1-апта. Кіріспе



бет58/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Жоспары:

1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

2. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру.

3. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары.

4. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.

 90-шы жылдардың ортасына дейін Қазақстандағы саяси партиялар әлсіз болғандығы және олардың президенттік биліктің көлеңкесінде қалып қойғандығы туралы Президенттің еңбегінде ашық айтылады. «Тәуелсіз пікірді келтірейін. Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтының деректері бойынша, қазақстандық саяси партиялар мен қозғалыстар өзіне тән орын ала алған жоқ. Институтционалдық жағынан әлсіз және электоратты жұмылдырудағы мүмкіндіктерді тым шектеулі. Президент бұл ұйымдардың басшыларының үстінен электоратқа сөз айтып оның басым бөлігін өзіне қарата алады. Тұрғындардың басым көпшілігі саяси партиялардың арасында нақты айырмашылықтар жоқ деп есептейді. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей саясиланған қала - Қазақстанның астанасының өзінде 1994 жылғы сайлауға 3 күн қалғанда тұрғындардың 13 пайызы ғана қоғамдық - саяси ұйымдардың сайлау алдындағы бағдарламалармен таныс болған» - деп жазады Н.Назарбаев.

Сондықтан Қазақстан басшылығы және Қазақстан халқы елдің демократиялық таңдауында өз жолымен жүруді көздеді. Бұл жолды «демократиялық таңдаудың қазақстандық моделі» деп те атайды. Елдегі саяси партиялардың басым көпшілігі осындай эволюциялық демократияны таңдауға дұрыс деп тапты. Оның мақсаты – охлократияға (Охлократия (гр. оцһлос – тобыр, қара бұқара, кратос – билік) – грек ойшылдарының еңбектерінде кездесетін басқару нысаны; билік жауапсыз популистердің, демагогтардың қолында шоғырланатын, саяси экстремизм түрінде, халық топтарының, тобырдың деструктивті әрекеттерінде, үкіметке, парламентке ультиматум қоюдан, мемлекеттік мекемелерді басып алу, өрт қою, диверсиямен байланысты санасыз акциялардан көрінетін демократияның шектен тыс тұрпайы түрі) жол бермеу, хаос пен анархияны ауыздықтау. Ашық қоғамды белсенді құра отыра азаматтық қоғам институттарын біріншіден дамыту, сөз бостандығын және жиындар бостандығын қатаң заң шеңберінде ғана жүргізу. Саяси партиялар өзара бәсекесін, саяси және идеологиялық плюрализмді ел халқының саяси мәдениеті мен саяси санасының дамуы дәрежесіне сәйкес дамыту. Елде жұмсақ авторитаризм демократия үрдістерін қуаттауға көмектесті.

Елдегі саяси партиялардың мемлекет өмірін демократияландыруға қатысуын эволюциялық үрдіс ретінде зерттеуді дұрыс деп есептейміз. Себебі, саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайы бұл үрдіске биліктің белесіне араласумен сипатталады. Қазақстанның саяси партиялары «жұмсақ авторитаризм» жағдайында қалыптасып дамығаны ақиқат.

Саяси шындықта авторитаризм мен демократияның қос қабат жүруі ақылға сыимсыз сияқты болуы мүмкін. Саяси ғылым дәстүрінде авторитаризм мен демократия дихотомиялық құбылыстар болып есептеледі. Бірақта, ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси - әлеуметтік ахуал жас мемлекеттердің бірден демократияны таңдауына мүмкіндік бермеді. Авторитарлық билік ел бірлігін, тұтастығын сақтай отыра демократиялық институттар біртіндеп енуіне өзі көмектесті. Бұл құбылысты ТМД сарапшылары «басқарылатын демократия» деп те атады. Қазақстан басшылығы қоғамды реформалауды объективті дайындауды мақсат тұтты.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.


Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді. Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.

Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. «Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған.

Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы он жылда (1997-2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.). Жылма жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200 оқытушысына конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр.

Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда. Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы республикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға жіберіледі.

Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алыпқайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).  2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та – 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді.

Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды. Кейінгі жылдары әдебиет пен ұлттық тілдің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, Х.Досмұхамедовтың, Ж.Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.

Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау және өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы және Қазақстан”, “А.Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі” сияқты халықаралық және көптеген республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген. Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті.

Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған: Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.

Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау. Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді. 


Саяси биліктің аралық сипатта болуы саяси партиялар қызметіне әсер етпей қойған жоқ. Біріншіден, саяси партиялар өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық сипат алып экономикалық, ұлттық және әлеуметтік саясатта шешуші рөлге ие бола алмады.

Екіншіден, вертикалды президенттік билік пен атқарушы биліктің аймақтардың барлығындағы басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес, митингілік демократияны да тежеді. Халық негізінен ресми билік айқындаған саяси экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен болды.

Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға белсене қатыспауының, саяси индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын.

Төртіншіден, Қазақстандағы билік Президенттің маңында шоғырланған аз санды саяси элитаның қолында болды. Өтпелі кезеңде шешуші мемлекеттік мәселелерге бизнес элитада ықпал ете алмады. Саяси элита Президенттің тікелей басшылығымен қызмет ете отыра Қазақстанның тағдырлық мәселелерін шешуде басым болды. Кейінірек осы аз санды элита Қазақстанның негізгі бөлгімен бірге негізгі байлықтарына ие болып оның саяси - әлеуметтік дамуын айқындаушы күшке айналды.

Бесіншіден, Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра алды. Ол өзінің саяси билігін және экономикалық қуатын мемлекеттік мүдделері шешуге бетбұрыс жасата білді. Билік өзінің эгоистік мүддесін жалпыұлттық мүдделерге біртіндеп бағындра бастады. Бұл іске Президентің саяси еркі мен талапкерлігі шешуші рөл атқарды. Саяси элита экономикалық модернизацияны саяси модернизацияға трансфармациялады. Қазақстан «жұмсақ авторитаризмнен» демократияға бетбұрыс жасауды қолға алды.

Алтыншы, Қазақстандағы бизнес элитаның бизнес олигархияға айналуы процесі анық байқалады. Бизнес олигархтар өз мүдделерін жақтайтын БАҚ-ты ғана емес саяси партияларды да құруға тырысты. Олигархтар Қазақстанның табиғат, кен байлықтарын, еңбек ресурстарын еркін пайдаланғанымен қоймай саяси билікті де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді. Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпыұлттық және жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші кезекке қоя алды.

Жетіншіден, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы этносаяси және этнодемократиялық ахуал саяси партиялар құрылысына өз ықпалын тигізді. Солтүстік пен Шығыс аймақтарында славян тектес орыс тілді халықтардың басым болуы сепаратистік пиғылдағы саяси топтардың болуына әкелді. Орталық пен жергілікті билік сеспаратистік топтардың бұқаралық сеспаратистік партияларға айналып кетпеуі үшін күресті. Оңтүстік аймақта керсінше қазақтың ұлтшыл топтарының ықпалы зор болды. «Азат», «Алаш» сияқты қозғалыстар ұлтшылдық идеологиясы мен платформасындағы партияларды құра алды. Алайда қарапайым халық саясат акторларының сеспаратистік пиғылдарын да, ұлшылдық ұрандарын да қолдамады. Қазақстан халқына қажетті татулық, тыныштық жағдайында болатын экономикалық реформалар нәтижесінде әлеуметтік, этникалық және тілдік мәселелердің шешілетініне сенді.

Сегізіншіден, 70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік социализм құрылысы Қазақстан халқының санасы мен саяси мәдениетіне өз ықпалын бірден жойған жоқ. Ел халқы бір партиялық коммунистік идеология жағдайында тәрбиеленді. Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне халық өзінің ең қасиетті арман, мақсаттары байланыстырды. КОКП-ның халық мүддесін ақтамауы оның партияларға деген жалпы сенімін нашарлатты.

Қазақстан халқы санасы тоталитарлық, коммунистік идеологияның нәтижесінде қалыптасты. Коллективтік, ұжымның сана, қоғамның дамуының перспективалары туралы біркелкі ойлау, адамның жеке мүдделерінен мемлекеттік ортақ мүдделері бірінші қою, ұлттық өмірдің мақсат – мұраттарын біріккен Кеңес халқының мақсат – мұраттарына бағындыру, коммунистік партия көрсетіп берген ортақ линиядан ауытқымау сияқты догмалардан құтылмайынша Қазақстанда өркениетті елдерге тән көппартиялық жүйені жасау қиын болатын. Маркстік – лениндік социализм теориясында көптүрлі әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын.

Өтпелі кезеңдегі Қазақстан халқының саяси мәдениеті мен дүниетанымы Қазақстанда партиялық құрылыстың жылдам бел алып, күшейіп кетуіне бөгет болды. Жаңадан құрылған саяси партиялар өмірге жылдам келіп, жылдам тарап жатты. Оның себебі халықтың басым көпшілігі жас партиялар қызметтеріне қатыспады. Бұрынғы көпсанды партия КОКП-ның мүшелері Кеңес Одағы тарағаннан кейін партиялық жұмысқа жаңа жағдайда араласуға ниет білдіре қойған жоқ. Партиялар құрылысының елдегі экономикалық даму басымдылықтарына, психологиялық ахуалға, саяси дүниетаным мен этнодемократиялық ахуалға қатысты дамитындығын Қазақстанның саяси шындығы толықтай дәлелдеді. Жас партиялардың әлеуметтік базасы әлсіз болғандықтан демократиялық қоғам принциптерін Қазақстанда тез мерзімде қалыптастыруға шамалары жетпеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.

Ассамблея туралы заң.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік