен ҚР Ғылыми-зерттеу институты бірлесіп шығарған «Семей сынақ алаңы: құрылуы, əрекеттер мен өзгерістері» атты еңбекке сүйенсек. 1951 жылы əскери сынақты жүргізуші топтар, радиацияның адам денсаулығына əсерін бақылайтын арнайы медициналық зерттеулер жүргізетін топ құрып, бақылау жүргізіп отырған. Белгілі себептерге байланысты бұл зерттеулердің нəтижесі жəне зиянды зардаптары туралы көпшілік халыққа жария етіліп, хабарланбады. Жарылыстардың орын алуы жергілікті тұрғын​дардың өмір сүру аймағын күйзеліске ұшыратып, қиын-қыстау күндер кештірді. Мəселенің бұл тұрғысы талас тудырмайды. Мұндай іркілістің ең алғашқысы жəне ең үлкені 1953 жылғы термоядролық құрылыстың жарылысына дейін соқтыра жаздады. Сөйтіп, ондаған ауыл жəне мыңдаған үй қожалықтары, 450 мыңға жуық мал басы сондағы отты ошақтан 75 шақырым жерге орналастырылды. Алайда ауыл толықтай көшірілмегендік​тен, жарылыс 59 ауылдық мекеннің астан-кестеңін шығарып, сол жердегі қалып кеткен жан-жануарларды жан түршігерлік зардаптарға ұшыратты. Курчатовтағы ғалымдар жарылыстың тек сол сəттегі зиянды əсерін мойындағанымен, ол шақта қауіпсіздігі жоғары өз тұрақтарында, яғни радиацияның əсерінен барынша қорғалған қалың да қатты қабырғалармен жасалған бөлмелерде отырды. Мысалы, 1953 жылғы сынақтың алдында көште болған тұрғындардың бірі сынақтың денсаулыққа зиян екендігі хақында ешқашан түсіндіру жұмыстары жүргізілмегенін айтады (Сұралушының өз қалауы бойынша, этикалық себептерге байланысты есімі аталынбады). Немесе «Қайнар» атты ауыл қариясы жарылыстан кейін ауылын барып көргенде, сонда қалып кеткен мысық, ит жəне т.б. жануарлардың азаппен өліп жатқанын көрген. Ол да «бұл сынақтың еш жақсылық əкелмейтінін түсіндім» дейді ағынан жарылып. (Біз бұл мəліметтерді Ұлттық ұжымдық Мониторинг орталығы – Сандия зертханасы мен ҚР Ғылыми-зерттеу институты бірлесіп шығарған сол еңбектен табамыз). Тағы бір назар аударарлық жайт, ондағы қандай да бір зерттеулердің бүркемеленіп жүргізілгендігі. Мəселенки, 1957 жылы Курчатов ғалымдары Семейдегі №4 амбулаториясын ашып, аудан тұрғындарының зиянды əсерлер жағдайындағы денсаулығын бақылап отырды. Құпиялылықты сақтау мақсатында оған – Бруцеллезге қарсы №4 амбулатория деген атау беріп, Абай, Бесқарағай жəне Жаңа-Семейдің 20 мыңға тарта тұрғынының қан жəне нəжіс құрамын алып, радиацияның əсерін тексерген көрінеді. Сонымен бірге 2 мыңға тарта жасөспірімдер зерттеуге алынып, нəтижелері орталыққа беріліп отырған. Ғалымдар жергілікті адамдар бойынан үлкен өзгерістер күткенімен, олардың тек ішкі құрылыс жəне жүрек-қан тамырлары ауруына ұшырағандығын ғана байқады. Өзіміз де осы іске тікелей сұрау шалушы ретінде кірісіп көрген едік. Сол ізденістің нəтижелеріне қарағанда, естеліктер көңіл босатарлықтай-ақ азалы. Орташа статистикалық қоғамдық пікірді анықтау үшін біз бұл ретте Нұржан Мұқанов есімді семейлікпен сұхбат құрдық. Оның айтуынша,

сынақтардың қызған жылдарында бұл кісі радиостанцияда қызмет етіп жүрген. Ал жаңағы апатты сынақ өтер сəтте оны жəне оның əріптестерін «қызметтік іссапар» дей отырып, демалысқа жіберіпті. Сонымен бірге арақ-шараптарын əперіп, «өстуге сіздерге арнайы тапсырма берілді, жағдайдың соңын күтіңдер» деген. Яғни ол осылайша жарылыс туралы ақпараттың радиостанция арқылы таралмау қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігін айтады. Мұқанов Нұржан сол сəттегі өз халқына жарылыстың болатынын айтып жеткізе алмағандығына өкінішін білдіреді. Сұрапыл сынақ заманындағы жас бала кезін есіне алған тағы бір кісінің айтуынша, ақпаратты жеткізіп отыратын əскери қызметкер жарылыстарды «ядролық сынақтар» немесе «атомдық бомбалар» деп айтпай, жай «əскери сынақ» деп жеткізетін болған. «Ата-аналарымызға үйдің есіктерезесін жауып, баспананы тез қалдыруға бұйыратынын білеміз» деп ойға шома​ды жəне де ол. Дей тұрғанмен, кейбір аймақтарда ядролық əскери сынақтардың жүргізілетіндігі туралы алдын ала айтылып, 1950 жылы «Семипалатинск-21» сынақ алаңынан 600 шақырымдай қашықтықта орналасқан Қызыл-орда қаласына көшу үрдісі жүргізілген. Себебі Бөдене тұрғындары ондай қауіпті ақпаратты естімейінше тұрғылықты жерлерінен көшпейтін еді. Өзіміз де тақырыпты аша түсу үшін бұл жағынан да сауалдар жолдадық. Жергілікті адамдардан «сол сынақ уақытында өздеріңіздің денсаулықтарыңыздың сыр бергендігі байқалды ма» дегенде, олар бас ауруы мен тіс ауруларын сезініп, жүректері айнығанын еске алысты. Мұны байқаған жəне қауіпті сезінген «Қайнар» ауылының тұрғыны Болат Жəкішев есімді кісі, əсіресе, 1970 жылдардағы сынақтың ел үшін ауыр əрі зияндығын айтты. Кезінде ол сонысы үшін де, яғни ядролық жарылыстарға қарсы пікір айтып, қарсылық танытқаны үшін жұмысынан шығып қалған екен. Алайда заман өзгерді. Бүгінде КСРО да, оның ядролық əлемдік қатері де тарих күресінінде. Бəрін айт та, бірін айт, Горбачев тұсындағы сөз бостандығы мен саяси жаңа леп жəне ішкі оң күштердің талпынысы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуына алып келді. Əйтсе де зардапқа толы үрдістер тоқталғанымен, тұрғындар өмірі мен тіршілігінде оның зиянды əсері тоқталды деп айта алмаймыз. Алайда бастау алған ядроға қарсы толқудың бетін қайтару мақсатында ядролық сынақты жүргізуші мамандардың ғылыми тұжырымдарын алға тарта, өз істерін жақтауға əрекет еткені де бұлтартпас шындық. Бұл жерде ұтылыста қалған – тағы да халық. Бүгін жағдай өзгерді ме? Өзгерді, өзгермедімен ештеңе өзгермейді. Əйтеуір анығы: олардың өз мүддесін қорғауға мүмкіндіктері аздығынан жəне осы бағытта жұмыс жасайтын ұйымдардың қолдауы болмай, жабылуға жақындығына байланысты, зардап шеккен халықтардың денсаулығына көрсетілетін қаржылай көмектер төмендеп, азаюда. Сондықтан да осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті жəне шетелдік ғалымдар халықаралық ғылыми орталықтардың көмегіне иек арта, семейліктер мұқтаждығын жаһандық мүдделі тараптарға жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасауға дайындығын көрсетсе болар еді. 1990 жылдан бастап Семей ядролық сынағынан зардап шеккен тұрғындарға көмек мəселесі АҚШтағы «Нью-Йорк Таймс» жəне «Нэйшнл Географик» жəне т.б. БАҚ саласында көп көтеріліп, Батыс тарапынан азды-көпті жəрдемдер көрсетілді. Рас, тарихта кеткен қателіктерді түзеудің өте қиынға соғары сөзсіз. Дегенмен осындай қарлығаштың қанатымен су сепкендей елеусіз бастамалар зардап шеккен жандардың жарысын жеңілдету жолында атқарылатын істердің кезекті жалғасы бола бермек. Түйін: Сонымен ядролық сынақты жүргізушілер өз сынағын барынша зиянсыз жүргізуге тырысты ма, əлде жос​парлы түрде радиация мөлшерін арттырды ма? Егерде сынақты жүргізушілер адамға қауіпті əсерлерді жасауға əрекет етсе, олар адам денсаулығына əсер деңгейін тексеріп отыруы тиіс. Мəселенің осы жағы қалай болды? Сынақтар мен радиация зардаптарын жергілікті халықтар білді ме? «Не» деп жауап береміз? Əлбетте, бұған осы материалдарды ежіктей оқып отырып, ой түйе жауап берсек те болады. Бұл игілікті істің дұрыс шешім табуына қосылған аз үлес пе, көп үлес пе, ол да əркімнің өз талқысында. Бастысы – шындықтың шаң қауып қалмауы десек, еш қателеспейміз. 47. Ауыл шаруашылығын əміршіл-əкімшіл басқарудың өрши түсуі Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары, 19461954 Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар жəне т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім

ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда жəне Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Əсіресе өнеркəсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара жəне түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір жəне тау-кен кəсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркəсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының əскери-енеркəсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде əскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да əскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кəсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркəсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркəсіп саласында 65 кəсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірəқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз жəне ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым жəне əдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы əрі тұңғыш президенті Қ. Сəтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Əуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ əдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» жəне И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары жəне т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мəскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дəрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл əрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский жəне т.б. қудаланды. Қ. Сəтбаев пен М. Əуезов саяси қысымның нəтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мəскеуге кетуге мəжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында əрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мəселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары əшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сəйкес Қазақстанда

Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық əміршіл-əкімшіл жүйенің əлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың жəне тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРОда нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мəселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мəселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жəне тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың жəне тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мəскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың жəне тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың жəне тыңайған жерді игеру нəтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тəжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам əкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дəстүр мен халық-тың əлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мəселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік жəне субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту əрекетімен тарихта қалды. 48. Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. XX ғасырдың 20 жылдарында салтанат құрған қатаң əміршіл-əкімшіл жүйе 40-50 жылдары да жалғаса түсті. Осы кезеңдегі саяси жүйеге мынадай теріс құбылыстар тəн болды: - адамның бас бостандығының тапталуы; - адам құқықтарының бұрмалануы; - еңбек адамдарының өндіріс құралдарынан аластатылуы. Коммунистік партия жетекші күш болып табылды, оның басшылығында өзге де басқару буындары қызмет атқарды: кеңес мемлекеті, кəсіподақтар, комсомол, кооперативтер жəне басқа да қоғамдық ұйымдар. Республикада И.В.Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Барлық қол жеткен табыстар оның басқаруы арқасында болып отыр деп бағаланды, ірі кемшіліктер туралы айтылмады. Мұның барлығы да Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына теріс əсер етіп, ауыр салдарларға əкелді. Саяси жарлықтарды пайдалана отырып, жалаң ұрандармен заңдылықтар бұзылды, билік асыра пайдаланылды. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзін-өзі дамытуға қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары Сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық моделіне жатқызылды. Майдан мен тылда соғыстың бүкіл ауыртпалығына төтеп берген халық соғыс алдындағы жағдайдан өзгеше санада болды. Халық əлеуметтік бағдарламалардың қажет екендігін түсіне бастады. Алайда, қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына көшуге орнығып қалған əлеуметтіксаяси құрылым кедергі жасады. Сондай-ақ ауыр соғыста жеңіп шығудың өзі басшылықтың қолданып отырған жүйесі сенімді деген пікір тудырды. 40-жылдар мен 50 жылдардың басындағы Сталинизм идеологиясы ВКП ( б) XVIII съезіндегі (1939ж) құжаттарға жазылған өз кемеліне жетті. Бүл құжатта Кеңес Одағы социализм құруды

аяқтаған соң, коммунистік қоғам орнатуға көшеді делінген болатын. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, бүл тезис теориялық тұрғыдан əзірлене бастады. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясындағы КСРО мемлекеттік жоспарлау комитетінің торағасы И.А.Вознесенскийдің жасаған баяндамасында бүл ереже партияның жетекші қондырғысы деп жарияланды. Тарихи тұрғыдан орындалатын міндет ретіндегі коммунизм құру туралы ереже 1948 жылғы ВКП (б) съезіне арналған партияның үшінші бағдарламасының жобасында да орын алды. И.В.Сталин бүл бағдарламаны ВКП ( б) XIX съезі ашылғанға дейін жариялаған «КСРО-дағы социализмнің экономикалық мəселелері» атты еңбегінде ары қарай теориялық тұрғыдан негіздеді. Осы жұмыста алға ұсынылған тезис бойынша қала мен ауыл арасындағы тауар-ақша қатынастары тікелей өнім алмасумен ауыстырылуға тиіс болды. Коммунизмге өтудің бір шарты ретінде мұны партияның XIX съезі қолдады. Социализм жеңісін қорғау астарын жамыла отырып, істің шын келбеті бояп көрсетілді, тарих ақиқатына қарсы осылай күрес жүргізілді. Басқаша ойлау, пікір плюрализмі «Социализмді қаралау» деп бағаланды. Теріс құбылыстардың себебін іздестіру «Кім кінəлі» деген сауалмен ауыстырылды. Əлдебір қиындықтардың тікелей «айыптылары» анықталып отырды. Кеңес Одағы ішінде жəне халықаралық аренада социализмді нығайту мен дамыту шарасы бойынша тап күресін сақтау мен нығайту туралы теориялық қондырғы идеологияны қолдап отыруға зор ықпал етті. «Халық жауларына», «Социализм жауларына» қарсы күрес үздіксіз ұйымдастырылды. 20ж. соңы мен 30 ж. басындағы жазалаулар соғыстан кейін де жалғасын тапты. Кеңес Армиясының тұтқында болған солдаттар мен офицерлері жазаланды. Олардың ішінде «Ленинград ісі», «Дəрігерлер ісі» жазалау шараларының атағы шықты. Өндірісте жұмыскерлердің төмен біліктілігінен болған кез келген апаттар халық жауларының əрекеті ретінде бағаланды. ХХғ. 40 жылдарының екінші жартысы мен 50 жылдарының басында лагерлер жүйесі кең етек жайды. Фашистік тұтқында болған бұрынғы солдаттар мен офицерлер, сондай-ақ Балтық бойында, Украинада, Белоруссия мен Кавказда кеңестік тəртіпке қарсы көтеріліске қатысушылар лагерлерде жазасын өтеді. 1948 жылы «Арнайы тəртіптегі лагерлер» құрылды. ХХғ. 40 жылдардың соңы мен 50 жылдардың басында көтеріліс оты тұтанды. 1952 жылы Жезқазған маңындағы Кеңгір лагерінің тұтқындары бас көтерді. Осы жылы Екібастұзда да көтеріліс болды. Қос көтеріліс те ІІМ, МҚМ жəне тұрақты армия тарапынан аяусыз басып жаншылды. 2. Соғыстан кейінгі жылдары өзгерістер қажет деген ойлар идеологиялық жəне жазалау сипатындағы бірқатар іс-шаралар арқылы əкімшілік жүйе тарапынан шебер басып жаншылды. 40 жылдардың ортасы мен 50 жылдардың басындағы рухани саланың үні өшірілгенімен, бірақ сағы сына қойған жоқ. 1953-1954 жылдары келесі мəселелер жөнінде қалың көпшіліктің назарын аударған пікірталастар етек жайды: - социалистік қоғамдағы қайшылықтардың сипаты; - жеке адам мен халықтың тарихтағы рөлі; - басқарудың ұжымдылығы жəне т.б. Мұның өзі жүріп өткен жолдарға сын көзбен қарауға мүмкіндік берді. Қоғамдық өмірді демократияландыру жолында қоғамды толғандырып келе жатқан сұрақтарға жауап іздестіріліп, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Берияның қылмыстық қызметін тоқтату. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы КОКП қатарынан Сталиннің жақын үзеңгілестерінің бірі, саяси авантюрист-айлакер Л.П.Берияны шығарды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК Пленумы Н.С.Хрущевті КОКП Бірінші хатшысы етіп сайлады. Елде демократияландыру бағыты басталды. 1956 жылы ақпанда КОКП XX съезі болып өтті. Демократияландыру идеясы съездің көптеген қондырғыларын анықтады. Жеке басқа табыну кезінде қалыптасқан көзқарастарды талқандауға алғашқы қадамдар жасалды. Мұндағы ең бастысы XX съездің Сталиннің жеке басына табынуды сынға алуы болды. КОКП Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің баяндамасында жеке басқа табынудың пайда болуы, оның теріс салдарлары айтылды. Сталиннің жеке басына берген Лениндік бағалау съездің көптеген делегаттары үшін жаңалық болып табылды. Бүл хат партия тарихында «Лениннің өсиеті» ретінде белгілі болып, XX съезд делегаттарына таратылды. Баяндамада И.В.Сталин, Н.Ежов, А.Берия жасаған көптеген зұлымдық деректер келтірілді. ІІХК (НКВД) істерді қалай бұрмалағандығы ашып көрсетілді. Кінəні дəлелдеудің бірден-бір əдісі айыпталушыны қинау арқылы «өзін-өзі» қылмыскер деп таныту болды. И.В.Сталиннің шектен

тыс күдікшіл болуынан миллиондаған кеңес азаматтарының, КСРО-дан пана іздеген антифашист коммунистердің өлтірілуі айтылды. Алайда, əміршіл жүйенің сағы сындырылған жоқ. Хрущев жазалау шараларына өзінің де қатысы барлығы туралы мəселені қозғаған жоқ. Тіпті саналы түрде Молотов, Каганович, Ворошилов сияқты КОКП ОК Президиумының жаңа құрамын жауапкершіліктен алып шығып, оларды сенімді лениншілдер деп атады. Съезд билік жүйесінің мұндай зұлымдықтарын халық алдында жарияламау туралы шешім қабылдады. КОКП ОК «Жеке басқа табыну жəне оның салдарлары туралы» қаулы қабылдап (1956ж 6 маусым), мұнда «Жеке басқа табынудан туған қателіктер кеңес құрылысының демократиялық сипатын терең өзгерте алмайды жəне өзгерте алған жоқ» деп көрсетілді. Н.С.Хрущевтің баяндамасының толық мəтіні 33 жыл өткен соң «Известия ЦК КПСС» журналында жарық көрді (1989, №3). Алайда, баяндама мэтіні шетелде XX съезд өтісімен бір аптадан кейін-ақ кең тарап кеткен болатын. Кінəсіз қамалған мыңдаған адамдарды, Я.Рудзутак, А.Быков, В.Чубарь сияқты кейбір көрнекі партия қайраткерлерін лагерлерден босата отырып, мемлекеттік аппарат соңынан бұл реформаларды жиыстырып қойды. Қазан революциясының тарихы, азамат соғысының басталу көзі мен сипаты, ХХғ. 30 жылдарындағы аштық жəне шаруаларды қыру сияқты тарихтың қайғылы беттері туралы ешнəрсе айтылмады. Соғыс кезінде мəжбүрлеп көшірілген шешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отанына қайтарылды. Кəріс, неміс, қырым татарлары мен түрік - месхеттердің құқықтары қалпына келтірілмеді. КОКП ОК мен Кеңес үкіметі 1954-1956 жылдары Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мен орталықтандыру өзгерістерін жоюға бағытталған біртүтас кешенді іс-шаралар өткізді. Бірқатар актілер арқылы тəуелсіздік алуға жол берілмеді. Саяси көзқарасы басқа адамдар қудаланды алайда, басқаша ойлауды бұрынғы əдістермен жазалау мүмкін болмады. Сондықтан саяси айыптаулар едəуір «ашық» жүрді. Мəселен, Шығыс Қазақстан облысының орыс тілі мен əдебиеті мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке хат жазды. Хатты ол адам құқықтарының бұзылуы, ұлттық саясаттағы бұрмалаушылықтар, атап айтқанда, қазақ мектептерінің жабылуы туралы жазды. Қауіпсіздік комитеті жəне ШҚО Күршім аудандық партия комитеті қолданған тəрбиелік шаралардан соң, оны КОКП қатарынан шығарады. Соңынан бас имеген мұғалімді жүйке ауруханасына апарып тығады. Мұғалім аштық жариялаған кезде, оны зорлап зонд арқылы тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, елімізде 90 мыңнан аса «басқаша ойлайтындар» психиатрия арқылы жазалау шараларынан өткен. 50-жылдардың ортасындағы прогрессивтік бастамалардың ешқайсысы неге тиісті нəтиже берген жоқ?



Басты себептердің бірі - саясатта ғылыми болжам болмады. Н.С.Хрущевтан бастап басшылардың көпшілігінде саяси мəдениет деңгейі төмен болды. 1964 жылы 14 қазанда КОКП ОК Пленумы болып өтті. Ол Н.С.Хрущевті КОКП Бірінші хатшылығынан, Президиум мүшесінен жəне КСРО Министрлер Кеңесі төрағалығынан босатты. КОКП ОК Бірінші хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Жоғарғы кеңес Үкімет басшысы етіп А.И.Косыгинді тағайындады. Қараша Пленумы (1964ж) 1962 жылы іске асырылған өндірістік қағидат бойынша партиялық, кеңестік, кəсіподақтық ұйымдардың бөлінісін сынға алды, оны ойластырылмаған шешім деп тапты. Аумақтық - өндірістік қағидат бойынша партиялық ұйымдар мен оларды басқару органдарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Қоғамның саяси институттарының рөлі арта түсті: • кеңестер - кеңес мемлекетін дамыту мен нығайтудағы басты буын. Кеңестердің ролінің артуы XXII съезде қабылданған партияның үшінші бағдарламасында ерекше атап өтілді. Еңбекшілер оз өкілдерін жергілікті, облыстық, Қаз КСР жəне КСРО Жоғарғы Кеңестеріне сайлады. 1963 жылы республиканың жоғарғы кеңесіне 473 депутат сайланды, олардың 158-і - əйелдер. Түрлі деңгейдегі кеңестерге 98806 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45,4%-ы КОКП-ға мүшелер немесе мүшелікке кандидаттар болды. Солай бола тұрса да, кеңес органдарының қызметі партиялық нормалар негізінде жүргізілді. Кеңестердің жұмысында күн тəртібі алдын-ала шешілген мəселелерден құралды. Кеңестер мен депутаттар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларды бақылаудың орнына, керісінше, олар кеңес депутаттарын билеп төстеді,

• кəсіподақтар. 1966 жылдың 1 қаңтарына қарай 4 млн.адам кəсіподақ мүшесі болды. Кəсіподақ ұйымдары халық шаруашылығы мəселелерін шешуге қатысып отырды, социалистік жарыстар, өнертапқыштар қозғалысын ұйымдастырды. 1960 жылдан бастап оларға демалыс үйлерін жəне санаторийлерді басқаруға берді. Олар еңбекті қорғау, əлеуметтік сақтандыру мəселелерімен шұғылданды. 1. жылдың соңында, сондай-ақ халыққа мəдени қызмет көрсету учаскелері: мемлекеттік клубтар, кітапханалар, совхоздардағы киноқондырғылар да олардың қарамағына берілді. Кəсіподақтардың басты мақсаттарының бірі еңбекшілердің əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту болды. Өндірістік жоспарларды орындау, еңбекшілердің мəдени жəне тұрмыстық қызметін жақсарту мақсатында кəсіподақтар кəсіпорын əкімшілігімен ұжымдық шарттар құрды. Кəсіподақ комитеттері тұрақты болып отыратын өндірістік мəжілістер сияқты жұмыс үлгісін пайдаланды. Кейде кəсіподақтар қосалқы қызметтер де атқарып отырды, партия комитеттеріне бағынышты болды. Комсомол. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы қатарына 1 млн-ға жуық жасөспірімдер мен қыздар болды. Өнеркəсіпте, көлікте, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан аса комсомол мүшелері еңбек.етті. Қазақстан комсомолы жұмысының бір бағыты маңызды құрылыстарға қамқорлық көрсету болды. Оның жолдамалары бойынша құрылысқа 8000-астық аса жасөспірімдер мен қыздар жолдама алды. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыққа алды. Спорт, қоғамдық тəртіпті қорғау ісін дамытуда жастардың рөлі артты. Қоғамдық өмірді демократияландыру бойынша басталған іске орай өз еркімен тыс шетелге кеткен отандастардың Қазақстанға оралуы мүмкін болды. Ғалымдар М.Тəтімов, Б.Төлепбаев, П.Осиповтердің пікірінше, Қытай халық Республикасынан 35 000 жуық адам оралды. Олардың 20 мыңнан астамы Қазақстанға оралды. Бүл адамдар тоталитарлық жүйенің құрбандары еді. Оралмандардың құрамы алуан түрлі болды: қазақтар, қырғыздар, дұнғандар, ұйғырлар, орыстар, татарлар, өзбектер, т.б. Республика үкіметі оралман қабылдау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Негізінен, олар бір кездері өздері кетуге мəжбүр болған жерлерге орналастырылды. Мұның өзі ізгіліктің жоғары акті болды, алайда түрлі себептерге орай мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқтатылды. 1. ХХғ. 50 жылдарының басына қарай əлем елдері өзара бір-бірімен ынтымақтас қатынасқа көше бастады. КСРО-да əлемдік қауымдастыққа ықпалдасты. Осы кезеңде КОКП мен Кеңес мемлекетінің сыртқы саяси қызметі өрлей түсті. 1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі бейбітшілікті қорғау туралы заң қабылдады. Осы заң бойынша соғысты насихаттау адамзатқа қарсы ауыр қылмыс деп жарияланды. 118 миллион азамат, оның ішінде Қазақстандағы 4 миллион адам ұлы державалар арасында бейбітшілік пактын құру туралы үндеуге қол қойды. Қазақстанның шетелдермен байланысы кеңейе түсті, əсіресе, бейбітшілік саясатын ұстанған Шығыс елдері Үндістан мен, Индонезиямен, Бирмамен, Непалмен жəне ҚХР-мен байланыс күшейді. Қытай жəне Қазақстан арасындағы жақын қатынастардың орнауы қазақтар мен ұйғырлар үшін оң рөл ойнады. Ұйғырлардың ірі қауымдары ҚХР-да өмір сүрді. КСРО мен ҚХР арасында мəдени жəне сауда алмасу кеңейді. Қытайдың мыңдаған мектеп бітірушілері КСРО-да, соның ішінде Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алды. КСРО-ның көптеген студенттері мен аспиранттары Пекинде оқыды. Қазақстанға бұл кезеңде шетелдік кəсіподақ ұйымдары, мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің делегациялары, Индияның премьер-министрі Дж.Неру жəне оның Президенті Радхакриш-нан, өзге де мемлекет басшылары келді. Ұлғайған экономикалық əлеует Қазақстанға ХХғ. 50 жылдарының екінші жартысында шетелдермен толыққанды сыртқа сауда жасауға мүмкіндік берді. Түсті металдар, металлургиялық жабдықтар, машина жасау жəне химия өнеркəсібінің өнімдері Чехословакия, Румыния, Индия жəне өзге де елдерге жөнелтіле бастады. Қазақстан көбіне социалистік елдерден өнеркəсіп тауарларын көптеп ала бастады. Біртіндеп делегациялар жəне туристер алмасу жолға қойылды. Мəселен, 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы əлемнің 23 елінен 500-ден аса шетелдік делегация болды. ХХғ. 60 жылдарының ортасынан бастап Кеңес Одағының ҚХР-мен қарым-қатынасы нашарлай түсті. Экономикалық, саяси өзара қатынастар тоқтатылды. 1964 жылы əскери қақтығыс əрекеттері басталды.

Қос мемлекеттің шекараларына сан жағынан көп əскер тартылды. 1967 жылы кеңес шекараларында қытай əскерінің саны 400 мыңға жетті. Кеңес əскерлері Моңғолияға жылжытылды. Қиыр Шығыс пен Байкал артындағы шекаралар иелендірілді. 1969 жылы 13 маусымда Даманск аралында əскери қақтығыс болды. Қақтығыс барысында екі жақтан көп адам өлді. Екі ай өткен соң 1969 жылы 13 тамызда тағы бір маңызды əскери қақтығыс болды. Бүл жолы ол Семей облысының Жалаңашкөл көлі маңында орын алды. Тағы да адам өлімі болды. Кеңес басшылығы Қытай ядролық нысандарына соққы беру жоспарын əзірлей бастады. Ядролық соғыс қаупі шындыққа айналды. Бүл қаулы КСРО жəне Қытай басшыларын келісімге келуге мəжбүр етті. 1969 жылы 11 қыркүйекте Пекин аэропортында А.Н.Косыгин мен Чжоу Эньлайдың кездесуі өтті. Мұның өзі ядролық қақтығыстың алдын алуда шешуші рөл ойнады. Алайда, КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсара түскен жоқ. Олар ұзақ уақыт бойы бірін-бірі əлеуетті қарсылас деп қарастырды. 49. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нəтижесінде республиканың өнеркəсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркəсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркəсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кəсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады [1]. 30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер əлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады [2]. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кəсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды [3]. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең əдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде « Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде жəне оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» [4]. деген тұжырымға келді. XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бəйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Əбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың жəне басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркəсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мəселесіне көңіл аударды. Бұл ретте академик А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А., 1966) атты іргелі монографиясын жəне ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бұл еңбектерде XX ғасырдың 20-40-жылдарында республикадағы кəсіби жұмысшыларды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжелі сараланды. Республика жұмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дəуірі» (А., 1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А., 1963) тəрізді іргелі енбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жұмыстардың ішінде М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмүхамедов, Н.Г. Панның «Қазақстандағы жұмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946—1965 жылдар)» [5].деп аталатын ұжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х. Асылбековтің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А., 1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек. Жоғарыда аталған жұмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мəселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жұмысшыларының құрамында болған сандық жəне сапалық

өзгерістер көрсетілген. Бұл ретте өнеркəсіпте, құрылыста жəне көлік қатынасы саласында жұмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударылды. Республика жұмысшы табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мəдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды [6]. Авторлар ұжымының «Лениндік идея туы астында (Қазақстандағы пролетарлық революция мен социализмның жеңісі жолындағы күреске партиялықбасшылықтың тəжірибесінен)». (А., 1973); «Капитализмге соқпай социализмге апарар жол (1917-1937 жылдары Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген социализм кұрылысы мəселесі бойынша КОКП-ның тарихи тəжірибесі)» (М., 1974) деп аталған еңбектері Қазақстандағы социалистік құрылыс проблемасыныңтарихнамасында үлкен рөл атқарды. Оларда 1926—1937 жылдары республикада жүргізілген социалистік құрылысқа басшылық жөнінде айтарлықтай нақты-тарихи материал қамтылған. 1987—1988 жылдары академик М.Х. Асылбековтің жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркəсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтің « Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркəсіптің даму тарихы қарастырылды. Алайда, айта кету керек, аталған проблема бойынша тарихи білімнің қордалану үрдісі Компартияның идеялық-саяси басшылығымен тікелей байланысты болды, сондықтан Қазақстан өнеркəсібі дамуының тарихы, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы айқын белгіленген партиялық нұсқаулар тұрғысынан қарастырылды. Тарихнамалық еңбектерде «зерттеушілердің негізгі міндеті партияның өсіп келе жатқан басшылық жəне бағыттаушылық рөлін көрсетуде, КОКП-ның лениндік ұлтсаясатын бұрмалаушы буржуазиялық жалған сыншыларға соққы беруде» [7].екендігі атап айтылды. Сол кездегі зерттеулердің тұғырнамалық көзқарастары мен бағыттарын неғұрлым толық бейнелейтін тарихи-партиялық жұмыстар аталмыш проблема бойынша кеңестік кезеңдегі жүмыстардың негізгі шоғырын құрағандығы кездейсоқ емес. Деректемелік негіздің кеңеюі проблеманы зерттеудің дерекнамалық жағын байытты, алайда үстем идеологияның қатаң шектеуі оқиғалар мен құбылыстарға объективті талдау жасауға мүмкіндік бермеді. Жоғарыда аталған үрдіс, большевиктік тұғырнама бойынша «республиканың аграрлық саласын социалистік қайта құрудың» бірден-бір мүмкін сара жолы деп саналған ұжымдастыру тарихына қатысты жұмыстарда да барынша айқын көрініс тапты. Бұл проблеманың тарихнамасында 30жылдардан бастап, шамамен 80-жылдардың сонына дейін «ауыл мен селоны социалистік қайта құру» тұжырымдамасын он бағалаған бірынғай тұғырнама үстемдік етті. Айта кету керек, XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқы кезеңінде əдебиеттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анықтауға сəйкес екі көзкарас орын алды. Радикалдық бағытты жақаушылар «1925 жылға дейін қазан төнкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. Осы себептен байларды түбірімен жоюды, көздеген мақсатқа жетудің алғышарты ретінде қарастырды. Көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруашылык ауылды социалистік қайта құруға кедергі келтіреді деген тұжырымдамаға сүйене отырып, радикалды бағытты жақтаушылар тек өндіріс құралдарын (малды) қайта болу ғана кедейлердің орташаға айналуына мүмкіндік туғызады, ал отырықшылыққа көшу — өркениет жолы деп есептеді [8]. Қазақ ауылын өркендетудің дəстүрлі баламалы жолын жақтаушылар объективті талдауларды негізге ала отырып, материалдық-техникалық базаның болмауы жəне өндіргіш күштердің жеткіліксіз дамуы жағдайында байырғы тұрғындарды шұғыл отырықшыландыруға жəне экстенсивті мал шаруашылығын шектеуге жол беруге болмайды деп санады. Олар қазақ шаруаларының əлеуметтік жіктелісінің əралуандығын жоққа шығармай, байшылдыққа экономикалық əдістермен шек қоюдың мүмкіндіктерін қарастырды. С. Сəдуақасовтың сөзімен айтқанда, «қазіргі кезде ел тіпті де сілкіністерді тілеп отырған жоқ, керісінше, жасампаздық жұмыстарды күтеді жəне оны жаңа экспроприациялар емес, енбек пен ғылым ғана құтқарады» [9]. деген сындарлы тұжырым айтылды. Алайда бұл тұжырымға бірден тойтарыс берілді жəне оны жақтаушылар буржуазиялық ұлтшылдарға жатқызылды. Іс жүзінде 50-жылдардың орта тұсына дейін аграрлық тақырып ұжымдастыру науқанының қорытындыларына жəне деревня мен ауылды социалистік қайта құрудағы Компартияның жетекшілік рөліне негізінен он баға берді. Қазақстандық тарихнама да бүкілодақтық тұғырнамалық көзқарасқа арқа сүйеді. Зерттеушілік

жұмыстар республикадағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүзеге асыру, ұжымшар қозғалысын дамыту жөніндегі жаңа материалдармен толыққан көптеген диссертациялар жəне монографиялар санының өсуімен сипатталды [10]. Сонымен қатар кейбір зерттеулерде (А.Б. Тұрсынбаев, А.П. Кучкин жəне басқалар) жаппай ұжымдастыру барысында кездескен жекелеген жағымсыз салдарлар туралы мəселе де ішінара қозғалды, бірақ бұл шаралардың қажеттігі туралы негізгі қорытындыны теріске шығармады [11]. Бұл тұғырнама ұзақ жылдар бойы басым идея болып қала берді. 60—80-жылдар əдебиеті ұжымдастыру проблемасына жаңаша көзқараспен сипатталады. Ұжымдастырудың бірқатар жақтары сынға алынып, оны жүргізу барысындағы келеңсіз құбылыстар ашылды. Алайда көшпелі жəне жартылай көшпелі өндірістен социалистік жолға түсу мəселесі бойынша негізгі қағидалар қайта қаралған жоқ [12]. Осы ретте 30-жылдардағы ашаршылықтың қайғылы қасіреттері, қазақ ауылының дəстүрлі өмір сүру қалпын бұзудың ауыр салдарлары, адамгершіліктен тыс жүргізілген шаруақожалықтарын ұжымдастыру əдістеріне тұрғындардың қарсылық білдіруі, бүкіл республиканы дерліктей қамтыған көтерілістер мен бас көтерулерде зерттеушілердің назарынан тысқары қалды. Шаруалардың наразылық қозғалыстары бұрынғыша «бай-құлақтардың қарсылығы, бандиттік-басмашылық əрекеттер» т.б. ретінде бағаланды. Өзгеріс тек 80-жылдардын соңында ғана байқалды. XX ғасырдыцң 80-жылдарының сонындағы тарихи білімдерді идеологиясыздандыру Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеу саласында қарқынды зерттеушілік ізденістер кеңістігіне шығуға мүмкіндік берді. Бұл ретте теориялық тұғырнамалық бағыттардың тұтас бір объективті қатары қалыптасты, жаңа ғылымитанымдық жəне əдіснамалық аппарат игерілді. 80-жылдардың соңында қазақстандық тарихнамада алғаш рет Ш .Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ғалымдары күштеп ұжымдастыру, байларды тəркілеу, саяси қуғынсүргін, 1931-1933 жылдардағы жаппай аштық, шабындықты-көшпелі шаруашылық кешенін жəне бүкіл дəстүрлі агроқұрылымды күйрету жағдайларымен байланысты трагедиялық оқиғаларды кешенді түрде зерттеуге кірісті [13]. 1988 жылы алғаш рет академик М.К. Қозыбаевтың бастамасымен « Қазақстанда жəне Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: тəжірибе жəне проблемалар» атты Бүкілодақтық ғылыми конференция ұйымдастырылып, онда 20-30-жылдар басындағы трагедияның себептері мен салдарлары талқыланды [14]. Академик М.Қ. Қозыбаев жетекшілік етіп, құрамына ғалымдар К. Нұрпейісов, Ғ.С. Сапарғалиев, Ж.Б. Əбілғожин, М.К. Қойгелдиев, К.С. Алдажұманов, Т.О. Омарбеков, М.Б. Тəтімов, В.К. Григорьев, Ю.И. Романов, М.Ж. Хасанаев жəне басқалар енген К.Р Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991 жыл) жұмысы нəтижесінде бұрын құпия жатқан құжаттар ашылып, 30жылдардағы аштық пен саяси қуғын-сүргіннің қаралы ақиқатын зерделеуге қол жеткізілді. Осымен бір уақытта, 90-жылдардың басынан, Қазақстанға көшіріліп əкелінген халықтардың тарихы да зерттеле бастады. 90-жылдардың бас кезінде алғаш рет мемлекеттік деңгейде қуғынсүргінге ұшырағандарға жəне ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты зерттеулер жүргізу жəне əділетті қалпына келтіру проблемалары күн тəртібіне қойылды. 1993 жылы 14 сəуірде Қазақстан Республикасының қазірде қолданыстағы «Жаппай саяси қуғынсүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды. Жалпыға мəлім болғандай, КСРО-ның əр түрлі аймақтарына еріксіз көшірілген миллиондаған арнайы қоныс аударушылар проблемасы секілді, кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру науқаны тұсындағы халықтардың жаппай қырылуы туралы да мүлде айтылмай келді. И.В. Сталин қайтыс болғаннан кейін жəне Л. П. Берия саяси аренадан кеткен соң 50жылдардың ортасында басталған жаппай саяси қуғын-сүргін кұрбандарын ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді. Оның үстіне, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысында сан мыңдаған қарапайым адамдарды, сондай-ақ белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлерін, ғылым мен мəдениеттің аса көрнекті өкілдерін жаппай қудалауға негіз болған нақты себептер мен жағдайлар атап айтылмады жəне ашып көрсетілмеді. Мұның бəрі «Олар И. Сталиннің жеке басына табынудың кұрбаны болды» деген желеу сөзбен бүркемеленді. Сөйтіп ол кезде «30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін» ұғымының өзіне де баға берілмеді, тоталитаризмнің реакциялық мəні ашылмады, ал режимнің репрессиялық саясатына қарсылық білдіру, 20-30-жылдар соңында жаппай ұжымдастырылған аудандарда бұқаралық көрініс алған шаруалар бүліншілігі мен көтерілістері туралы тіпті сөз де болған жоқ. Сонымен қатар ішкі оппозицияға жəне БК(б)П мен Кеңес үкіметінің жоғарғы эшелонындағы əр алуан жіктерге қатысушылар троцкийшілдер, оңшыл оппортунистер жəне басқа «партияға қарсы топтар» деп аталатындарға жатқызылып, соған сəйкес олар ешқандай да ақтауға жатпады. Большевиктік емес партиялар мен қозғалыстардың бұрынғы

мүшелерінің істері де дəл осындай күйде қалды. Сол қатарға Алаш ұлт-азаттық қозғалысы мен «Алашорда» автономиясына қатысушылар, «IV Бүкіл украиндық Рада», «Милли Фирка», «Иттихат ва-Таракки» жəне 1917 жылғы төңкеріс пен Азамат соғысы кезеңінде Ресейдің ұлттық шет аймақтарында қызмет еткен көптеген басқа да саяси топтар мен құрылымдар да жатқызылды. Оның үстіне, 60-жылдардың ортасынан бастап, Н.С. Хрущев КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жəне КСРО Министрлер Кеңесінің торағасы қызметтерінен алынғаннан кейін, 30-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы айтылғандар баспасоз бен оқулықтардың беттерінен біржола көрінбей кетті. Сонымен, демократиялық үрдістер КСРО-ның барлық аймактарын камтыган 80-жылдардын соңына дейін саяси қуғын-сүргін тарихының проблемалары, 20—30-жылдардағы ашаршылық, тұргындардың аштықтан жаппай қырылуы, тұтас халықтар мен этникалық топтардың еріксіз қоныс аударуы жəне кеңестік кезеңдегі басқа да қайғылы проблемалар туралы ешқандай ғылыми жұмыстар жүргізілмеді. Өзгеріс тек 80-жылдардың соңында, қоғамдық күштердің талап етуімен мерзімді баспасөз беттерінде саяси қуғын-сүргін кұрбандары туралы жарияланымдар қайтадан көріне бастаған кезде кылаң берді, тек сонда ғана ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен тұрғындардың аштықтан жаппай қырылуының шынайы тарихын қалпына келтіру туралы мəселе алғаш рет қойылды. 80жылдардың соңында академик Б.А. Төлепбаевтың, ол кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті К. Нұрпейісовтің дарихшы-ғалымдар М.К. Қойгелдиевтің, В.К. Григорьевтің, əдебиеттанушы Т. Кəкішевтің жəне басқалардың бастамасымен, XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі Алаш қозғалысы жəне Алашорданың алатын орны мен рөлі туралы мəселе алғаш рет талқыланды. Көп ұзамай Ш. Кұдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов жəне басқа да көптеген ұлттық мəдениеттің аса көрнекті өкілдері, Алаш қозғалысының көсемдері мен мүшелері ақталды. Олардың шығармашылық мұралары көп жылдар өткеннен кейін қайтадан халықтың рухани игілігіне айналып, қоғамдық пікірде үлкен дүмпу тудырды. Алаш азаматтарын саяси тұрғыдан ақтауға (олардың қылмыстық-азаматтық істері, қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты, 60жылдардын бас кезінде-ақ тоқтатылған болатын) республиканың мемлекет жəне қоғам қөайраткерлері, сондай-ақ сол кезде Қазақстан Компартиясы ОК комиссиясының құрамына енген ғалымдар Ө. Жəнібеков, Ə. Кекілбаев, Ж.М. Əбділдин, Р.Б. Сүлейменов, Ə.Т. Қайдаров, Р.Ғ. Сыздықова, С.А. Қасқабасов, С.С. Қирабаев жəне басқалар көп күш салды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991 жылы қарашада құрылған) қызметі арқасында бұрын мұрағаттарда құпия жатқан құжаттар көтерілді, олардың ішінде ОГПУ-НКВД мұрағаттары, БК(б)П ОК жəне Қазақстан К(б)П ОК-нің «Ерекше папкаларда» сақталған материалдары да бар. 20—30-жылдары кеңестік азаматтарды аса ауқымды түрде саяси қуғындау мен ізіне түсу əрекеттерін жүргізуге негіз болған партиялық жəне мемлекеттік органдардың заңды бұрмалаушылық актілері мен қаулыларына баға берілді. Қазіргі кезде бұл жұмыстардың нəтижелері көпшілікке белгілі болып отыр. Комиссия жұмысының қорытындыларын Жоғарғы Кеңес қуаттады, комиссия қорытындысы 1992 жылдың 21 жəне 22 желтоқсанында республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Кейінірек, комиссия жұмысының материалдары негізінде «1931-1933 жылдары Қазақстанда болған күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық» (А., 1998) деп аталатын құжатты жинақ жарық көрді. Қазақ тілінде К.Н. Нұрпейісовтің «Алаш һəм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), Т. Омарбековтің «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті» (А., 1999) атты терең мазмұнды монографиялары, орыс тілінде Ж. Əбілғожиннің «Очерки социальноэкономической истории Қазақстана» (А., 1999) жəне басқа көптеген сындарлы ғылыми еңбектер шықты. Осымен бір уақытта 90-жылдардың басынан, Қазақстанға қоныс аударылған халықтардың тарихы қоса зерттелді. Корейлердің депортациясы туралы Г.В. Кан мен Г.В. Кимнің кітаптары бүгінде зерттеушілер мен көпшілік қауымға кеңінен таныс. Күштеп қоныс аударылғандар туралы басқа да зерттеушілердің кітаптары мен жарияланымдары жарық көрді (,қараңыз: «Депортированные в Қазақстан народы: история и судьбы», А., 1998; «Депортация народов и проблемы прав человека», А., 1997; жəне басқалар). Кеңестік қуғын-сүргін мен қатаң идеологиялық қысым кезеңі тұлғаларының тарихи келбетіне баға беру тарихнамадағы жаңалық саналды. Мұның алғашқы сүрлеуі əйгілі тарихшы Е.Б. Бекмахановтың қазақ халқының ұлт-азатгық қозғалысы мəселесіне қатысты ғылыми тұғырнамасын саралаған С.Ф. Мəжитовтің зерттеуі арқылы салынды. Сөйтіп 90-жылдардың басында 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарға, сондай-ақ ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты əділеттілікті қалпына келтіру жəне тақырыпты тыңғылықты зерттеу мəселесі алғаш рет мемлекеттік денгейде күн тəртібіне қойылды [15]. Қазақстан аумағындағы Н КВД лагерьлері Бас басқармасының қызметі мен тарихын зерделеуге

байланысты жұмыстар зерттелінетін проблеманың құрамды бөлігі етіп алынды. Лагерьлер тарихы Д. Шаймұханов пень С. Шаймұханованың «КАРЛАГ» (Қарағанды, 1999), А.Р. Кукушкинаның «АЛЖИР» (Қарағанды, 2000), С. Дильмановтың «Қазақстан аумағындағы НКВД - КСРО ПМ-нің енбекпен түзеу лагерьлері» (А., 2002) монографияларының зерттеу нысанына айналды. Ғалымдар ұжымы (А. Росляков, Г. Молдаханова, А. Оразбаев, С. Орынбаев, Ж. Байсалбаева жəне басқалар) «Қазақстан қауіпсіздік органдарының тарихы» (А., 2003) атты көлемді монография шығарып, 2050-жылдардағы саяси қуғын-сүргін жағдайын ауқымды түрде құжаттық негізде зерделеді. Айта кету керек, саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу, оның құрбандарын ақтау мəселесінде қазақстандық «Əділет» тарихи-ағарту қоғамы үлкен жұмыс жүргізуде. «Əділет» қоғамы өзінің алғаш құрылған сəтінен бастап ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізуге, деректік жинақтар мен кітаптар шығаруға ұйытқы болды. «Əділет» тарапынан Алматыда жəне бірқатар облыстарда 20-40-жылдары атылғандардың тізімі «Книга скорби - Азалы кітап» жарық көрді. Қазіргі кезде мұндай кітаптар Алматы қаласы, Алматы жəне Жамбыл облыстары (3-басылым, 1996, 1999, 2004), Манғыстау облысы (1998), Актөбе облысы (1997) бойынша қайта басылып шықты, бұларда барлық қуғын- сүргінге ұшырағандар, оның ішінде атылғандар туралы деректі мəліметтер берілген. «Тағзым кітабы» («Книга скорби»), Карағанды (2001), Шығыс Қазақстан облыстары (2002) жəне басқа аймақтар тізімдері бойынша да жарық көрді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың «Жалпы ұлттық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталуы саяси қуғынсүргін тарихының проблемаларын зерттеуге үлкен серпін берді. Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу елімізде тарихшы-ғалымдар мен ұлт зиялылары тарапынан қызу қолдау тапты. Т. Омарбеков пен К. Алдажұмановтың зерттеулерінде 20-30-жылдардағы күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері мен қозғалыстар ауқымы алғаш рет көрсетілді. Қазақстанның барлық облыстары бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың мəліметтер қорын жасауға қатысты жұмыстар жүргізілді. Зерттеуші С.Ə. Жəкішева бұл мəліметтерді ТМД елдерінің «Қайта оралған есімдер» атты бірыңғай электронды құжаттар қорына енгізді (Мəскеу қаласы). Кеңестік кезеңде қазақстандық тарихнама өзінің бүкіл қызметі барысы бойында « мəдени революцияны — социалистік революцияның құрамды бөлігі, социалистік құрылыстың маңызды зандылығы ретінде» қарастырды. Қазақстандағы мəдени жаңғырудың тарихи шынайы болмысын зерттеу де, базистік процесс ұстанымына - социалистік қоғам құрылысына бағындырылды. Кеңестік кезеңдегі мəдени құрылыстың басты тұғырнамалық мақсаты КСРО ҒА академигі М.П. Кимнің, Қазақстанның нақты жағдайы да енгізілген, жалпыға ортақ принциптері негізінде анықталды. Академик Р.Б. Сүлейменов Қазақстанды кеңестік мəдени жаңғыртудың ақиқатын капиталистік емес даму бағдарындағы мəдени революцияның лениндік идеяларын жүзеге асыру ретінде бағалап: «Республикадағы мəдени революцияның тарихи тəжірибесі көрсеткеніндей, социализм заңдылықтарының бірі ретіндегі мəдени революцияға тəн негізгі сипаттардың бəрі оған да тиісті», - деген тұжырымға келеді. Капиталистік емес даму жағдайы қазақстандық тарихнама үшін негізгі бағыт саналды, оның аясында артта қалған халықтардың теңсіздікті жою проблемасы тəрізді мəдени өзгерістердің көптеген нақты тарихи міндеттерін жүзеге асыру мəселелері айқындалды. Осы орайда мектеп пен жоғары білім берудің бірыңғай жүйесін құру, егде адамдардың сауатсыздығын жою, ғылымизерттеу мекемелерінің желісін қалыптастыру, партиялық жəне шаруашылық буындардың кадрларын оқыту мен тəрбиелеу, атеистік насихат жəне білім беру мен мəдениет саласының басқа да проблемалары мəдениет саласындағы капиталистік емес дамудың нəтижесі ретінде пайымдалды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мəдениетінің тарихы туралы ғылыми түсініктің қалыптасу үрдісін мына кезеңдерде бөліп көрсетуге болады: 1-кезең — 1917-1950 жылдар ортасы: мəдениет тарихын зерттеудің жəне деректемелердің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Бүл жылдары аталған кезеңнің мəдениет тарихы жайлы осы заманғы ғылым талабына сай келетін тарихи еңбектер болған жоқ. Іс жүзінде мəдениет тарихының кəсіби кадрлары да болмады. Мəдениет тарихының проблемалары саяси жəне мемлекеттік органдар басшылары мен сол жылдар оқиғаларына қатысушылардың сөздері мен мерзімдік басылымдар беттерінде көрініс тапты. 2-кезең –1950 жылдардың екінші жартысынан 1980 жылдардың ортасына дейін. Бұл жылдары тарихи-мəдени зерттеулердің ғылыми инфрақұрылымы, сонымен бірге кеңестік кезеңнің мəдениет тарихы бойынша ірі монографиялық еңбектер жазған мəдениет тарихының кəсіби кадрлары қалыптасты. Сонымен қатар мəдениет тарихы бойынша деректер мен құжаттық материалдардың тақырыптық бағдарлармалары жарық көрді. 1980 жылдардың екінші жартысынан мəдениет тарихнамасының дамуында жаңа кезең қалыптасты. Бұл түбегейлі қоғамдық-саяси өзгерістердің басталуымен жəне ұзақ жылдар бойы

тыйым салынған есімдердің, сонымен бірге « ұлттың мəдени іргетасы» [16]. атанған Алаш қайраткерлері рухани мұраларының тарихымызбен қайта қауышуымен байланысты жүзеге асты. Кеңес өкіметінің алғашқы екі онжылдығында қоғамның мəдениет туралы түсінігі сол жылдардағы газет-журналдардың беттерінен айқын көрінеді. Оларда дəстүрлі қазақ мəдениетінің өкілдері мен «жаңа пролетарлық социалистік мəдениет» қайраткерлерінің арасында өткен өткір пікірталастар жарияланды. Мəдениет пен білім саласының белгілі қайраткерлері, партиялық жəне мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері өздерінің мəдениет проблемасына көзқарастары мен оны дамыту жолдары, қоғам өмірінің мəдени жағын жедел ілгері бастыру жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Ұлттық тарихи-мəдени мұраның тағдыры, жаңа жағдайдағы Қазақстанның Қазан революциясына дейінгі зиялы қауымының орны мен рөлі, қазақ интеллигенциясының автономиялық құқығы мен мəдени бастауға ұмтылысы - ұлттың осы жəне басқа да көкейтесті мəселелері сол жылдар мерзімді басылымдарынан айқын көрініс тапты [17]. 1920 жылдардағы тарихи-мəдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А. Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орталығының қызметі елеулі орын алады. Олар өз қатарына қазақтардың тарихын, тұрмысы мен мəдениетін зерттеген санаулы ғана ынталы адамдарды топтастырды. Экспедиция қорытындылары бойынша жасалған баяндамалар, хабарламалар Қазақстанның тарихына ғана арналып қалған жок. Онда авторлар халыққа білім беруді, кəсіби өнерді, ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту жолдары туралы да мəселелерді көтерді. Қазақ тілінде оқулықтар мен құралдар шығару Түркістан республикасы Халық ағарту комиссариаты Мемлекеттік ғылыми кеңесінің жанындағы Ғылыми комиссияның 1921-1922 жылдардағы ең басты міндеттерінің бірі саналды [18]. 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халықмузыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды [19]. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет органдарының қызметкерлері мен мəдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында жəне екінші жартысында Қазақстанның мəдени өмірін зерттеу мен насихаттау мəдени-ағарту жəне идеологиялық қызмет органдары арқылы жүзеге асырылды,[20]. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің мақалалары мен сөздері, оның ішінде мəдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының негізінде жазылған «Қазақстандағы мəдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мəдениет пен білім беру тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады. 1930 жылдары тарихи-зерттеу мекемелері мен кəсіби тарихшылар кадрларын даярлаудың ұйымдық құрылымдары қалыптасты. КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарихи-археологиялық секторы (1932), марксизм-ленинизм институтының қазақ бөлімшесі (1931), 1-коммунистік университет (аспирантурасы бар) өз жұмыстарын бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондайақ Қазақ пединститутында (1928) жəне Қазақ мемлекеттік университетінде (1934) қолға алынды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мəдениетінің дамуы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде өз жалғасын тапты. 1943 жылы басылған «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы...» кітабында, сондай-ақ 1949 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» (2-том) жинағынын «Кеңестік Қазақстандағы мəдени төңкеріс» тарауында кеңестік жылдардағы Қазақстанның білім беру мен ғылым, əдебиет пен өнер жəне баспасөз саласындағы тарихи жолдары мен жетістіктеріне алғаш рет жалпы түрде жағымды баға берілді. Ұлы Отан соғысы кезеңінде мерзімдік басылымдар беттерінде партия жəне кеңес кызметкерлерінің, ғылым мен мəдениеттің қазақстандық жəне Қазақстанға эвакуациямен келген қайраткерлерінің көптеген енбектері жарық көрді. Оқиғаларды көзімен көрген мəдениет қайраткерлері өз еңбектерінде Қазақстанның соғыс жылдарындағы мəдени өмірінің картинасын жаңғыртты [21]. Қазақстан К(б)П ОК жанынан Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты материалдарды жинау үшін 1942 жылы кұрылған Комиссия соғыс жылдарының өзінде-ақ жиналған материалдарды жариялай бастады [22]., оларда сондай-ақ соғыс күндеріндегі зиялы қауым қызметінің жекелеген қырлары да көрініс тапты. Сол жылдары бірқатар мазмұнды ғылыми-танымдық зерттеулер жарық көрді, соғыс жылдарындағы мəдениет тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинаудың бастамасы жасалды, тақырыптың кəсіби тарихнамалық жəне деректанушылық негізі қаланды. Алайда ғылыми мақалалардың осы заман түсінігіндегі талаптарына барлық жұмыстар бірдей жауап бере алған жоқ жəне авторлардың қолында кең ауқымды деректемелер де болмады. Баяндап отырған

оқиғаның аяқталмауына жəне соғыс кезіндегі қиындықтарға байланысты, бұл жұмыстарда қорытынды тұжырымдар айтылған жоқ жəне де құжаттық материалдар қорын молайту, мəдениет тарихын зерттеу міндеттері мен проблемаларын тарихи тұрғыдан зерделеу үшін белгілі бір уақыт кезеңі қажет еді. Соғыстан кейінгі екі онжылдық бойы Қазақстан тарихнамасында мəдениет тарихы монографиялық зерттеулердің тақырыбына əлі де толық айнала қойған жоқ болатын. Бұл кезеңде «Кеңестік Қазақстан мəдениеті» мақалалар жинағы жарық көріп (1957), онда авторлар С. Бəйішев, К. Жармағамбетов, А. Закарин 40 жыл ішіндегі ғылым, əдебиет жəне мектепте білім беру ісінің дамуын сипаттады. Ғ. Сапарғалиевтің кітапшасында [23]. мектепте білім беру ісіндегі мемлекеттің рөлі жөнінде айтылды. Жалпы алғанда, бұл авторлардың еңбектерінде Қазақстанның мəдениет тарихын зерттеудің мазмұнды да пəндік негізі салынды. Алайда бұл ілгері басулар сапалықтан гөрі сандық сипат алды. 1950 жылдардың екінші жартысында Кеңестік Қазақстанның мəдениет тарихнамасындағы жаңа кезеңі басталды. Сол жылдардағы отандық тарих тұғырнамасы мəдениет тарихын «қоғамның оқуағарту, ғылым, өнер жəне рухани өмірдің басқа да салаларындағы жетістіктерінің жиынтығы» ретінде зерделеуге жағдай жасады жəне оны « өз мазмұны бойынша қоғам дамуының əрбір кезеңінде өзгеріп отырады» деген тұжырымға келді60. Мəдениет тарихын зерттеу методологиясы «Ұлы Қазан төңкерісінің жеңістері өмірге əкелген КСРО-дағы мəдени төңкеріс — ел тұрғындарының басым бөлігінің мəдени артта қалушылығынан жалпыға бірдей жоғары сауаттылыққа жəне жаңа, кеңестік зиялы қауымды қалыптастыруға жеткізгенін» жəне «ол мəдениеттің жаңа, жоғары түрі — социалистік мəдениетті орнықтырудан көрініс тапқанын» дəлелдеуге бағытталды [24]. Отандық тарихнамадағы білім беру жүйесінің тарихы мəдени төңкеріс пен мəдениет құрылысын жүзеге асырудың маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Бұл проблемаларды зерттеуге арналған монографияларда мектеп ісі, жоғары оқу орындары жүйесі, сауатсыздықты жою мəселелері талқыланды. 1960—1980 жылдары мəдениет тарихшыларының теориялық ой-пікірлері, идеялық талаптар мен шектеулердің жаңартылғанына қарамастан, Сталинді сынаумен ғана шектелген бұрынғы кезеңдердің тұғырнамалық ұстанымдарына, жеткіліксіз деректемелік негіздерге жəне «кемелденген социализм теориясына» арқа сүйеді. Бұл жылдар, зерттеулер методологиялық аясының тар шенберлігіне қарамастан, біршама жемісті болды. «КСРО-дағы жəне одақтас республикалардағы мəдениет төңкерісінің тарихы» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ізденістер мəдениет тарихын зерттеудегі басты тақырып етіп алынды. Бүкілодақтық ауқымда жəне Қазақстанда да 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың ортасында бірнеше монографиялар, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді [25]. 1961 жылы академик С. Бəйішевтің «Қазақстандағы социализм жеңісі: мəселенің теориясы мен тарихы жөніндегі очерктер» кітабы шығып, оның арнайы тарауы мəдени төңкеріс тарихына арналды. Мəдениет дамуының тарихы «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Социализм дəуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тарихының» 4 жəне 5томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақстанның мемлекет жəне құқық тарихында», көптомдық КСРО тарихында (7-т., М., 1967) зерделенді. Айта кету керек, тарихи зерттеулер кеңістігінің кеңеюіне шығармашылық қызметі 1960-1970 жылдарға сəйкес келген бірқатар тарихшы-профессорлардың ғылыми ізденістері игі ықпал етті. Тарихшылардың Бүкілодақтық Кеңесінің ( Мəскеу, 18-21 желтоқсан, 1962жыл) шешімдері, сондай-ақ тарихи деректердің жариялануы тиімді ғылыми ізденістерге кең жол ашты. 1960 жылдардың орта тұсында «Қазақстандағы мəдениет кұрылысы» (1918-1932) жəне «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңінде» (1941-1945) [26]. жинақтарының бірінші томдары жарық көрді. 1965 жылдың мамыр-маусым айларында Мəскеуде өткен кеңестік мəдениет тарихының проблемалары жөніндегі мəжіліс «КСРО-дағы мəдениет құрылысы» тарихы жəне Қазақстандағы мəдени-тарихи үрдістер туралы жалпы тұжырымдар жасалған еңбектердің жарық көруіне колайлы жағдай жасады [27]. Ұзақ уақыттар бойы Қазақстанның мəдениет тарихын көрнекті ғалым, академик Р.Б. Сүлейменов зерттеді. Ол өз ізденістері нəтижесінде көптеген іргелі монографиялар мен мақалалар жазды. Бұлардың ішінен Х.И. Бисеновпен бірігіп жазған «Артта қалған халықтардың мəдени дамуының социалистік жолы ( Қазақстан кеңестік мəдениетінің қалыптасу тарихы. 1917-1965)» еңбегін айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ «Мəдени төңкерістің лениндік идеялары жəне оның Қазақстанда жүзеге асырылуы» іргелі монографиясы да мəдениет тарихын зерттеудегі құнды

еңбек саналады. Оларда, автордың өзі атап өткеніндей: «Қазақ КСР-інде кеңестік мəдени қайта өрлеу шараларының жүзеге асырылуын», сондай-ақ « Қазақстан халықтарының рухани мəдениетінде капиталистік емес дамудың лениндік идеяларының көрініс табуын зерделеуге талпыныс жасалынған» [28]. Əрине, тұғырнамалық тұрғыдан бұл зерттеулер кеңестік кезең идеологиясының ықпалында жазылған, əйтсе де Р Б. Сүлейменов өз енбектерінде бай деректік материалдар негізінде 1917 жылдан 70-жылдар басына дейінгі халыққа білім беру, ғылым жəне мəдениет салалары дамуының тарихын қайта жаңғыртты. Оның зерттеуінің көптеген тұжырымдары күні бүгінге дейін өзектілік құнын жойған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мəдениетінің тарихы кең ауқымдық құжаттық негізде академик М.К. Қозыбаевтың іргелі енбектерінде қарастырылды [29].Бұл еңбектерде автор Қазақстан мəдениеті, қоғамдық өмірдің осы саласына партиялық басшылық мəселелерімен ғана шектеліп қалмай, еңбекшілердің майдан мен тылға көмегі, соғыс жылдарындағы мəдени өмір жақтарын да терең қамтыған. 1970-1980 жылдары жарық көрген А.К. Қанапин мен А.Д. Яндаровтың, Н. Жанділдиннің, К. Бейсембиевтің, М. Бурабаев пен В. Черняктің монографиялық еңбектері жəне Р.Б. Сұлейменовтің «Қазақстандағы мəдени төңкерістің зерттелу кезеңдері» [30]. атты мақаласы халқымыздың рухани өміріндегі өзгерістер туралы кең əрі терең түсініктер тұрғысында жазылған. Қазақстан тарихшылары, сондай-ақ зиялы қауымның, оның ішінде ұлт зиялыларының да қалыптасу тарихы жөнінде, бұл ретте олардың өздерінің ойынша, бұл үрдістің ерекше жақтарын аша отырып, зерттеулер жүргізді [31]. Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, əншілер қазақстандықтардың жаңа ұрпағына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашылық жолы мен тағдыры мəдени дамудың тарихын жəне осы заманғы мəдениет түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларының, тұтастай алғанда мəдениеттің дамуына қосқан əрқайсысының жеке үлестерін де бейнелеп көрсетеді [32]. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік белгілі мəдениет қайраткерлерінің əр жылдары жариялаған естеліктерінде сол жылдары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. Авторлардың өздеріне тəн жеке əсерлерінің көптүрлілігі соғыс сынағының ауыр жылдарындағы республиканың мəдени өмірінің жалпы кескін-келбеті туралы түсінігімізді кеңейтуімізге жəне байытуымызға мүмкіндік береді [33]. Тұтастай алғанда, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мəдениет тарихы жөніндегі зерттеулер моральдық жағынан елеулі түрде ескірді. Əйткенмен, бұл бағыттағы жұмыстар өзінің айтарлықтай дерекнамалық мəнін жоймайды. Сандық мəліметтерді жалпылау жөнінен бірсыпыра жұмыстар жүргізілді жəне ғылыми айналымға кең көлемді деректемелік қорлар енгізілді. 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бас кезі аралығы (горбачевтік жариялылық пен демократияландыру жылдары) - мəдениет тарихының 4-кезеңіне сəйкес келеді. Жоғарыда атап өтілгеніндей, Қазақстан КП OK сол жылдары Ш. Кұдайбердиевті, Ж. Аймауытовты, М. Жұмабаевты жəне қазақ мəдениетінің басқа да өкілдерін ақтау туралы қаулы қабылдады жəне соның нəтижесінде əдебиетіміздің барлық өкілдерінің есімдері мен олардың шығармалары халқымен қайта қауышты. Бұл есімдер көп жылдар бойы ауызға алынбады немесе теріс пиғылды топқа жəне Кеңес өкіметінің жаулары қатарына жатқызылып келген еді. А. Байтұрсыновтың, Ш. Кұдайбердиевтің шығармалары, «Алаш» партиясының бағдарламалық құжаттары, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың, К. Кемеңгеровтің жəне басқалардың жұмыстары жарияланды. Тұтастай алғанда, жарияланған дерек көздер Қазақстан тарихы кеңестік кезеңінің бұрынғыдан мүлде басқаша кескін-келбетін көрсетті. Мəдениетке партиялықмемлекеттік басшылық, А. Байтұрсынов пен Т. Жүргеновтің ағарту халкомындағы жауапты қызметі мен көзқарастары, мəдениет саласындағы Қазақ өлкелік комитетінің бағытымен келіспеген қазақ зиялы қауымының өзіндік ой-пікірлері, тіл мен мəдени-ұлттық дəстүрді сақтауға ұмтылған қазақ зиялыларын ұлтшылдар ретінде бағалаған Ф. Голощекиннің оларға қарымқатынасы жаңа сипатта көрінді. Жоғарыда айтылып кеткендей, 1920-30 жылдардағы Қазақстан тарих ғылымының жағдайы зерттеуші І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (1990) кітабында қарастырылды [34]. Мұрағаттық деректемелер негізінде кітапта 1920 жылдардағы мəдениет тарихы мен оның барысы жөнінде құнды мəліметтер келтірілген. P.M. Жұмашевтің зерттеулерінде жəне оның « Қазақстан мəдениетінің тарихнамасы» (Қарағанды, 2003) монографиясында мəдениет проблемасы жаңа тұғырнамалық көзқарас тұрғысынан қарастырылған. А.Т. Қапаеваның «Мəдениет жəне саясат» атты іргелі монографиялық еңбегі (Алматы, 2004) Қазақстан

мəдениетінің тарихына арналған, онда 1946-1991 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстанның мəдени саласындажүргізген мемлекеттік саясаты қарастырылады. Ұлы Отан соғысы мəселелерін, қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін зерттеу[өңдеу] Кеңестік кезеңнің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихнамасы бүкілодақтық тарихнаманың бір бөлігі болды жəне сондықтан ол жалпы зерттеулерде де,[35]. сондай-ақ соғыс жылдарындағы республика тарихы жөніндегі еңбектерді талдаған арнайы еңбектерде де қарастырылды [36]. Кеңес өкіметі жылдарында қанқұйлы соғысты зерттеуде тарих ғылымы екі даму кезеңін бастан өткерді. Біріншісі — соғыстың басталғанынан КОКП XX съезіне дейінгі, екіншісі И.В. Сталиннің жеке басына табынушылықты əшкерелеуден КСРО-ның ыдырауына дейінгі кезеңде басылған еңбектерді қамтиды. Əр кезеңде сол уақытқа тəн міндетгер шешілді. Олар бірбірінен мұрағаттарға, шет ел басылымдарына қол жеткізу дəрежесіне, зерттеу тақырыбын таңдау еркіндігіне қарай да ерекшеленді. Фашистік Германиямен соғыс туралы Қазақстан тарихшыларының сол кездегі зерттеулеріне бүкілодақтық тарихнаманың жетістіктері мен ол қылықтары ортақ еді, əрине, айырмашылықтары да болды. Зерттеулердің географиялық ауқымы жағынан белгілі бір денгейде табиғи тар шенберлілік көрініс алды, ал олардың тақырыптық шектеулілігі, көп жағдайда, зерттеліп отырған құбылыс пен үрдістің ішкі мəніне терең бойлай алмаушылық — олардың ғылыми құндылығын төмендетті. Бірақ бұл көбінше зерттеушілердің кəсіби денгейінің төмендігінен емес, «одақтық заң құзыретінің» тақырыпты кеңінен зерделеуге ресми емес түрде тыйым салынғандығынан жəне соғыс кезінің көптеген құжаттарына қол жетпегендіктен еді. Соғыс басталғаннан кейінгі тарихшылардың басты міндеті құжаттар мен материалдарды жинақтау жəне бір жүйеге түсіру болды. 1942 жылдың басында-ақ КСРО ғылым академиясының Тарих институтында Ұлы Отан соғысы бойынша арнайы комиссия, ал 1943 жылдан - əскери-тарихи сектор жұмысын бастады. 1942 жылдың мамырынан бастап Кеңес Армиясының Бас штабында жұмыс істей бастаған бөлім 1944 жылдың наурыз айында Соғыс тəжірибесін пайдалану жөніндегі басқарма болып қайта құрылып, тарих ғылымы үшін де көп жұмыстар атқарды. 1943 жылы Соғыс тарихы бойынша материалдар жинау жөніндегі комиссия Қазақстанда да құрылды. Толық емес мəліметтер бойынша, республикада соғыс жылдарында аталған тақырыпқа арналған 150-ге жуық кітап, кітапшалар жəне журналдық мақалалар жарық көрген [37]. Олардың барлығы да үгіт-насихаттық сипатта еді. Бұлардың ішінде экономиканың жекелеген салаларының жұмыстары, озат кəсіпорындар мен аудандар, өз ісінің көрнекті шеберлері туралы шығармаларды бөліп айтуға болады. Мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс формалары мен əдістері туралы ҚК(б)П ОК хатшылары Н.А. Скворцов, Ж. Шаяхметов, М. Əбдіқалықов, ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің торағасы Н.Д. Оңдасынов жəне басқалар өз еңбектерінде баяндады [38]. Ұлы Отан соғысы аяқталысымен соғыс тарихы туралы зерттеулер жарық көре бастады. КСРО бойынша 1946-1955 жылдары 1200-ге жуық кітаптар, кітапшалар жəне журналдық мақалалар жарияланды. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтағы жарияланымдар ішінен А. Нүсіпбековтің, О. Малыбаев пен Ғ. Əбішевтің жұмыстары жаңа пайымдауымен көзге түседі. Академик А. Нүсіпбековке алғашқы болып мұрағаттың кейбір құжаттарына қол жеткізудің орайы түсті, ол осы негізде каһарлы жылдардағы республика өмірінің неғұрлым толыққанды кескін-келбетін бейнеледі. О. Малыбаев халықтар достығын Жеңістің маңызды құрамды бөлігі ретінде зерттеудің алғашқы сүрлеуін салды. Ғ. Əбішев бұл тақырыпты жалғастырып, Отан үшін күрестегі қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін кеңінен ашып көрсетті [39]. Алайда сол кезеңдегі қоғамтану саласындағы еңбектерге тəн кемшіліктер бұл жұмыстарға да ортақ еді. Тыл еңбеккерлері мен майдангерлердің дəл осы соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта бірінші рет жарық көрген естеліктері тарихнамада көрнекі із қалдырды [40]. Атақты жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін насихаттаудың нұсқасы жасалынды. Бұл тұрғыдағы алғашқы басылымдардың бірі — «Кеңес Одағының Батырлары — қазақстандықтар» жинағына өмірбаяндық мəліметтер, марапат қағаздардың көшірмелері жəне соғыс жылдарының басқа да құжаттары мен материалдары енгізілді. Жекелеген батырлар - И.В. Панфилов, М. Ғабдуллин, В. Клочков жəне басқалар, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры атағын екі реталған - Т.Ж. Бигелдинов, Л.И. Беда, С.Д. Луганский, И.П. Павлов туралы да жұмыстар жарық көрді [41]. Ғ. Əбішевтің Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында» атты монографиясы (1959; докторлық диссертация) соғыс жылдарындағы республика тарихы бойынша алғашқы кешенді зерттеу болды. Автор өзінің көпжылдық жұмысын қорытындылап, майдандағы оқиғалардың жəне республиканың сол жылдардағы өмірінің барлық жақтарының кең де айқын көрінісін бейнелеп

берді. Кітап жұртшылықтың жоғары бағасын алды, сонымен бірге оның суреттеу сипатта жазылғаны, белгілі бір дəрежеде халық ерлігінің ұлылығына мəн бермеушілігі, келенсіз сəттер мен қиындықтарды жоққа шығару немесе тігісін жатқызуға тырысқандығы да атап өтілді [42]. И.В. Сталиннің жеке басына табынушылықты əшкерелеген КОКП XX съезінен кейін зерттеушілердің мұрагғаттарда жұмыс істеу мүмкіндігі артып, монографиялар мен жалпы тұжырымды еңбектерді даярлау үрдісі жеңілдеп, қарқын алды. 1950 жылдардың соңы мен 60жылдардың басында 6 томдық «1941 -1945 жылдардағы Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының тарихы» жəне 12 томдық «1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы» жарық көрді. Тыл еңбеккерлерінің, Одақ пен республика шаруашылығы түрлі салаларының, сондай-ақ жекелеген кəсіпорындардың күш біріктірген ерлік енбегінің тарихына қатысты жарияланымдардың саны өсті. Халықтар достығы, майдан мен тылдың бірлігі, рухани өмір, мəдениет пен ғылым проблемалары терең көрсетіле бастады. Тек Қазақстанда ғана Жеңістің 20 жылдығына орай 8 кітап, 24 кітапша жəне 200-ден астам ғылыми мақалалар басылды.[43]. Сол кезде шыққан жұмыстардың ішінен В.Я. Басиннің, J1.A. Пинегина мен С.А. Федюкиннің кітаптарын бөліп айтуға болады. Бірақ оларда да белгілі бір шамада бұрынғы кезеңдердің деңгейі мен рухын қайталайтын кемістіктер орын алды. Ф. Михайлов пен К. Оразов өз еңбектерін82 соғыс кезеңінің қиын проблемаларының біріне — кадрлар мəселесіне, бірінші кезекте өнеркəсіп пен көлік саласы үшін қажет кадрларды даярлау мəселесіне арнады. Жұмысшы ұжымдардың басым көпшілігін құрайтын тыл еңбеккерлері — əйелдер мен жастар туралы арнайы жазылған жұмыстар пайда болды [44]. Өткен соғыс тарихын жазушылардың белсенділігі мен оқырманға тигізер пайдасы арта түсті. 1970 жылға қарай республикада Қазақстан индустриясының бірқатар салалары мен ірі кəсіпорындарының жұмысын зерттеген 900 кітап пен кітапша, ғылыми жəне ғылыми-танымдық мақалалар басылып шықты. Соғыс жылдарындағы Қазақстан тарихы мен тарихнамасының проблемаларын зерттеуге академик М.К. Қозыбаев зор үлес қосты. Оның «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Компартиясы» (А., 1964), «Қазақстан — майдан арсеналы» (А., 1970), «Жеңіс рухымен» (Н. Едігеновпен бірге, А., 1998) монографиялары жəне басқа зерттеулері ғылыми жұртшылықтың жоғары бағасын алды. Т.Б. Балақаевтың 1971 жылы шыққан «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның колхоз шаруашылығы. 1941 — 1945 жылдар» монографиясы ауыл еңбекшілерінің тарихын кеңінен қамтыды. Мұрағаттар, статистикалық мекемелер жəне сол жылдардағы мерзімді басылымдар материалдарына, сондай-ақ колхозшы-ардагерлер мен өндіріс ұйымдастырушыларының естеліктеріне негізделіп жазылған бұл еңбек — ауыл мен село өмірінін кең ауқымды көрінісін бейнеледі, ауыл еңбеккерлерінің қалалықтармен қарым-катынасының түр-сипатын, мемлекеттік, кооперативтік жəне нарықтық сауданың жай-күйін, олардың арасындағы үлестік қатынастарды, соғыстың əр жылдарындағы баға денгейлерін ашып көрсетті. Екінші томы 1938-1945 жылдар тарихына арналған екі томдық «Қазақстан жұмысшы табының тарихы» атты енбекте соғыс жылдарындағы жұмысшы табы мен индустриялық даму тарихының проблемалары барынша тыңғылықты баяндалды. Сол жылдардағы тұрғындар өмірінің материалдық-тұрмыстық жағдайлары туралы В.М. Савченконың жұмысы да құнды еңбек саналды. Оған дейінгі авторлар ең мықтағанда қалалықтар мен ауыл-село тұрғындары өміріндегі осы саладағы ауыртпалықтарды тек атап өтумен ғана шектелетін. Жекелеген жұмыстар біздің республикамыздағы денсаулық сақтау ісінің хал-жағдайына жəне госпитальдардың қызметіне арналды. Бұлар — Қазақстандағы денсаулық сақтау ісі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтін тарихы жөніндегі А.И. Самарин мен А.P. Чокиннің жəне госпитальдардың қабылдау, орналастыру жəне емдеу қызметтері туралы М.А. Жақыпованың мол мағлұмат жинақтаған еңбектері [45]. 60-жылдардан бастап халыққа білім беру жүйесі қызметін, оның ғылыми жəне мəдени өмірін арнайы зерттеулер жолға қойылды. Осы тақырыптағы алғашқы жарияланымдардың бірі академик К.И Сəтбаевтың мақаласы болды, оны MX Қозыбаевтың республиканың шикізат қоры мен өндірістік қуатын қорғаныс қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктерін көтеру мəселесі бойынша КСРО ғылыми орталығы ғалымдарының қазақ əріптестерімен ынтымақтастығы туралы жазған мақаласы жалғастырды. Ш. Есеновтің, Р.Б. Сүлейменовтің жəне Н. Едігеновтің, А. Бисенбаевтың жұмыстары соғыс жылдарындағы академиялық ғылымның даму үрдістерін қорытындылады [46]. Əр жылдары Қазақстан Ағарту халық комиссариатын басқарған Ə. Шəріпов пен А. Сембаев, зерттеуші Н. Итбаев жəне басқалар өз еңбектерін мектеп өмірі, мұғалімдер мен оқушылардың оқу, тəрбие жəне еңбек қызметіне арнады [47]. Л.Ш. Баширова, P.M. Жұмашев жəне басқалардың жұмыстарында соғыс жылдарындағы мəдениет,

əдебиет жəне өнер тарихы мəселелері қарқынды түрде зерттелді. Ол жұмыстардың авторлары соғыс жылдарындағы өнер туындыларының өзара əсер-ықпалын жəне бірін-бірі байытуың мəдени-ағарту мекемелер жұмыстарының ерекшеліктерін көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан халықтары мен Одақтың жекелеген нақты өңірлері тұрғындарының өзара көмегі жөніндегі зерттеулер жарыққа шықты [48]. Жекелеген облыстар мен аймақтарға арналған еңбектер тақырыпына мауқымының кеңеюіне, республика тарихын барынша толық сипаттауға, ғылыми айналымға жаңа, көбінше өте құнды мəліметтердің енуіне жағдай жасады [49]. Əдебиетте, соғыс тақырыбындағы миллиондаған адамдардың орын ауыстыру проблемаларын, елдінң шығыс бөлігінің майданға жақын аудандарындағы материалдық жəне рухани құндылықтарды зерттейтін бағыт қалыптасты [50]. Сондай-ақ тарихшылар жеңістің маңызды факторларының бірінен саналатын майдан мен тылдың бірлігі ұғымын сипаттаудың əр алуан түрлері мен формаларына тиісті деңгейде көңіл аударды. Бұл мəселелерді өзінің тартымды очеркінде К.И. Желтякова, сондай-ақ арнайы монографияларында Т.Б. Балақаев пен К С. Алдажұманов барынша толығырақ көлемде зерттеді [51]. Проблеманың тарихнамасынан тарихи-партиялық тақырып елеулі орын алады. Жұртшылыққа мəлім екеніндей, Азамат соғысының тəжірибесімен қаруланған, бұқара халықты аса сын жағдайда тиісті бағытқа жұмылдырып үйренген, əскери тəртіп тұрғысында қалыптасқан Компартия мен оның одақтас республикалардағы отрядтары ел басына күн туған ауыр сəтте тыл ұйымдастырушысы бола алды. Жоғарыда атап өтілгендей, Қазақстан Компартиясының əскери экономиканы дамытудағы соғыс жылдарында атқарған қызметі М.К. Қозыбаевтың монографияларында неғұрлым кешенді түрде зерттелді. Республика коммунистерінің əскериұйымдастырушылық жұмыстары З.Ш. Қашқынбаевтың монографиясында зерттелді [52]. Мемлекеттік органдардың қызметі «1941 — 1945 жылдардағы Кеңестік Қазақстанның мемлекет жəне құқық тарихы» жиынтық еңбегінде белгілі деңгейде ашып көрсетілді. С. Қаймолдиннің монографиясы да сол жылдардағы Кеңес өкіметі билік органдарының қызметін ашып көрсетуге арналған [53]. 70—80-жылдары КСРО-ның шығыс аудандарындағы халық шаруашылығының даму тарихын, өндіріс күштерін шығыс аймақтарға шоғырландырудың барысын, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, Сібір жəне Қиыр Шығыстың байлығын жедел қарқынмен игеру мəселелерін зерттеуге зор мəн берілді [54]. Г. Докучаев пен М. Қозыбаевтың «Өндіріс күштерін дамыту жөніндегі лениндік идеяларды жүзеге асыру» атты монографиясында елдің əр түрлі өңірлеріндегі экономикалық дамудың өзіне тəн ерекшеліктеріне, кеңестік қоғамды тұтастай алғандағы жəне аймақтардағы, жекелеген таптар мен жіктер ішіндегі əлеуметтік құрылымның өзгерісіне зор коңіл бөлінді. Бірқатар еңбектерде елдің шығыс өңірлерінің, оның ішінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларының экономикалық үлесі айқындалды [55]. Академик М. Қозыбаевтың қатысуымен жазылған «Кенестік жұмысшы табының тарихы. КСРО жұмысшы табы Ұлы Отан соғысы жылдарында жəне оның қарсаңында. 1938-1945 жыл» (М., 1984), «Кеңестік тыл Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде» (М., 1988), «Кеңестік Отанды қорғау рухымен» (М., 1974, 1984) секілді ұжымдық еңбектерде кеңестік, оның ішінде қазақстандық тылдың дамуы мен нығаюының өзекті проблемалары көрініс тапты. Соғыс кезінің құжаттарын жариялауға көп көңіл бөлінді. 1964-1968 жылдары республиканың соғыс жылдарындағы тарихына қатысты құжаттар мен материалдар жинағы жарық көрді, оған КСРО Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының (қазіргі Ресей Федерациясында) құжаттары алғаш рет енгізілді [56]. 1968 жылы 447 Кеңес Одағының Батыры — қазақстандықтар туралы құжатты очерктер жинағының, сондай-ақ Үш дəрежелі Данқ орденінің иегерлері туралы кітаптың шығуы [57]. елеулі оқиға болды. П.С. Белан қазіргі кезге дейін Алтын Жұлдыз иегері — қазақстандықтардың саны 520 адамға жуық екенін, оның 497-сіне Батыр атағы Ұлы Отан соғысы майданындағы ерліктері үшін берілгенін дəлелдеді. «Данқ» орденінің толық иегерлерінің жалпы саны анықталды. Қазіргі кезде олардың саны 10 адам саналады [58]. Республика тарихшылары тарапынан қазақстандық жауынгерлердің жекелеген операциялар мен ұрыстарга немесе арнаулы стратегиялық бағыттарға қатысу тарихын зерттеуге байланысты да белгілі бір жұмыстар атқарылды. Академик А.Н. Нүсіпбеков пен зерттеуші ғалым Ғ.А. Əбішев [59]. жəне басқалар өз еңбектерін дəл осы тұрғыда жазды. Белгілі журналист Н.А. Шахов Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар туралы материалдар жинап, очерктер мен мақалалар жариялауда жемісті еңбек етті [60]. Мəскеу үшін болған ұрысқа қатысушы қазақстандық жауынгерлер жөнінде А.Н. Нүсіпбеков пен А. Мұхамеджановтың тыңғылықты зерттеулер жүргізді. А. Мұхамеджанов өзінің «Мəскеу түбіндегі ұрысқа қатысқан

қазақстандықтар» (А., 1968) атты монографиясында КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағаттық құжаттары негізінде 1941 жылдың жазы мен күзінде Қазақстанда ұйымдастырылған əскери құрамалардың Мəскеу қорғанысына қатысуын қайтадан бүгінгі ұрпақ көз алдына алып келді. Сондай-ақ Ленинград іргесінде [61]. жəне Сталинград ұрысында шайқасқан қазақстандықтар туралы зерттеулер жазылды. Олардың ішінде тарихшы-майдангер X. Əділгереевтің, журналистмайдангер В. Скоробогатовтың мақалалары, сондай-ақ К. Досқалиевтың, Б. Далабаев пен П.С. Беланның зерттеулері [62]. бар. Еділ (Волга) бойындағы ұрыс кезінде Сталинград бағытындағы əскерге моральдық жəне материалдық қолдау көрсетудегі республиканың, əсіресе онын батыс аудандарының рөлін бағалау жөніндегі жарияланымдар жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызды. Мұны П.С. Белан мен П.Р. Букаткиннің Урбах-Астрахан магистралындағы теміржол бекеттері мен тораптарына жау авиациясының жасаған шабуылына ерлікпен тойтарыс берілгендігі жөніндегі мақалаларына, К. Досқалиевтың «Батыр қала жəне Қазақстан» дейтін кітабына [63]. қатысты айтуға болады. Курск шайқасы академик С.Н. Покровскийдің зерттеу нысанына айналды. Қазақстандықтардың Украинаны, Белоруссияны, Балтық жағалауы жəне Еуропа мен Азия елдерін азат етуге қосқан үлесі Ғ. Əбішевтің, К.Е. Стамбековтің, А.С. Алданазаровтың, И.А. Куртовтың жəне басқа авторлардың еңбектерінде [64]. зерттелді. Біздің республикада жасақталған Кеңес Армиясы құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жолы туралы тарихи очерктер жанрының тууы талас тудырмайтын жетістік еді. Қазіргі кезде 8-, 27-, 30-, 72-, 73-гвардиялық, 8-, 118-, 310-, 312-, 314-, 387-, 391- атқыштар дивизиялары жəне 756-атқыштар полкі туралы барынша кең ауқымды жəне мазмұнды кітаптар мен очерктер сериясы қалыптасты [65]. Т. Балақаев, К. Алдажұманов, К. Аманжоловтар өз зерттеулерін қазақ ұлттық 96-, 105- жəне 106- атты əскер дивизияларына, 100- жəне 101-атқыштар бригадаларына арнады [66]. Екі атқыштар бригадасының да жауынгерлік істері (атты əскер дивизиялары ұрысқа кіріскенге дейін, бұрын құрылған құраманың жеке құрамына өтуіне байланысты қайта құрылды), сондай-ақ П.С. Беланның, А.Б. Тасболатовтың, 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының ардагері С.С. Жиенбаевтың мақалаларында [67]. баяндалды. КСРО-да қайта құрудың басталуымен (1985), Кеңес Одағының тарихы, Ұлы Отан соғысы жəне оған бұрынғы одақтас республикалардың қатысуы проблемалары кеңінен зерттеле бастады. Жабық тақырыптар мен мəселелер тізімі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, мұрағат қорларына қол жеткізу мүмкіндігі артты, зерттеушілердің əдебиет пен ақпарат алмасуы ұлғайды. 90жылдардың басынан бастап, соғыс тарихы жөніндегі жарияланымдар сан жағынан азайды, сондай-ақ Ресейде жəне басқа елдерде, соғыстың сипаты туралы шындықпен жанаспайтын, шектен тыс теріс пікірлі пайымдаулар, соғысушы жақтарды бір-бірімен теңестіруге тырысушылық əрекеттер де көрініс берді. Сонымен қатар тарихнамалық мұраға сын көзімен қарау барысында, соғыс қарсаңындағы кезең мен соғыс жылдарына қатысты кейбір маңызды проблемалар да шешімін тапты. «Дөңгелек үстелдерде» жəне ғылыми конференцияларда, одан соң мерзімді басылымдар мен кітаптарда 30жылдар қуғын-сүргіні, индустрияландыру мен ұжымдастырудың шектен тыс жеделдету əдістерінің кесірінен болған шығындар мен құрбандықтар туралы, Қырым, Кавказ, Поволжье өңірі, ал одан да бұрын Қиыр Шығыс, Украина мен Белоруссияның батыс аудандары, Балтық жағалауы елдерінің халықтарын шығыс аудандарға, оның ішінде, біздің республикаға күштеп қоныс аудару, Қазақстанда мəжбүрлі еңбек түрін қолдану туралы мəселелері кеңінен талқылана бастады. Мəселен, М.К. Қозыбаевтың («Тарих жəне қазіргі заман». А., 1990; «Ақтандақтар ақиқаты», А., 1992), К С. Алдажұмановтың жəне басқалардың («Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтар: уақыт жəне тағдырлар», А., 1998) зерттеулерінде, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың, этникалық топтар мен əлеуметгік жіктердің, Қазақстанға күштеп қоныс аударылу тарихымен қоса, республика тұрғындарының соғыс уақытындағы еңбек армиясына қатысу проблемасы да арнайы қарастырылды. Кеңестік жылдарда басталған бүкілодақтық «Боздақтар» («Книга памяти») басылымын баспаға дайындау жөніндегі жұмыстар өз жалғасын тапты. Қазақстанда жоспарланған 97 томның 66-сы басылып шықты. Бас штабтың арнайы комиссиясы мен ғалымдар анықтаған Кеңес Армиясының шығындары туралы мəліметтер расталды. Қазақстанның тікелей шығындары алғаш рет нақтыланды: ол қазіргі кезге дейінгі жиналған мəліметтер бойынша, 602939 адамды құрады. Майданға алынған қазақстандықтардың санын анықтаудың да сəті түсті. Сонымен бірге соғыс қарсаңында армияда қызмет еткендердің саны 1374 мың адам екендігі белгілі болды. Тарих ғылымдарының докторы П.С. Белан қазақстандық əскери құрамалардың соғыс майдандарына қатысуын зерттеуде үлкен жұмыс тындырды. Оның қазақстандықтардың

Ленинград™ қорғауға, КСРО-ның басып алынған аумақтарын, оның ішінде Украинаны, Молдавияны, Белоруссияны жəне Балтық жағалауы елдерін азат етуге қатысуы туралы монографиялары жұртшылықтың жағымды бағасын алды. П.С. Беланның Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай шыққан «Барлық майдандарда» атты монографиясы қазақстандықтардың кеңесгерман майданы мен Қиыр Шығыстағы ұрыстарға қатысуы жөнінде, əсіресе республикада жасақталған Кеңес Армиясы бөлімдері мен құрамаларының жауынгерлік жолы туралы нақты мəліметтер береді. Дəл осы жылы М.К. Қозыбаев пен Н.Е. Едігеновтің «Жеңіс үшін еселі еңбек» деп аталатын соғыс жылдарындағы республика өнеркəсібінің индустриялық дамуы мен жұмысшылардың қажырлы еңбегіне арналған кітабы жарық көрді. Бұл кітапта бұрын белгісіз болып келген көптеген мұрағаттық жаңа мəліметтер келтірілген. Онда кадр дайындаудың нысандары, сондай-ақ мəжбүрлі еңбектің, оның ішінде еңбек армиясының рөлі баяндалады. Егемен Қазақстан жағдайында зерттеушілер кеңестік кезең тарихнамасының əр алуан проблемаларын үлкен ықыласпен қарастыруда. Бұл ретте Қазақстан туралы шетелдік зерттеулерге қатысты қорытынды жұмыстар жарық көрді, бұған мысал ретінде К.Л. Есмағамбетовтің, P.M. Таштемханованың зерттеулерін [67]. жəне басқа да жұмыстарды айтуға болады. Мəдениет тарихнамасының проблемалары P.M. Жұмашевтың, А.Т. Капаеваның зерттеулерінде [68]. көрініс тапты. О.Х. Мұхатованың, Р.Ж. Кадысованың [69]. жəне басқалардың зертгеулерінде Қазақстанның кеңестік үлгідегі жаңғырту тарихнамасы жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарастырылады. Отандық тарих пен тарихнаманын барлық бағыттары бойынша ізденіс жұмыстары бүгінде жалғасын табуда. Сонымен, кеңестік кезең тарихының проблемаларын зерттеу бойынша Қазақстанда аз жұмыстар атқарылған жоқ. Дегенмен əлі де көп мəселені зерттеп, ой елегінен қайта өткізу қажет жəне бұл ретте басты назарды бұрын құпия болып келген құжаттар мен материалдарды ғылыми айналымға енгізуге аударған жөн. Жəне осы тұрғыда қазіргі қорытындылар мен тұжырымдарды қайта қарау, оларды өткеннің идеологиялық қалыптарынан, дəл сондай-ақ бүгінгі таңдағы идеологиялық жалған бояулардан тазарту — басты парыз саналады. 50. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян əкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркəсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мəжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды . Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дəрежесіне жетіп, одан едəуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мəн берілді. Республикада ауыр өнеркəсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ жəне тоқыма өнеркəсібін одан əрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мəселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мəдениетін дамытуға мəн берілді. Ауыр өнеркəсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркəсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркəсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жəне түсті металлургия, тау-кен жəне көмір өнеркəсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кəсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кəсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркəсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.

Жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті. Ауыл шаруашылығы. Соғыстан əлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, əміршіл-əкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б. 1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сəйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын жəне басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. 1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз жəне 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дəрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты əкімшіл-əміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мəжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Əскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді. Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды. Халықтың əлеуметтік жағдайы. Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың əлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, əсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының əл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нəтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едəуір жоғарылады. Нан жəне наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркəсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нəтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті. Кеңес өкіметінің еңбекшілердің əлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына əлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға жəне уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы жəне жалғыз басты аналарға жəрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.

6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды. Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың əлеуметтік жағдайы əлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркəсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты əлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде əлі елеулі кемшіліктер болды.



2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Қоғамдық – саяси өмір. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дəуір аяқталды. Сталин қайтыс болысыменақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мəні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (19531964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дəуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған əміршіл-əкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну жəне оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну жəне осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мəселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Əлі де болса, өз қызметтерінің əділетті бағасын алмады. Кəрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дəрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тəуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды. Республиканың индустриялық дамуы. Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркəсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кəсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркəсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркəсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1кезегі т.б.

1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік жəне коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді. 1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркəсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан əрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркəсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық əкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркəсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық əкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады. 1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару 2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері 1957 жылғы реформаның кемшіліктері : 1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нəтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кəсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кəсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сəтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркəсіптік жəне ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.



Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды. Ауыл шаруашылығы 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау жəне сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың жəне тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (19551956 жж.) сайланды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан əрі арттыру,

тың жəне тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп əкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, əр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың жəне тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын. Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына əсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мəдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дəріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады жəне айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нəтижесінде, көптеген тəртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны жəне мəденитұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нəтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дəстүрлері, мəдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына əкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді. 51. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы жəне оның тиянақсыздығы. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысыТеміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың

адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау əрекеттері біртіндеп тəртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға əскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал əскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.[1] 52. Қазақстандағы тың жəне тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары Тың игеру Тың игеру, тың жəне тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн гасы қазақ жері болды. Тың игеру нəтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тəжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тəжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркəсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне əкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің əлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау жəне малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нəтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нəтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Əбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мəрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері əсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың жəне тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мəселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мəселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал жəне Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жəйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград»,

«Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мəдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың əлеуметтік жəне мəдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың жəне тыңайған жерлерді одан əрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сəйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын жəне басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың жəне тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян əкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани жəне демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мəдениетінен қол үзуіне əкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тəуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дəстүрлі мал шаруашылығына кері əсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке жəне қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нəтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық жəне рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды. Түсіндірме сөздік Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту. Топырақ эрозиясы– жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы. Əлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету əрекетіне қарай топтарға бөлінуі жəне олардың материалдық хал ахуалы. Хрущёв Никита Сергеевич Хрущев Никита Сергеевич (1894, Ресей, Курск губ. - 1971, Мəскеу) - мемлекет жəне қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1908 жылдан Донбасстың шахталары мен зауыттарында жұмысшы болып бастаған. 1918-20ж. Азамат соғысына қатысып, онан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық жəне партиялық қызметте болған. 1929ж. Мəскеу Өнеркəсіп академиясын бітірген. 1931 жылдан Мəскеуде партия қызметінде, 1935-38ж. БК(б)П Мəскеу облыстық жəне қалалық комитеттерінің І-хатшысы, 1938-47ж. Украина Коммунистік Партиясы ОК-нің І-хатшысы қызметін атқарған. 1941-45ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірқатар майдандардың Əскери Кеңестерінің мүшесі болған. Генерал-лейтенант дəрежесі берілген (1943). 1947ж. БК(б)П Мəскеу партия комитетінің І-хатшысы қызметінде болады. 1953 жылдың наурызынан СОКП ОК хатшысы, қыркүйектен бастап І-хатшысы, яғни, Кеңес Одағының жетекшісі болды. Сонымен бірге 1958-64ж. КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарған. Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды. 1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мəселені көтеріп, сталиндік саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау шараларын жүргізуге жол ашып берді. Ол Кеңес

Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мəжбүр етті. 53. Л.Брежнев бастағын топтың билікке келуі. 1965-1966 жж. Экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Басқарудағы сөзбұйдалықтың күшеюі. 1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың əкімшілік əдісі сыналып, кəсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бəрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бəрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркəсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кəсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген жəне жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай жəне Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау таукен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын жəне марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мəселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нəтижесінде енеркəсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық əлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат жəне отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркəсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркəсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркəсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар жəне Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз жəне Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жəйрем тау-кен комбинаты жəне т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл жəне Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркəсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру əдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркəсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, əлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне əкеп соқты, сонымен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мəселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан əкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркəсіп

өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркəсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы əміршіл-əкімшіл басқару əдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркəсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 19711981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді. Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары əлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы əрбір үшінші бөлке нан, əрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 19701980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» жəне т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің жəне қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл əділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау жəне Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мəжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту жəне Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес əскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мəскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес əскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың əскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер əр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық жəне еңбек тəртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тəртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда əміршіл-əкімшіл əдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді. 54. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың атыртын əрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. Жас тұлпар. "Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер

арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда əлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Хронология[өңдеу] 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мəлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мəселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сəуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дəріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді. 70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Өйткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық жəне дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнəрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады. Сонымен Қазақстан президенті Н.Ə.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, əсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті. 405. Соғыстан кейінгі жылдары қазақ театрларына келген жас актерлар аталған қалаларда білім алды Мəскеу, Ташкент 406. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды КОКП ХХІ съезінен кейін 407. Сталин өлімінен кейін, яғни КОКП ХХ съезінен кейін ақталған белгілі қайраткерлер. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, С.Меңдешев. 408. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде 409. 1950 жылдары аталған галым, ағартушылардың шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастады: Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин 410. 1946 жылғы республиканың мəдени жəне ғылыми өміріндегі елеулі оқиғаны көрсет Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы 411. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын» 412. Соғыстан кейінгі жылдары партиялық əкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер 413. Соғыстан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар Өскемен, Қарағанды, Шымкент 414. 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы «Ризбангүл» 415. 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезеңнің шартты атауы: Тоқырау жылдары. 416. Тоқырау жылдары деп аталған кезең. 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзім. 417. Тоқырау жылдары Кеңес Одағынан іргесін аулақтатып əкеткен ел. Югославия. 418. Чехословакия -Прага көктемі» оқиғасы болды: 1968ж. 419. «Кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады» деп айтты: Л.И.Брежнев 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында. 420. 1964-1986 жылға дейін Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды: Д.Қонаев. 421. 1960 жылы

Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы болып: Д.А Қонаев тағайындалды. 422. КСРО-ң соңғы Конституциясы қабылданды: 1977 жылы. 423. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы (соңғы) жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды: 1978 жылы. 424. Қазақ КСР-ң соңғы Конституциясы қабылданды: 1978 жыл. 425. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960ж. 426. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі жəне басты ұйымдастырушысы: М.Əуезов 427. «Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымның басшысына көмекші болған тұлғалар. А.Қадыржанов, Б.Тайжанов. 428. «Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйым алғашқыда өзі құрамына біріктірді: 800 студентті. 429. 1960 жылдары «Жас тұлпар» ұйымы Семей қаласында аталған атпен əрекет етті: «Тайшұбар» 430. 1960 жылдары «Жас тұлпар» ұйымы Қарағанды қаласында аталған атпен əрекет етті: «Жас қазақ» 431. 1970 жылдары «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен құрылған ансамбль. «Дос-Мұқасан». («Гүлдер», «Айгүл»). 432. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді: 1975ж. 433. 1975 жылы жарық көрген «АЗиЯ» тарихи-лингвистикалық кітаптың авторы: О.Сүлейменов. 434. 1975 жылы жарық көрген ақын О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық кітапта талданды: «Игорь жасағы туралы жыр». 435. ХХ ғасырдың 70-жылдары тауар айналымынан алынып тасталған кітап: О.Сүлейменов «АЗиЯ» 436. 1979 жылғы келеңсіз құбылыс: Неміс автономиясы мəселесі. 437. Целиноград оқиғасы болды: 1979ж. 438. 1979 жылығы Целиноград оқиғасы – Неміс автономиясын құруға қарсылық. 439. 1979 жылғы қазақстан аумағында құрылуға тиіс неміс автономиясының құрамына аудандары кіруге тиіс облыстар. Павлодар, Қарағанды, Көкшетау. Загрузка... 440. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның əкімшілік орталығы: Ерейментау. 441. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті: А.Коркин. 442. 1979 жылы маусымның 16-сы күні неміс автономиясын құруға қарсы жастар бас көтерген қала: Целиноград. 443. Жеке адамның ырқымен кету – Волюнтаристік. 444. 1965 жылғы КОКП-ң қыркүйек пленумында өнеркəсіпті басқару жүйесі өзгертілді: Министрліктер құру. 445. 1965 жылғы КОКП-ң қыркүйек пленумында өнеркəсіпті басқарудың тиімсіз болған жүйесі: Аумақтық ұстаным бойынша. 446. 1970 жылға жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкен республика кəсіпорындарының үлесі. 80%. 447. 1967 жылға қарай республикадағы жаңаша жұмыс істей бастаған кəсіпорныдар. 193 кəсіпорын. (10%). 448. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған электр станциясы. Жамбыл электр станциясы. 449. 1972 жылы салынған электр станциясы. Қапшағай электр станциясы. 450. 1984 жылы республикада өндірілген электр қуаты. 74,4 млрд кВт. сағат. 451. Ашық əдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілді: Екібастұз. 452. 1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір. 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%) 453. 1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру артқан өңір: Маңғыстау. 454. 1965 жылы алғашқы мұнай алынды: Өзеннен. 455. Өзен кен орнынан алғашқы мұнай алынды: 1965 жылы. 456. ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан. 457. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған мұнай-химия зауыты: Атырау мұнай-химия зауыты. 458. 1960 жылы Өскеменде салынған өнеркəсіп орны. Титан-магний комбинаты. 459. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған химия-металлургия зауыты. Ертіс химия-металлургия зауыты. 460. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде салынды: Павлодар трактор зауыты. 461. 1960 жылдары Семейде салынған зауыт: Кабель зауыты. 462. Қазақстанның нағыз экологиялық апат аймағына айналған кезең. 1950 жылдардан бастап. 463. Батыс Қазақстан жеріндегі ядролық полигон. Капустин Яр. 464. Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ өткізілді: 1949 жылы. 465. Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін ауада өткізілген ашық ядролық жарылыстардың саны. 113. 466. 1964 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жерасты жарылысы: 343 467. Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені: 70%. 468. Семей полигонының зардабын шеккен облыстар: Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен. 469. ХХ ғасырдың ортасынан суы тартылып, Қазақстан, Орта Азияға үлкен экологиялық апат əкелді: Арал теңізі. 470. Ю.Гагарин ғарышқа ұшты: Байқоңырдан. 471. Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі көрініс берген қалалар: Қарағанды, Өскемен. 472. 1965 жылғы республикадағы кеңшарлардың саны. 1521. 473. ХХ ғасырдың 70-жылдарында шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге тырысқан, Алматы облысындағы кеңшар директоры. И.Худенко. 474. ХХ ғасырдың 70жылдарында фермерлік шаруашылықты дамытуға əрекеттенген: И.Худенко. 475. 1975 жылғы Қазақстандағы қой саны. 34,6 млн қой, ешкі. 476. Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп,мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырды. 1971ж. 477. 1971 жылы мектеп бітірген жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып бастама көтерген комсомол ұйымы. Шұбартау ауданының комсомол ұйымы. 478. 1980 жылдардың ортасына қарай жергілікті халықтың үлесі басым болған облыс орталықтары. Қызылорда мен Атырау. 479.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге қөмек көрсету, қор жасау шін ұйымдастырылды: Жексенбіліктер. 480. Соғыстан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салынды: Мектеп-интернаттар. 481. Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: 1949 жылдан. 482. 1965 жылы республика халық шаруашылығындажұмыс істеген дипломды маманның саны. 0,5 млн-нан астам. 483. 1980 жылдардағы республикадағы жоғары оқу орындарының саны. 55. 484. 1980 жылдардағы орта арнаулы оқу орындарының саны. 246. 485. Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды: 1960-1970 жылдары. 486. Катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мəселесін көтерген академик. Д.В.Сокольский. 487. Республикадағы гидрогеология, гидрофизика ғылымдары саласында нəтижелі еңбек еткен академик. У .М.Ахметсафин. 488. Генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен академик. М.А.Айтхожин. 489. Өсімдік клеткаларындағы информосомаларды тапқан, Лениндік сыйлықпен марапатталған академик. М.А.Айтхожин. 490. Тоқырау жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілікке кеңінен танымал болған ғалым: Е.А.Букетов, Ə.Х.Марғұлан. 491. Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары. Ауыл шаруашылығы. 492. Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары. Медициналық. 493. Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары. Гуманитарлық. 494. Тоқырау жылдары қазақтардың үлесі аз болған ғылым салалары. Жаратылыстану. 495. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым. Қоғамдық ғылымдар. 496. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы. Қазақстан тарихы. 497. Міндетті жалпы орта білім беру жүйесі енгізілді: 1970 жылдары. 498. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған жазушы. Ғабит Мүсірепов. 499. «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Ə.Нұрпейісов. 500. Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты жазған жазушы: І.Есенберлин. 501. Əнуар Əлімжановтың Əбу Насыр əл-Фараби жайында жазған романы. «Ұстаздың оралуы». 502. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды: Əнуар Əлімжанов. (Ұстаздың оралуы) 503. Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы Əнуар Əлімжанов 504. 1961 жылы жазылған О.Сүлейменовтың шығармасы. «Адамға табын, Жер енді». 505. Тоқырау жылдарында (70-жылдары) есімі əлемге əйгілі болған əнші. Ə.Дінішев. 506. Тоқырау жылдарында өнімді еңбек еткен сазгер. Е.Рахмадиев. 507. Этнографиялық оркестр құры, əн жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыкамен уағыздауды ұштастырды: Н.Тілендиев. 508. 70-80 жылдары халықаралық сайыстар лаураеты атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған əнші. Р.Рымбаева. 509. Атақты кинорежиссер: Ш.Айманов. 510. «Қыз Жібек» фильмінің режиссеры. С.Қожықов. 511. 1960-1970 жылдары республикада пайда болған жаңа баспалар. «Қайнар», «Жалын» 512. XX ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектерді бағалау оның авторларына ғылыми дəреже беру шешілді: Мəскеуде 55. 1960-80 шы жж. Қазақстанның КСРО-ның өнеркəсібін өркендетуге үлесі. 56. 1970-80 жж. Əкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. 57. 1970-80 жж. Еңбекақыны төлеудегі əділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тəжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тəжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық əдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тəжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мəселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті. Елде қалыптасқан жағдайы түзеу жəне жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жəне КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет жəне басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру əдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дəйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.

70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мəлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мəселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сəуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дəріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді. 70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық жəне дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнəрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады. Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, əсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті. Өнеркəсіптің дамуы. 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркəсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 1. Өнеркəсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 2. Өнеркəсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 3. Кəсіпорындар дербестігін арттыру. 4. Шаруашылық есепті дамыту. 5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту. КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркəсіпті басқару жүйесін өзгерту жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сəйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі жəне экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркəсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз жəне ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кəсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркəсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркəсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мəселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар

пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нəтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нəтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркəсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кəсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс əуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тəрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Əрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кəсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркəсіп жұмыс жүргізудің жаңа тəртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркəсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір жəне темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркəсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру жəне химия өнеркəсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркəсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркəсібі, Алматыда мақта-мата өнеркəсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркəсіптің 14 кəсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кəсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кəсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды. Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) əдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мəселен, осы жылдарда өндіріс жəне ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кəсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті. Бірақ шаруашылық реформа нəтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері: - КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару əдістерін қолдану жалғаса берді. - Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. - Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына əкеп тіреді.



Өндіріс саласындағы кемшіліктер: - Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. - Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рəсуа етілген. - Əр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды. - Кəсіпорындар құқы шектелді. - Орталықтың өктемдігі күшейді жəне де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді. - Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары əр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. - Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді. Нəтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер. 2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану. 3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нəтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркəсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, əсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы əр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді. Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркəсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркəсіп кəсіпорны мен цехтар бой көтерді:

1. Лисаков кен-байыту комбинаты, 2. Шерубай – Нұра шахтасы, 3. Талдықорған аккумулятор заводы, 4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркəсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркəсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркəсібі – 3 есе өсті. Ауыл шаруашылық жағдай. 1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дəнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кəсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар жəне басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді. 70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді. Ауыл шаруашылығының мəселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нəтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%. 1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кəсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды. 1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кəсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады. 70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге əрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» жəне «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға əрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады. Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау жəне агро-өнеркəсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркəсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді. 1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды жəне агро-өнеркəсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дəрежеді екендігін мойындауға мəжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де əрекеттер айтарлықтай нəтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды жəне шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мəжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды. Экологиялық жағдай Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Əлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бəсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бəсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды. Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы жəне тағы басқа əскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді.

Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нəрсе айтылмады. Полигонда өткізілген əрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сəбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды. 1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді. 70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр. 4. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы. КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің əлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі өте көп болды. Саяси саладағы белгілері: 1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі жəне дəрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық жəне мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы. Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: - Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тəсілі. - Ғылыми-техникалық жəне технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зəрулігі. Əлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Əлеуметтік əділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік жəне коррупция. Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды. Қайта құру бағыты. 1985 жылғы наурызда Н.У .Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сəуірде КОКП ОК-тың пленумында əлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мəселесіне сəйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сəтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Əзірбайджанда Г.Əлиев сияқты басшылар кінəлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру жəне партияның кадр саясаты туралы» мəселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мəселеріне арналды. Пленум əзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кəсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товарақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кəсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық əдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа əдістері нəтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның əлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше əлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Əлеуметтік əділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. Қоғамның саяси жəне əлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы жəне өндіргіш күштерді орналастырудағы əміршіл-əкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нəтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мəдениет, салт-дəстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мəселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі əлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік əрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар жəне шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл əрекеті барып тұрған саяси қателік жəне қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт жəне саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да əскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі əскер бөлімдері əкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тəртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына əкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сəбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз

уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау жəне көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-əрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды. Кеңес саяси жүйесіне реформа. 1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы жəне қоғамдық өмірдің əлеуметтікрухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни жəне табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу əрекеттері жасалды. Съезд барлық дəрежедегі партиялық жəне мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мəселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кəсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мəселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мəселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді. Қоғамдық – саяси қозғалыстар. 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей жəне басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш жəне Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы « Əділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман əйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар əлсіз жəне қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дəрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия

беделінің түсуіне айтарлықтай əсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дəлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл əрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл əрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - əрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді. 58. 1960-80 жж мəдениет пен ғылым. 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқуағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мəселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ə.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мəселелер де туындады. Орт. Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мəжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері əсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті. 1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мəселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мəселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемл. білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды жəне ғыл.-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. 59. Ұлт саясатындағы əділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград наразылығы — 1979 жылғы16 — 19 маусымда Целиноград ( қазіргі Астана) қаласында болған əміршіл-əкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары. Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мəселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды жəне Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мəжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сəйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды жəне Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді. Автономиялы облыс құру туралы мəлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ жəне орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” жəне басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан əрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың жəне қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дəстүріне сай əрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дəрежесінің төмендігіне əкеліп саяды. Студенттер

жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мəлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты. Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс жəне еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті əкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы жəне Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бəрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті жəне ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен əсер етті.[1] 60. М.С. Горбачевтың Қайта құру демократияшыл реформасы. 61. 1980-жж соңы 1990-шы жж. Экономикалық дағдарыс. Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы[өңдеу] КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің əлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн төртібіне кадр мөселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов жəне У .Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сөуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркөсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркөсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1]. Дағдарыстың себептері[өңдеу] Саяси саладағы белгілері[өңдеу] 1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі жəне дəрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық жəне мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы. Экономикалық салада дағдарыстың белгілері[өңдеу] - Шаруашылықты жүргізудің шығындық тəсілі. - Ғылыми-техникалық жəне технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зəрулігі. Əлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері[өңдеу] - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Əлеуметтік əділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік жəне коррупция. Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды. Қайта құру бағыты[өңдеу]

Пошта маркасы 1985 жылғы наурызда Н.У .Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сəуірде КОКП ОК-тың пленумында əлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мəселесіне сəйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сəтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Əзірбайджанда Г.Əлиев сияқты басшылар кінəлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру жəне партияның кадр саясаты туралы» мəселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мəселеріне арналды. Пленум əзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кəсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товарақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кəсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық əдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа əдістері нəтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның əлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше əлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы күрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Əлеуметтік əділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[2] Қоғамның саяси жəне əлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер[өңдеу] 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы жəне өндіргіш күштерді орналастырудағы əміршіл-əкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нəтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мəдениет, салт-дəстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мəселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі əлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)[өңдеу]

Жастардың алаңға шығуы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік əрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар жəне шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл əрекеті барып тұрған саяси қателік жəне қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. Оқиға барысы[өңдеу]



Желтоқсан оқиғасы 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт жəне саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да əскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі əскер бөлімдері əкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тəртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына əкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасынақатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сəбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау жəне көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-əрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды. Кеңес саяси жүйесіндегі реформалар[өңдеу] 1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы жəне қоғамдық өмірдің əлеуметтікрухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни жəне табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу əрекеттері жасалды. Съезд барлық дəрежедегі партиялық жəне мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мəселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кəсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мəселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мəселе

түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді. Қоғамдық – саяси қозғалыстар[өңдеу]



Невада-Семей қозғалысы 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей жəне басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш жəне Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Əділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман əйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар əлсіз жəне қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дəрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай əсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дəлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл əрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл əрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - əрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді. 1991 жылғы тамыз бүлігі[өңдеу] Мəскеуге еңгізілген əскерлер 5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С. Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С. Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты. ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жөне Бакланов болды. 19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мөскеу төңірегіне өскерлерді өкелді. Бірақ, нақты іс-өрекеттерге бармады. Мөскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мөскеу қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП бас- шылары түтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда РКФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КОКП-ты таратуға келісім беруі үзілдікесілді талап етілді. М. С. Горбачев КОКП-ты тарату туралы келісімге қол қойды. Б. Н. Ельцин РКФСР компартиясын таратты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусияның Беловеж Пущесын- да үш славян мемлекетінің басшылары — Б. Ельцин (РКФСР), Л. Кравчук (Украина) жөне С.

Шушкевич (Белоруссия) кездесіп, “Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халықаралық құқық негізінде өзінің өмір сүруін тоқтатты” деген мəлімдеме жариялады. 10 желтоқсанда Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы (ратификацияланды) бекітілді. 1991 жылы 16 желоқсанда Қазақстан Республикасы өз төуелсіздігін жариялады. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа одақ — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол “ТМД елдері одағының құрылуы, КСРО деген елдің жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма əкелді” деді. Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына қызыл, ақ жəне көк бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих қойнауына кірді. КСРО-ның сыртқы саясаты[өңдеу] 70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “ қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына əкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық револю​ция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “ қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды. 62) 63) 64) 65) 66) Тіл туралы заңнын қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСр-ның мелекеттік егемендігі туралы декларация. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар) 2 тарау. Тiл - мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында



3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мəдениет жəне (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында 4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, (19 - 22 баптар) көрнекi ақпаратта 5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар) 6 тарау. Тiлдi шетелдермен жəне халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық); ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тəсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi; топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi; транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мəтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен əрiппе-əрiп арқылы беру. терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мəдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды əзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган; ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына жəне олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды əзiрлейтiн консультативтiккеңесшi орган; уəкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган. Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мəселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының жəне басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер жəне оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік жəне жануарлар əлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мəдени жəне тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық жəне ғылымитехникалық əлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры жəне алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің əлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.[

67) 1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. Беловежье келісімі жəне Ашхабадтағы кездесу. Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мəскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО

вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің əскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кəсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мəлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы əлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол

шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан əлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру жəне нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі əміршіл-əкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің № 1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды жəне митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған ктке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мəскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе жəне т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мəлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің мəселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мəлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылғанхалықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8 -інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь жəне Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы жəне ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мəлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20ында Əзірбайжан,Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тəжікстан, Түрікме нстан, Өзбекстанбасшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі жəне сыртқы саясаттың əртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды жəне ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген жəне 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-əрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес жəне теңқұқықты субъектілері болып табылады. Құрылымы 1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі; 2. Үкіметтер басшыларының кеңесі; 3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі; 4. Экономикалық кеңесі; 5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі; 6. Шекаралық əскер басшыларының кеңесі; 7. ТМД Экономикалық соты; 8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;



9. Достастықтың жарғылық жəне басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері; 10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мəселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері; 11. ТМД-ның Атқарушы комитеті. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара əрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық əдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны əрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер əрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық əрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара əрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тəн, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД əрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мəнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан əрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары əзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы əзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық,электр энергетикасы жəне т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 68) ҚР ЕҚЫҰ-на төрағалы жəне оның қорытындылары. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЕСІМНАМА ҰЛЫ ДАЛА АТАМҰРА «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ə. Назарбаев БҰЛ КҮН ТАРИХ БЕТІНДЕ 24 желтоқсан 70 жыл бұрын Қазақ академиялық опера жəне балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» Заңы қабылданды 70 жыл бұрын Қазақ академиялық опера жəне балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» Заңы қабылданды 1 2 Басты бет Пəнаралық зерттеулер Əдістемелік еңбектер Отандық зерттеулер Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісі Қазақстан жəне ЕҚЫҰ: Қазақстанның сыртқы саясатының Еуропалық бағыты Қазақстан жəне ЕҚЫҰ: Қазақстанның сыртқы саясатының Еуропалық бағыты 06 Қыркүйек 2013 754 0 Өткен жылы Қазақстан 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-на төраға ретінде тағайындалуына байланысты бүкіл елдің назарын өзіне аударды. Республикамыздың кандидатурасын ұйымның барлық 56 мүше-мемлекеті бір ауыздан қолдады, онымен қоса олар Қазақстанның демократиялық қоғам жəне либералды сауда экономикасын құру саласындағы жетістіктерін мойындады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету – бұл Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың биік беделінің нəтижесінде қол жеткен дүние. Онымен қоса, жаңа халықаралық бедел бүкіл халықаралық қоғам үшін қызығушылық білдіретін қазақстандық инициативаларды сəтті жүргізуге мүмкіндік береді. Жиырма жыл бұрын Қазақстанның еуропалық құрылымдарға қатысу идеясының өзі дұрыс түсінік тудырмайтын еді. Тек тəуелсіздік пен егеменді алғаннан кейін ғана, алдына - əлемдік қауымдастыққа кіру мақсатын қоя отырып жəне осы мақсатқа біртіндеп қадам баса отырып, еліміз мүмкін мемес нəрсеге қол жеткізді. Бүгінгі күні ол БҰҰ жəне ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып табылады, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ-ның негізін салушылардың біріне айналды, НАТО-мен серіктеседі, ƏСҰ-на ену бойынша келіссөздер жүргізеді, АӨСШК бойынша жеке инициативасын жүзеге асырады. Бір жағынан, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық Ұйымының мүшесі бола отырып, Қазақстан посткеңестік кеңістіктің басқа да жаңа мемлекеттерімен қоса Ескі əлемнің ортақ ландшафтын өзгертті. Еуропалық қауымдастық Комиссиясының төрағасы Вальтер Халльштейннің айтуы бойынша, «Еуропа – бұл критерий емес, Еуропа – бұл үнемі жаңалықтың ашылып отыруы». Басқа жағынан алып қарағанда, біз профессионализмді, компромистерді (ұлттық мүддемен сəйкес) іздей, соғыстан кейінгі Еуропаның саяси мəдениетінің гармонизациясын, сонымен қатар Қазақстанның саяси өмірі мен мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері мен дəстүрін талап ететін өз еуропалық саясатымызды өндіреміз. ЕҚЫҰ 56 мүше-мемлекетті біріктіретін қауіпсіздік бойынша аймақтық ұйымдардың ең үлкені болып саналады. Оның жауапкершілігі саласында шиеленістердің алдын

алу, дағдарыстарды реттеу жəне дағдарыстан кейінгі жағдайларды реттеу мəселелері қарастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЕҚЫҰ комплекстік жəне корпоративті көзқарастарды ұстанады. Ол қару-жарақты бақылау, превентивті дипломатия, қауіпсіздік жүйесін құруды, адам құқығы, сайлауды қадағалау, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін қарастырады. ЕҚЫҰ-ның басты ұстанымы ішкі жəне сыртқы саясатта өзара əріптестік, пəктік жəне сенімге негізделген реалды серіктестік құру болып табылады. ЕҚЫҰ-на қатысушы барлық мемлекеттер тең статусқа ие, ал шешімдер консенсус негізінде қабылданады. Бұл атрибуттар ЕҚЫҰ-н айрықша ұйым етеді жəне оны Еуропаның басқа да ұйымдары мен мекемелерінен бөліп тұрады. ЕҚЫҰ-ның ерекшелігі оның формальді халықаралық-құқықтық беделінің жоқтығында. Онымен қоса, ЕҚЫҰ халықаралық ұйымның көптеген атрибуттарына ие: шешім қабылдайтын жұмыс істеп жатқан органдары, тұрақты штаб-пəтері жəне кеңселері, қызметкерлердің тұрақты штаты, уақытылы қаржы жəне локальді бюросы бар. ЕҚЫҰ-ның қазіргі күрделі құрылымын жəне оның бөлімшелерін шартты түрде мына категорияларға бөлуге болады: келіссөздер жүргізу жəне шешім қабылдау органдары; оперативті құрылымдары мен бөлімшелері; көмекші органдары бар. 69) ҚР мəдени өмірі (1991-2011 жж) *Мəдени мұра* мемлекеттік бағдарламасы жəне оның нəтижелері.

«Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мəдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихимəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық əдебиет пен жазудағы көпғасырлы тəжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын жəне екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін жəне 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мəдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани жəне білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан. «Мəдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мəдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру жəне сақтау, тарихи-мəдени дəстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мəдени мұрасын үгіттеу. Программа реализуется по нескольким направлениям: - ұлттық мəдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мəдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық əдебиет пен жазулар тəжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне жəне жұмыс қатарларын құру. 2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мəдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мəлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар əлемге əйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді жəне республикалық (218 объектов) жəне жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мəдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нəтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Қазақстанда тəуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы əуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың дəстүрлі əндерінің «Мəңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 əні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мəдениетт тарихындағы қазақ халық əндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек. Сəтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі əл-Фараби тарихи-мəдени орталық жəне кесенесін салу. «Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мəдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мəдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сəулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» жəне басқалар циклындағы деректі фильмдер. «Мəдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске

асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады. Жыл сайын елімізде жəне шет елдерде тарихи-мəдени мұрамызды дəріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады. Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: əдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу жəне т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары. «Мəдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын əлемге паш етті.

70)Егемен Қазақстанның алғашқы тəжірибелік қадамдары. Тəуелсіз ҚР жана саяси и қозғалыстар мен партиялардың қалыптасуыь жəне демократияның терендеуі. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тəуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тəуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тəуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап əкелді: Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мəлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тəуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді». Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тəуелсіз, демократиялық, унитарлық жəне құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі жəне сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін жəне қол сұғылмайтын болып табылды. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "АралАзия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;

2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Əділет", "Ақиқат" жəне т.б.;

3) Əлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" жəне т.с.с.;

Сонымен қатар республикада ардагерлер, əйелдер, жастар одақтары жəне т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бəрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Енді соңғы мəліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, əйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мəдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тəуелсіз кəсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да əр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Егемендік, тəуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту жəне жақсарту олардың іс-əрекетіне де байланысты деген түсінік əрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.

"Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, əр түрлі партия, кəсіподақ, əйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-əрекеттің нысаны мен тəсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы жəне жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

"Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

"Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста.

"Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сəйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тəуелсіздікке қол жеткізу, əлеуметтік əділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық жəне рухани өмірін қамтамасыз ету.

Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман жəне басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мəселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.

Қазақ мектебінің жəне тəрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі жəне əдебиеті барлық оқу орындарында дербес пəн ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, əкімшіл-əміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.

"Əділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Қазіргі уақытта "Əділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер жəне қоғам қайраткерлері.

"Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі əдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ жəне басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар жəне кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.

^ Орыс қауымы (русская община) Əділет министрлігінде қыркүйектің 1-інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-əрекеті жарғы жəне бағдарламасына сəйкес орыс жəне басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мəдениетін, білімінің барлық дəрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға əсер етуі қаралған. Қауым "Русский вестник" атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.

Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.

Жастардың рухани жəне дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық-патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркем өнер ұжымдарын құруға ат салысады.

^ Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мəдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, əлеуметтікмəдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыт