1-апта. Кіріспе


-апта. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері



бет7/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
2-апта. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандырудың қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруа-шылығындағы өзгерістер. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Транспорт. Сауда. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы-лардың әлеуметтік жағдайы. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағарту-шылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халық-тарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы



Жоспары:

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.



2. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.

3. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы және нәтижесі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

ХХ ғасыр басындағы осы соғыс Қазақстанды айалып өткен жоқ. Соғыс ауртпалығы ел экономикасына да өз ауртпалығын әкелді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа тартылуы, Қазақстан халқының жағдайына ауыр соққы болып тиді, салықтардың мөлшері арттырылды. Қазақ халқына «өз еріктерімен қаржы жинау», мемлекеттік заемдарды күштеп жаздыру және соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар мен баж салығын төлеу міндеттелді. Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түліктік өнімдерін мемлекет керегіне еріксіз алу жалғасып жатты, соғыс жүктерін (негізінен астықты) теміржол станцаларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін өздерінің ықтиярынсыз жұмылдырды.

Соғыс уақытында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. сомның малдары мен мал шаруашылығы өнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына көмек көpceтy желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, яғни қазақтар жұмыс күші ретінде қоныс аударған деревнялардың жерлерін жыртып, тұқымын сеуіп және өнімін жинап беруге тиісті болды. Соғыс жылдарында егістік көлемі, мал саны қысқарып кетті, ұлттық-отарлық езгі күшейе түсті. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі ушықтырды, қоныс аударғандардың басшы топтарын қаруландырып отырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде