1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария» атты тәрбие сағаты Мақсаты



Дата20.09.2021
өлшемі16.86 Kb.

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған

«Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария » атты тәрбие сағаты

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:


Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар мерекесімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария» атты кешімізге хош келдіңіздер.


Тәрбие сағатымызға қонақ болып келіп отырған қонақтарымызды таныстырып өтейін

1.

2.



3.

4.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Сулейменова Ақмарал Асанқұловнаға беріледі.


Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді Джұмабай Әбілқайырдың орындауындағы « Мама» әнімен ашамыз.

Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.


1 оқушы
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

2 оқушы
Ана мейір күн көзімен пара – пар.


Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

3 оқушы
Ата — әже мерекелеріңіз құтты болсын


Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

4 оқушы
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,


Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

5 оқушы



Кең құшағы саялы Қаратаудай
Алақаны аялы Алатаудай.
Әңгімесін тыңдасаң қарттарымның
Көңілің жай тауып бір қалатындай.
Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Сіздерді құрметтейміз,қадірлейміз
Аяулы ардагерлер,қариялар!

Жүгізуші:

Арқасына нардың жүгін артқандай,

Батырлығы-арғы атаға тартқандай.

Мойымаған қиындыққа төзімді

Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.
Жүргізуші:Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс — әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев « Қарттарым аман-сау жүрші» орындайтын Шайзадаева Аяжан

Жүргізуші: Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.


Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың

Қарттарымызға арнап Анарбек Исатайдың орындауында «Бауырлар» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.


Көрініс: « Әке мен бала»
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

.

Осымен кешіміз таман.



Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мойтыкова Асем Молдабековнаға береміз.
Келесі кездескенше,күн нұрлы болғай.Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар