1-апта. Кіріспе



бет65/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Жоспар:

  1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы.

  2. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.

  3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.

1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді» деп нақты көрсетілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдады. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның негізгі идеяларын дамыта келе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы республиканың экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-мәдени және саяси дамуының негізгі бағыттарын нақты белгілеп берді. Еліміздің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзіміздің әлеуетті құрылымдар – Қарулы күштер, Республикалық гвардия, ішкі және шекаралық әскерлерді құру заңмен қарастырылды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіруіне және олардың қызметіне қатысуына болады» деп көрсетілген.

1991 ж. 31 желтоқсанда Қазақстанның өкілі А.Х. Арыстанбекова БҰҰ Бас хатшысына Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы өтінішін жеткізді. 1992 ж. 2 наурызында «Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау» резолюциясында Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің 1992 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы ұсынысын және еліміздің өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы шешім шығарады. 1992 ж. 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен БҰҰ-ғы Қазақстан Республикасының тұңғыш Тұрақты өкілі тағайындалды. Ол білікті қазақстандық диплоамт, Қазақстан тарихындағы алғашқы елші-әйел Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы болды. 1992 ж. 5 маусымда БҰҰ-ғы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Осы сәттен бастап еліміз халықаралық деңгейде тек өзін жариялап қана қоймай, жалпы адамзаттық мәселелерді шешуге белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осы орайда жас тәуелсіз мемлекеттің әлемдік қоғамдастықтағы өз орнын сезінуінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 ж. 5 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында алғаш сөз сөйлеуі маңызды орын алды.
Әлбетте, халық­ара­лық ұйым­ның бітімгерлік миссия атқаратын әскеріне жасақ қосу ісіне кез кел­ген мемлекет қатыс­тырыла бер­мейді. Ал халықаралық саяси-әлеуметтік міндеттемелерін жауапкершілікпен орындайтын, небір күрмеуі қиын мәселелерге араласып, бітімгерлік, бейбітсүйгіштік қырынан көрінген біздің елімізге бұндай міндет­тің жүктелуі заңдылық еді. Қазақ­стан БҰҰ бітімгерлік әскеріне Орта­лық Азиядан әскер жіберуші жал­ғыз мемлекет. Бұл да болса халықаралық ұйымның сенім артуымен қатар, мойындауы және санасуы. 

Қазақ сарбаздары 2003 жылдан бастап бес жылдай уақыт Иракта қақтығыстар өткен аумақтарды мина­дан тазарту, жергілікті тұр­ғын­­дарды саперлік жұмысқа үйре­ту, халыққа меди­циналық қыз­мет көрсету арқылы жұрт­шы­лықтың ықыласына бөленді. Бұл іс жүзінде абыройлы миссия болатын. Міне «ҚАЗБАТ» атағының дүр­кіреген кезі осы. Айтылған уәж дәйекті болуы үшін, сандарды сөйлетсек, Ирактағы миссия бары­сында қазақстандық сарбаздар 4 млн-нан аса жарылғыш заттың көзін жойды, 6718 текше метр суды тазартып шықты. Ирак әскери академиясының 572 кур­санты жарылғыш заттар­ды жою­ға оқытылды. Бұған қоса лаң­­кестік әрекеттердің кесірінен жара­­ланған 5 мыңнан аса азамат­қа меди­циналық көмек көрсетіл­ді. Олардың көбі әйелдер мен бала-шаға болатын.

Енді берідегі бітімгерлікке тоқ­талсақ, Иран Ислам Респуб­ли­ка­сы­ның ядролық бағдар­ламасы­­на шүйліккен әлемдік қоғам­дас­тық 2013 жылы іске Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін кең тыныстай бастады. Сол жылы Алматыда бас қосқан Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Иран тараптары мәселені реттеуге келіскен-ді. Келіс­сөздердің нәтижелі болған­ды­ғын Еуропалық одақтың ара­ға екі жыл салып Қазақстан­­­нан тағы да араағайындық етуді сұра­­ған­­д­ы­ғынан да байқауға болады.

Жалпылай алғанда, БҰҰ 1948 жылдан бері 69 бітімгерлік миссия ұйымдастырған. Қазірдің өзінде жер шарындағы 16 «қауіпті нүктеде» жүз мыңнан аса бітімгер қызмет етуде. 

БҰҰ-ның бітімгерлік опе­рацияларына қатысу үшін әске­рилер БҰҰ-ға мүше мемлекет­тер­дің өкілдерінен ерікті түрде жасақталады. Халықаралық ұйым дерегіне сүйенсек, 1948 жылдан бері 750 мың әскери, полиция қыз­меткері мен азаматтық тұлға­лар әлемнің жүзден астам еліндегі осындай операцияларға қатыс­қан. 3 500-ден аса бітімгердің өмірі бейбіт өмір жолында құрбан болған. Қаза тапқан бітімгерлерге құрмет көрсету мақсатында Даг Хаммаршельд атындағы медаль бар. Даг Хаммаршельд – қаза болған БҰҰ Бас хатшысы. Қаза болғандар арасында Ирак еліне барған Қазбат бітімгерлер жаса­ғының құрамында болған капитан Қайрат Құдабаев бар. Ол 2005 жыл­дың 9 қаңтарында жарылған минадан қаза тапты. Әскери және қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Қазақстан Прези­дентінің Жарлығымен бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен және Польша, Украина, АҚШ Қарулы Күштерінің наградал­ары­мен марапатталған.

Қ.К. Тоқаев өз сұхбатында «Көпвекторлы стратегия алдағы уақытта да Қазақстан дипломатиясының басым бағыты болып қала береді. Бұл стратегияның нәтижесінде біз мемлекетаралық қақтығыстардан, аймақтық текетірестерден алыс болдық. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Бітімгерлік миссиясы бүгінде еліміздің сыртқы саясатының басымдығына айналды. Қазақстанды Азиядағы бейбітшілік платформасы деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Ресей, Қытай, Еуропа, АҚШ, Орталық Азия, Ислам әлемі елдерімен ынтымақтастыққа баса мән береді», - деді.

Елбасының бейбіт әлем құру жөніндегі бастамаларын жалғастыра отырып, Қ.К. Тоқаев халықаралық беделді ұйымдардың өкілдері - ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчак, БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харе және Жан-Пьер Лакруа, Еуроодақ төрағасы Д. Тускпен және тағы басқалармен кездесу өткізді. Бұл кездесулер Қазақстанның әлеммен әрі қарай өзара іс-қимылының жолдарын сипаттады:

Қазақстан – Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі, энергетикалық және көлік салаларындағы, цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударады.

 Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін жақтайды, бітімгершілік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастыққа дайын.

Қазақстан бітімгерлік қызметі бойынша әлімнің 122 мемлекетінің ішінде 106 орында тұр, деп мәлімдеді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Сенаттың пленарлы отырысында.

«Сатистика бойынша бірінші орында Пәкістан, екінші - Бангладеш, үшінші – Үндістан. Ал, біздің мелекетімізге келетін болсақ, ҚР Парламентінің келісімімен 2013 жылы 20 байқаушы жіберілді, олардың ішінде 6-уы Батыс Сахарарасы мен Кот-д‘Ивуар жөнелтілді. Сонымен, біз әлемнің 122 мемлекетінің ішінде 106 орында тұрмыз», - деп мәлімдеді Т.Мұхтаров.

Министрдің орынбасары атап өткендей, «1948 жылдан бастап БҰҰ 69 бітімгершілік миссияны өткізді. Қазіргі уақытта 16 миссия өтіп жатыр және соған 107 мыңнан астам бітімгер қатысып жатыр.

«Бүгінде БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, бітімгершілік операцияларға талап етілетін мамандар біріншіден байланысшылар, медициналық қызметкерлер және инженерлер. Сонымен қатар, бітімгершілік операциялар тәжірибесінде көбінесе жаяу әскерлер қызметкерлері пайдаланылады», - деді Т.Мұхтаров.



Ү.ж. қазан айында Миланда Мемлекет және үкімет басшыларының кезекті кедесуі – беделді «Азия – Еуропа» (АСЕМ) форумының мүшелігіне Қазақстанның қабылдануы да өркениеттер арасында сұхбаттың, өзара түсінушілік пен ынтымақтастықтың нығаюын себептесуді көздейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Форум саммитінде сөйлеген сөзінде «АСЕМ – бір жағынан Азия, бір жағынан Еуропа болып, Еуропа мен Азия интеграциясын білдіреді» деп атап өтті. Саммит жұмысына 53 ел қатысты, Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасында (Ресейден басқа) Форум мүшелігіне кірген жалғыз ел болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар