1-апта. Кіріспе



бет59/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Ассамблеяның негізгі міндеттері:

1) Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3) Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4) Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады.

Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:

1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.


2.Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын

қамтамасыз ету.

3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.

4.Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

5.Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

Жастар – келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар ХХІ ғасырда дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет - жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осы.

Тұжырымдама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне сай келеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес жасалған.

Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің 20 жылында алғашқы қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 28 тамыздағы №73 өкімімен бекітілген Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында қалыптасқан.

2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады. Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «2003-2004 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», «2005-2007 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», сонымен қатар «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы» атты салалық бағдарламалары іске асырылды.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған құжаттары өз міндеттерін іске асырды және жастар саясатының келесі кезеңін бастау үшін негіз дайындады. Халық санағының қорытындысына сәйкес, соңғы 10 жылда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 623 377 адамға өскен (1999 жылы – 3,9 млн. адам, 2012 жылы – 4,5 млн. адам). Соның ішінде қалалық жастар санының өскендігі байқалады (1999 жылы – 2,1 млн. адам, 2012 жылы – 2,4 млн. адам). Аталған уақыт аралығында оң сальдо (кіріс пен шығыс арасындағы айырма) ауылдық жастар ішінде де байқалады (1999 жылы – 1,6 млн. адам, 2012 жылы – 1,9 млн. адам). Гендерлік тұрғыдан алғанда республикада жас азаматтардың арасында ер адамдардың саны 2012 жылы көбірек екендігі байқалады: 2 245 249 (әйелдер 2 238 036), (1999 жылы – 1 947 036: 1 925 530).

Қазіргі кезде жастар үшін негізгі «әлеуметтік лифті» - сапалы білім болып табылады. Жалпы, жастардың білім деңгейі мынандай: 718 мыңы - жоғары білімді (15,9%), 306 мыңы – аяқталмаған жоғары (6,8%), 728 мыңы – арнаулы орта (16,2%) білімді. Соңғы 10 жылда жоғары білімді жастардың саны орташа есеппен 4 есе, арнаулы орта білімді жастар 2 есе, ауылдық жоғары білімді жастар – 6 есе, қалалық жастар – 4 есеге өсті. Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және т.б. ірі жобалар іске асырылуда. Нәтижесінде, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайған әрі ТМД мен Еуропа елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда едәуір төмендеген. 2011 жылы жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Оның ішінде қаладағы жұмыссыз жастар ауылдағы жұмыссыз жастардан (3,8%) 1,5 есе (5,0%) көп.

Соңғы 11 жылда жастар ұйымдары 7 есеге өскен (2000 жылы – 150 ұйым, 2011 жылы – 1043 ұйым), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жылда 10 есеге ұлғайған. Соңғы сайлау науқандарында жастардың жоғары белсенділіктері байқалды. Осылайша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында жастардың өз мүдделері, бейімділіктері, тәни мүмкіншіліктеріне сай еркін әлеуметтік даму құқықтарын жүзеге асыруына, шығармашылық бастамашылықтарына барлық жағдай жасалған.

Жастардың білім саласында тегін орта және жоғары білім алуларына, шет мемлекеттерде оқып білім алуларына, денсаулық сақтау саласында тең дәрежеде тегін медициналық көмек алуларына мүмкіндіктері бар. Қазақстан жастары халықаралық спорттық және мәдени ареналарда жоғары көрсеткіштер көрсетуде (Алматы, Астана қалаларындағы Азиада, Лондон қаласындағы Олимпиадалық ойындар және т.б.). «100 мектеп, 100 аурухана», «Мәдени мұра», «Болашақ»» «Балапан», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары іске асуда.

Жастар саясатының инфрақұрылымы құрылған (ҚР Президенті мен барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы кеңестер, Жастар істері жөніндегі комитет, мемлекеттік бағдарламалар, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және т.б.). Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және қызметтік өсуіне, жеке істерін ашып, оны жүзеге асыруларына мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар ел жастарының бүгінгі таңдағы әлеуметтік хал-ахуалын зерттеу бірқатар басты мәселелердің барын аңғартты. Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың бүгінгі күннің қауіп-қатерлері мен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерге айтарлықтай дайын еместігін көрсетті. Жастар білім алу үшін көп алаңдамайды, өйткені жастарда бар болғаны 4,4%-нда ғана бұл мәселе шешімін таппаған. Медициналық қызмет көрсету мәселелері 25,3% жастарда ішінара шешілген, сұралғандардың 6%-да шешілмеген.

Респонденттердің 20% тұрғын үй мен жұмысқа тұру, әлеуметтік қызмет мәселелері бойынша жауап беруге қиналды. Демек, бұл мәселелер көкейкесті, себебі әрбір аталған сала бойынша мәселелер ішінара 15% респонденттерде шешімін тапқан. Сонымен қатар респонденттердің 20,6% мемлекеттің жас кәсіпкерлерге көмек көрсетпейтіндігін атап көрсетті. Жалпы алғанда, өздерінің материалдық жағдайын төмен деп есептейтіндер – 18,5%, жауап беруге қиналатындар – 18,7%, жоғары деп санайтындар – 8,3%. Респонденттердің 16% жастар арасында мәдениеттілік деңгейінің құлдырап кеткенін атап өтуде.

Өзекті мәселелер: жастар арасында есірткінің таралуы – 15%, діни экстремизм мен терроризм қаупі бойынша – 12%. Сондай-ақ, соңғы 10 жылдағы жастар санының өсуіне қарамастан, болжамдық көрсеткіштер: 2015 жылы олардың саны 4,52 миллионды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтындығын айтуда. Ал, жастар санының азаюы еңбек қоры тапшылығының пайда болуына, түрлі экономикалық салада білікті кадрлар санының азаюына әкеліп соқтырады. Көптеген жастар үшін негізгі мәселе тұрғын үйге қолжетімділік болып қала береді. Жұмысқа орналасуда бәріне бірдей тең қол жетімділіктің болмауы жастар арасындағы жұмыссыздыққа әкелуде, бұл олардың материалдық жағдайына теріс әсерін тигізуде. Ауылды жерлерде спорттық және мәдени инфрақұрылымдар дұрыс дамымаған.Жастардың сана-сезімінде «Көкелерге сену» атты дәстүрлі идеологема қалыптасқан.

«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», — деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік