1-апта. Кіріспе


жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан – 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда



бет50/76
Дата20.09.2021
өлшемі426.37 Kb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан – 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.

Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.

“Қазақстан – 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот және құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті.

Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, БҰҰ-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.

“Қазақстан – 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000-2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:

Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).

Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың І жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өңдеу саласында бұл үлес – 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық.

“Қазақстан – 2030” бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері – мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандық- тардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет – АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшы- лардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бұл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ және тағы басқа дамыған елдер тарпынан экономикалық шектеулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.



Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел – нарықтық даму жолына түскен (соның бірі - Қазақстан), тек 11 ел ғана - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде республикамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер құрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жұмысқа тартылған. Кәсіпкерлік – күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей “кәсібің - нәсібің” деген ұстаныммен өмір сүруге көштік.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар