1-апта. Кіріспе


Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы



бет55/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы.ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП-жетекшісі әлеуметтік саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина- «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы» .

Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.

Ұлтаралық татулық - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кенесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты- Қазақстан халқы Ассамблеясының ( ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.

Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мараторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы, Қазақстандық бірігейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірігейлік пен бірліктің іргетасы- мәдени,этностық, тілдік және діни әралуандыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірігейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе.

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» жолдауының маңызы. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. "Нұр Отанның" жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы.



Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу.

ҚР-ның жастар саясаты туралы "Қазақстан – 2020" даму бағдарламасы. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.

Қазақстанның барша азаматына тең мүмкіндіктер мен лайықты тіршілік жағдайын туғызуға ұмтылу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын мойындау, ұлт тағдырына жауапкершілікті сезіну, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені.

Осындай болжамдардың болуы да орынсыз емес, себебі сол уақытта бірқатаркөп ұлтты елдерде – Әзірбайжанда армяндар мен әзірбайжандар, Өзбекстанда түріктер мен өзбектер, Абхазияда грузиндер мен абхаздықтар, Қырғыстанда қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық шиеліністер орын алған болатын.

Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, бір жерге тоғыстыру үлкен саяси шеберлікті талап етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм.

Еліміз адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.

Осы тұста аталған жұмысты іске асыру мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.

Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.

Қазіргі уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын.

Бүгінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды.

Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыруҚазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.

Барлық қазақстандықтарел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты. 

Жалпы, ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. 

Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – еңмаңызды жетістіктердің бірі жәнеұлттықмәселелердің ғылымишешімінің нәтижесі.



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады. Ел тарихы - көптеген қайғылы оқиғалардың куәгері. Халықтың өмірі, оның тілі мен мәдениеті жойылудың алдында тұрған да кездер болған. Қазақ халқы аса ауыр сынақтан өтіп, жай ғана аман қалған жоқ, мемлекетін де құрды, тәуелсіздігін де алды.

«Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда егеменді ұлттың әрі қарай ұйысуының негіздерін айқындаған екі қағидат жария етілді: біріншіден - Қазақстан мемлекетін құрудың алғышарты болып табылатын қазақ халқының өз тағдырын өзі таңдау құқы; екіншісі - елдің барлық азаматтары үшін жасалатын тең мүмкіндік. Халықтың даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына негіз болды.

Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ. Сол жылдары, кеңестік дәуірден қалған дағдарыстан өту, жаңа экономикалық және саяси қатынастарды қалыптастыру жағдайында, қоғамды ұйыстыру ісі: ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде жүзеге асқан еді. Содан бері Қазақстанның жетістігіне айналған қоғамдық келісіміміз елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепілі және негізі болып табылды.

Алайда өмір бір орында тұрмайды. Өткен жылдарда көп нәрсе өзгерді. Өзіміз де өзгердік, біздің санамыз тоталитарлық жүйенің қалдықтарынан құтылуда. Тәуелсіздік алған жылы туған ұрпақ кәмелетке толды. Бізді қоршаған әлемдегі жағдай да өзгерді. Жаһандану ықпалы артты. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ғана болып қалған жоқ, ол түрлі геосаяси мүдделердің нысанына да айналды. Жаңа ғасырдың екінші онжылдығында елдің алдында инновациялық-өндірістік дамуға өту жөнінде жаңа әлеуметтік-экономикалық міндеттер тұр. Осының барлығы, жаңарған қоғамнан, өзгерген әлем алдында өзінің бірлігін терең сезінген жаңа типтегі ұйысуды талап етеді.

Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан да дәл қазір, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасын қабылдау аса қажет.

Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ. Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігінің төмендегідей қағидаттары жария етіледі.

I. «БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР» Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну. Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген. Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие - ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау - біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан.

Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз. Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады. Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесіп құруға тарихи мүмкіндік алдық. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бірге еңбек еттік. Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан біз, бәріміз, бір Отанның ұлдары мен қыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз - сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін әрқайсымыз түсінуге тиіспіз.

Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту - біздің басты құндылығымыз болып табылады. Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы - басты жауапкер. Сондықтан да біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба - ол қазақ халқының парасатына байланысты.

Біздің ұлы мақсатымыз - этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық - егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек. Мұнан шығатын қорытынды, әрбір азамат, қоғам және мемлекет, халықтың, болашақ ұрпақтың алдында өз жауапкершілігін сезініп, төмендегідей қажетті әрі ұтымды шараларды қамтамасыз етуі керек: еліміздің барлық азаматының өз тағдырын Отаны - Қазақстан Республикасының тағдырымен бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі; бізді ыдыратуға және ынтымағымызды бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру;

Республика конституциялық құрылысының, территориялық тұтастығы мен унитарлық құрылымының мызғымас беріктігін нығайту; ұлттық мүддеге негізделген елдің экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту, басқа мемлекеттер тарапынан болатын ақпараттық тәуелділік пен басқыншылыққа немесе қысымға жол бермеу; елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін республиканың барша азаматын қазақ халқының төңірегіне ұйыстыру; ел егемендігінің беріктігіне негізделген халықаралық әріптестік саласында ұлттық мүдде басымдығын ұстану; басты байлығымыз - Тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен рухани құндылықтарға тағзым ету; азаматтар мен қоғам тарапынан мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғауға мейлінше жәрдемдесу.

II. «ТЕГІ БАСҚА - ТЕҢДІГІ БІР» Екінші басты қағидат - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру. Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген. Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды. Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады. Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады.

Меншік еркіндігін дамыту - ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік. Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді. Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді. Біздің басты байлығымыз - әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады.

Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет: этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету; қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу; этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу; ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау; азаматтық теңдікті жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру; ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету; әрбір адамның азаматтық құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін сақтау; ауылдық жерлерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу.

ІІІ. «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ» Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты - біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту. Рухани бастау - Ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Бұл - тарихтың және тағдырымыздың басты қозғаушы күші. Тап осы Ұлттық Рух кез келген елдің бет-бейнесін айқындайды, бағыт-бағдарын нұсқап, дамуына серпін береді. Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы. Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады. Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.

Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл - шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы. Сонымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Қоғамның рухани негізі болып табылатын дәстүрлі құндылықтарды арқау ету (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік және сыйластық) қазіргі әлемде біздің бірлігіміз бен өзіндік ерекшелігімізді нығайта түсудің сүйенішіне айналуда.

Қазіргі әлем күн өткен сайын елдер мен ұлттарға қатал талап қойып отыр. Олардың ішінде түпкі дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпаған, үнемі жаңаруға, модернизацияға, бәсекелік басымдықтарын күшейтуге ұмтылатындардың ғана дербес болашақтан үміті бар. Бұл - уақыт талабы, оған енді біз лайықты болуымыз шарт. Дәстүрге сүйенген модернизация мен бәсекеге қабілеттілік біздің ұлттық рухымыздың ХХІ ғасырдағы өркендеуіне негіз болады. Тек қана ғаламдық деңгейдегі асқаралы міндеттерге ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу Ұлт Рухының ең маңызды бөлігіне айналуы шарт. Бұл - Ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Қазақстанның әрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бәрін істеу қажет деп сезінуі керек.

Әрбір адам өз бойындағы осы қасиеттерді дамытуы шарт, олар жеңіс Рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс. Қоғамның барлық салаларын модернизациялау арқылы ғана бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге болады. Ал, ең бастысы, модернизация, үнемі жаңаруға деген ұмтылыс ретінде біздің санамыздың ажырамас бөлшегіне, жалпы ұлт Рухының бөлігіне айналуы тиіс. Бұл - біздің уақыт дабылына қайтарған жауабымыз, өйткені дамуға ұмтылмаған Ұлттың күні санаулы. Бізге ұлт әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет. Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік маңызы зор.

ХХІ ғасырда тек интеллектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігіне ие бола алады. Тек осындай жолмен ғана, дәстүрлерге сүйеніп үнемі жетілу арқылы, биік мақсаттар қоя отырып ұлттың бірігуіне, Ұлт Рухының нығаюына қол жеткізе аламыз. Бұған жету үшін мемлекет, әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамтамасыз етуі керек: - Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру; - мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру; - Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау; - ұлттың, мемлекеттің, қоғам және отбасының мызғымастығына бағытталған рухани дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды, дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту; - ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық жасау; - жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және халқына адал қызмет ету құндылықтары рухында тәрбиелеу; - әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және бәсекеге қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру; - қоғамның өмірлік маңызды барлық саласын одан әрі модернизациялауға байланысты бірлескен дәйекті жұмыстар жүргізу; - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР. Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады. Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.

Ұлт бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт. Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік