1-апта. Кіріспе



бет9/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Өзектілігі: ХІХ ғасырыдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси және рухани – мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келген Алаш қозғалысының тарихын ұлттық тұрғыдан зерттеу қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Еліміздің тәуелсіздік алуы бұрын аттарын айтуға қорқатын Алаш азаматтарын халқымен қайта табыстырып олардың жұмбаққа толы қызметінің құпиясын ашуға мүмкіндік берді.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық – саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рол атқарған “Алаш” партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан – жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының еншісіне тиді. Сол кездегі Қазақстан тарихының “ақтандақ” беттерінің біразы “Алаш” партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы Алаш автаномиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Совет үкіметімен ара қатынасы жайындағы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919 – 20 жылдардан – ақ жариялана бастады.

Азаттық жолында мерт болған асыл Алаш азаматтарының басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті құру, оны өркениетті елдер санатына қосу еді. Алаш азаматтарының басын тіккен, көре алмай армандап кеткені де – бүгінгі күн. Алаш туының астына біріккен қайраткерлеріміздің нұрлы ақылы мен асқақ рухынан өнеге ала отырып, біздер еліміздің саяси – экономикалық және рухани тәуелсізідігінің іргетасын өз қолымызбен берік етіп қалауымыз керек.

Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихының әліде болса, толық зерттелмегендігі әсіресе, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғалымдардың назарын аудара бастайды. Қоғамдық ғалымдарды зерттеушілер мен ізденушілер халқымыздың осы дәуірдегі “ақтандақтарына байыпты көңіл бөлуіне қалыптасқан қоғамдық – саяси, мәдени – рухани жағдай қолайлы мүмкіндік туғызды. Сандықтан да болар бұл күндері тәуелсіздік шапағатымен қоғамдық сана мен танымдағы ұғым атауының көбі өзгеру үстінде. Қазақ елі ғалымдарының тынбай атқарған жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан тарихының “ақтандақ” беттеріндегі ақиқат шындықтар ашылып, Қазақстанның саяси және мәдени, әлеуметтік – экономикалық дамуы жөнінде обьективті ой – пікірлер еркін айтылып, жаңа жас ұрпақ буынға нұсқа болуда. Осындай өткенді ой елегінен өткізіп, болашақ ұрпақ алдындағы ғалымдарымыздың парызы. Елімізде ерекше мән берілетін ұлтаралық қатынастарға да дұрыс түсінік беру үшін өткен тарихымызды жете көзбен қарап, оны жан – жақты сараптау қажеттігі туып отыр.

Ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған кезде өткен тарихымызға қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан қараған қазақ зиялыларының қызметін жан – жақты талдап қарастыру болып табылады. Қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тарихи көзқарастар бүгінгі ұрпақтың ұлттық сезімін оятуда, олардың ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыруда роль атқарады деп ойлаймыз.

ХХ ғасырдың басындағы саяси оқиғаларға белсенді араласқан қазақ зиялылары қазақ халқының мүддесін қорғап, оның еркіндік алуы үшін күресті. Сондықтан қазақ зиялыларының қызметіне обьективті тұрғыдан дұрыс баға беру біздің міндетіміз деп санаймыз.

Келешек ұрпақ өз кезегінде жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауға тиіс”. Бұл біздің парызымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде